Автор: i*********@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 15:31, научная работа
Адамның психикалық денсаулығының негіздері ерте жастан бастап қаланады. Сондықтан бала жарық дүниеге келген бойдан-ақ оның тәрбиесі мен дамуын бақылау маңызды. Психикалық кеселдерге қатысты алғанда, 16 жасқа дейінгі кезеңде қатерге ұшырау қаупі жоғары болады. Өйткені орталық жүйке жүйесі нашар дамығандықтан балалық қалыпты жүйкелік-психикалық әсерленуі мен патологиясының өзіне тән ерекшелігі болады. Үлкен адамдарға қарағанда психоздар мен невроздардың көрінісі, барысы және ақыры мұнда басқаша байқалады.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі.
Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.
Азаматтық тәрбие
тиімділігін көтерудің
Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі – агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялық) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды қамтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті. Автор, осы және басқа да мән-жайлардың жиынтығы арқылы адамның құқыққа қарсы мінез-құлқына түсініктеме беруге болатындығын көрсетті.
«Құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы» тақырыбы зерттеу жұмысының бірінші бөлімінің екінші бөлімшесінде қаралады. Бұл бөлімшеде, әр адам үшін, әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы аса қажет екендігі, әлеуметтік ұстаным арқылы, адамда қандай да бір із қалдыруға, бір қасиетті дамытып, ал екінші бір қасиетін жойып жіберуге болатындығы дәлелденген.
Мысалы, егер кәмелетке толмағанның қалыптасуы, негізінен, бейресми демалу топтарының арасында жүзеге асырылса, онда оның бойында биресми арақатынастар үшін маңызды қасиеттер дамиды. Ол адамдармен тез сөз табысады, олардың көңіл-күйін қабағынан біліп тұрады және т.б. Сонымен қатар, олардаға еңбек ұжымында бағаланатын қасиеттер: тәртіп, кәсіби шеберлік және басқалар да әсер етеді. 1) жеке бастың айналасындағылардың құқыққа қарсы және бейморальдық іс-қимылдары жағдайында қалыптасуы (отбасы, жолдастары); 2) бұрындары биморальдық іс-әрекеттер мен әртүрлі құқық бұзушылық жүйесі ықпал етудің заңда белгіленген шараларын қабылдағаннан кейін де қайталануын қоймаған; 3) адамның қоғамдағы орнын; 4) өз іс-қимылын теріс бағалағанға көну, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық тетіктерін пайдалану; қылмыс жасау жағдайындағы белсенділік және себептерсіз қылмыс жасау және т.б.
Сонымен қатар, бұл жерде автор әлеуметтік ұстанымның маңыздылығын аша келе, криминология ғылымында бөлінген дәйекті-криминогендік, ситуациялық-криминогендік, ситуациялық типтермен байланыстыра отырып, әлеуметтік жағдай мен адамның жеке басының өзара әрекеттестігінің сипаты осы көрсетілген тип тармақтарын бөліп алудағы негізгі критерийлер болып табылатындығын ашық айтады. Мысалы, дәйекті-криминогендік тип тармағының, мораль және құқық нормалары ұдайы бұзылатын микроортада қалыптасатындығын, қылмыс іс-қимылдың дағдылы мәнерінен туындайды және оған субъектінің тұрақты қоғамға қарсы көзқарасы, әлеуметтік мақсаты, бағдары себепші болатындығын; мұндай адамдар қылмыс жасау жағдайында белсенділік танытатындығын; бұл типтің өкілдері нақты ортаны өз мүдделеріне қарай өзгерте алатындығын.
Ситуациялық-криминогендік тип тармағының, мораль нормаларын бұзумен және қылмыстық сипатта емес құқық бұзушылық жасаумен, қоғамға жарамды әлеуметтік рөлдерді дұрыс орындамаумен сипатталатындығын; қарама-қайшы микроортада қалыптасады және әрекет ететіндігін; қылмыс едәуір шамада оны жасаудың қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, өнегелік және құқықтық ситуациясына байланысты (қылмыстық құрамда болу, басқа адамдармен қақтығыс, т.б.) екендігін; бұл жерде адамның жеке басының сипаттамасы мен әлеуметтік орта сипаттамасы арасындағы өзара әрекеттестік шешуші болып табылатындығын; Мұндай адамды қылмыстылыққа оның микроортасы, соған дейінгі өмір салты алып келеді, ал қылмыстық жағдай оның заңды жалғасы болып саналатындығын.
Ситуациялық тип тармағының, адамның санасы мен іс-қимылындағы, оның микроортасындағы өнегесіздік элементтері, егер бола қалған күннің өзінде, шамалы ғана болатындығын; әлеуметтік орта мен адамның жеке басының күрделі ситуацияда, оның ішінде адамның оған даярлықсыздығы жағдайында өзара дұрыс әрекеттеспеуі де едәуір маңызды рөл атқаратындығын; бұл тип тармағының өкілдері қылмысты сол адамның кінәсінен туындамаған, ол қылмысты кездейсоқ жағдайда жасайтындығын; аталған адамның (кездейсоқ қылмыскерге қарағанда) бұл ситуацияларда өзінің және басқа адамның құқыққа қарсы, тіптен қылмыстық іс-қимылын ақтай алатындығын жұмыста тағы да нақтылап атап өтті.
Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін келеңсіз әлеуметтік жағдайларды экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени-тәрбие салаларында, сондай-ақ әлеуметтік қатынастар саласында көруге болады. Мысалы, экономика саласында ол: жұмыссыздық, дағдарыс, өндіру мен тұтыну арасындағы қайшылық, еңбек түрлері, нысандары және жағдайлары арасындағы айырмашылықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейінің әртүрлілігі және т.б.
Саяси салада: сыбайлас жемқорлық; билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар; демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар; заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т.б.
Әлеуметтік қатынастар саласында: отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы; жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы; әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т.б.
Идеологиялық салада: білім беру және тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарындағы қайшылықтар; қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар; қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі; әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т.б.
Мәдени-тәрбие саласында: білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің беделінің түсуі; құндылық бағдарының өзгеруі; мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру; қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т.б.
Осы аталғандарға орай бүгінгі жағдайға автор бүгінгі жағдайға тоқтала келе, елдің экономикалық жағдайының жалпы нашарлауы, нәтижесінде соңғы кездері әлеуметтік және экономикалық сипаттағы келеңсіз процестер орын алды, әлеуметтік институт болып табылатын отбасының керегесі босады, балалардың өмірі мен денсаулығына дұрыс қамқорлық болмағандығы, реформа кезінде Қазақстан халқының өмір деңгейі 30%-қа төмендеді (бұрын да онша жоғары емес еді), табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз отбасылар саны көбейді. Қазіргі кезде балалардың 10%-на жуығы кедей отбасыларында тұратындығы айтылады. Бұл мән-жайлар жасөспірімдердің мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауына, ақыл-естерінің ауытқуларының пайда болуына әсер етіп отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарасақ, 2006 жылдың өзінде жүйке-психикалық ауру балалардың саны артып, 45% құрап отыр. Ал, экономикалық жағдайдың нашарлауынан отбасыларына әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі ұдайы азаюда. Төлемақының көтерілуінен ондай қызмет көрсетуді пайдалану қиынға түсті. Жұпыны отбасыларының балалары (олар көпшілік) өздері қызығатын клубтарға, спорт секцияларына бару, сауықтыру лагерьлерінде демалу, сауықтыру орындарында емделу мүмкіндігінен айырылды. Нәтижесінде олардың қолы бос уақыты қылмыстық сипат ала бастады, тіптен, криминологиялық әдебиетте «бос уақыттағы қылмыстылық» термині пайда болды. Криминологиялық зерттеулерге сүйенсек, барлық «бос уақыттағы» құқық бұзушылықтың 80%-нан астамы 16 сағат пен 24 сағат аралығында жасалады екен. Ата-ананың әлеуметтік қауқарсыздығы, әдепсіз өмір салты, маскүнемдік, әсіресе әйелдердің ішімдікке салынуы балалардың қауіпті ортаға түсу мүмкіндігін арттырды. Соттар жылына ата-ана құқығынан айыру туралы 23 мыңдай іс қарайды екен. Қамқоршы органдарға да соншалық іс түседі. Қазақстан Республикасы ІІМ есебіне жүгінсек, соңғы 6 жыл көлемінде Республика аумағында қылмыстың 42%-ын жасөспірімдер жасап отыр. Отбасыларында, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында, балалар үйлері мен интернаттарда, жабық арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінде балаларға қатыгездік көрсету, ар-намысын таптау, психикалық және тәндік зорлық-зомбылық жасау жиі кездеседі (барлық балалар жарақатының 70%-ы отбасында, тұрмыста болған). Қатыгездікке шыдай алмай жылына 2 мыңдай бала өзіне өзі қол жұмсаған, 30 мыңға жуығы өз үйінен, 6 мыңдайы балалар үйінен және мектеп-интернаттардан кетіп қалады. Шамамен 5-7 мың жасөспірім қылмыстық озбырлықтың құрбанына айналады. Ішкі істер органдары жыл сайын 5 мыңнан аса балаға іздеу жариялайды. Балалардың жүріс-тұрысын ата-аналардың бақыламауы, оларды өз бетімен жіберуі, нені қызықтайтынын, қалай оқитындығын білмеу және т.б. немқұрайдылық педагогика тұрғысынан алғанда «қиын» баланың қалыптасуына жағдай тудырады, ол алғашында ұсақтан бастап (карта ойнау, ішімдіктің, есірткінің дәмін тату, ұрлық және т.б.), кейін елеулі құқық бұзушылыққа барады. Ішкі істер органдарының әсіресе, бұрын жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген бөлімшелердің жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктер. Бұл, ең алдымен, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің құқық бұзушы жасөспірімдерді, қолайсыз отбасыларын дер кезінде анықтау жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктер; криминалдық полицияның жедел тобының кәмелетке толмағандардың қылмыстарын тез ашып, жастардың қылмыстық тобын ыдырату жөніндегі жұмысында орын алып отырған кемшіліктер; кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын ерте бастан болдырмауға бағытталған іс-шараларды жоспарлаудағы кемшіліктер; ішкі істер органдарының мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара байланысының нашарлығы. Беделі бар қылмыскерлерге еліктеу, солардай болуға ұмтылу, олардың өмір салтына қызығу кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына қалайда теріс ықпалын тигізетіндіндігі жұмыста ашық айтылады.
Суицид:
Қоғамнан қашудың ең соңғы және ең қайғылы түрі – суицид, өмірден кету. Кез келген адамды өзін-өзі өлтіруге мәжбүр еткен жеке тұлға, соның ішінде лауазым иесіне қатысты жағдай анықталса, бұлтартпас айғақтармен дәлелденсе, онда жауапкершілікке тартылмақ. Кейде мектептегі өрескел әлімжеттік оқиғалары да баланы қатерлі қадамға итермелейді. Мұны да қатаң ескеру қажет. Жалпы, оқыс табылған мәйіттің бесеуінің екеуі көбіне өзін-өзі өлтіруге байланысты. Сондай-ақ АҚШ пен Батыста кез келген адамның өзінің сұрауымен өлтіретін эвтаназия әдісі бар. Көбіне мүлдем қарт немесе жазылмайтын дерті бар жандар сондай қадамға барады екен. Бізде оған рұқсат жоқ. Мына жағдаяттар да кездеспей қалмайды. Қылмыскерлер немесе қылмыскер біреуді қасақана өлтіріп, кейін оны асып кетеді. Яғни заң орындары өзін-өзі өлтіруші ретінде танысын деп. Оны да анықтау қажет.
Ал, созылмалы жүйке ауруына байланысты өз еркімен өмірден кеткендердің жөні бір басқа. Мұны ел аузында айтылып жүргеніндей: «Шайтан азғырды» десек, орынды болар. Кейде тіпті жүйкесі мықтыларды да арбайтынын айтпағанда...
Басқаны қайдам, әлемдік үш дін – ислам, христиан және яхуди (иудаизм) сенімдері өзін-өзі өлтіруді қатаң айыптайды және адамның басты күнәларының қатарына қосқан. Қасиетті ислам дінінде өзін-өзі өлтіргендер маскүнемдер, жезөкшелер, ұрылар сияқты қоғамға қайшы жандардың моласына жерленіп, оған жаназа жасалмайды, басына Құран-Кәрім оқылмайды. Христиандықтың католик тармағында өзін-өзі өлтірген бейбақтың басы шабылып, денесінен бөлек қойылады. Осындай күнәға батқандарға яхуди дініндегі көзқарас алдыңғыларға ұқсайды.
Әрине, ешқандай заңның бабымен өзін-өзі өлтіруге тыйым салу мүмкін емес. Тіпті сондай қылыққа барып, кездейсоқ аман қалғандарды да қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке тартудың оң нәтиже бермесі анық. Демек, мұндай адам табиғатына жат жағдаяттардың алдын алу үшін не істеу керек?..Бүгінде талай пәле бала атаулы телмірген «көк сандықтан» туындап отырған, пікір бар. Және де ғаламтор бар. Міне, сол ғаламторда өзін-өзі өлтірушілерге арналған (!) сайт жұмыс істейді. Сол арқылы өмірден мезгілінен бұрын «кеткісі» келгендерге «құнды кеңестер» беріледі. Жалпы, батыстық, бізге жат ұғым бойынша, «өмірім - өз меншігім, не істесем де еркімде» дегенге саятын тасыр түсінік, барған сайын жастар мен балалар арасында кеңінен таралуда. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерге бағытталған ғаламтор клубтар мен жеке бағдарламалардың ықпалын шектеу қажет. Ғаламторлық ойындар мен теледидар арқылы берілетін американдық және орыстық өлтіру мен өлімге толы фильмдер және хабарлар көрушінің көз алдында тіршіліктің құны мен қасиетін төмендетеді, тіпті қалыпты нәрсеге айналдырады. Әрине, қоғамдық пікір баяғыдан бері бұған қарсы дабыл қағып келсе де, әзірге ұлы Абай айтқандай: «Баяғы жартас, бір жартас». Өзінің қорғану құқығын білмеуі салдарынан өмірін қиятын балалар мен жасөспірімдердің саны азаяр емес. Аға прокурордың айтуынша, әр баланың өмірі мен тағдыры үшін ата-ана мен мектеп ар алдында да, заң алдында да жауапты. Олар жасынан дүниеден түңілгендерді емес, өзіне сенімді, өмірді сүйетін еліміздің ертеңгі азаматтарын бірлесе тәрбиелеуі керек.
Олай болса, тәрбиелік
шара, діни уағыз, ашық та емен-жарқын әңгіме
бір-бірімен үйлесімді ұштасқан
жерде жас өскіндердің өзіне-
Ал, Роберт
Мертон мінез-құлық
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді: • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,); • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады. Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар: 1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. 2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.