Отбасы татулығы бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.

Работа содержит 1 файл

отбасы багдарламасы.doc

— 1.28 Мб (Скачать)

Ата-аналары қамтамасыз ететін тәрбиелеу жағдайлары және әр балаға жекелік және дифференцияланған  ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып табылады.

Ұсынылған бағдарлама отбасының  және оның жеке мүшелерінің психологиялық диагностикасы; отбасылық кеңес  беру; жас ерекшелік және отбасылық психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коррекция; отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коррекция; ата-ананың тұлғалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті дамыту және қалыптастыру; отбасы  мүшелерінің психологиялық сауаттылық; психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-психологиялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.

Жалпы сағат саны- 240, олардың  ішінде ата-анамен жүргізілетін психологиялық жұмыс үшін- 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат. Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.

Бағдарлама екі бағыттан тұрады:

  1. Тұрақты қызмет ететін жоба «Бала жеке басын дамыту мектебі»
  2. Тұрақты қызмет ететін жоба «Ата-аналар мектебі»

 

Отбасы татулығы қызметі


«баланың жеке басын  дамыту мектебі»               «Ата-аналар мектебі»

 

«Отбасы татулығы  бағдарламасы»  бағыттары 5 бөлімнен тұрады.

  1. Психологиялық диагностика.

Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

Психологиялық диагностика  нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.

  1. Психологиялық коррекция.

Психологиялық коррекция  психологиялық- педагогикалық кешен  ретінде бір жағынан бала мен  ата-ананың  тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.

Психологиялық коррекция  және психотерапия әдістерін қолдану  бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.

3. Психологиялық  ағарту. Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтар оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт арлығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.

Ата-аналарда психологиялық  сауаттылықты дамыту, жас және баланың  жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-аналармен  жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы  жағдайының сақталуыда жауапкершілікті сезіну маңызды.

4. Психологиялық  кеңес беру- психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді.

5. Психологиялық  алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:

- балаға жекелік (оның  жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына,  ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі  т.б тәуелсіздігіне) ықпал ету;

- баланың ең алдымен  жас ерекшеліктерін, қалыптасушы  тұлға типін және қасиеттерін  есепке алу;

- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім  мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;

- Баланың жеке бас  дамуында  зияндық сипат психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

 

Алдын-алу жұмыстарының түрлері:

    • Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі психикалық бұзылыстың алдын-алуға негіз болады.
    • Стресс жағдайының пайда болуы тұрақты, қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді.

«Отбасы татулығы қызметінің»  мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында толық көрсетілген.

  • Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі 
  • Соңғы жылдары баланың  құқықтық сауаттылықтарына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын  дамыту мақсаты, қолайсыз отбасы қалыптасуының алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.

    Отбасы татулығы  қызметі  осы мәселелерді үш бағытта шешеді:

        1. Баланы психологиялық қолдау;
        2. Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары.
        3. Отбасы татулығы н сақтау жұмыстары.

    Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» отбасына қолдау көрсету қызметі, Шымкент қаласындағы психологиялық орталықтарының негізі болып табылады.

     

    3. Отбасы татулығы  қызметіне тұжырымдама

     

    3.1 Мақсаты  мен міндеттері

    - Баланы және отбасын  үйлесімді қолдауға бағытталған  қызметтер сапасын көтеру арқылы  баланың өмір сүру деңгейін  жақсарту;

     

    - Отбасында психологиялық  сауаттылық мақсаты ақпараттық- ағарту ұйым мен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;

     - Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау.

    - Баланың биологиялық  отбасында мәнді дамуын қамтамасыз  ету жіне балаға психологиялық  жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады.

     

    3.2. Негізгі  ұстанымдары және этикалық қалыптары

    Отбасы жұмысына негізделген  ұстанымдар нақты «Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы»  еңбегінде қарастырылған.[1,5]

    Отбасымен жұмысына қажетті жаңалықтар:

      • Отбасы- бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкін  орыны.
      • Бала үшін туған отбасы, өте жақсы болып келеді, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсәздікті жоюға бағытталады;
      • Әрбір  жағдайдың бірегейлілігі кез-келген ойдан хабар береді, сондықтан көмек беруде икемділік қажет;.
      • Серіктестік- өзара әрекеттестігінің барлық жағының негізгі ұстанымы.
      • Қызметтің мобильділігі- отбасымен жұмыс жасаудың бірінші нәтижесі.

     

    «Жеке басты дамыту мектебі» және «ата-аналар мектептерінде» психологтың негізгі этикалық қалыптарына  келесілер кіреді:

      • құзырлылық- психолог маман иесі  әдістік тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандартта балалар және ересектерді қорғау үшін қарастырылмаған саланы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану.
      • Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Айналасындағыларға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік рөлдеріне нақтылық енгізе отырып, соған  сәйкес қызмет атқарады.
      • Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психолог индивидтің жеке өмірге құқығын, өзіндік анықталу және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, ол балан мен  ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушіліктерді  жедел анықтап отырады .
      • Айналасына қолайлылығы  сипатына қамқорлығы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешеді. Шынайы және басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.

     

      • Әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосу үшін  маман психологиялық білімін жариялайды.

    Аталған принциптердің ескерілуі «Бала жеке басын дамыту» және «Ата-аналар» мектептерінде жұмысты тиімді ұйымдастырып қоймай, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.

    4. Отбасы  татулығы қызметінің негізгі  әрекет  мазмұны

    4.1. «Баланың  жеке басын дамыту мектебі»

     

    «Баланың жеке басын дамыту мектебі» 2003жылы ОҚФ  РҚБ мен «Қазақстан Психолотарының Ұлттық Ассоциациясының» қызметкерлері (2007ж-ОҚФ ҚБ «Қазақ психологтар ассоциациясына ауыстырғаннан кейін) «Баланың жеке басын дамыту мектебі» ұйымдастырылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты- тәрбиелеу жағдайында баланың жеке бас даму ерекшеліктерін, қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға  кәсіби психологиялық қызмет көрсету.

    Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық Институты психологтары 2007 жылы Қазақ психологтары ассоциациясы мамандарымен бірлесе отырып «Баланың жеке басын дамыту мектебі» жұмысының тәжірибелерін жүйелеп жалпылады, сонымен қатар баламен психологиялық және психотерапевтік жұмыстар нәтижесінде отбасылық қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді.

    Сабақтар келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс психотерапиясы, денелік-жанасу психотерапиясы, эриксонды гипноз, гештальт- терапия және т.б.

    «Баланың жеке басын  дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді  дамыту.

    Негізгі міндеттер:

    • Бала мен ата-ана қатынасына  психодиагностика және психокоррекция.
    • Тұлға жекелік ерекшелік мәселесіне психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, сенімсіз іс- әрекет, қорқыныш, және т.б.)
    • Тиімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;
    • Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;
    • Жас ерекшелік дағдарысының алдын алу;
    • Соққыдан кейінгі стрестік бұзылыс психотерапиясы;
    • денелік зорлық психотерапиясы.
    • шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру.
    • әдептілік іс-әрекетінің қалыптасуы.
    • қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту.
    • көсемдік қабілеті мен сенімділікті дамыту.
    • мектепте оқуға психологиялық даярлық;
    • оқу іс-әрекетіне мотивациясы және танымдық белсенділікті дамыту;
    • таным процесстерін дамыту (есте сақтау, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);
    • арнайы және шығармашылық қабілетін дамыту;
    • қызығушылық пен қабілеттің негізінде кәсіби деңгейде өзін-өзі анықтау;
    • баланың қабілеті мен жекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету үлгісін қалыптастыру;

     

    4.1.1.«Баланың  жеке басын дамыту мектебінің»  іс-әрекет  мазмұны мен  бағыттары

     

    «Баланың жеке басын дамыту мектебінде» түрлі тренингтік бағдарламалар жүргізіледі.

    1. «Жоғарғы деңгей» – бағдарлама 10-13 жастағы жеткіншектерге арналған: Оның бағыттары төмендегідей.

    ● Баланың жеке бас ерекшелігіне психологиялық диагностика және коррекция.

    ● Бала мен ата-ана  қатынасына психологиялық диагностика  және коррекция.

    ● Жас кезеңдік дағдарыстардың алдын-алу.

    ● Қажетті тұлғалық және іскерлік сапаларды дамыту.

    ● Қақтығыстық  жағдайдағы рационалды мінез-құлықты, іс-әрекет үлгісі мен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

    ● Танымдық қабілеттерді дамыту (ес, зейін, ойлау, қиял).

    ● Психо- эмоционалдық қысымды  түсіру және алдын-алу.

    1. « Менің  «Мен» әлемімде» - бағдарлама 14-16 жастағы жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған. Оның бағыты төмендегідей:

    ● Жеке бас даму ерекшелігіне психологиялық диагностика мен коррекция .

    ● Бала мен ата-ана  қатынасына психологиялық диагностика  мен коррекция.

    ● Жас ерекшелік  дағдарыстың алдын-алу.

    ● Көшбасшылық  қасиеттерін дамыту.

    ● Құрдастары, ата-ана, қарама-қарсы жыныс өкілімен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

    ● Кәсіби тұрғыда  өзін-өзі анықтауға көмек көрсету.

    1. «Менің болашағым» – бағдарлама 17-20 жас – ұлдар және қыз балаларға арналған. Оның бағыты төмендегідей:

    ● Өзінің өмірлік жағдайын, адамгершілік қатынастарын анықтау, өзін-өзі тану.

    ● Қақтығыстарды  болдырмау дағдылары мен коммуникативті іскерлікті жетілдіру.

    ● Жас ерекшелік  дағдарысының алдын-алу.

    ● Өмірде өз орнын  табу, тұлғалық жетілу.

    ● Тұлға ерекшеліктеріне  психологиялық диагностика және коррекция.

    ● Бала мен ата-ана  қатынасына психологиялық диогностика  және коррекция.

    ● Болашаққа  мақсат қою және оған жету жолдары.

    1. «Дамудағы үйлесімділік» - 7-9 жастағы балаларға арналған. Бағдарламаның негізгі мазмұны:

    ● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция.

    ● Бала мен ата-ана  қатынасына психологиялық диагностика  және коррекция.

    ● Жас ерекшелік  дағдарысының алдын–алу.

    ● Бейімделу  қабілетін дамыту (ашықтық, ұжымда, құрбы құрдастарымен жұмыс істей  алу іскерлігі).

    ● Жекелік ерекшеліктерге коррекция жүргізу (қорқыныш, мазасыздық, агрессивтілік, өз-өзіне деген сенімсіздік).

    ● Табысты оқу  үшін қажетті қасиеттерді дамыту

    ● Таным процестерін  қалыптастыру және дамыту (ес, зейін, ойлау).

    1. 7-9 жастағы балалардың қабілеттерін дамытуға арналған бағдарлама.

    Информация о работе Отбасы татулығы бағдарламасы