Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 20:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3



І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар-------------------------------------------------------------------------------------7
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9


ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық -------11
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------------------------------------------------------------------------------------13
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар---------------------------------------------------------------------14


ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18


ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------21


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25

Работа содержит 1 файл

жастармен алеумет.жумыс-курс.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасу үрдісінде мынандай элементтерге ерекше мән берген болар едік:

-  құқықтық білім;

-  құқық туралы түсінік;

-  қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;

-  құқықка қойылатын шарт (талап);

-  құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір.

Жастардың құқықтық санасының көрсетілген элементтері бірімен - бірі өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болып келеді. Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда құқықтық білімнің орны ерекше екендігіне біздің көзіміз жетуде. Сондықтан да жастардың құкықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі кездер арқылы құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Бұл жағынан республикамызда "Хабар" арнасы мұрындық болып өткізіліп жатқан "Азамат" бағдарламасының алатын орны ерекше. Болашақта осы тектес жастардың өмірінің әр қырынан сыр шертетін бағдарламалар легі көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Арнайы жастарға қатысты, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет. Оны еліміздің барлық жастарына жеткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде ұйымдастырған жөн болар еді. Мысалы: "Жас азамат өз құқығыңды біл және қолдан" немесе "Жас азамат сенің де құкығың бар" т.б. айдарлар беруге болады.

Жастардың ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы өзіндік көңіл бөлуді қажет етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына ата-анасының, туған туыстары мен мектеп үлкен ықпал етеді. Кәмелетке толмаған жастардың арасында ата-аналары мен жақындарының істеген әрекеттері, көрсеткен қылықтары өзінің көрінісін қалайда болмасын табады. Кәмелет жасына жетпегендер арманшыл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан, оларды қандай да болмасын әрекеттерге үгіттеу өте оңай. Сол үшін де кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен мектепте әртүрлі бас қосуларда, мұғалімдер жиі олардың балалары туралы, оның жүріс-тұрысына қатысты сұхбаттасып отырулары қажет. Оның өзі жасөспірімді әртүрлі теріс әрекеттерге барудан белгілі дәрежеде сақтандыруға септігін тигізері хақ. Кәмелет жасына жетпегендердің ісін қарайтын соттарды құрып, олардың қызметінің жауапкершілігін арттыру қажет. Осындай кешенді шаралар ғана кәмілетке толмағандардың қоғамда өте дұрыс бағыт алуына жағдай жасайды.

Жастардың тағы да бір категориясы - ауыл жастары. Ауыл - қазақтың қазақтығының алтын бесігі. Бүгінгі таңда ауыл жастары өте ауыр күй кешуде. Ауылдағы жүмыссыздық, жастардың бос уақытын өткізуге қатысты мәдени шаралардың келмеске кетуі - ауыл жастарын теріс жолдарға итермелеуге себепші болуда. Еліміз  үш жылды «Ауыл жылы" деп жариялады. Осы бағдарлама аясында ауыл жастарына, олардың тұрмыс-тіршілігіне арнайы көңіл бөлінсе. Өйткені, қазақтың болашағы осы ауылда. Ауыл жасының бойынан көп жағдайда біз қазір ұмыт болуға айналып бара жатқан үлкенді сыйлау, кішіге құрмет сияқты озық ұстанымдарды көре аламыз. Ауыл жасы қанша дегенмен үлкеннің сөзімен өскен. Ағайынгершілік, имандылық көбіне-көп осы ауыл жастарының бойынан табылып жатқандығы өтірік емес. Осы уақытқа дейін ауыл жастарының азғындап тозбауына ауыл ақсақалдары мен қазақи дәстүрді сақтаған ата-аналарымыз еңбек сіңірді. /10, 271 б./

 

 

 

1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие

 

              Жалпы тәрбие - қоғамды сауықтыру мен жүйелі бағытта жылжуында негізгі орынға ие болып табылатын қоғамдық факторлардың бірі. Тәрбиенің оның ішінде құқықтық тәрбиенің маңыздылығына адамдар ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлгенін көруге болады. Ежелгі Вавилондағы әйгілі Хаммурапи патшаның заңдары тек билік өкілдеріне ғана арналмаған, ол көпшілік халыққа да арналған болатын. Ежелгі Шумерліктерде оқушылар едәуір уақыттарын құқық негіздерін, сот шешімдерін оқып үйренуге арнаған болатын. Мұны біз ертедегі Греция мен Рим мемлекеттерінің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен де көре аламыз.

Құқықтық тәрбие қандай да болмасын мемлекеттік-құқықтық дамуында соңғы орындарға ысырылып тасталмағанын сеніммен айтуға болады. Кезіндегі азулы Кеңес мемлекеті де құқықтық тәрбиені мемлекеттің құқықтық қызметінің басым қырларының біріне жатқызды. Кеңестік кезеңде құкықтық тәрбиенің теориялық-методолгиялық базасын жасауға арналған іргелі енбектер де өмірге жолдама алып жатты. Сөз етіп отырған уақыт аралығында құқықтык тәрбиенің құқықтық үгіт-насихат, құқықтық ағарту, құқыұтыұ білім беру сияқты нысандары дами түсті. Әрине, кеңестік дәуірдің барлық тәжірибесін жаман жағынан бағалауға болмайды. Оның қазіргі кезеңде де қоғам талабына бейімдеп, жаңғыртып пайдаланар мұралары баршылық. Біз кеңес дәуірінде өткеннін бәріне күйе жағудан аулақпыз. Жоғарыда сөз етіп отырған құқықтық тәрбиенің үлгілері мен нысандарының кеңестік уақыттың соңғы тұсында тиісті деңгейде жүргізілмеуін біз 70 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында құқықтық тәрбиеге қатысты іс-шаралардың барлығы тәжірибеден гөрі қағаз жүзіне ауысып, оған жауап беретін мүдделі орындардың енжарлық көрсетуінен деп санаймыз. Құқықтық тәрбиені жастар арасында саяси, патриоттық, адамгершілік, рухани, ізгілік бастаулардан нәр алу бағытында өрбіту міндет және қажеттілік болып табылады.

Жас ұрпақты әлеуметтік қорғау проблемалары мен оны шешудің жолдары қарастырылып, осы мәселенің өзекгілігі зерттелген. Буыны қатпаған жас мемлекет үшін осындай саясатты қалыптастырудың қажеттілігі елдің әрі қарай дамуына, жастардың жаңашылдық, адамшылдық көзқарасын қалыптастырып, интелектуалдылығын арттыру үшін қажет. Осы тақырыпшада, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы әлеуметтік қорғау бойынша жүргізген саясатын таңдап, осы саланың заңмен қамтамасыз етілуі жөнінде нақты мысалдар келтірілген. Жастар арасындағы әлеуметтік – экономикалық алаптация процессінің қарама – қайшылықта және ауыр жағдайда болатыны белгілі.

Өтпелі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен экономикалық құлдыраудың, жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз әлеуметтік – экономикалық салдарларын жұмсарту жолымен жүрді. Атап айтқанда. Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнетакы, әлеуметтік сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі мекемелердің желісі құрылды. Алғашқы жылдары Қазақстанда шын мәнінде еңбекке берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу мен медициналық қызметтер түріндегі және тағы басқа халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін қаржылай қаражаттар жетіспеді.

1992 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Министрлер бөлмесінің № 305 қолдауы шықты: онда денсаулығында кемшілігі бар жастар мен балаларға әлеуметтік – кәсіби еңбек жүйесі болып табылатын Республикалық орталық ашуды ұйғарды. Осы ұйғарудан бұл орталық құрылып өз жұмысын жалғастыруда. Осыдан кейін 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жарлығы қабылданды «пунктің 2-ші қаулысы бойынша жаңадан жанұя құрған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Барлығы 26 мың кредит бөлінді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жаңа қаулы №340 – шы жастардың әлеуметтік жұмыстарын жақсарту қабылдады. Осы сияқты қаулылар мен жарлықтар 1994 жылға дейін шыға берді. 1994 жылдың 12 сәуірін біздің еліміздің заң шығарушы органдары жастардың тарихта қайталанбас сәті деп санауға болады. Дәл осы күні  2 – ші қаулы шықты. 1994 жылғы республикалық бюджет жайында 7 пунктқа қатысты 1-3 пунктардың 4 және 5 бөлімдері статьяның 9-11 бөлімдері 7 заңның «Қазақ КСР-нің мемлекеттік жастар саясаты 1997 жылдың сәуір айына дейін қабылданды. Осы заң қабылданған соң мемлекетте жастарға бөлінетін қаражат жетпейтін бола бастады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30 мамырда ака қаулы қабылданды № 573-ші қаулыда «Жоғары оқу орындарында техникалық училищелерде оқитындарға материалдық көмек көрсетуі қаражат жетіспегендіктен орындалмады және ол ұзақ уақытка дейін орындалмай келді. Сол жылғы күздің 5-ші қазаңында Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауы сияқты кейбір заңдарды өзгерту және кейбіреуіне қосымша енгізу жайында, заңды түрде үлкен орны бар қаулысы қабылданды. 1996 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті дарынды балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету туралы құжатқа қол қойды. Өкінішке орай, бұл қаулы қаражат жетіспегендіктен орындалмады./11, 94 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар  арасындағы құқық бұзушылық

Криминология ғылымы үшін жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы проблемасы әр уақытта да өзекті мәселе болып табылады.

Жасы кәмелетке толмағандардың қылмысына жасы 14-пен 18-дің арасындағы адамдардың жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері жатады. Жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға өсе түсуде. Еліміз бойынша орта есеппен әрбір он екінші қылмысты жасөспірімдер жасайды, оның ішінде 14-15 жастағы жастардың қылмыстық көрсеткіші 16-17 жастағы жасөспірімдердің іс-әрекетіне қарағанда едәуір белсенділікті байқатады. Жасы кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстың жекелеген түріне келсек, олардың орта есеппен 60 пайызы ұрлық, 8-9 пайызы тонау, 7 пайызы бұзақы-лық іс-әрекеттер. Ал, қасақана кісі өлтіру, адамның денесіне ауыр зақым келтіру, зорлау сияқты өте ауыр қылмыстардың көрсеткіші 1 пайыздан аспайды. Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамдарды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып сатарлық жа-сау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық, компьютерлік қылмыс және басқа түрлермен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс жасап сотталған-дар, осы тұрғыдағы қылмыскерлер қылмысты көбінесе топ болып жүзеге асырады (65 пайыз) некен-саяқ болса да ұйымдасқан қылмыстық топқа біріккендер де кездеседі.

Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Бұрынырақта жасы кәмелетке толмағандар қылмысы незігінен «көшелерде» жасаған іс-әрекеттер болса, соңғы кездегі олардың қылмыстық іс-әрекеттері қоғамдық орындарда, көлікте, бөтеннің үйінде, оқу орындарында, жатақханаларда жүзеге асырыла бастады.

Жасы кәмелетке толмағандардың 90-95 пайызы — ер балалар. Жеткіншектердің қылмысына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқадай есеңгірететін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналысуға арнайды. Қоғамға жат осындай  іс-әрекеттер сөз жоқ, оларды қажетті қаражатты табу үшін әртүрлі ұрлыққа, тонауға және басқалай пайда күнемдік қылмыстар жасауға итермелейді. Маскүнемдікке салынған қылмыскерлер көп реттерде, өзін «нағыз еркек» етіп көрсету мақсатында кез келген қылмысқа барудан тайынбайды, мұндай ретте олар қылмыстың зардабына онша мән бермейді.

Жасөспірім қылмыскерлерге тән қасиетке келсек, олар өздерінің іс-әрекетін жоғары бағалайды, жауапкершілікті сөзінбейді, ұят, ар-намыс дегеннен жұрдай болады, бұлардың кепшілігі ыза-қор, кекшіл, мақтаншақ, даңққумар болып келеді. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің бір бөлігі ақыл ойының кемістігі барлар, жүйке ауруымен зардап шегетіндер, жұқпалы және басқа да аурумен ауыратындар болып отыр. Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұты-нуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар./3, 21 б./

Жасы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық кәсіпті, қылмыстық нормалар мен дәстүрлерді жете меңгергенде кездеседі. Көптеген отбасылардың материалдық жағдайларының қиындығы, ата-аналардың мо-ральға жат теріс қылықтары, әке мен бала арасындағы өзара кикілжің, түрлі діни уағыздардың кері әсер етуі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы порнографиялық заттардың, қатыгездік, күш қолданудың                                                                                                                                                     таралуы жасөспірімдер қылмысының өршуіне себеп болып отыр.

Көптеген жасөспірім  қылмыскерлердің күнделікті іс-әрекетіне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы тарапынан ешқандай бақылау болмағандықтан, соңы қылмыстық әрекетке ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Бұл тұрғыдағы қылмыспен күресу үшін, ең алдымен отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы жасөспірімдердің уақытты тиімді пайдалануына бақылауды барынша күшейту керек. Сол сияқты, жасөспірімдер жөніндегі инспекцияның қызметін жандандырып, олардың штатын ұлғайтып, арнаулы тәрбиелік функцияларды іске асыруына жағдай туғызу қажет. Клубтарда, спорт, демалыс, оқу орындарында, лагерьлерде жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелейтін іс-әрекеттерді нығайту қажет. Жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиені күшейту қажет, жасөспірімдер заң негіздерін оқып-үйрену, қандай іс-әрекеттердің құқық бұзушылыққа жататынын жете түсіну керек. Ол үшін құқықтық білім беруді, құқықтық тәрбиені бастауыш мектептен бастап оқу пәні ретінде енгізу орынды болар еді. Бақылаусыз қалған, жетім қалған жасөспірімдерді қылмысқа ұрындырмау үшін оларға арналған арнайы мектеп, интернат, тәрбие мекемелерін өркениетті елдердегіше қайта құру қажет.

Жасөспірімдерді қылмысқа тартатын, итермелейтін ересектердің іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет. Оқу-тәрбие мекемелерінің бұл істегі жауапкершілігі мен міндетін өмір талабына сай қайта қарап, оларға ерекше мән беру керек./2, 17 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы

 

        Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.

Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылықка ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылыктың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір онтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген.

Информация о работе Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар