Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

23. Психологияның философиялық  шеңбері. Әлемдік психологияның даму тарихы 2 кезеіге бөлінеді. Бірінші, басқа ғылымдар аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден басталатын философиялық ілім тарихы. Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдар,Гален, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Спиноза, Граклит, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында «жан тәннің өмір сүруінің формасы» екендігін , мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетінін айтса, келесі біргрек ғалымы Демокрит жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.  Ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен н/е бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі б/ша барлық әлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз -етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Шығыс әлемінде  жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сина(980-1037), Ж. Баласағұни,әл Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа қостаған. 
 
 
 

24. Тұлғаның даму  кезеңдері

Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық  сипаттамалар жүйесінде алынған  нақты адам.

Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.

Адам  тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады  деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы  қандай заңға бағынатыны жөнінде  көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.      

25. Қарым-қатынастың  классификациясы 

Қарым-қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді: адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлға аралық қатынастар.

Қарым-қатынас-адамдар  арасындағы жай байланыс қана емес біріккен іс-әрәкет процесінде адамның  бір-бірін қабылдауы және ақпарт алмасуы болып табылады.

Қарым-қатынастың классификациясы

1.маскалар  байланысы-ресми қарым-қатынас, адам  басқа адмның тұлғалық ерекшеліктерін  есепке алмайды және оны түсінуге  де ұмтылмайды,ғ әр түрлі маскаларды  қолданады. Басқаша айтқанда, бұл  басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы.

2. қарапайым қарым-қ- басқа адамды  қажетті не кедергі объект  ретінде бағалау.

3. ресми рөлдік қарым-қатынаста  қатыр-қатынас мазмұны мен құралы  көрініс табады. Мұнда адамның рөлін білеу жеткілікті.

4. кәсіби қарым-қ-та тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері  есепке алынады, бірақ іс-әрекет  ерекшеліктері маңыздырақ болып  таб.

5. рухани қарым-қатынасы достар  арасындағы тұлғааралық қарым-өқатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады.

6. манипулятивті қарым-қ.с- адамның  тұлғалық ерекшеліктеріне байл.әр  түрлі тәсілдерді қолдану арқылы  одан өзіне қажетті пайда алуға  бағытталады. 

7. ауқатты қауым қарым-қатынасында  адамдар өз ойын емес, тек сол  жағдайда рұқсат етілген нәірсе жайлы айтады. Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынастарды 3 түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым-қатынас-ата-ана,  туған-туыс.2. міндетті қарым-қатынас-студент пен мұғалім. 3. Ынтымақты қарым-қатынас-достар, жолдас, т.б. 

26. Мінез типологиясы Мінез – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы.

1. адам мінезі онтогенезде пайда   болып, бүкіл өмір бойына тұрақты.

2. мінезге кіретін жеке адам  бітістері кездейсоқ емес, олар  мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі.

3. сол мінез типтері бойынша  адам мінезі бірнеше топқа  бөлінеді. Мінез акцентауциясы А.Е.Личко  бойынша: жасөспірімдерді бақылауға  негізделген нақты бір мінез  күшеюін қарастырды, ол сыртқа  жағдайларына байл.мінезді 11 типке бөліп қарастырды: гипертимді, циклоидты, лабильді, астено-невротикалық, сензитивті, психо-астеникалық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, конформды тип. К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді дей отырып, мінезді 12 типке бөлді: гипертимді, дистимді, циклоиді, қозғыш, тежелгіш, пидантты, уайымшыл, эмотивті, демонстративті, экзалтацияланған, экстравертивті, интравертивті. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Осы орайда, И.И.Павлов қандайц сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай, адам мінезінің типтерін мынадай 3 типке бөледі: 1.ойшыл тип-бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.

2. көркем тип. Бірінші сигналдық  шартты рефлекстің басымдылығы. 

3. орташа тип- мұнда екі сигнал  жүйесінің бірде-бірі басымдылық  көрсете алмайды.  
 
 
 

27. Қарым-қатынастың 3 жағы.  

Қарым-қатынас  – екі және одан да көп адамдар арсындағы өзара әрекеттестігі немесе  байланыстылығы. Қарым-қатынастың өзара байланысты  3 жағы бар:

  1. Коммуникативтік қарым-қатынас- қ.қ арқылы адамдар бір-біріне ойын, мақсатын, алған беталысын айыруға тырысады,яғни адамдардың өзара ақпарат алмасуы.  Бұл процесстің қүрамына(сөз, сөйлеудегі ырғақ, ым-жымдар жатады). Коммуникативтік қарым-қатынастың мақсаты-соған қатынасатын адамдардың бір-біріне әсері.Кері байланыс- тура және жанама, тура және кері байланыстар адамның түрі анық беріледі. Мысалы, сенің пікірің маған ұнамайды және әртүрлі жест, ренжу, қуану.

Жанама  кері байланыс- психологиялық мәліметті  берудің түрі-бұл жағдайда кекетуғ  әртүрлі сұрақтар, күтпеген  реакциялар болу.

  1. Интерактивті қарым-қатынас – адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру. 
  2. перцептивті –адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы .
 

28. Ойлау мен сөйлеудің  өзара қарым-қатынасы.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары  мен құбылыстарының, байланыс қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз  арқылы бейнеленуі. Сөз—адам ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі құбылыстарды жеткізу құралы болып табылады.Біз сол сөздер қосындысы арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе аламыз. Сөйлеу деп пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп олардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы денені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал болып табылады. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте афналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. 
 
 
 
 
 
 

29. Қабілеттің даму  деңгейі мен дербес  ерекшелігі.

Психологияда  қабілеттің даму деңгейін жіктеудің  төмендегідей түрлері жиі кездеседі:қабілеттілік, дарындылық, таланттылық, данышпандық. Кез келген қабілет өзінің даму процесінде алдағы деңгейде жеткілікті рәсімделуіне қажетті неғүрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін бірқатар кезеңнен өтеді. Бейімділік пен қабілеттілік дамуының табиғи негізін қалыптастыруды жүйке жүйесінің анатомия физиологиялық ерекшелігі түсіндіріледі. Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды қандай да бір әрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің өзгеше сәйкестігі деп аталады. Адам қабілеттілігінің дамуының келесі деңгейі –талант. Талант бұл қабілеттің үйлесімділігі, олардың жиынтығы. Қазіргі кезде таланта арнайы қабілеттіліктің жоғары деңгейі болып табылады. Қабілет сияқты талант да әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Қабілет дамуының жоғары деңгейі- данышпандық деп аталады. Данышпандық туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады.

30. Ойлаудың формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым,пікір, ой қорытындысы жатады.Ойдың бастапқы формасы  ұғым болып есептеледі. Ұғым дегеніміз- заттар мен құбылыстар туралы ой. Пікір- бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі- мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз. Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі- ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі бір тәртіпке байланыстыруымыз қажет. Ой қорытындысының негізгі 3 түрі бар: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық ой қорытындысы. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукция жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогия дегеніміз ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.  
 
 

31. Психологияның ғылымдар  жүйесіндегі орны.

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін  тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп   аталған   психиканы   зерттеудің   кезеңі   айтылған.   Бұл   XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі адамдардың психикасымен  жұмыс істейтін, ең ауыр салалардың  бірі  болып табылатын бұл саланың маңызы соңғы онжылдықта  арта түсуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"