Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:11, реферат
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.
I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3-6
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16
II. Теориялық бөлім:
2. Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары-----------------------------------------------------------------------17-20
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы---------------------------21-22
III. Эксперименттік бөлім:
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері-----------------------------------------------------23-24
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті-------------------------------------------------------------------------25-28
3.3. Тұлғаның мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын қадағалаудың маңызы----------------------------------28-29
Қорытынды--------------------------------------------------------------------30-31
Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------32
Дисморфофобия. Дисморфофобия дегеніміз – баланың өз денесінің қалыптасуына байланысты көңілі толмаушылық. Осы кезеңде оның аяқ-қолдары тез өседі де, кеуде бөлігінің дамуы баяу болады. Бұл ауытқушылық белгісінің пайда болуына сол жас аралығындағы жүрісінің нашарлығы, бет терісіндегі өзгерістер негіз болады. Өз дене тұрпатындағы физиологиялық өзгерістерді бала өзгелермен салыстырады да, «бөшкедей дөңкиген», «ергежейлідей болар-болмас бой», «көшедегі адамдар мазақ қылады, айналып өтеді», «жұрт мені көргенде сыбырласа қалады» деген ойлар келіп бала өзін-өзі кем санайды да тіпті, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барады.
Ипохондриялық синдром. Ипохондриялық бұзылыстың пайда болу себебіне жасөспірімнің ішкі мүшелері қызметінің бұзылуынан көрінетін әлсіздік, шаршау, тыныс алудың бұзылуы, кеудесінде, басында жағымсыз түйсінудің пайда болуынан көрінеді. Осындай жалған ауруды шындықтай сезіну, соматикалық аурулардың бар екендігі туралы ой пайда болады. Ипохондриялық синдром әсерінен депрессия, үрейлену, шатасу белгілері көрініс береді.
Тамақтанудың бұзылу белгісі. Оның көп кездесетін түрі – жүйкелік психологиялық анорекция. Ол саналы түрде арықтаудың мақсатында тамақтанудан бас тарту. Ол аурудың таралуы ер балаларға қарағанда қыздарда көптеп кездеседі. Төмендегі сипаттар орын алса, жасөспірімнің физиологиялық жетілуі баяулайды. Осы ауытқушылықтардың әсері жасөспірімдерде бойының өсуі мен бұлшық еттерінің қалыптасуына зиянды әсерін тигізеді.
1. Қалыпты деңгейден 15% -ға төмен немесе бойының өсуіне байланысты салмақ жинай алмаса;
2. Тамақтан бас тарту немесе денеге шектен тыс күш түсіру;
3. Өз денесінің бейнесі туралы бұрмаланған ойы немесе толықсудан қорқу;
4. Жасөспірімдердегі жыныстық жетілудің кешеуілдеуі.
Метафизикалық интоксикация белгісі. Ол бірбеткейлі абстрактілі өнімсіз интеллектуалды белсенділікпен сипатталып «өмірлік мәселені» көп ойлану мен өздігінен шешуге ұмтылу белгісінен көрінеді. Жасөспірім өзін мазалайтын ойларын күнделікке жазып жүреді. Ол ойлар өзін туғандарынан алыстатып, өзінің ішкі әлеміне алып кетеді. Бұл жағдайда ойлаудың ойлаудың бұзылу деңгейіне байланысты мінез-құлықтың бұзылуы да, бұзылмауы да мүмкін. Психоастеникалық және шизоидты тұлғаларда даналылық заттықтан алшақтап философиялық ой басым болып бейімділіктің ауысу деңгейінің бұзылуына әкеледі.
Өзіне-өзі қол жұмсау. Өмір сүру ниетінің болмауы өзін-өзі құрту мақсатындағы әрекет боып табылады. Бұл синдром жас ерекшелігіне байланысты өлуге толық ниеті болмаса да, аутоагрессиялық әрекет оның өміріне өте қауіпті. Моныдтан өзіне-өзі шынайы қол жұмсау әрекеті мен өзгенің назарын өзіне аудару үшін жұмсалатын әрекетін айыру қиын. Олардың осы әреетке баруының себебі мәнсіз және мезеттік болып келеді. Өзіне-өзі қол жұмсау, тек психоаналитикалық белгісі ғана емес, ол өмір жағдайына да байланысты. Бұл әрекет өзге әрекеттермен де тығыз байланысты. Мысалы, үйден қашып кету, құқық бұзушылық, маскүнемдікке салыну, ата-анамен келіспеушілік т.с.с. Сонымен қатар психоаналитикалық концепцияларға байланысты өзін-өзі бағалау конфликтісі, өзінің сырт келбетіне көңілі толмау, ата-анасының сүйіспеншілігін жоғалту, жалғыздық, тұлғааралық қарым-қатынастың бұзылуы, өзінің қарсы жыныс өкілімен қарым-қатынастағы сәтсіздік әсер етеді. Өзіне-өзі қол жұмсау - әрекеті белгілі бір жағдайға байланысты ұзақ мерзімге созылған конфликтілі жағдайдың шешімі /6/.
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы
Жасөспірім кезінде өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға тырысады. Оның бұл әрекеті өзгелермен топтасуға, құмарлық ойындарға әуестенуге, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез-құлық пайда болады. Қалыпсыз мінез-құлықты девиантты мінез-құлық деп атайды. Ол екі үлкен категорияға бөлінеді. Бірінші, психологиялық бұзушылық бар адамдар, яғни, психопатология. Екіншісі, әлеуметке қарсы мінез-құлық немесе құқық бұзушылық. Мұндай мінез-құлықтың пайда болу себебіне педагогикалық назардан тыс қалушылық, отбасындағы келіспеушілік, ашуланшақтық, тіл алмаушылық, қоршаған орта адамдарының сезімдеріне көңіл бөлмеушілік жатады. Жасөспірімдерге жасалған зерттеу қорытындылары бойынша ашуланшақ ұл балалардың мақтау мен марапаттауға бағдарлану тенденциясының деңгейі төмен болады. Мұның негізгі себептерінің бірі жанұялардағы ауыр ахуал, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының салқындығы, шектен тыс тәртіп әсер етеді. Осыдан келіп жасөспірімдер арасында қылмысқа бейімділік сияқты әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез дағдылары пайда болады. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, жылына жасалынатын қылмыстың 40%-ы жасөспірімдер қолымен жасалады екен. Атап айтқанда, ұрлық, ұсақ бұзақылық, өзгені соққыға жығу, әлсіздерге зорлық көрсету т.бс.с.
Аурулар белгілерінің дамуын болжайтын болсақ, жасөспірім шақтағы дағдарыстың қиындауы, оның бейімделуі, жүйкелік-психологиялық және психоаналитикалық құбылыстардың әсеріне тәуелді келеді. Жасөспірім арасындағы дағдарыстың күрделі түрін 30-40 %-ы қалыпқа келіп түзеледі, ал қалған жағдайларда невроз психосоматикалық бұзушылыққа, тұлға бұзылуына, ішімдікке салынуына, нашақорлық, психоз ауруына ұласады.
Дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарыстан жеңіл өтеді. Ал, кейбіреулер үлкен қиыншылықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата-аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата-аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі бірден-бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопатологияның кездесуі ата-аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан қате көзқарас туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық қарым-қатынасты психологиялық түзету жолдары арқылы дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық дәрістер оқытылуы қажет. Атап айтқанда:
- тұлға кезеңі ерекшелігі;
- тұлғаның «мен» концепциясының құрылуы;
- тұлғалық кезеңдегі дағдарыс ерекшеліктері;
- тұлғаның жыныстық жетілуі;
- еліктеу және оның маңызы /7/.
Аталмыш кезеңдегі бала психологиясының өзгерістерге мән беріп, психодиагностикалық әдістемелер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету жаттығулары арзылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, қала берді, ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктер
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері
Тұлға белгілі бір қоғамда өзінің іс-әрекетімен дараланады. Тұлға өзін-өзі бағалауы үшін оның бойында: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам болуы тиіс. Жеке тұлғаның қалыптасуы қоғаммен байланысты. Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен, кіші, ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, формалы, формасыз және т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мысалы, сынып оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бөлімше, отбасы контактылы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адмдар ұйысдаспаған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, студенттер тобы- ресми топ деп аталынса, отбасы мүшелері ресми емес топқа жатады. Әрбір топтың ресми, не ресми емес лидерлері болады. Топтар ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Мұның ішінде референдік топ дегеннің мәні ерекше. Бқл - әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С.Макаренконың айтуынша ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүскін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» Сондықтан да жеке тұлғаның психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін нақты кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін анықтауымыз қажет. «Әлеуметшіліксіз, - дейді Х.Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен –кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек». Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Тұлғаны қандай болмасын өзін-өзі бағалауы үшін әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Тұлғаның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда жеке тұлғаның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары және т.б.) болады. Тұлғаның тарихи даму барысында туған еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері (білім, көркемөнер және т.б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Жеке тұлға қажеттерінің даму оның өзін-өзі бағалауына мүмкіндік туғызады. Себебі жеке тұлға дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар жеке тұлғаның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті
Тұлға өзін-өзі танытуы үшін бойындағы бар қасиетін пайдаланады. Бұл жеке тұлғаны белсенді түрде іс-әрекет жасауға талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі жеке тұлға психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай жеке тұлғада мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы жеке тұлға тиісті құралдарды іздестіріп, солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Себебі қажет – жеке тұлғаның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білідріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, жеке тұлғаның қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотиві, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - өмір сүрудің, тіршілік етудің, өзін-өзі бағалаудың арқауы.
Қызығу – бұл, адамды еліктіріп, өзіне тартатын нәрсе. Егер жеке тұлғада қызығушылық болмаса, ол өзін-өзі бағалай алмайды. Жеке тұлғада қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, берекесізденеді. Қызығудың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы - оның басты ерекшелігінің бірі. Мұнсыз жеке тұлғаның рухани өмірі дамымайды. Қызығуы тұрақты жеке тұлға ғана іс-әрекетінен нәтиже шыңара алады. Қызығуы тұрақтанбаған жеке тұлға қызметтің қай саласында да болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Ондай жеке тұлғалардың өзін-өзі бағалауы қиынға түседі. Тек тұрақты қызығу ғана жеке тұлғаның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да, жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық және т.б. болып келеді.
Жалпы тұлға психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі концепцияларының бірі – жеке тұлғаның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Жеке тұлғаның дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді оптимизмді дәріптеп қоймай, әр жеке тұлғаны дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды. Жеке тұлғаның алға қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана жеке тұлға өзін-өзі бағалай алады. Себебі сенім де, дүниетаным да жеке тұлғаның бойындағы асыл қасиет болып табылады. Сенімі қалыптаспаған адам жеке тұлға болып та қалыптаспайды, өмірден өз орнын табуға да шамасы жетпейді. Қай жеке тұлғаны алсаңыз да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек қылымға негізделген түсінік қана, жеке тұлғаның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенімі жоқ жеке тұлға өзін-өзі бағалағаны былай тұрсын, ол өзін-өзі тани да алмайды.
Тұлғаның психикасын нұрландыратын қасиеттің бірі – м ұ р а т (идеал). Бұл – жеке тұлғаның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – жеке тұлғаның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Жеке тұлға мұратқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін алдымен тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның жолына сарп етеді /8/.
Тұлғаның өзін - өзі бағалауына мүмкіндік беретін қасиеттердің бірі – талғам. Бұл жеке тұлғаның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады.
Тұлға өзін-өзі бағалауы үшін әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы күші –қызығу, сенім, мұрат және мотив болу қажет. Бұлар жеке тұлғаның басында айқын да сәулеленіп тұру қажет.
Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларын қарастырып, оның өзін-өзі бағалауында шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі – еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбек әрекетінің психикалық табиғатын А.С.Макаренко былайша түсіндіреді: «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, онан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады».
Информация о работе Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары