Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 16:37, курсовая работа
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.
КІРІСПЕ 3
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі. 4
1.2 Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы. 8
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
2.1 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері. 12
2.2 Жоғары нерв қызметінің заңдары. 15
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Бірінші және екінші сигнал жүйелері. 17
3.2 Динамикалық стереотип. 17
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ 21
Қозу мен тежелудің ішкі
Сонымен бірге ми қыртысында қозуға қарсы тежелу процесі болып отырады. Ол қозуды бір жерге шоғырландырып тежейді. Қозу мен тежелу бір – бірімен тығыз байланысты.
Мидың бір алабында қозу
Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталынады,
Қозу мен тежелу процестерінің
заңды байланысының арқасында
біздің барлық іс - әрекетіміз, саналы
тіршілігіміз бірқалыпта
3. МИДЫҢ АНАЛИЗДІК ЖӘНЕ СИНТЕЗДІК ҚЫЗМЕТІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Мидың анализдік және синтездік қызметі.
И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік (талдау) және синтездік (біріктіру) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп берді. Талдау мен біріктіру – организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасалуы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондай әрекеттері арқылы организм өзінің мінез–құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызметі организм үшін негізгі шарт.
Мидың анализдік қызметі түрлі
тітіркендіргіштердің жеке
Мидың анализдік, синтездік қызметі организмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Мысалы, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әрбір көлеңке, болмашы иіс, ауадағы болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың не қауіптің алыс – жақын екендігін білдіретін сигналдар болып табылады. Жануарлар сыртқы дүниенің тітіркендіргіштерін өте нәзік айыра және біріктіре алуы нәтижесінде ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігіне қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, өмір сүретін ортасына дұрыс бейімделе алады.
Анализ бен синтез мидың бірімен – бірі
тығыз байланысты, біртұтас қызметі болып
саналады. Мидың бұл қызметі невр жүйесінің
структуралық дәрежесіне қарай әр түрлі
сипатта көрініп отырады. Мысалы, ми қабығының
құрылысы ерекше дамып, жетілгендіктен
адам миының анализдік, синтездік қызметі
өте күшті дамып жетілген. Тіпті кішкентай
баланың миының осындай қызметіне де жануарлар
дүиниесіндегі дамудың ең жоғарғы сатысында
тұрған маймыл миының анализдік, синтездік
қызметі ешбір тең келе алмайды.
3.2 Динамикалық стереотип
Бұл ғылыми физиологиялық терминнің мәнісі
“динамикос” – қазақша – қозғалыс
жағдайында болу, “стресс тупос” –
қазақша – қатты таңба деген грек
сөздерінен шыққан. Динамикалық стереотип
белгілі бір тітіркендіргіштерді бір
қалыппен ұзақ уақыт бойы қайталап отыратын
болса, ми қабығында қозу мен тежелудің
тұрақты, біз ізге түскен жүйелері қалыптасады.
Соның салдарынан рефлекстердің бекіген
жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш
жұмсауды талап етпейді. Мысалы, итке
күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығы
ретінде бірнеше тітіркендіргіштер туғызылса
(қоңырау, жарық, метроном т.б.) және олар
жеткілікті түрде белгілі ретпен қайталанатын
болса, кейін осы тітіркендіргіштердің
біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы
жауап реакциясын түгелдей қайта жаңғыртады.
Осы секілді үнемі қайталанып отыратын
тітіркендіргіштерге организмдердің
төселуін және соның нәтижесінде ми қабығында
қозу мен тежелу процесінің жасалуын
динамикалық стереотип деп атаймыз.
Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты
стереотиптері сыртқы ортадан келетін
тітіркендіргіштердің бірсыдырғы тұрақталған
жағдайында ғана жасалады. Динамикалық
стереотиптер сыртқы ортаның өзгеруіне
қарай жаңадан жасалып, ал сол ортаға сәйкес
келмеген жағдйларда қайтадан жаңғырып
тұрады. Адамның әр алуан дағдылары мен
әдеттері, мінез – құлқы бітістерінің
бірқалыпты көріністері осы динамикалық
стереотиптерден тұрады және адамның
бірсыпыра психологиялық ерекшеліктерінің
табиғи – ғылыми негізін құрайды. Динамикалық
стереотипті тауып, зерттеген – И.П. Павлов.
ҚОРЫТЫНДЫ
И.П. Павловтың жоғарғы жүйке қызметі туралы зерттеуінде екі сигналдық жүйе туралы ілімінің зор маңызы бар. Атақты физиолог И.П. Павловтың айтуы бойынша мидың қызметінде екі түрлі сигналдық жүйе болады.
“Сигнал” – латын тілінде – “сигнум” – қазақша – белгі, таңба деген сөз. И.П. Павлов осы сигналдарды жүйке жүйесінің қызметіндегі ерекшеліктерді білдіретін шартты белгі ретінде алып қолданады да, оның табиғи мән – жайын тәжірибелік зерттеулер арқылы түсіндіреді.
Осы мәселе жөнінде И.П. Павлов былай деп жазды: “… жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркендіргіштер арқылы және олар көретін, еститін және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздер арқылы ғана хабарланады. Бұл сыртқы ортадан, жалпы табиғаттық және әлеуметтік ортамыздан естіген, көрген және түсінгеніміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі мұның өзі адамға да, жануарларға да ортақ болады...”.
Оның бірі – заттармен бетпе – бет кездескенде тері, көз, құлақ мүшелер арқылы түйсіну, қабылдау, елестету.
Бұл жануарларда да, адамда да бірдей – бірінші сигналдық жүйе. Жануарлар мен жәндіктер үшін айналадағы дыбыс, жарық толқындары, қысым, заттың химиялық құрамы, табиғи ортадағы физикалық, химиялық сипаттар сигнал болады. Бірінші сигнал жүйесі еңбек процесінің түрлерінде де маңызды орын алады. Сондай–ақ, ол – суретшінің, сазгер мен жазушының, ақын мен әртістің шығармашылық қиялының сыртқа шығуы үшін қажетті шарт. Тағылым мен тәрбие істерінде, оқыту процесінде көрнекілікті кеңінен пайдаланып отырудың психологиялық негізі – осы бірінші сигналдық жүйе болып табылады. Айналадағы болмыс пен шындық жайында дұрыс елес тудыру да бірінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты.
Екінші сигнал жүйесі
Адамның әлеуметтік ортада
Егер
адамдардың бірінші сигнал жүйесінің
невртік байланыстары қоғамдық қатынастарды
бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде
бұл биологиялық сипатта
Екінші сигналдық жүйені бірінші сигналдық жүйеден бөліп алуға болмайды. Олар бірімен – бірі тығыз байланысты. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйеге сүйеніп қызмет атқарады. Өйткені, адамның екінші сигналдық жүйе арқылы алынған білімі шындықты дұрыс бейнелемеуі мүмкін. И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы ілімі психология пәнін, адамның психикалық әрекетінін диалектика тұрғысынан дұрыс түсінуде ең қажетті құралға айналды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