Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:57, реферат
Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Жануарлар психикасының түрлері
Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт-организмнің белгілі тіршілік жағдайында, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні т.б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені инстинктік амалдардың бәрі- тұқым қуалау жолымен жасалынады.
Олар өздерінің тұрақтылығымен,
оралымсыздығымен ерекше
көзге түседі. Мәселен,
тауықтың басып отырған
жұмыртқаларын алып,
орнына тас салса да,
мерзімді күні біткенге
дейін отыра береді.
Өйткені жылдың белгілі
мезгілінде тауықтың,
я басқа құстың жыныс
безі гормондары қозып,
осындай күйге түседі.
Инстинктер жануарларда
бір арнамен тізбектеліп
өтіп жатады. И.П.Павлов
оларды шартсыз рефлекстердің
тізбегі дей келіп, инстинктердің
басты түрлеріне (жыныс,
тамақ, өмірін сақтау
т.б.) физиологиялық
сипаттама берген.
Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан. Азақтардың малға бас білдіру, мады үйрету деп жүргендерді де осы дағды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы де оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез құлықтың икемді түрі. Сондықтан да айуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д.Дуров өз аңдарына кітап «оқытты», «үй сыпыртты», «есеп шығартты», тіпті орамал мен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырған аңдар бұрышын Дуров “шартты рефлекстердің фабрикасы» деп атаған.
В.Д.Дуров
осындай табысқа
И.П.Павлов ілімінің
нәтижесінде жетті.
Өйткені В.Д.Дуров жануарларды
жаттықтырып, үйрету
үшін әр түрлі сигналдарға
шартты рефлекстерді
жасады. Мәселен, цирк
алаңына келтірілген
поезға тышқандар жапа
тармағай «міне» бастайды.
Кішкене көк вагондарға
сұр тышқандар, қызыл
вагондарға ақ тышқандар
кіріп орын алады. Тышқандарды
осылайша жаттықтырып
үйрету ісі оларды тамақтандыру
арқылы жүргізілді (сұр
тышқандар көк вагонда,
ақ тышқандар қызыл
вагонда тамақтандырылады).
Тамақтандыруды сан
рет қайталанғаннан
кейін, вагондардың
белгілі бір түрі мен
түсіне қарап қоректендіру
тышқандарда шартты
рефлекстерді қалыптастырады.
Түйсік, қабылдау процестерінің
күрделіне түсуі, заттардың
қасиеттерімен қатар
байланыстарын да бейнелей
алуы, оларды елестетіп,
есте сақтау, жалпылау
элементтері - психикалық
дамудың осы сатысында
тұрған жануарлардың
мінез-құлығының басты
ерекшеліктері.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез құлық көріністерін байқауға болады. Мінез- құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін «қара тер» болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі. Мұндай «әдіспен» басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез келген уақытта («көңілі» қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік рөль атқармайды. Мінез - құлықтың (интеллект) осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын «қатыратын» күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект жануарлар психикасының ең икемді түрі. И. П. Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (үрделі жүйке байланыстарынан) тұратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.
Маймыл
интеллектісінің
өрісі тар, олардың
интеллектісі, көбінесе,
өрінетін көзге көрінетін
нәрселерге байланысты
ғана туып отырады. Мәселен,
қасында жатқан таяқты
«құрал» есебінде кездейсоқ
пайдаланады, оны кейіннен
керек болып қалар деген
«мақсатпен» сақтап
қоюды да білмейді. Маймылдарда
кездесетін осындай
интеллект оның миының
маңдай бөлігінің жақсы
дамуына байланысты.
Егер маймыл миының
осы бөлігін алып тастаса,
бұрын білгенінен асып,
ештеңе істей алмайды.
