Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:11, реферат

Описание работы

Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.

Содержание

I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3-6
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16

II. Теориялық бөлім:
2. Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары-----------------------------------------------------------------------17-20
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы---------------------------21-22

III. Эксперименттік бөлім:
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері-----------------------------------------------------23-24
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті-------------------------------------------------------------------------25-28
3.3. Тұлғаның мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын қадағалаудың маңызы----------------------------------28-29



Қорытынды--------------------------------------------------------------------30-31
Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------32

Работа содержит 1 файл

психоаналитик.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Тұлға қайда да қоғамнан, ұжымнан тыс жеке еңбек етіп, өз қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Тек қоғамның барлық мүшелерімен ынтымақтасқан еңбек қана жеке тұлғаға зор қуат беріп, оның түрлі қажеттерін өтеуге жарап, психикасын байытады.

Еңбектегі табыстар мен нәтижелер, жеке тұлғаның  дүниетанымына, наным-сеніміне, мақсат- мүддесіне, нақты қажетіне сәйкес келу – келмеуіне қарай әр түрлі болады. Не үшін еңбек ететіндігін бар саналылығымен сезіну – еңбек етудің ең басты түрткісі болып табылады.

Еңбек үстінде кісі өзіне, қоғамға қажетті марериалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын (еңбек сүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық және т.б.) біртіндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстінде кісінің өзіне-өзі қызмет ете алу қабілеті, практикалық іскерлігі, дербестігі, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсенділігі шыңдала түседі.

Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой – санасының өсуі, білім жүйесі мен дағдының ойдағыдай қалыптасуы еңбектегі қара күштің салмағын біртіндеп кеміте береді, техниканың тетігін біліп, оны басқару оңайланады.

Еңбектің қай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаманеңбек болмайды. Жеке тұлға өзінің еңбегінің жұртқа және өзіне қаншалықты пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді,пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчестволы еңбек болуы қажет.

 

             

 

 

 

3.3. Тұлғаның мінезін   қалыптастыруда оның  теріс істері мен қылықтарын   қадағалаудың маңызы

 

Тұлғаның мінезін   қалыптастыруда оның  теріс істері мен қылықтарын   кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып   отырған да дұрыс. Жазалаудағы негізгі максат — теріс   жолға түскен баланы  қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бүл   әдістін, маңызы да осында.   Жазалауды   да мадақтау сияқты   ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану кажет. Үшінші, төртіншІ сынып оқушылары өздерінің, тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсы үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады. Бала тек кінәсына сәйкес жазаланғанда ғана жоғарыда айтылған көңіл   күйлерін басынан кешіреді. Бала теріс жазғырылса, бұл оның мінез тәрбиесіне кері әсер етеді. Егер осындай жағдай кайталана берсе, ол әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін болады. Орынсыз жаза баланы ашулы, ызақор, кекшіл, қасарыспа етіп, не қорқак, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мумкін. Сондай-ақ, адамнық теріс құлыктарын көре-тұра жазаламаудыа да кесір-кесапаты аз емес. Кейбір бала оқыс қылықтарды әдейІ жасамай, оны балалығымен, білместігінен, аңғарымсыздығынан жасайды. Ал екінші бір бала   мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына басып істейдІ. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны   белгілІ. Өйткені екеуінің кінәсы екі түрлі, соңдықтан екеуіне екі түрлІ жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенің түпкі себебінен басталуы қажет. Өйткені әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Адамның теріс қылықтарын айыптап ,тиістІ жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізіледі. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер;

-біріншіден, жазалау әр уақытта  әділ, баланың кінәсін айқындап берілуі тиіс;

-екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтін етіп берілетін болсын;

-үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, қылмыстың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылу қажет. Төртіншіден, баланың теріс қылығының арты суымай, оның ақ-қарасы дұрыс тексеріліп, оқушының әр түрлі ерекшеліктері: білімі, қабілеті, жалпы мінез-құлқы т. б. ескеріліп отырылсын. Бесіншіден, мүғалім жаза-ны аса байсалдылықпен баланың жеке басын тәлкек етпейтіндей (ондайлар да болады) жағдайда ұйымдастыратын болады /9/.

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

Қорытынды

 

              Қазіргі кездегі республикамызда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектеп білім мекемелерінің жұмыстары арасында сабақтастық  мәселесі өткір қойылған. Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларында қарым-қатынас жөнінде айтылады. Қарым-қатынастың түрлі формалары бар:

              - іскерлік қарым – қатынас.Үлкендерден бір нәрсе үйренуге ұмтыла отырып, бала іскерлік қарым- қатынасқа түседі. Үлкендермен біріккен қызмет балада қоғамдық мінез – құлықтың құнды сапасын, жалпы мақсат қабылдау қабілетін, ортақ жоспарлауға кірісу, жұмыс процесіндегі әрекеттестік, алынған қорытындыны талқылауды дамытады;

              - танымдық қарым - қатынас. Баланы толғандырған танымдық мәселелер төңірегіндегі үлкендермен қарым – қатынас. Ол балаларда танымдық қызыфғушылық пен белсенділіктің тереңдеуіне мүмкіндік жасайды;

              -тұлғалық қарым – қатынас.  Бала адамдардың эмоциялық, құлықтық әлемімен, олардың іс-әрекетімен, қайғыларымен байланысты мәселелерді үлкендермен талқылау үшін тұлғалық қарым-қатынасқа түседі. Бала үлкендермен өзінің ойларын, жоспарларымен, әсерлерімен бөліседі.

              Тұлға – бұл  адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Сол сияқты тұлғаның психоаналитикалық категориялары да адамның қоғамдағы қатынастары мен мұң-мұқтажына, талап-тілектерінің орындалу-орындалмауына, мақсат-мүддеге,  тіпті мінез-құлыққа байланысты. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

              Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері (стимулдер).

              Тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес.

              Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.

              Осыдан барып, тұлға – қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға  психологиялық тұрғыдан өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды.

              Психологияда мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған мінез-құлық дейді. Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль принциптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.

              Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұйымдық қарым-қатынастарында, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында, т.б. жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне-өзі қол жұмсау, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

                            Қолданылған әдебиеттер:

 

1.      Жарықбаев Қ., Ақылдың кені. А: 1991.

2.      Жарықбаев Қ., Психология . А: «Білім» 1993.

3.      Ұлағат /2002., мамыр-маусым. №3.

4.      Қазақстан мектебі / 2004., ақпан.№5.

5.      Егемен Қазақстан / 2003., қыркүйек. №17.

6.      Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас (Психология очерктері)»Мектеп», 1987.

7.      Тәжібаев Т.., Балаубаев С. Психология (оқулық). А: «Мектеп», 1966.

      8. Бастауыш мектеп /2005., №5, 11-14-бб.

      9. Икенов А.И, Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері. А-2004.

 

 

 

 

 

 

 

3

 



Информация о работе Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары