Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:11, реферат
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.
I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3-6
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16
II. Теориялық бөлім:
2. Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары-----------------------------------------------------------------------17-20
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы---------------------------21-22
III. Эксперименттік бөлім:
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері-----------------------------------------------------23-24
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті-------------------------------------------------------------------------25-28
3.3. Тұлғаның мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын қадағалаудың маңызы----------------------------------28-29
Қорытынды--------------------------------------------------------------------30-31
Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------32
И. П. Павлов адамның мінсіз бітістерін жоғары нерв қызметінің, тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсІндІрдІ. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «...адамның, мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады» /4/.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т, б. тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан «еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым - қатынас. «...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (Әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез білістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.
Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық, ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты саналарды байқауға болады. Оларда мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігІ ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегеше еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтап мұғалімдердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс қалдыратындай, үлгІлі болып келулері тиіс.
Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы мінез 32-тістерінің ірге тасы қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп «жаман», «болады», «болмайды» деген ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, ұс-тамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзінің және басқалардық мінез-құлқына «өзінше» баға беруге тырысады. Экспери-менттік зерттеулер алты - жеті жасар балалардың өз мінез - құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.
Мектеп — бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың, мінез - құлықтарының қалыптасуында шешушІ рөл атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет — олардың жан-жақты болып өсуІн, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың, адамгершілік идеалын (мурат) баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Иманшарт мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез-құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру — мұғалімдер мен ата-аналар үшін абыройлы іс. Мінез тәрбиесі жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. (М. Жұмабаев) /5/.
Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан.
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажеттІ мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүние - танымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру — мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар.
Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларында отбасының, ұжымның, мектептің, ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:
1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл-Фараби, Асан-Қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т. б. үлгі - өнегелеріне тәрбиелеу — осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы — жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.
Мәселен, мектеп оқушыларына ерік - жігері аса күшті, іскерлігІ мықты адам ретінде Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен нақты мысалдар келтіру мұны үлгі-өнеге ретінде ұстауға болады. Ғалым лингистика, фонетика, философия, ғылымдары саласында 500 баспа табақтан астам (12000 бет) еңбек жазғап. Оның өмірі — уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық, өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың тендесі жоқ мысалы. Ол күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесіз есеп жүргізіп оның егжей - тегжейіне дейін жазып отырған. Мәселен, жаяу не көлікпен жүргенде, біреуді күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-журнал оқығанда т. б. сан алуан жағдайларда әр минутты есеп-теп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. ТәуліктІң, он сағаты бойына үздіксіз жұмыс істеп, бұларды минеттік дәлдікпен есептеген. Әр айдың, әр жылдың соңында Іс-әрекетінің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әртурлі ұзағырақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның пікірінше, адамда бос, артық уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз - іс әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі кез - келген уақыт ол үшін игілік көзі, оны бос өткізу ғылыми санасынан орын алмайтын.
Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы такырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.
2) Балалар ұжымы («Атамекен» т. б.) оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. БелгІлі дәстүрі, жұмыс стилі бар балалар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын үнемі қадағалап отырады. Келе - келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзіне-өзі қоятын талап-тілегіне де айналатын болады.
Ұжым адамның алдына мақсат қоя білудІ, соңдай-ақ ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан, адамның іс-әрекетін жеңІлдетІп, оны өрге бастырса, екінші жағынан, оның өзі күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемі ұжымның көмегіне сүйеніп отыруы қажет.
А. С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырады. Макаренко адам мінезінінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төрешІ — қоғамдык пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен 1 жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күнІ бүрын белгіленгсн әңгімелесуге шақыру т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.
А. С. Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегІ шебер әдістерін пайдалана білу әр мұғалімнен шығармашылық әдісті талап етеді. Ұжымшылдық сезім жетІ-се-гіз жасар балада оншама дами қоймайды. Бұлар «біз» деудің орнына «мен» деп айтқанды жақсы көредІ. Мәселен мектеп есігін тұнғыш ашқан бала мұғалімнін бү-кіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жок деп ойлайды. Балаларға «біздікі» деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртка ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, транспорт т. б. нәрселердің, бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндІредІ. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны «біздің гүліміз» деп айту қажет дейді. Осындан алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланын мінез бітісі қалыптасады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары пионер ұйымының жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың коллектившілдік қасиеті анағұрлым жоғарылай түседі.
3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде екбектің алатын орны ерекше.
Енбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне - өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.
Адам енбек етпесе моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекетінің болмауы жалқаулыққа әкеліп соғады, ондай адамның өмір сүруі мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небір шірік қасиеттер келіп шығады.
Тек қажырлы торчестволық екбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдык жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды. Адам тек еқбек ету арқылы ғана езінің алдындағы мақсатын айқын сезіне алады және оған жете алатынына сенімі мол болады.
4) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау. Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс кадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, әркез борышын түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою міндет жүктеу бала оқуға түскеннен кейін ерекше байқалатын болады. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің талсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талапкерліктерін орындау оқушы үшін заң. Міндет алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап шығу — үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай баланың психикасы да күрт өзгере бастайды. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды, міндет алу, белгілІ талаптарды орындау оңай емес. Талап қоюдың түрлІ әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрІ балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру тыйым салу турінде де болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімдІлігі, тәрбиелІк мәні ұс-таздын байыптылығына да байланысты. Талап қоя білу —үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейін қадағаламайтын, тіпті оған қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалімнің сыныпұжымын ынтымақтыққа, бір ауыздылыққа тәрбиелей алуы да қиын. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, оның іс-әрекетін қадағалап отыру да қажет. Бақылау жургізу оқушынын, іскс жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты жойып отыруға мүмкіндік бередІ. Оқушыларға талап қою мен олардың іс-әрекетіне бақылау жургізуде мұғалім мына төмендегілерді ескеріп отырады. Біріншіден, әр уақытта күмәнсыз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы кажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ оның шамасы келетін - келмейтінін ескермеу әркашанда да жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан талап дәл ,анық, нақтылы келіп, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс. ЕкІншіден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады. Үшіншіден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында койылғаны жөн. Ең негізгісі оның орындалғаны жөнінде баладан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асырып отыру мұғалім мен ата-ананың шеберлігін қажет етедІ. МінездІ тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі — мақұлдау. Егер адамнын, ісі мақұлданып отырса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, «бәрекелді», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынадан нәтиже шығады» т. б. осы секілді сөздер адамның, жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Баланың әрбір ісіне әділ баға беріп отыру мұғалімнің беделін онан сайын арттыра түседі. Мұғалімнің адамгершілік қасиеті неғұрлым жоғары болса (коммунизм ісіне берілгендік, өз ісінің асқан шеберІ, еқбек сүйгіш, ерІк-жІгерІ мол т. б.), оның, беделі мен өнегесі де ,балаларға тигізетін әсері де жақсы болып келеді. Балаларды айқай - ұйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер де болады. Мұндай мұғалімдер көп сөйлейді, бала да көп сәйлегенді жаратпайды, бала мұғалімнің, қай сөзін тыңдарын білмей дағдарады.
2. Тұлғаның қалыптасу кезіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1. Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары
Пубертантты дағдарыс кезеңіндегі өнімді ақыл-ой еңбегін көрнекіліктен түсінуге, дедукцияға өзгеріледі. Есею дағдарысы кейде дұрыс бағаланбайды немесе өте қауіпті деп есептеледі. Ол әртүрлі мінез-құлық ауытқушылықтары түрінде, тұлғалық бұзылуларға, психоз, жүйкелік психологиялық бұзылу белгілерінің көрінуі түрінде болады.
Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтары әртүрлі және ол мынадай формаларда көрініс береді:
-өзін өзгенің орнына қою немесе еліктеу әрекетіндегі ауытқушылық, оның белгілері: толымсыздық сезімінің пайда болуы, көңіл-күйінің түсіңкілігі,
-өзіне-өзі қол жұмсау ойының пайда болуы.
Есейген жас өспірім өзінің бала емес екенін сезенеп, биологиялық сыйымдылықтың әлеуметтік жағдайына сай келмейтінін жаңа статустағы білімі мен икемділігіен сенімсіз болады. Тұлғаны «Мен кіммін?», «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалайды. Ол өзіне және өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайда көңілі толмайды. Осыдан келіп әлеуметтік еределерді қабылдамау пайда болады. Өзін сенімсіз сезінуге байланысты өмірлік мақсатының айқынсыздығы, жыныстық бағыттылығына сай емес мамандық таңдау мен референтті топтарды таңдаудағы шатасу кездеседі. Мұндағы референтті топ деп отырғанымыз - өзінің үнемі араласып жүрген құрдас, достары немесе өзінің көзқарасын бөлісетін ересек адамдар. Бұл шатасулар шизофрениялық, психоздық, тұлғалық өзгерулердің алғашқы белгілері болуы да мүмкін.
Беделге ұмытылу белгісі. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасына, әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Тұлға билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеді.
Диперсонализация. Мұнда өзінің жаңа денелік өзгешелігі мен «Менің» қабылдауы мен өзгелерді қабылдауы өзгереді. Диперсонализация еліктеудің қалыптасу қиындығына байланысты психологиялық қорғаныс механизмінің қызметін атқарады. Бұл синдром белгісі жасөспірімдер арасында 30-70 % байқалады. Оларға үрейлену, оқшаулану, уайым, эмоционалды реакцияларға деген субъективті түсінік жатады. Дирепсонализация айналадағы заттарды қабылдауы айқын емес дегенді білдіреді. Осы белгі бойынша жасөспірімдердің заттар мен адамдарды қабылдауы шындықтан алшақ болады. Өз денесін бөтенсіну кездеседі. Мысалы, олар өздеріне «Менікі ме, жоқ әлде басқанікі ме?» деген сұрақ қояды. Кей жағдайда олар жаным мені тастап кетті деп өзін ұйқыдағыдай қабылдайды. Осы кезде ойлары жан-жаққа шашырап, еркіне бағынбайды. Сонымен қатар бұрын көрмеген нәрсесін бұрын көрген, бұрын басынан кешіргенін еш уақытта көрмеген сияқты елестетеді. Бұл ауру белгілері неврозда, эпилепсияда, шизофренияда байқалады.
Информация о работе Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары