Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

  
 
 
 
 

8.  Темперамент туралы  теориялар.

Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады.Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ.Олар:денені жылытып тұратын-қан, сақындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт.Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған.Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы  темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флегматик темперамент деп, ал  қара өт басым болса меланхолик,сары өт басым болса, холерик темпераменті деп аталған.Неміс философы И.Кант темпераментті 2- ге бөерерледі: 1)Сезім темпераменттері—сангвиник пен меланхолик;  2)Іс-әрекет темпераменттері- барлық темпераменттер жатады.Сангвиник сезім темпераменті- олардың сезімдері сырттай күшті көрінгенімен, терең және тұрақты емес.Меланхолик сезім тенмпераменті – сырттай күйзелістері, онша күшті емес, бірақ іштей терең әрі ұзақ болып келеді.Сангвиник іс-әрекет темпераменті—оптимист, сенімі мол, қалжыңбас.Ол тез ашуланып, тез қайтады.Меланхолик іс-әрекет темпераменті – себебі ол сангвиникке қарама-қарсы, көңіл-күйі төмен адам.Холерик іс-әрекет темпераменті – ашуланшақ адам.Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз.Флегматик – суық адам.Ол күрделі, белсенді жұмыстан гөрі, қол бастылыққа қалайды. Неміс психологы В.Вундт темпераментті 2 топқа бөлген: 1) эмоциясы күшті темпераменттер. 2) эмоциясы әлсіз адамдар. Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болып келуі жүйке жүйесінің тонусына байланысты деген.Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп атайды. В.Д. Небылицин темпераменттің 3 негізгі компоненттерін бөліп қарастырды.Олар: 1) индивидтің белсенділігі;  2) оның моторикасы;   3) эмоционалдылығы.Римдік атақты дәрігері К.Гален темпераменттің физиологиялық ерекшеліктерімен қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9.Психология  ғылымының негізгі  бөлімдері мен  салалары.

  Қазіргі  кезде  психология  ғылымы  көптеген  салалар  мен тармақтарға  бөлініп,  ілгері  дамып  отырған  өрісі  кең   ғылыми  пән.Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр.Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады.Дәл қазіргі таңда  психологияның 100-аса салалары бар.Солардың бірнешесіне тоқталып өтсек: 1.Тәлім тәрбие  психологиясы- адамды  оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл ойы мен ойлау жүйесін,  дағдыларын  қа лыптастырудың,  олардың тиісті  оқу материалдарын меңгеруі  мен ұстаз бен шәкірт  арасындағы  өзара қарым қатынастарды  реттеудің түйінді мәселелерін қарстырады. 2.Жас ерекшелік психологиясы- әр  қилы  психикалық  процестердің  табиғи  негізі мен  үнемі  дамып  отыратын  азаматтық  қасиеттерін , психологиялық сапаларын  зерттейді.3.Арнаулы психология- бұл адам  дамуының  бір қалыпты даму  жолынан ауытқуын,  ми  ауруына ұшырағандардың  психикалық  күйзелістері  мен осы саладағы  әр  қилы  аурулардың  себептерін  қарастырады.4.Еңбек психологиясы- адамның іс  әрекет   түрлерінің  психологиясын,  еңбекті ғылыми  негізге сүйене  отырып  ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.5.Авиациялық  психология- ұшқыштарды  оқыту  мен  ұшу  кезінде   орындалатын  істердің жай  жапсарын,   жалпы  адам  психикасының  әуе  кеністігіне  бейімделудегі ерекшеліктерін  зерттейді.6.Медициналық психология-  дәрігерлердің қызметі мен аурулардың  мінез құлқын  зерттейді.7.Әскери психология/ң басты міндеті азамтты ел жұрты мен Отанын қорғайтынқалқан болуға психика/қ тұрғыда даярлау.8.Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтар арасындағы өзара қарым қатынастағы психология/қ құбылыстардың сырын зерттейді.9.Сауда психолгиясы—қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала.Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси- экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.10.Ғылыми-шығармашылық психологиясы—бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі, т.б. сипаттары зерттеледі.11.Салыстырмалы психологиясында  адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.12.Заң психологиясы—құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

10.Психологияның  негізгі зерттеу  әдістері, салаларына   толық тоқталу. Психология баска ғылымдар сиякты өз әдістері бар.Әрбір ғылымның дамуы,көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың каншалыкты сенімді екендігіне байланысты.Психология жеке ғылым ретінде тек XIX ғ.ортасында бөлінді.сондыктан ол филосифия.медицина.биология және т.б. ғылымдардың әдістеріне сүйенеді.Психологияда зерттеу әдістері негізгі екі әдістерге бөлінеді:Негізгі және қосалқы.  Негізгі  зерттеу әдістеріне: бакылау(өзін бакылау, сыртқы, ішкі қосарланған) және эксперимент (лабораториялық және табиғи) жатады.Қосалқы әдістеріне: анкета мен тест жатады.Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде  уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды.Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.Эксперименттің 2 түрі бар: Лабораториялық эксперимент XIX ғ орт бастау алады.Неміс ғалымы В.Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш зертхана ашты.Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский болды.Қосалқы әдістерге тоқталып өтер болсақ: анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі.       

Қазіргі  кезде  психология  ғылымы  көптеген  салалар  мен тармақтарға  бөлініп,  ілгері  дамып  отырған  өрісі  кең   ғылыми  пән.Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр.Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады.Дәл қазіргі таңда психологияның 100-аса салалары бар.Солардың бірнешесіне тоқталып өтсек: 1.Тәлім тәрбие  психологиясы- адамды  оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл ойы мен ойлау жүйесін,  дағдыларын  қалыптастырудың,  олардың тиісті  оқу материалдарын  меңгеруі  мен ұстаз бен  шәкірт  арасындағы  өзара  қарым  қатынастарды  реттеудің  түйінді  мәселелерін  қарстырады. 2.Жас ерекшелік психологиясы- әр  қилы  психикалық  процестердің  табиғи  негізі мен  үнемі  дамып  отыратын  азаматтық  қасиеттерін , психологиялық сапаларын  зерттейді.3.Арнаулы психология- бұл адам  дамуының  бір қалыпты даму  жолынан ауытқуын,  ми  ауруына ұшырағандардың  психикалық  күйзелістері  мен осы саладағы  әр  қилы  аурулардың  себептерін  қарастырады.4.Еңбек психологиясы- адамның іс  әрекет   түрлерінің  психологиясын,  еңбекті ғылыми  негізге сүйене  отырып  ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.5.Авиациялық  психология- ұшқыштарды  оқыту  мен  ұшу  кезінде   орындалатын  істердің жай  жапсарын,   жалпы  адам  психикасының  әуе  кеністігіне  бейімделудегі ерекшеліктерін  зерттейді.6.Медициналық психология-  дәрігерлердің қызметі мен аурулардың  мінез құлқын  зерттейді.7.Әскери психология/ң басты міндеті азамтты ел жұрты мен Отанын қорғайтынқалқан болуға психика/қ тұрғыда даярлау.8.Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтар арасындағы өзара қарым қатынастағы психология/қ құбылыстардың сырын зерттейді.9.Сауда психолгиясы—қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала.Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси- экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.10.Ғылыми-шығармашылық психологиясы—бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі, т.б. сипаттары зерттеледі.11.Салыстырмалы психологиясында адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.12.Заң психологиясы—құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11.Қабілеттің  психологиядағы орны.

Тәжірибеде  «қабілет» сөзінің  алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек.Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер  түсіндіріледі.Алайда «қабілет» сөзі психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар мәнде түсіндіреді.Егер  қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық  мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды 3 негізгі типке бөлуге болады.Бірінші жағдайда, қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіреді.Бұл « қабілет» терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі.Екіншіден, қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі.Аталмыш анықтама XVII-XIX ғ психолгиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі.Үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сійкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.Психология ғылымында қабілеттің алатын орны ерекше.Ерекшеліктеріне жеке тоқталып өтер болсақ, қабілеттілікті анықтау жолдарының өзі осы психология саласы бойынша анықталады және одан әрі дамытылады.Әр бір адам өз қабілетін біліп оны одан әрі дамытқысы келеді.   Күнделікті ауызекі сөзде «қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырушылық, екіншісінің-музыкалық, үшіншісінің-суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Сонымен, «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары сан алуан болып келетінін айттық.Тағы бір мысал, біреу іске күшті жігермен, қатты мейіріммен кіріседі.Мұндай адам жұмысты сапалы орындай алады.Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды.Қабілетті адамдардың бірі-зеректілігімен, екіншілері-байқағыштығымен, үшіншілері-материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі.Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды.Бір әрекеттің өзін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады.Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыштық қабілетиен қатар, бақылағыштық, ақыл ой ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар,сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қажет болады.Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы.Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.Психологиядағы қабілеттің орнын міне осыдан да байқауға болады.   
 
 
 

12.Еріктің физиологиялық  негізі.                                                                           

Ерік адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиет.Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді женуден көрінеді.Ерік адам психикасының манызды құрауышы болып табылады ж/е мотивтер мен таным ж/е эмоциялық процесстермен тығыз байланысты.Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады.Естің жүйке жүйелік жағынан физиологиялық негіздері, ол ми үлкен  жарты шарлар қыртысымен күрделі әрекетпен байланысты болады.Сыртқы  тітіркендіргіштер мида өзіндік «іздер» қалдырып отырады.Мұны ашқан  И.П.Павлов болды, ол естің негіздерін шартты рефлекстермен түсіндірген.Мысалы, итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретінде жарықпен әсер етуді қолдансақ, осындай бірнеше қайталанудан иттің аузынан сілекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады.Осы жағдайда иттің миында екі жүйке орталығы, бірі—көру, екіншісі – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуінің арасында уақытша жүйке бекіп, бір қалыпқа түсуі мүмкін.Бұл механизм адамда да мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады.Егер адамның желкесіне зақым келетін болса, ол бұрын көрген нәрсесін танм алмайды.Егер самайына зақым келсе, адам естігенін екінші рет естігенде түсіне алмайды.Осылай, естің мидың үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетімен байланысты екендігімен білуге болады.Ес барлық тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейіне жеткен.Адамда кездесетін мнемикалық мүмкіндіктер жер бетіндегі ешқандай жануарда кездеспейді.Адамға дейінгі жануарларда екі түрлі ес болады: генетикалық және механикалық ес.Алғашқысында, өмір сүруге қажетті биологиялық, психологиялық және мінез-құлықтық қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен беріледі.Екіншісі, үйренуге, өмір тәжірибесін игеруге қабілеттілік формасында көрінеді.Жануарлардың есте сақтау қабілеттері шектеулі.Олар шартты-рефлекторлық, оперативті үйрену әдістері арқылы меңгерілген нәрселерді ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13. Темпераменттің физиологиялық  негізі.

Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Белгілі бір адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, бір қалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшелігі, адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттерінің бірі.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"