Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

Психика-ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі. Психиканың негізгі жасалу белгілері-оның жүйелігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі. Айрықша ұйымдастырылған жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз- ми, жүйке саласы. Жүйке саласы  психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы түсіне алмаймыз. Жүйке саласы психиканың әрекеттерінің негізі. Жүйке саласы адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығаратын бездермен бірге, адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады.

Психиканың  болмысы өте күрделі, дегенмен, оны  келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзо психикеа, эндо психика және интро психика.У.Джеймс пікірінше психиканың негізгі қызметі. Сыртай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекетті басқару, ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажеттілігіне сәйкестендіру.  
 
40.Естің  түрлері. Естің  психологиялық ерекшеліктері.

   Бұрын қабылданған түрлі әсерледі, бейнелерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атайды.Ес-бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді.Ес барлық тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейіне жеткен.Естің түрлерін жіктеуінің белсенділікке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негізгі психикалық процестің бар болуына мынадай түрлерге бқлінеді: 1.Ерікті және еріксіз ес түрлері.Белгілі мақсат қоймай-ақ арнай есте қалдырмай-ақ есте сақтай мен жаңғыртуды еріксіз ес деп атайды.Мақсат қойып, арнайы әрекеттерді қолданыаесте сақтағанды ерікті ес деп атайды. 2.Механикалықес. Мұндай есте қалдыру ешбір өзгеріссіз, дәлме-дәл қайталауды көздейді.Мысалы ережелерді жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. 3.Логикалық ес – бұл амалда логикалық тсіну, жүйелеу, негізгі логикалық компоненттерді бөліп шығару, солардың араларында мәндік байланыстарды табу жасалтады.3. Сөздік-мағынылық ес –біздегі ой ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдыруды айтады.4.Бейнелік көрнелік ес- мәліметтерді бейнелерге схемаларға графиктерге суреттерге айналдыру. Бейнелеуде естің бірнеші түрлерін ажыратуға болад: кқру, есту, дәм т.б..Бейнелік көрнекілік естің сонымен бірге қимыл қозғалыс есі ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыруы. Эмоциялық сезімдік ес –бастан кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. 5.Қысқа мерзімді ес -  6.Оперативті ес – бір әрекетте ғана керекті болатын мағлұматты қысқа мерзімде сақталауы. 
 
41. Тұлға туралы теориялар

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың  өзіндік тарихи бар. Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының әр түрлі жіктелулері беріледі. Тұлға теориясы – бұл болжамдар жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы. Р.С. Немовтың  есебі б/ша 48 тұлға теориясы бар және олардың әр қайсысы 5 параметр б/ша бағалануы мүмкін. Мінез құлықты түсіндіру жолдары б/ша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және ракционистік деп бөлуге болады.  Психодинамикалық теорилар психологиялық немесе ішкі сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның  жүріс тұрысын түсіндіреді. Ал, социодинамикалық теориялар б/ша тәрбие детерминациясындағы басты рөл сыртқы адамның өзекті әрекеттерін басқарады. Теорияларды, сондай-ақ, зерттеу жолдарына қарай эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлінеді. Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С. немов қана емес. Б.В. Зейгарник теорияларды пайда болуы мен дамуы жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Қазіргі кездері тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Оларға қысқаша анықтама беріп кетсек:

  • Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты. Психоанализдің негізін салушы, теорияны құрастырушы австрия психиатры – З.Фрейд. Бұл теория тұлға дамуының клиникалық кезеңінде пайда болған. Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгімелесе отырып, оның ақыл есіне аурудың шынайы себебі туралы жеткізіледі. Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид («ОЛ»), эго («МЕН»), және супер-эго («Жоғарғы-мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинктер алаңы болып табылады. Эго, бір жағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз-қоғамның ғибраттары бастауларының жиынтығы.
  • Психоаналитикалық бағыт. Психоанализдің аналитикалық  психология бағытының негізін  Швеция психологы, психиатры Юнг қалаған болатын.Бұл теория б/ барлық адамдардың  психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық, одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасф қалыптасады. Юнг б/шаадам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Сонымен қатар, Юнг «Мен» ұғымын еңгізген ол адамның біртұтастылыққа және ауызбірлікке ұмтылуын білдіреді.  Тұлға типтерін жіктеу негізінде Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді.
  • Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық», американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Гцманистік бағыт б/ша, адамның өзінің табиғатында жақсыға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға, шығармашылыққа, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмылады.
  • Іс-әрекет  теориясы. Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар: Рубинштейн, Леонтьев, Брушлинский. Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы – оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы, осының әсерінен адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Іс-әрекет теориясында басты рөлді рефлекс  емес интерериозация атқарады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі  - бұл төрт компанентті тұлға моделі. Бұл модельде басты орында қабілеттілік, мінез, бағыттылық, өзін-өзі бақылау негізге алынады.
  • Тұлғаныі когнитивті теориясы. Когнитивті теория гуманистік теорияға жақын, дегенмен де кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Бұл теорияның негізін салушы –американдық психолог Дж. Келли. Оның ойынша, адамның өмірде  қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді. Когнитивті жеке теория адамның интелектуалды процесіне мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.
  • Мінез-құлық теориясы. Бұл теория екі бағыт – рефлекторлы және әлеуметтік америкалық бағыттан құралады. Рефлектолы бағыттың өкілдері атақты бихеовиористі Дж. Уотсон және Б. Скинер. Әлеуеттік бағыт өкілдері американдық А. Бандура және Дж. Уоттер. Скинер б/ша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты – мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып, оны қадағалай алу.
  • Тұлға теориясындағы диспозиционалды бағыт. Диспозиционалдық теориясының үш негізгі бағыты бар: «жұмсақ», «өткір» және «аралық». Бұл теория адамның ұстамдылығының, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі, негізінен, темпераментімен және жеке индивидуалды ерекшелігімен түсіндіріледі.
 
42. Тұлға туралы теориялар

43. Ойлаудың ішкі  және сыртқы детерминанттары

Ойлау –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқынадалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі.  Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, олардың арасында теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткіудің құралы болып табылады. Олау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас  жасау процесінде туындап отырады. Адам ойының мазмұнын бейнелейтін – объективті шындық.

  Ойлау – өзіндік ішкі қарама  қайшылықтарға толы процесс. Бұл  қайшылықтар ойлау дамуының және  іске асуының қорғаушы күштері  болып табылады. Яғни ойлау осы  қарама – қайшылықтарды, басқаша  айтқанда проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.

  Ойлау – ми қыртысының күрделі  формадағы анализдік  - синтездік  қызметінің нәтижесі, мұнда екінші  сигналдық жүйесінің уақытша  жүйке байланыстары жетекші рөл  атқарады. Жалпы, ойлау дегеніміздің  өзі – мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. 
 
44.Іс-әрекеттің  функциясы және  құрылысы.

Іс-әрекет-адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынысының динамикалық жүйесі..Іс-әрекетті адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады: ол мәдениеттің материалды және рухани дүниесін құрайды,өзінің қабілеттерін дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны іс-әрекетте қолдануы – жануар белсендігінен айырмашылығы болып табылады.Адам іс-әрекетінің формалары жануарға тән емес, күрделі қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кішкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануға (қасық,пышақ,орындық, сабын) үйретеді. Соның нәтижесінде жануар белсенділігінен өзгеше заттық іс – әрекет іс-әрекет пайда болады. Адамның басты ерекшелілтерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі , ал кез-келген еңбек түрііс-әрекетболып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептер бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Қазіргі заманғы адам әр-түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады.Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады.Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келенді.Ол адамның ин дивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы деңгей – іс-әрекеттің ерекше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған әрекет осы иерархиялық құрылымда орталық орын алады. Әрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс.  Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты  әр қырлы, сонымен қатар көп масштабты болып келеді.

Операциялар деңгейі – ол автоматтық әрекеттер  мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын  саналы іс-әрекеттерінің автоматтандырылған компаненттерін жатқызамыз.

Іс-әрекеттер  құрылымындағы ең төменгі деңгей – психофизиологиялық деңгей. Іс-әрекет теориясындағы психофизиологиялық функциялар деп психикалық процестерді  қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Олар – психикалық функциялардың іске асуына қажетті алғышарт, ол іс-әрекет құралын қамтамасыз етеді. 
 
45. Түйсіктің негізгі  заңдылықтары

Түйсік  – бұл материалдық дүние заттары  мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнің  ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелей әсері нәтижесінде жүзеге асады.  Түйсіктің негізгі заңдылықтарын былай түсіндіруге болады. Адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атаймыз. Абсолюттік сезгіштік – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді сезіне алуы. Абсолюттік табалдырық – сенсорлық табалдырықтардың бір түрі. Психофизикада абсолюттік табалдырық деп негізінен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар мен негізінен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердің мәнін атайды. Әрбір түйсік түрлері үшін өз абсолюттік табалдырықтары болады. Абсолюттік табалдырық сенсорлық жүйенің  сезімталдығының модалдығы ретінде пайдаланылады. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің төменгі абсолюттік табалдырығы дейді. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін, тағы да, туғызатын ең жоғарғы күшін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасында болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма табалдырығы  айырма сезгіштікті анықтау үшін пайдаланылады. Осы айтылғандар түйсік табалдырықтарының организм үшін маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады. 
 
46. Еріктің физиологиялық  негізі.

  Ерік адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиет.Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді женуден көрінеді. Еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдері келесідей болып келеді. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының  барлық аумақтарымен, соның ішінде  барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір аумағында пайда болған қозудың  қимыл-қозғалыс аумағына жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлігінің мидың басқа бөліктерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизмін толық қамти алмайды. Сондықтан екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар  жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жібереді. Екінші сигналдық байланыстар негізінде адам мінез құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын және т.б  анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіштері адам мінезі құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қана қоймай, ой, ақыл, ес тәрізді көптеген психикалық процесстердің  басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезім туғызады. Екінші сигнал көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттеледі. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші рөл атқарады.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"