Бірінші және екінші сигнал жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі. 4
1.2 Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы. 8
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
2.1 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері. 12
2.2 Жоғары нерв қызметінің заңдары. 15
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Бірінші және екінші сигнал жүйелері. 17
3.2 Динамикалық стереотип. 17
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ 21

Работа содержит 1 файл

куровой.docx

— 59.43 Кб (Скачать)
 

МАЗМҰНЫ 

     КІРІСПЕ                                                                                                            3 

  1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
    1. Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі.                   4       
    2. Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы.                                                               8
  2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
    1. Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері.                                   12
    2. Жоғары нерв қызметінің заңдары.                                                                 15
  3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
    1. Бірінші және екінші сигнал жүйелері.                                                           17
    2. Динамикалық стереотип.                                                                                17
 

    ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                               19 

    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ                                               21 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    КІРІСПЕ 

     Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.   

     Жүйке жүйесі организмнің сыртқы  ортамен байланысын жүзеге асырып  отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге  жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.

     Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты  дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары атайды. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.

     Орталық жүйке жүйесіне жұлын  мен ми, ал перифериялық нерв  жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен  тарайтын әр түрлі шеткі нервтер  жатады.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.

    1. Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі.

     Психика – жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.

     Жүйке жүйесі орталық және  перифериялық жүйке жүйесі болып  екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми (бас миы және омыртка жұлыны).

     Перифериялық жүйке жүйесі  - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады.

     Ми да, жүйкелер де, нейрондардан  яғни бірімен – бірі жалғасып  жататын жүйке жасушаларынан  құралады.

     Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.

     Жануарлардың миына қарағанда  адам миының құрылысы күрделі  болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400 – 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір ссүруіндегі ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта  есеппен алғанда 14 – 15 миллиард нейроннан тұрады. Мы қыртысының маңдай жағы неғұрлым маңызды роль атқарады.

     Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.

     Жеке адамның психикалық өмірінде  мидың көлемі мен салмағының  бірсыпыра маңызы бола тұрса  да, ми құрылымының ерекше маңызы  бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп – пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120  грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.

     Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.

     Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өң бойында орналасқан.

     Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Ортарлық нерв жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішңі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.

     Жұлыннан жан жаққа 31 жұп нерв  талшықтары тарайды,  олардың  бәр тобы ортаға тебетін, екінші  бір тобы – шетке тебетін  жүйке деп аталады.

     Жұлын біздің саналы әрекетіміздің  орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың  (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т .б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.    

     Орталық жүйке жүйесінің екінші  бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып – ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше рөл атқарады.

     Сопақша  ми жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұту сияқты реакцияларымыз – сопақша мидың қызметі.

     Сопақша мидың сырт жағында,  формасы ағаштың жапырағына ұқсас  мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс – тұрғысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, секлет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

     Аралық ми көру төмпешіктерінен  және төмпешік асты аймағынан  тұрады. Мидың осы бөлігін тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі – афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Афференттік – латынның афферекс деген сөзі, қазақша “жеткізуші” деген мағынаны білдіреді.

     Мидағы осы орталық, оның төменгі  бөліктеріне (жұлын т. б.) басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш нерв орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай – ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.

     Миға сырттан келген әсерлерді  жеткізіп, сол әсерлерге мидың  реакциясын іске асыратын бөлім  – шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі қызмет атқаратын екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі – сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жүйке жүйесінің бөлімдеріне жеткізетін аффренттік жүйке талшықтары. Екіншісі – ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.

     Ішкі (вегетативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі – адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқару. Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т.б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын болса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтарының қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсірете бастайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда антагонистік қайшылық тудырып отырады. Мұндай әрекет адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.

     Егер осы айтылған ми бағанысының  құрамдары эволюциялық дамудың  төменгі сатысында тұрған жануарлардың  психикасы үшін елеулі орын  алатын болса, жоғары сатыдағы  жануарлар мен адамдардың өмірінде  негізгі қызметті ми қабығы  атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.

     Адам миының күрделілігі оның  көлемі мен ішкі құрылысынан  жақсы байқалады.

     Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңары деп аталатын) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми қабығының қалыңдығы – 2 -5 миллиметрдей. Ми қабағында екі жүздей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әр алуан (8, 9 суреттерде мидың құрылымы, орталықтары, олардың орналасу жағдайы, эволюциялық дамуы, ерекшеліктері мен сипаттары көрсетілген). Ол қалыңдығы 3–4 миллиметрлік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір – бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын нерв талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемиен, сондағы барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай нерв клеткаларының саны 15 миллиардқа жуық деп есептелінеді.

     Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады. Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекетімен ұштастырады. Сондай – ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакцияларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүше ретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адам миының қабағының сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге (2 м²) тең болар еді. Адам миының салмағы мен құрылысының аса күрделі және кемелденіп жетілген материя екендігін мынадай салыстырмалы 1 кестеден да айқын аңғаруға болады: 
 

Таблица 1.

Кит Піл Жылқы Ит Маймыл Адам
1

20000

1

5000

1

400

1

250

  1

100

1

46

Информация о работе Бірінші және екінші сигнал жүйелері