Эволюциялық басқыштың
түрлі сатыларында тұрған
айуанда психиканың
бір формасы (инстинкт,
дағды, интеллект) үстем
болғанмен, оның басқа
түрлері де кездесе
береді. Мәселен, буын
аяқтыларда (өрмекші,
құрт құмырсқа) инстинкт
үстем болғанмен,
оларда дағды да өсіп
жетіле алады. Интеллектің
өзі де инстинктер мен
дағдылардың негізінде
құралады. Жануарлар
психикасының қандай
түрі болмасын сыртқы
ортаның жағдайына икемделуді
ғана қамтамасыз етеді.
Бұлардың бәріне ортақ
ерекшелік олардың биологиялық
сипаттама болатындығында.
ЖОСПАР:
1.
Инстинктер
2.
Жануар дағдылары
3.
Жануар интеллекті
Қолданылған әдебиеттер:
Іс-әрекет психологиясы
Іс-әрекет туралы жалпы
ұғым
Адамның психикалық өмірінің жан- жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс: «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, -біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам үшін
іс-әрекетінің қашан
да қағамдық әлеуметтік
мәні зор. Іс-әрекеттің
саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі
оның ең басты Белгілері
болса, алда тұрған міндетті
шешу, яғни ойлаған Істен
бір нәтиже шығару- оның
екінші бір басты белгісі
болып табылады. Адамның
сана-сезімі өскен сайын
оның әрекеті де жаңа
мазмұнға ие болып отырады.
Адам психикасының дамуында
іс-ірекеттің шешуші
орнымен қатар, біз сананың
да күрделене түсуіне
ықпал жасайтынын еске
алуымыз қажет. Сөйтіп
сана мен іс-әрекеттің
бірлігі, психиканың
іс-әрекет үстінде дамитындары
жайлы мәселе психологияның
басты принциптері болып
табылады. Адам әрекеті
сан алуан. Оның негізгі
түрлері: ойын, оқу, еңбек
әр уақытта белгілі
бір мақсат, міндеттерге
бағытталып отырады.
Бұлардың барлығына
тән ортақ қасиет белгілі
қажетке байланысты
туып отыратындығы.
Сондай-ақ жас мөлшерінің
әр кезіңінде түрліше
көрінетіндігінде.
Іс- әрекет, оның түрлері
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар- құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,- деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».
Ойын
адам әрекетінің бір
түрі болғандықтан,
оның да өзіне
тән мотивтері
болады. Мәселен, дәрігер
ауру адамды емдегенде
өзіне жүктелген
міндетті сезінеді,
осылай істеуді оның
мамандығы қажет етеді.
Ал, дәрігер болып ойнаған
баланы алатын болсақ,
ол да айналасындағыларды
өзінше «емдейді». Бірақ
бұл оның жай қызығуынан
туған. Ойынның қозғаушы
күші – баланың нақты
тілегі мен қызығуы.
Еңбек үстінде адамның
мақсаты мен тілегі
мен қызығуы. Еңбек үстінде
адамның мақсаты мен
мотивінің арасында
келіспеушілік болуы
мүмкін. Ойында бұл жағы
болмайды. Еңбектің
қандай түрі болмасын
одан қоғамдық пайдалы
өнім шығуы қажет. Бұл
айтылғандар ойыннан
талап етілмейді.
Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті-оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру-ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.
Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен құтылу қиын болады.
Оқуға, білім алуға
ұмтылуды тудыратын
мотивтер балада бірден
пайда болмайды.
Бастапқыда бұлар өте
қарапайым болып келеді.Мәселен,
ол оқып-жазғанына ғана,
алған бағасының жалпы
санына ғана мәз болады.
Ата-анасынан қорқып
жақсы оқуға тырысатын
не жолдас баласымен
бәсекелесіп жақсы оқуға
тырысатын балалар да
болады. Баланың жасы
өскен сайын оның оқу
мотивтерінің де мазмұны
өседі. Мәселен, білімді
адамның халқына мол
пайда келтіретінін,
жұрттың ондай адамдарды
құрметтеп сыйлайтынын
түсіне бастайды.
Еңбек. Шаршау мен болдыру
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі-еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөніндегі К. У. Ушинский: «... Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар- ұят, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады».