Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:57, реферат
Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
1) Түйсіктер туралы жалпы ұғым
2) Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
3) Түйсіктердің түрлері
4)
Түйсіктердің қалыптасуы
Түйсіктер туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты- жұмсақтығын, кедір бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай- ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай. Жұмсақ, жылы, кедір бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
И.
П. Павловтың жүйке
қызметі туралы ілімі
түйсіктердің пайда
болуын анализатор деп
аталатын анатомиялық-
физиологиялық жүйке
аппаратының жұмысына
байланысты түсіндіріледі.
Адамдар мен жануарларда
көптеген анализаторлар
бар. Олардың қай қайсысы
болмасын үш бөліктен
тұрады. Олар: бірінші
сезім мүшесі. Сезім
мүшесі сырттан келген
тітіркендіргіштерді
жүйкелік қозуға айналдырып
отыратын жер. Анализатордың
екінші бөлігі миға
баратын жүйке талшықтары.
Олар секундына 120 метр
тездікпен рецепторларға
түскен қозуларды мидың
түрлі бөліктеріне жеткізіп
отырады. Анализатордың
үшінші компоненті мидағы
түрлі жүйке орталықтары.
Олар тітіркендіргіштерді
айыра алуға қабілетті
нейрондардан тұрады.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: Абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік ьабалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі.
Айырма сезгіштік- деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір гармм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді.
Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай қайсысы да адаптацияланады. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады.
Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация
тері түйсіктерінде
де күшті байқалады.
Осының салдарынан кейбір
адамдар тітіркендіргіштерді
түсінбей де қалады.
Температуралық түйсіктердің
де адаптациясы мол.
Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализатордың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттыруымен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
Сыртқы дүние заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір бірімен байланысқа түсуі арқылы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар болмас дәм түйсігі көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст құбылысы.
Синтезеция
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді.
Бір ізді бейнелер
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады.
Бір
ізді образдарға ұқсас,
одан табиғаты бөлектеу
заңдылықтардың бірі
эйдетикалық құбылыс.
Бұл эйдоне деген
грек сөзінен алынған,
мағынасы көру, сурет,
бейне, идея деген
мағынаны білдіреді.
Кейбір адамдарда
бұрын қабылдаған заттар
мен құбылыстарды, сол
объектілер көзден таса
пайда болған жағдайда
да көріп тұратындай
қабілет болады. Осы
жағдайға байланысты
шыққан қисынды психологияда
эйдетизм деп атайды
да, осындай қабілеті
бар адамдарды эйдетиктер
деп атайды.
Түйсіктердің түрлері
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализатордың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
Көру түйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы нен миллимиронға дейін электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз.Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толұындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы миллимикрон, жасыл түс миллимикрондай ұзындыұты электромагнит толұындарының әсер етуінен пайда болады.
Көру мүшесі көз. Оның негізгі бөлімі көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен қапталған шар тәріздес нәрсе. Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның алғына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа айналады.Мөлдір қасаң қабық арқылы көз алмасының ішінне жарық сәулесі енеді.
Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.
Ең ішкі, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы және шақша деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Онда 130 миллионға жуық таяқша, 7 миллиондай шақша клеткалары бар.
Таяқшының клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бұл жарықтың әсерінен химиялық жолмен бөліну арқылы көру жүйкесін қоздырып отырады.
Көру мүшесі үшін ми қабағы, сондай- ақ, анатомиялық аппаттардың да тиісінше қызмет атқаратыны түсінікті.
Есту түйсіктері
Есту мүшесінің тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері- дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы- бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы -бұл тербелу амплитудасының сәулелунуі, тембрі- тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді құлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аң құстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит-100 мың Гц, шегіртке-90 мың Гц, тауық-38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті- сайрауық құстармен бір деңгейде-20 мың Гц болады екен.
Есту мүшесі- құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншіс-і сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ортаңғы құлаққа: балғашық, төстік, үзеңгі кіреді. Есту мүшесінің үшінші бөлігі- ішкі құлақ. Ішкі құлақ бітісі өте күрделі. Оның өзі үш бөліктен тұрады: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі. Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады.
Иіс түйсіктері
Мұрын
кеңсірігіндегі кілегей
қабықтың клеткаларына
түрлі химиялық
заттардың әсер етуі
нәтижесінде иіс
түйсіктері пайда
болады. Осы кілегей
қабықтың таяқша тәрізді
сезгіш клеткалары бар.
Ауамен бірге мұрынға
кіретін иісті заттар
иіс мүшесінің сезгіш
клеткаларын тітіркендіріп
отырады.
ЖОСПАР:
1) Қабылдау туралы жалпы ұғым
2) Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
3) Байқау және байқағыштық
4) Кеңістік пен уақытты қабылдау
5)
Қабылдау саласындағы
айырмашылықтар, оларды
қалыптастыру жолдары
ЖОСПАР:
1) Тұлға туралы жалпы ұғым
2) Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
3) Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
4)
Тұлға және қарым- қатынас
ЖОСПАР:
1) Түйсіктер туралы жалпы ұғым
2) Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
3) Түйсіктердің түрлері
4)
Түйсіктердің қалыптасууы