Автор: i*********@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 15:31, научная работа
Адамның психикалық денсаулығының негіздері ерте жастан бастап қаланады. Сондықтан бала жарық дүниеге келген бойдан-ақ оның тәрбиесі мен дамуын бақылау маңызды. Психикалық кеселдерге қатысты алғанда, 16 жасқа дейінгі кезеңде қатерге ұшырау қаупі жоғары болады. Өйткені орталық жүйке жүйесі нашар дамығандықтан балалық қалыпты жүйкелік-психикалық әсерленуі мен патологиясының өзіне тән ерекшелігі болады. Үлкен адамдарға қарағанда психоздар мен невроздардың көрінісі, барысы және ақыры мұнда басқаша байқалады.
Жалпы жасөспірім
психологиясына шолу
Жасөспірімдерге ғана тән мінез құлықтық реакциялар: эмансипациялық реакция; топталу реакциясы; әуестік реакциясы; өзінің қалып күйіне сәйкестендірілген тәртіп бұзылысы; қалыптасып келе жатқан жыныстық елігуіне сәйкестендірілген тәртіп бұзылысы; психологиялық ерекшеліктермен анықталған тәртіп бұзылысы.
Адамның психикалық денсаулығының негіздері ерте жастан бастап қаланады. Сондықтан бала жарық дүниеге келген бойдан-ақ оның тәрбиесі мен дамуын бақылау маңызды. Психикалық кеселдерге қатысты алғанда, 16 жасқа дейінгі кезеңде қатерге ұшырау қаупі жоғары болады. Өйткені орталық жүйке жүйесі нашар дамығандықтан балалық қалыпты жүйкелік-психикалық әсерленуі мен патологиясының өзіне тән ерекшелігі болады. Үлкен адамдарға қарағанда психоздар мен невроздардың көрінісі, барысы және ақыры мұнда басқаша байқалады.
Жасөспірім үлкендерге карағанда сыртқы ортаның ықпалына неғұрлым тәуелді келеді. Жасөспірім ағзалы өмір сүріп қана қоймай, ол үнемі өседі, дамиды, соған орай ондағы психикалық процесстер үнемі қайта-қайта қалыптасу үстінде болады.
Кейде жалпы соматикалык, инфекциялық ауруларға, әлеуметтік орталық қолайсыз жағдайларға байланысты өсу тоқталады, жекелеген психикалық функцияларға қатысты психикалық дамудың жалпы немесе ішінара тежелуі жүріп жатады. Жалпы психикалық жетімсіздік кейде күшті білініп, кемақылдық - олигофрения түрінде көрінеді.
Жасөспірім жасқа карай дағдарыс немесе дағдарысты кезең пайда болады. Бұл кезде адамның биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қайта құрылуы жүреді. Сыртқы орта ықпалдарына сезімталдық жоғарылайды.
Балалар психологиясы мен психиатриясында үш негізгі дағдарысты кезең бар. Олар 3, 7, 12, 15 жастарды қамтиды. 3 жастағы дағдарысты қезеңде, мінез - құлықтын әсершілдік түрінен ауысу жүреді. Бұл кезде баланың бүкіл қажетін үлкендер қанағаттандыратын белсенді «мен жүйесі», яғни бәрін де «өзім істеймін» дегенге ауысу басталады. 7 жастағы дағдарыс кезеңін негізін әлеуметтік өзіндік сана-сезімін, оянуы құрайды. Өзінің әрекет қимылы ретінде сезіну орнына өзін адамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі субъект ретінде сезіну келеді. Бала өмірін толық қамтитын ойын нақты әлеуметтік әрекетке толық дәрежеде сәйкес болудан қалады.
Дағдарыстың неғұрлым өткір әрі ұзаққа созылатын кезеңі жасөспірім шақтағы дағдарыс болып табылады. Есеюдін, объективтік басталуы кезінде дүние таным кеңейеді, жаңа мүдделер пайда болады, бірақ жасөспірім әлеуметтік тұрғыдан үлкендерге кіріптар күйінде қалады. Сондықтан оның көптеген құштарлықтары нақты шындықпен қоса жүретін жанжалға әкеледі. Әсіресе ер балаларда қауырт жыныстық толысу жиі байқалады. Ағзаның өзін-өзі реттеушілік функциясының бұзылуы салдарынан психикалық, жарақаттық ықпалдар әсерімен невроздық әсершілдік, сарыуайымшылдық күй жиі дамиды. Көбіне эндогендік психикалық аурулар, онын, ішінде шизофрения дамиды.
Мінез-кұлық бұзылуының негізіне алынатын алуан түрлі әсерленушілік жасөспірімдерде жиі байқалады. Мұның өзі төрт түрге бөлінеді. Олар: бас тарту, оппозиция, имитация және компенсация реакциялары деп бөлінеді.
Бас тарту жөсөспірімнің сезімдік қарым-қатынасы бұзылу кезеңі. Жасөспім бірдеңеден, айталық жанұясынан айрылып, интернатқа орналасады, ата-анасы ажырасады, жаңа мекенге көшкенде құрдастарының бұрынғы компаниясынан айрылады: Осыған байланысты, тамақтан, ойыннан, басқалармен араласудан бас тартады.
Оппозиция жасөспірімге шектен тыс күш түседі немесе ол жанұяда қарындасы немесе інісінің тууына, шешесінің басқа күйеуге шығуына және басқа себептерге байланысты бұрынғы ықыластан айрылады. Үйден қашып кету, бұзақылық әрекет жасаушылық сияқты істер өзіне назар аударуды тудыруға деген баланы, ұмтылысынан туындап жатады.
Имитация боған жағдайда жасөспірім басқа адамдарға, мысалы кино кейіпкеріне, тәрбиешіге, кұрбысына еліктейді. Егер еліктейтін адам қоғамға жат жан болса, имитация әлеуметтік нормаларды бұзуға себепші болады.
Компенсация белгілі бір кемшіліктің орнын толтыруға бағытталады. Дене жағынан әлсіз жасөспірім күшті - ақыл-ой жаттығуының негізінде құрдастары арасында мойындауға ие болғысы келеді.
Осы сипатталған реакциялар негізінде мінез-құлық патологиясы пайда болады. Олардың ішінде жасөспірімдердің ішімдікті, есірткіні пайдалануы жатады. Жасөспірімдер арасындағы патологиялық реакциялар мен мінез-құлық түрлері педагогтар мен психопатологтардың ұдайы назар аударып отыруын қажет етеді. Өйткені мұның өзі жасөспірім өсіп келе жатқан ортадағы қолайсыз ахуалды, тәрбиедегі ақаулықты көрсетеді. Мұндай жағдайда дәрігерлік-педагогтік түзету қажет болады.
Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет етеді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. 14-25 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты жағдайларды бөлек қарастырылады.
Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – жастар ортасындағы рухани және өнегелік қасиеттің деңгейін зерделеу. Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешілуі тиіс:
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың биологиялық негіздерін зерделеу;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік жағдайларды талдау;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түрлері бойынша талдау және олардың ары қарай даму үрдістерін анықтау;
– құқық бұзушының бастапқы кезде қалыптаса бастаған мінез-құлқының алдын алудағы гуманитарлық және дұрыс бағыттарының ерекшеліктерін зерттеу және оларды негіздеу;
– құқық бұзушылық рецидивінің алдын алудың негізгі тәсілдерін анықтау;
– құқық бұзушылыққа тікелей және сақтандырып ықпал етуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды даярлау және оларға дәлелдеме келтіру;
– педагогикалық үрдістің оларды қайта тәрбиелеудегі әдістері мен амалдарын ұтымды пайдалану.
Жасөспірім арасындағы қылмыстылықтың жағдайын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын мәліметтер қылмыстық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерін реттейтін бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен жастар арасындағы қылмыстардың сот практикасының материалдары. Жасөспірім (оның ішінде құқық бұзушы ) тіршілік ететін әлеуметтік тәжірибе саласы, оның әлеуметтік және биологиялық мінез-құлықтарының арақатынасының ғылыми тұжырымдары мен Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Біріншіден, адамның дамуын және оның тұлға ретіндегі, биологиялық және әлеуметтік нысан ретіндегі өзара әрекеттестігіне түсініктеме беретін биоәлеуметтік тұжырымдама жасау болып табылады. Себебі, материалдық дүниедегі қылмыстарды түсіндіретін себептілік деген ұғым құқық бұзуға бейім (басқа да) мінез-құлықта мүлде жоқ (әйтпегенде, барлығы алдын ала анықталған болар еді). Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түп-тамырында ырық еркіндігі жатыр, ол еркіндігін адам кейде (көбіне) ойланбай (пайымдамай) көрсетеді. Оның ішінде бейәлеуметтік тұжырымдама жасаудың келешегі зор, криминологтар оны ары қарай дамытуға тиіс. Адамның жеке басын, оның мінез-құлқының нысандарын, өмір тіршілігі мен тәрбиесінің әлеуметтік жағдайын, адамның психикалық және өнегелік қасиетін және де оның іс-әрекеті көрініс табатын нақты жағдайды бөлек-бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал бұлардың барлығы өзара тығыз байланыста.
