Бірінші және екінші сигнал жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі. 4
1.2 Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы. 8
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
2.1 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері. 12
2.2 Жоғары нерв қызметінің заңдары. 15
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Бірінші және екінші сигнал жүйелері. 17
3.2 Динамикалық стереотип. 17
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ 21

Работа содержит 1 файл

куровой.docx

— 59.43 Кб (Скачать)

    

     Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде  әрбір жануардың өзіндік салмағымен  салыстырғанда кит миының салмағы  бүкіл дене салмағының жиырма  мыңнан бір бөлігіндей, маймыл  салмағы денесінің жүзден бір  бөлігіндей ғана екен. Ал адам  миының салмағы оның жалпы  денесінің салмағының қырық алтыдан  бір бөлігіндей. Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ететін жан – жануарлардың бәрінікінен де артық екендігін көрсетеді.

     Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады.

     Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторларлың жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200 – ге жуық. Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, нерв клеткалары мидың басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек процесімен қатар жүріп отырған. Оның дамуы адамның сезім мүшелерінің, әсіресе, заттарды сипай сезу арқылы танытатын қолдың дамуына үлкен әсер еткен. Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшық еттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын клеткалар), есту мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі жоқ түрі. Оның әлде де ашылмаған көптеген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша пайда болатындығы, өлең  шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес. Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы миддың кез келген бөліктерімен байланыса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін “тірі” электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықарының жаны да “сіріден” берік. Өйткені, егер бір тіл сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан – жағындағы клеткалар жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір блімдері бұзылады да, кейін бұл нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.

     Мида әлсіз электр токтары  (биотоктар) жұмыс істейтіндігі ғылымға көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс – тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электродпен жалғастырып адамның басына кигізгенде, битоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың электроэнцефаллограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері (толқындары) ажыратылады. Мәселен, мида 9 – 12 жиілік шамасында өрістейтін “альфа - толқын” (мидың дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм), секундына 3 – 5 жиілікпен өтетін “дельта - толқын” (ұйқы кезіндегі ми қызметінің ритмі), секундына 13 – 20 жиілікте болатын “бета - толқын” (күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған.                              

    1.   Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы.

     Сыртқы орта адамның миына,  жүйке жүйесіне сезім органдары  арқылы үнемі әсер етеді. Ағза бұл әсерлерді қабылдап жауап беріп отырады. Бұл процесті рефлекс деп атаймыз. Рефлекс латын сөзі, қазақшаға аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді. Мәселен, біз байқаусызда қолымызды ыстық затқа тигізіп алсақ, сол сәтте тартып аламыз. Бұл тітіркендіргіш жүйке жүйелері арқылы омыртқа жұлындарына беріледі, ал одан кейін бұлшық еттерге импульс береді. Импульс латын сөзі қазақша аударғанда “түрткі ояту” деген мағына береді. Рефлексті бұдан 300 жыл бұрын Француз ғалымы Ренэ Декарт ұсынды. Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596 – 1650 ж.ж.). Ол өз еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді.

     Ал рефлекстің биологиялық сипатын ашып көрсеткен – чех ғалымы Иржи Прохаске (1749 - 1820). Ол ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндірді. “Рефлекс” – латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы – сырттан не іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер - жануарлар мен адамдардың туысынан пайда болатын қасиеттері. Мысалы, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі – сан алуан рефлекс түрлері.

     Шартсыз рефлекстердің нерв жүйесі  арқылы жасалу жолын рефлекс  доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш нерв пен қозу процесі пайда болатын орталық нерв жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін нервтер.   

     Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде үш нейроннан (афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу – шартсыз рефлекстің физиологиялыұ негізі. Шартсыз рефлекс – тума құбылыс. Оның орталықтары жұлын мен ми бағанасында орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу - - шартты рефлекстердің (жүре пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстердің)  физиологиялық негізі. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми  жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіргендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципіне шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, он сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын орыс физиологы П.К. Анохин (1898 - 1974) ұсынған осы теория (1935) рефлекс туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп физиолог Н.А. Бернштейн (1896 - 1966) айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын мойындау бірден – бір ғылыми түсінік болып отыр.

     Шартсыз рефлекстер мен шартты  рефлекстердің мән – жайын  жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан  қарастырғанда, олардың өзіндік  ерекшеліктерін атап көрсеткен  ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің  мынадай ерекшеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс – тума; 2) шартсыз рефлекстер жұлында, ми бағанасында жасалады; 3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан тұрақты; 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ (мысалы, тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда болады). Ал шартсыз рефлекстер организмде жүре – бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлекстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша жүйелік байланыс орналасуы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сыртқы ортамен уақытша байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады.   

     Рефлекс туралы теорияның негізгі  қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан  тұжырымдаған атақты орыс физиологы  И.М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған “Ми рефлекстері” деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтың отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада:  ол рефлекстік теорияның негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалдық тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М. Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тілін алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен И.М. Сеченовтің ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді. 

     Организмнің рефлекторлық қызметін  ғылыми тұрғыдан жете зерттеген  әйгілі физиолог ғалымдар И.М. Сеченов пен И.П. Павлов өз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотип, бірінші және екінші сигнал жүйелері) ашып көрсетті. Организмнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелермен жауап беруі (рефлекстер) жүйке клеткаларының тітіркеніп,  физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты екендігі анықталды.   

     И.М. Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде (бұл ілім жоғары нерв қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердің жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты, шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.

     Шартты рефлекстер үнемі өзгеріп отырады, егер оларды туғызған жағдайлар қайталанбайтын болса, онда бұлар жойылып кетеді.

     Рефлекстің осы екі түрінің  арасында мүлде байланыс жоқ  деуге болмайды. И.П. Павлов шартты рефлекстер сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделуіне қарай шартсыз рефлекстерге ауысып отыратындығын, сөйтіп бұл екеуінің арасындағы өзара байланыстың барлығын талай рет айтқан болатын. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратындығы нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекстердің жасалуы негізінен организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштің қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды.     

     Шартты рефлекс өмірде пайда болып қоймайды, сонымен қатар жоғалып та кетеді. Сондықтан И.П. Павлов оны ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атады.   

     Уақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек тітіркендіргіштің пайда болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар мақсатқа жеткізетін байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады. И.П. Павлов лабараториясында жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын – тамақ, екіншісі өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап тітіркендіргіш – жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – көру, екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталаған сайын нығайып отыратын нерв байланысы жасалады. Тамақ жарыққа қарағанда жануардың тәршілігі үшін аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидың тамақтану орталығы көру орталығына қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П. Павлов ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған.

     Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде  ит кейін жарық жағылып, тамақ  берілмесе де сілекей шығара  береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен кейін ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргіштерге айналып отыр. Мәселен, ит өзін қамаған үйден шығудың жолын іздейді, бірнеше есіктің біреуі жабылмаған. Әр есікті тұмсығымен түртіп, жабылмаған есікті тауып алады. Екінші рет ит қамалғанда үйден шығудың жолын бірден табады. Мұндай нәтиже (үйден шығу) мақсатына жетудегі әрекеттен ғана болып отыр.

     Осындай организмге қажетті құбылыстарды  білдіретін көптеген сыртқы тітіркендіргіштердің  әсерінен пайда болатын ми  қабығының қызметі сигналдық  қызмет деп аталады. Жоғарыдағы тәжірибеже жарық тамақтың сигналы болып отыр.

     Шартты рефлекстер табиғи жағдайда  да, сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына  да байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ, адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез – құлқын өзгертеді, адамды көрісімен тығылады, не қашуға тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс болып табылады.     

     Ағза үшін ми сыңарлары қабатындағы  уақытша байланыстардың маңызы  өте үлкен. Егер жануарларда тек шартсыз рефлекстер ғана болған болса, олар өмірдің үнемі өзгеріп тұратын қиын жағдайларында өмір сүре алмаған болар еді. Мәселен, жануарлар өзіне төнген қатерді, тек жыртқыш аңның тырнағы қадалғанда ғана білер еді. Бірақ жануарлардың жыртқыш аңның гүжілдеген даусын немесе аяқ басуын алыстан – ақ естиді, бұл дыбыстар қатердің жақындап келе жатқанын білдіретін шартты сигналы болады. Шартты рефлекстердің көпшілігі үлкен ми сыңарлары қыртысында құралады, егер жануардан оны алып тастаса ол барлық өмір тәжірибесінен айырылады. Онда шартсыз рефлекстердің көбі сақталса да, ол жануар дәрменсіз болып қалады. Ми қыртысы алынған ит, етті көре тұра, ет пен аштықтан құтылу арасындағы байланысты белгілей алмайды, сөйтіп жейтін тамақтың қасында тұрып – ақ аштан өледі. Ет аузына түсіп, мидың қоректенуді басқару орталығын қоздырып, тиісті шартсыз рефлекс туғызғаннан кейін ғана ит жей бастайды.

     Адам да жоғарыда айтылғандай,  жалпы мидың үлкен ми сыңарларынсыз  тіршілік ете алмайды.       
 
 
 
 
 
 

  1. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
    1. Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері.

Информация о работе Бірінші және екінші сигнал жүйелері