Жануарлар психикасының түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:57, реферат

Описание работы

Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

Работа содержит 1 файл

Жануарлар психикасының түрлері.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

     2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

       3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

     4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану.

     5) Зейінді болудың өзіңе үнемі ескеріп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп әс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. 
 
 
 

                     Зейіннің негізгі қасиеттері 

     А. Зейіннің тұрақтылығы  және жинақтылығы

Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында  адам істеп отырған  ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын  анықтайды. Зейінді  тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзінді жеге алудың басты  бір белгісі болып  табылады.

       Ересек адамдар  жұмыс үстінде  зейінін 40  минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың адан әрі ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмыстың бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-зейіннің  табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда- санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан- жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай- ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        Зейіннің тәрбиелеу жолдары 

     Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады.

     Мектеп-оқушылардың зейінін оқу тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім- балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:

     1) Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген:  «Балаға оқуды қызықты ету білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».

     2) Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

     3) Бала қайда жүсе де байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

     4) Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі-ерік.

Сондықтан зейін тәрбиесін  ерік тәрбиесімен  ұштастырып отыру  қажет.

     5) Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде де болса, «қатая» қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           ЖОСПАР: 

      1) Зейін туралы жалпы ұғым 

     2)  Зейін түрлері 

     3)  Зейіннің негізгі қасиеттері 

  1. Зейінді тәрбиелеу жолдары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 

ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТТІҢ                                                   ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ 
 

Тақырыбы:___________________________ 
 

Орындаған: Шаштыгарина М.М.

Тексерген: Дүйсенбаев А. К. 
 
 

                     Ақтөбе 2011ж 

                       Тұлға туралы жалпы түсінік

     Жаңа  туған нәресте  «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген  атаққа көпке дейін  ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, «менің» басқа  «мендерден», яғни басқа  адамдардан ажырата  білуі тиіс. Содықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды- көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам- мұраты, бағыт- бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бар сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс- әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман- жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.               

       Имандылықтың ерекше  бір көрінісі халқымыз  ерекше қастерлейтін  кісілік ұғымы,  тұлғаның аса өнегелі  түріне жатады. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсыс, көргенді, көргенсізі, т. б. түрлері болады.

     Халық түсінігінде мінез  құлықтың әр түрлі  жағымды жақтары  «кісілік» ұғымының төңірегінде топтасады. Кісіліктің басты  белгілері: ар- ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңі-л күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 Тұлға түрлері мен қасиеттері

     Адамды  әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын  бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез- құлығының мән- жайын толық түсіну қиын болады.    

     Жеке  адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив- оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын- рухани қажеттерді туғызады. Рухани қажеттердің дамуы- материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы- тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс- әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуін адам психологиясында, оның, күйініш- сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды әздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет- адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері- іс- әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. 
 
 
 
 
 

              Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат

     Қызығу- шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше  таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нірсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі- «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де, көбінесе, осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп, адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.

     Қызығулар өзінің мазмұны мен  бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т.б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы  өз алдына бірнеше  түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымғы қызығу; Кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты бөлініп жатады.

     Адам  объектіге түрлі  мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу- айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады.  Жанама қызығу- бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді.  Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар.

     Жеке  адам психологиясының  неге бағытталғандығын көрсететін негізгі  компоненттердің  бірі- адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми- материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі- ғылымға негізделетіндігі. Бірден- бір ақиқат- дүниенің, даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше керітартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көретұра бұрмалау, пессимизмге салыну- керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізгі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымыбіршама қалыптасады.

     Адамзаттың  сан ғасырлық тарихында  адамгершілік пен  имандылықтың ұлы  қозғаушы күші- сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің, мәні де шамалы. Сенім, пікір талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп- пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат -мүддесіне, бағыт бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет.

     Жеке  адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі- мұрат. Бұл- адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат- адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келетінің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш- жігерін соның соңыны сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерже ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу- бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    Тұлға және қарым- қатынас

     Адам  қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені  оның психикасы тек  айналасындағылармен  қарым- қатынас жасау прцесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

     Кез- келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым- қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау- біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым- қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім- кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым- қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтірмеуге болмайды. Адам қарым- қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым- қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ЖОСПАР:

     1) Тұлға туралы жалпы түсінік

     2) Тұлғаның түрлері мен қасиеттері

     3) Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат

     4) Тұлға және қарым- қатынас 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ЖОСПАР:

Информация о работе Жануарлар психикасының түрлері