Екіншіден, криминологиялық ғылым қылмыс жасаған адамды өз ақыл-ойын, ойластырылған іс-әрекетін басшылыққа алатын саналы адам деп ғана қарастырады, ал іс жүзінде олай емес. Себебі «саналы» деген ақылға қонымды, ал «санасыз» дегенді қисынсыз, интуиция бойынша істелген әрекет деп санау керек. Осыдан барып, адам қылмысты кейде нақты ұғынып, еркімен жасаса да, ол әрекеті қисынсыз, ақылға қонбайтындай болып шығады.
Үшіншіден, криминологиядағы қарама-қайшы тұжырымдаманың үзілді-кесілділігі мен біржақтылығын жоюға талпыныс жасалды. Оның себебі, биологиялық және әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдамалар адамның қалыптасып, дамуын әрқайсы өз тұрғысынан бөлекше қарауға тырысады. Әрине әртүрлі тұжырымдамалардың өзара қиылысатын, жанасатын тұстары да болады.
Сонымен қатар, экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбие және ұйымдық-басқару саласындағы, құқық бұзуға жағдай тудыратын жалпыәлеуметтік келеңсіз құбылыстар монографиялық деңгейде талданған, бөлініп алынған және топтастырылған. Ал жастардың тобын құрайтын өзінше бөлек әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты жағдайлар ерекше деңгейде бөлініп алынған. Жастар ортасында жиі кездесетін бірқатар әлеуметтік-психикалық ауытқулар дараланып көрсетілген. Соңғы он жылдықтар ішінде алғашқы рет студенттер ортасына назар аударылған, себебі ол ортада рухани және өнегелік құндылықтың бағасыздануы нәтижесінде келеңсіз үрдіс бой көтере бастады. Соған байланысты криминогендік деңгейде тәрбиенің негізгі шетелдік және отандық тұжырымдамалары қарастырылды, нақты ұсыныстар даярланды. Ол жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасын жетілдіруде өз көмегін тигізуі тиіс. Сонымен қатар алғашқы да, қайталанған да қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттарын қарастыра отырып (криминологиялық бағыттар), ішкі істер органдарының КТІБ қызметкерлерінің сақтандыру жұмыстарын жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы, оның жалпы тұжырымдамасы алынған жаңа ғылыми нәтижелер криминологиялық ғылымның дамуына елеулі үлес қосады, себебі олар құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың себептілігі және оның алдын алуға қатысты қазіргі білім жүйесін толықтырады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, бұл жұмыста келтірілген ережелер, қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар заң шығару қызметтерінде, адамды рухани және өнегелік тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ «Криминология» оқу курсын және кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған курстарды оқыту үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
– формальды-логикалық,
оның мәнісі – қылмыстың алдын
алудың жас адамдарға қатысты
қолданылатын құқықтық-қылмыстық
– статистикалық,
ол жас адамдарға жасаған
– сауалнама тарату –Павлодар облысындағы жас адамдарға жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер сауалнамалары және арнайы бағдарламалар негізінде ішінара зерделеу;
– сұхбаттасу – зорлықшыл қылмыс жасаудың сылтаулары мен себептерін айқындау мақсатында жас адамдар құқық бұзушылармен әңгімелесу;
– аталған аймақтардағы
ішкі істер органдары
Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығы ретінде бұл зерттеу әдістемесі, сонымен қатар, қарастырылған проблеманы қозғайтын нормативтік көздерді де қамтиды.
Ғылыми жоба мазмұны таңдап алынған зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне және оның көлеміне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспеден, мазмұнынан және қорытындыдан, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімдері тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Бірінші бөлім «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының себептік тетіктері» деп аталады. «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының негіздері» деп аталатын бөлімшеде адамның биологиялық тұрғыдан қалыптасу және оның тарихы мен пайда болуына әсер ететін негізгі себептер мен тетіктері, сонымен қатар адам дамуындағы қоршаған ортаның әсері және ортамен өзара байланысы қарастырылған.
Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.