Автор: i*********@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 15:31, научная работа
Адамның психикалық денсаулығының негіздері ерте жастан бастап қаланады. Сондықтан бала жарық дүниеге келген бойдан-ақ оның тәрбиесі мен дамуын бақылау маңызды. Психикалық кеселдерге қатысты алғанда, 16 жасқа дейінгі кезеңде қатерге ұшырау қаупі жоғары болады. Өйткені орталық жүйке жүйесі нашар дамығандықтан балалық қалыпты жүйкелік-психикалық әсерленуі мен патологиясының өзіне тән ерекшелігі болады. Үлкен адамдарға қарағанда психоздар мен невроздардың көрінісі, барысы және ақыры мұнда басқаша байқалады.
Көп жағдайларда «өтпелі кезеңдегі» жасөспірімді ата-ана әдеттегіден қаталдау ұстағысы келеді. Сол үшін қаталдық танытып, өз бетінше шешім шығаруға жол бермейтіндер бар. Тіпті баланың қандай киім киетінін де өзі шешетін ата-аналар кездеседі. Бұл баланың жеке дамуын бұзады. Ал табиғи және биологиялық дамудан кенже қалған балада невроз басталуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай,
жасөспірімдік дағдарыс әр балада әр
уақытта басталады. Бұл кезеңде
баланың кіммен дос екенін, қай
тақырыпта сөйлескенді
«Өзін-өзі тану» және жасөспірім
Жасөспірім — жас баланың ересек болған жылдары. Яғни, 13 пен 18 жастың арасындағы жеткіншек. Осы жас аралығында бала құбылмалы күй кешіп, белгілі бір таңдауларға бас ұрады. Мінез-құлқы құбылып, психологиясы өзгере бастайды. Мұны «жасөспірімдік дағдарыс» немесе «Өтпелі кезең» дейді.
Осынау өтпелі кезеңде жасөспірімнің алдынан көптеген таңдаулар шығады. Дос таңдау, жол таңдау, мамандық таңдау, мінезін қалыптастыру секілді таңдауларды басынан кешеді. Осылардың барлығында жасөспірімге ақыл-кеңес айтатын ата-анасының, мұғалімнің немесе айналасындағылардың көмегі міндетті түрде қажет. Арман – ойын бөлісіп, сыр шертісетін жан табылмаған жағдайда баланың үлкен қателік жіберуі де ғажап емес. Осы көмекшілердің қатарынан бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәнін де көруге болады. Өйткені, бұл пән жасөспірімге рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді.
- өзінің өмірлік позициясын анықтау;
- әр түрлі
мәселелерді адамгершілік
- өзіне, адамдарға
және қоршаған әлемге
- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
- жасампаздық
белсенділік, азаматтық және
- адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;
- қоғамға қызмет
ету дағдыларын іс жүзінде
дамыту. Сондай-ақ, оқулықтың негізгі
мақсаттарының бірі ретінде
Осы таңдаулардың ішінде жасөспірім мамандық таңдауда көп қателеседі. Өйткені, арман көп, таңдау жалғыз, және ол таңдауға ақыл-кеңес айтудан басқа кері әсер етуші факторларда кездеседі. Мәселен, ата-ана баласының өзі қалаған мамандықты таңдауына рұқсат бермеуі, достарының жеке пікірі, мұғалімнің тәрбиесі мен өзге де адамдардың теріс ойлары жеткіншектің таңдауына зиянын тигізеді. Әсіресе, қазақ отбасыларында көп кездесетін жайт – ата-ананың баласының таңдауымен келіспеуі. Мұндай тәрбиені – қазақбайшылық деп түсінуге мәжбүрміз. Өйткені, әртіс болсаң көше кезіп кетесің, журналист болсаң өтірікші боласың, архитектор болсаң жоғарғы қабаттан құлайсың, заңгер болсаң жұмыс табылмайды деген секілді сылтаулар олардың қараңғылығын байқатады. Ұрысып, жекіріп, оны бәрібір өз қалауларына бағындырады. Сөйтіп, адасқан оймен арпалысып жүріп, ата-ананың шешімімен келіседі. Әрине, бес саусақ бірдей емес екені рас. Десе де, ондай отбасылар бар. Олар өз перзенттерінің психикасына кері әсер етіп жатқандарын мүлдем сезбейді. Бәлкім, мамандықтың тиянақты әрі пайдалы жағын қарастыратын шығар, бірақ баланың келісімінсіз таңдау жасау анайылық болып табылады емес пе? Керісінше, мұндай кезде баласымен үлкен адам ретінде сөйлескені жөн. Оның әрбір сөзін мұқият тыңдап, тең адамша сөйлесіп, керек кезде өз бетінше шешім шығаруына да мүмкіндік беру керек. Мұндайда оның шешіміне күле қарауға болмайды, одан жасөспірімде өзіне деген сенімсіздік пайда болуы мүмкін. Ал кейбір елеусіз қателіктерді жай ғана ескертіп, немесе тіпті көрмеген болып, елемей қоя салған жөн. Уақыт өте келе бала өз қателігін өзі түсініп, оны түзеуге тырысады және келесі жолы дұрыс шешім қабылдауға ұмтылады. Өйткені, жасөспірім ол кезде «өтпелі кезеңде» жүреді.
Өз шешімімен мамандық таңдай алмай, ата-анасының таңдауымен оқуға түскен жасөспірімнің бірталайы оқу орнынан шығып немесе тастап кетіп жатқандары да жоқ емес. Оның басты себебі баланың өз еркімен мамандық таңдай алмауында.
Егер жеткіншек белсенділік танытып, ата-анасының пікірімен келіспей өз арман – тілегін іске асыратын болса, белгілі бір жетістіктің шыңына жетуі мүмкін. Бәлкім, қате басатын да шығар. Қате басқан жағдайда жоғарыда айтып өткендей өз қателігін келесі жолы қайталамайтын болады. Мұндай жағдайда да «Өзін-өзі тану» пәні айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Мәселен, 9-11 сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» оқулығына «Ойланайық, пікірлесейік» деген шартты белгілер енгізілген. Мұнда оқушыға түрлі сұрақтар қойылып, сол сұрақтардың төңірегінде жауап іздеп көп ойланады. Жеке пікірін білдіреді. Өзінің ішкі әлемінде болып жатқан құбылыстарын айтып, батылдылықты үйренеді. Қоғамда болып жатқан жағдайлар тұрғысында ой бөлісіп, өзіндік жеке пікір қалыптастырады. Ал жеке пікірі қалыптасқан бала болашағын қалыптастыруда да қателеспейді деуге болады. Яғни, еліміздің Бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен іске асып отырған «Өзін-өзі тану» жобасының жасөспірім үшін берер пайдасы мен маңыздылығы зор.