Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

  Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің  рефлекстік табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орнын  жасаудың алғы шарты.  
 
 
 

47. Мінездің құрылымы  мен қасиеттері.

Псих.ғылымында  мінез топтастырылып оның қасиеттері мынадай 4түрге бөлінеді.

 1. Мінездің еңбекке байланысты  қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық,  еңбекке жауапкершілікпен қарау. Жалқаулық. Немқұрайлылық.

 2.Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік.

 3.Өзіне-өзінің  қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық,  мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

 4.Заттарға  қатынасы:ұқыптылық,салдыр-салақтылық,заттарды  ұстап тұтыну, ұқыпсыздығы.

 Мұндай  ерекшеліктер адамның азаматтық  қасиеттерін көрсететін негізгі, өзекті сипаттары болып табылады.Ал адамның  мінез құрылымының ерекшеліктері:

 1.Мінездің  тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке деген қатынасын білдіреді.

 2.Адамның  жеке басының ерекшелігі.осыған  орай адам , адам мықты , жақсы,тұрақты,  нашар мінезді болып келеді.

 3.Мінездің  тұрақтылығының, бейімделгіштігінің  ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік, бейімделгіштік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

48.Ойлау  және қабылдау  Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.  Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі. Ойлаудың физиологиялық негіздері Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қыртысындағы күрделі формадағы анализдік – синтездіке қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады. Шығу тегі мен пайда болуына қарай ойлау: 1.Көрнекті-әрекеттік ойлау – мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. 2.Көрнекі-бейнелік ойлау – жағдаят тек бейнее жоспарында ғана түрленетін о түрі. 3.Сөздік-логикалық о – тілдің және тілдіік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталады. ой қорытындылары- бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Оның негізгі 3 түрі бар: 1)дедукциялық, 2)индукциялық 3)аналогиялық. Дедукция дегеніміз-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Ал индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогиялық – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық  элементтері біріктіріледі. Ойлау операциясының күрделі түрі-абстракция және жалпылау.  Шындықты заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейміз. Абстракциянің мынадай түрлері бар: 1) Шеттеуші абстракция – белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу. 2) Жалпылаушы абстракция – құбылыстардың жалпыланған сипатын беру. 3) Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абст-лық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,яғни жеке  заттар мен нәрселер туралы ой. Жалпылау дегеніміз – бір текті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Ойладың қасиеттері: о-ң сындылығы, асығыстығы, тездігі, дербестігі, икемділігі, тереңдігі, кеңдігі. 

Қабылдау  д/з- ақиқат дүниедегі заттар мен  құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп , тұтастай заттық түрде бейнелнуі. Қабылдау түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс.Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де,   елестер   мен ұғымдарда  еніп отырады. Қабылдаудың физиологиялық негізі Анохин б/ша – функционалдық жүйе жұмысына бірігетін көптеген психофизиологиялық жүйелердің үйлесімді  жұмысы. Қабылдауда жетекші рөлді қандай анализатордың түрі басым болуына байланысты көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иіс сезу, дәм сезу қ-н  бөліп көрсетеді. Қолданатын объектілердің ерекшеліктеріне б/ы: заттарды қ, сөйлеуді н.е. музыканы қ, адамның адамды қ, әлеуметтік перцепция. 1.Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, бағытын т.б қабылдау.Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адам бағдарлауының қажетті шарты б.т. 2.Уақытты қабылдау- құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру..Уақыттың қабылдануы тек адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді.3.Қозғалысты қабылдау- бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие.Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізі рөл атқарады.Қасиеттері:1.тұтастығы деп объектінің, қабылданатын элементтердің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. 2.Құрылымдылығы белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдау.3.Заттылығы-қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүниенің белгілі бір заттарына жатқызу.4.Мағыналылығы-бұл ерекшелікте объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.5.Тұрақтылығы мен константтылығы деп сыртқы жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттардың мөлшері, формасы, түсі және т.б қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.6.Иллюзация деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.7.Апперцепция деп қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибиесінің мазмұнына байланыстылығын айтады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

49. Есті зерттеу әдістері.Бұрын қабылданған түрлі әсерледі, бейнелерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атайды.Ес-бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді.

Ес  зерттеулері психология ғылымындағы  эксперименттік әдіс қолданылған алғашқы  бөлімдердің бірі болды. XIX ғасырдың 80-жылдары неміс психологы Г.Эббингауз ойлау іс-әрекетімен тәуелсіз таза естің заңдарын зерттеуге болатын әдісті ұсынды. Ол мағынасыз буынды жаттау әдісі еді. Ол зерттеулерінің негізінде материалды есте сақтаудың негізгі қисықтарын тапты және ассоциациялардың пайда болу механизмдерінің кейбір ерекшеліктерін ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде, соңында тұрған материал тұрған материал тез еске түсетінін тапты. Г.Эббингауздың маңызды жетістіктерінің бірі ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әріптен тұратын буынды есте қалдыру тәжірибесі негізінде ашылды. Неміс психиатры Э.Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретін зерттеген. Г.Э.Мюллер адамдағы естің қайта жаңғыруы мен есте қалудың негізгі заңдылықтарына фундаменталды зерттеулеро жүргізді. Адамдағы ес процестері зерттеудің алғашқы кезеңінде арнайы саналы мнемикалық іс-әрекетті зерттеуге бағытталды,кейінірек іздердің өз бетінше есте қалу механизмдеріне талдау жасалынды. Алғаш балалардың есінің жоғары формаларын жүйелі түрде зерттеген кеңес пссихологы Выготский болды. Ол өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары формаларын шығу тегі жағынан әлеуметтік және психикалық әрекеттің күрделі формасы екендігін айтты. Смирнов пен Зинченко есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелділігін және күрделі материалды есте сақтаудың  негізгі тәсілдерін тапты. 

51.Эмоция  туралы жалпы ұғым.Эмоция адамның психикалық өмірінде ең алғаш пайда болды және ибала эмоциясының арқасында психикалық  өмірге бейімделеді. Демек, баланы әлеуметтік  айналамен эмоция ғана біріктіреді.Адамдардың рухани өміріндегі ұят, қуаныш, үрейлену, таңқалу, т.б. түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын ауыстыруы мен толықсуын эмоция деп атаймыз.Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерімен бірге, адамдардың уайым түрінде өзіне пайдалы  әр түрлі құбылыстар мен заттардың субъективті бағалануы мазмұнының көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға бағыт-бағдар береді: пайдалы-зияндылығы, негізді-негізсізділігі, т.б. Эмоционалдық бағыт-бағдар мен рационалды бағыттың ерекшелігін қарастыратын болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтін, ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктері нашар түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез-келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік сигналы болып табылады және келесі ойы мен әрекетін басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептері мен негізін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ олардың дәлдігіне сенімділігі әрқашан да жоғары  эмоционалды түрде қалады. Эмоционалдық құбылыс құрылымында 3 компонентті көрсетуге болады; пәні, эмоционалды уайым және қажеттілік . Эмоция пәні – адамның өмірінде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамда мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханғда алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-пікірлер, т.б.Мұндай  мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік д.а. Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған немесе біреудің көздеген ойынан тууы мүмкін. Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негізгі компонентіін құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін қақтығыстар, шошу, таң қалу т.б. субъективті реакциялар туғызады. Қажтіеттілік эмоционалды құбылыстың үшінші компонентін құрайды. Болып жатқан н.е өтіп кеткен жағдаяттардың мәні – қазіргі жағдайда өзекті қажеттілігімен белгілі бір мөлшерде байланысты қажеттіліктерге кедергі н.е.қанағаттандыруға жағдай жасау. Э ада м үшін әр түрлі өмірдегі оқиғаларда, адамдарға және өзіне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік беретін өзгеше бір іштегі комінің зияндылығынпас рөлін атқарады. М/л кез келген темекі шегетін адам никотинның зияндылығын біле тұра, темекіні тастамайды, темекіге деген қатынасты өзгерту үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек. 

52. Қарым-қатынастың  классификациясы   Қарым-қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді: адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлға аралық қатынастар.

Қарым-қатынас-адамдар  арасындағы жай байланыс қана емес біріккен іс-әрәкет процесінде адамның  бір-бірін қабылдауы және ақпарт алмасуы болып табылады.

Қарым-қатынастың классификациясы

1.маскалар  байланысы-ресми қарым-қатынас, адам басқа адмның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды,ғ әр түрлі маскаларды қолданады. Басқаша айтқанда, бұл басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы.

2. қарапайым қарым-қ- басқа адамды  қажетті не кедергі объект  ретінде бағалау.

3. ресми рөлдік қарым-қатынаста  қатыр-қатынас мазмұны мен құралы  көрініс табады. Мұнда адамның  рөлін білеу жеткілікті.

4. кәсіби қарым-қ-та тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып таб.

5. рухани қарым-қатынасы достар  арасындағы тұлғааралық қарым-өқатынас, олар әр түрлі тақырыптарда  әңгімелесе алады. 

6. манипулятивті қарым-қ.с- адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байл.әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады.

7. ауқатты қауым қарым-қатынасында  адамдар өз ойын емес, тек сол  жағдайда рұқсат етілген нәірсе  жайлы айтады. Күнделікті өмірде  кездесетін қарым-қатынастарды 3 түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым-қатынас-ата-ана,  туған-туыс.2. міндетті қарым-қатынас-студент пен мұғалім. 3. Ынтымақты қарым-қатынас-достар, жолдас, т.б. 

53. Ойлаудың операциялары.

 Ойлау әрқашан анализ бен синтез поцестерінен басталады. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.Анализ дегеніміз-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.Синтезде ой арқылы заттың,құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез – бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс.Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция ж/е жалпылау.Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен онша бөліп алуды абстракция деп атайды.

 Абстракцияның түрлері:

 1. Шеттетуші абс.-белгілі бір тұтастылықтан  құбылысты бөліп алу.

 2.Жалпылаушы  абс.-құбылыстардың жалпыланған  сипатын беру.

 3.Идеализация-шынайы  құб-ды идеалды схемаға алмастыру.

 Жалпы ұғымдар-абстракциялау принципінің нәтижесі.

 Абстракцияға  қарама-қарсы процесті нақтылау д.атайды.Нақтылау-абст.ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

 Жалпылау-бір  текті заттардың,құб-дың ортақ  қасиеттерін оймен біріктіру.Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек.

 Жалпылау  арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстардың  белгілі бір принцип б/ша орналастыруды  жүйелеу дейді.

54. Топ және оның  түрлері.  Әлеуметтік топтар- бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтиарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстардың болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді,сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол. Әлеуметтік топтар мөлшері б/ша үлкен,орташа, шағын, микротоптар, ал ұйымдасуы б/ша ұйымдасқан, ұйымдаспаған, қоғамдық мәртебесі б/ша ресми, бейресми, даму дәрежесі б/ша әлсіз дамыған, жоғары дәрежеде дамыған, сонымен қатар маңызы б/ша референтті,референтті емес, ал тікелей қарым- қатынасқа түсуі б/ша нақты, шартты, бастапқы, екінші қайтара секілді түрлерге жіктеледі. Үлкен т/р- адамдардың тұлғааралық ж/е әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемелекет ретінде өмір сүретін қауымдастық. Шағын топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын топта, әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың үқсастығымен айкындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы; емтихан тапсырушы талапкерлер). Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік етуіне рұқсат бергендіктен, мұндай топтарга ресми жақтардың болуы мүмкін.Зерттеушінің алдына қойылған міндеттер бойынша, шағын топтарды былайша бөлуге болады: топ мүшелерінің арасындағы қатынастардың жақындық дәрежесіне байланысты -бірінші (жанұя, жақын достар) және екінші (оқулық, өндірістік байланыстар); топқа қатынасушылардың құқықтарына байланысты -бірдей (топтың барлық мүшелерінің құқықтары тең болады) және бірдей емес (құқықтар мен міндеттердің белгілі бір иерархиясы болады); жеке адам үшін топтың құндылығына байланысты -мүшелік топтарға (топтағы көзқарастарды, қатынастарды қаламаса да жеке адам белгілі бір жағдайларға ғана байланысты қатысады) және референттік топтар жеке адам үшін зталон мінез-құлық үлгісі болатын. Орта топтар- бұл мекемелер,ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар мен территориялық қауымдастықтар б.т. Ал микротоптар-шағын топтардың ішіндегі формалды емес топ. Әлсіз дамыған топ-белгілі бір топтардың өмір тірщілігінің бастапқы кезеңдегі формасы. Жоғары дамыған топтар-жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғ.даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғ.деңгейде ерекшеленетін топ.Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын ж/е бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады. Референттік емес т-ға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді. Реалды т/р-бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар. Шартты топтар-бір жалпы,мыс, жас, жыныс,т.б.белгілерімен біріккен топтар.Бастапқы т/р- адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым- қатынасымен өзара әрекеттес болатын т/р.Екінші қайтара т/р- олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ ж/е топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынасттары туындайтын т/р 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"