Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:11, реферат
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.
I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3-6
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16
II. Теориялық бөлім:
2. Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары-----------------------------------------------------------------------17-20
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы---------------------------21-22
III. Эксперименттік бөлім:
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері-----------------------------------------------------23-24
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті-------------------------------------------------------------------------25-28
3.3. Тұлғаның мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын қадағалаудың маңызы----------------------------------28-29
Қорытынды--------------------------------------------------------------------30-31
Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------32
Тақырып: Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары
Жоспар
I. Кіріспе-----------------------
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10
1.2. Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16
II. Теориялық бөлім:
2. Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары
2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары---------------------
2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы----------------------
III. Эксперименттік бөлім:
3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері
3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты іске асыру ерекшеліктерінің түрлері-----------------------
3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау
іс-әрекеті--------------------
3.3. Тұлғаның мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын қадағалаудың маңызы------------------------
Қорытынды---------------------
Қолданылған әдебиеттер--------------------
Кіріспе
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.
Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі.
Әр адам сыртқы дүниенің, сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіпдеп беки келе сол адамның, үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарьм-қа-тынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі мен оқыту жайындағы ғылым болып табылса, ал психология тұлғаның мінез-құлық, іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан. Психологияның негізгі тармақтарының бірі «ТҰЛҒА» және тұлғаның психоаналитикалық концепциялары болып табылады. Сонымен тұлғаның психоаналитикалық концепцияларына сүйенсек, психологиялық ұғымдар –тұлғаның қалыптасу кезеңдері. Жұмыстың өзектілігі: Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларына тоқталып, психологияда мінез-құлық пен іс-әрекет бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары бүгінгі психология саласының өзекті мәселелерінің бірі. Тұлға – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады.
Жұмыстың мақсаты: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларын анықтау жолдарынқарастыру.
Жұмыстың зерттеу нысаны: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларының мәнін, маңызын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тұлға – тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Жеке тұлға әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К.Маркстың айтуынша, жеке тұлға – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» /1/.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Тұлғаның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Осының нәтижесінде жеке адам өз бойындағы қабілетіне қарай өзін-өзі бағалай алады. Жеке тұлғаның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай ерекше қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі бір жеке тұлға болып қалыптасу барысында белгілі бір дәрежеде өсу, жетілу пропесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында және оны жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Жеке тұлғаның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.
Тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы жеке тұлға белгілі мазмұнға ие болады. Жеке тұлға санасының дамуы және сол дамуның нәтижесінде өзін-өзі бағалауы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс жеке тұлғаның өмірінің болуы мүмкін емес.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткі мотив деп алалады. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде адамды тұлға ретінде қалыптастырып, өзін-өзі бағалауға итермелейтін басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Сол арқылы ол басқа жеке тұлғалардан ерекшеленеді.
К.Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс - әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Тұлға – танымдық, саяси, әлеуметік құқықтық және тағы басқа бағыт – бағдаолары жетілген, тарихи және қазіргі заманға сай дүние – танымы зор дамыған, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениеттің игіліктерін қоғамдық – саяси өмірге, әлеуметтік салаға, адамдар қарымқ- қатынасына енгізетін, бққара өміріне саналы және белсенді түрде қатысатын, бойында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы топтастырылған адам.
Тұлға – қоғамдық өркениеттің нәтижесі, белгілі бір қоғамдық қатынастардың жемісі.
Тұлғаның дамуы үнемі жетіліп отыратын заңды құбылыс болғандықтан, тек қоғамда, қоршаған ортада, өзге адамдармен тығыз қарым - өатынастар жасау кезінде ғана оның жоғарыда аталып өткен қабілет – қасиеттері қалыптасып, дами түседі.
Тұлға жекелеген ортада емес, белгілі бір мақсаты бар саяси - әлеуметтік ортада дамиды /2/.
Н.Ә.Назарбаев: «Демократиялану – қоғам мен адам өмірінің барлық саласында туындап жататын міндеттер комплексін шешімдейтін үздіксіз процесс. Демократия жарлықпен орындалмайды. Оны бастан кешіру арқылы жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті /3, 15-б/.
Демек, тұлғаның саяси, әлеуметтік, мәдени іс – шараларға қатысуы қоғамдық саяси жүйедегі экономикалық құрылымдардың дамуымен ғана емес, сонымен қатар мемелекеттегі демократиялық режим элементтерінің жүргізілу дәрежесімен, демократиялық дәстүр мен заңдылықтың деңгейімен, саяси институттар мен саяси мәдениеттің дамуымен, азаматтардың саяси құқықтарының конституциялық жағынан қорғалу кепілдіктерінің болуымен, яғни сенім – наным еркіндігінің, идея мен хабарларды алу мен оны тарату мүмкіндігінің, мемлекетті басқаруға тікелей немесе жанама түрде қатысуға ықтималдықтың жүзеге асырылуымен айқындалады.
Бүгінде қазақстандық қоғам өркениетті демократиялық елдердің үлгісімен, әрі өзінің тарихи даму барысында қалыптасқан ерекшеліктерін ескере отырып, демократиялық жолмен ілгері дамуда.
1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері
1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту барысындағы дағдарыс
Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп тұратын, не үлкендердің көрсетуімен өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе, мұндай көңіл-күй, психологтардың көрсетуінше, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі балалар мінез қыңырлығын сипаттайды. Бұл кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер бұл кезде еліктеу орынсыз болса, өзге кезеңдерде адамның рөлдерін шатастыру мен олармен эмоционалды қарым-қатынасқа түсу қиын болады. Жасөспірімнің осы кезеңде тәрбиесі қиындап, оқу үлгерімі нашарлайды. Жалпы еңбек, күш, қабілеті төмендейді.
О.Кро бұл кезеңді ішкі және сыртқы қарым-қатынастарға бейімделе алмаушылық және «мен» бейнесі мен өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.
Адамның үйреншІктІ әдетІ болып қалыптасқан мінез бітістерінің, кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысы және оның өзіндік әрекетінін айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттІң бірлігі, түрлІ өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бей-келенеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда турлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тербиелілігі, бірқалыптылығы, тұрақтылығы, күші мен салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез - құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Коллективизм, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершІлік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттерІ.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бакыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты (Әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып .тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы әдамның санасы моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмунын белгілейтін мінездің сапасы /3, 15-б/.
Бірқалыпты, тұрақты мінезІ бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастык, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығынық мөлшерІ жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана онда жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя аладьі. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, .әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары киысып келетін улкен мінезді адамдар жиІ кездесе бсрмейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ турлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мі-незІ тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің, мәні өте зор. Мінез адамның, басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда: қабілет, темпераментімен тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәсслен, табандылык, уақытша сәтсіздікке мойымау, енбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістерінің өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлссі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
Информация о работе Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары