Бірінші және екінші сигнал жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына қанығу үшін ми мен психикасының, материя мен сананың қарым – қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары – психология ғылымының табиғи – ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі – мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі. 4
1.2 Мидың рефлекторлық қызметі. Шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің жасалу жолы. 8
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
2.1 Негізгі нерв процестері, тежелу және оның түрлері. 12
2.2 Жоғары нерв қызметінің заңдары. 15
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 Бірінші және екінші сигнал жүйелері. 17
3.2 Динамикалық стереотип. 17
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ 21

Работа содержит 1 файл

куровой.docx

— 59.43 Кб (Скачать)

     И.М. Сеченов пен И.П. Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі нервтік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап  берді. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай –ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады. 

     Қозу мен тежелу– шартты рефлекстердің жасалуына психикалық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түсйісетін жері синапс арқылы таралады. Қозу мен тежелу – организмді сыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын негізгі физиологиялық процестер. Ми - психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның қабығында пайда болатын қозу мен тежелу – психиканың физиологиялық негізі.

     Қозу - әр түрлі тітіркендіргіштердің  әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің  қызмет жасап тұрған белсенді  күйі болса, тежелу, керісінше,  жүйке жүйесін тыныштандыратын  процесс болып табылады. Қозу мен тежелу процестерді ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір заңдылықтары да зерттелген еді. И.М. Сеченовтың мидың тежелуі жөніндегі пікірлеріне сүйеніп отырып, И.П. Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз жүріп отыратындығын дәлелдеді. Мұны мына мысалдан – ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде миының бір алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осыгдай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

     Қозу мен тежелу – жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізгі табиғи қалпы және жоғары жүйкелік әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы – осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижсі, ал тежелу – осы әрекеттің бәсеңдеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процестің өзара байланысынсыз организм реакциясының іске асуы мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: организм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты: көзде, құлақта, т еріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе ішкі мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.

     Ми қабығында түрлі алаптарда  қозудың пайда болуы мен оның  қозғалысының электроэнцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба жазуды электроэнцефалограмма деп атайды.

 а -  көз ашық кезде (бета – толқындар басым);

 б – көзін жұмғанда (альфа – толқындар айқын көрінеді);

 в  – қалғыған кезде;

 г  – шырт ұйқыда жатқанда.

     Электроэнцефаллограмма арқылы мидың биолотенциясының түрлі ритмдерін бақылауға болады. Ритмдер әр түрлі:

1 –  бір секундта 8 – 12 жиілікпен өтетін альфа – ритм.

2 –  бір секундта 14 – 16 жиілікпен өтетін бета – ритм.

3 –  бір секундта 3,5 – 7 жиілікпен өтетін бета ритм.

4 –  бір секундта – 3,5 және одан да аз жиілікпен өтетін дельта – ритм т.б.

     Ми қабығының функциялық қалпы  өзгерсе, жазу да өзгереді. Мысалы, адам ұйықтағанда оның миындағы альфа және бета толқындар бәсеңдеп, олардың орнын солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты шарлары қабығында туатын қозу эфференттік жолдармен белгілі бір жұмыс мүшесіне келеді де, белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде қарама – қарсы болғанымен, онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиялық тежелу процесінің организмге тигізер пайдасы зор.

     Тежелу процесі – жүйке клеткаларының  әрекетсіз пассивті қалпы емес  екендігі ғылымда анықталған  мәселе. Керісінше, тежелу – нейронның энергетикалық қуатың жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежеулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы, шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі, шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді.

  1. Сыртқы тежелу - көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шарты рефлекс салдарынан иттің сілекейі аға бастағанымен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекей тоқтап қалады, өйткені, жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкелік әрекеттің тума механизмі. Сондықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды.

     Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге  бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса, (мәселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.

     Тежелудің бұл түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.

  1. Сырты тежелудің екінші түрі шектен тыс тежелу деп аталады. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіш әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының  тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
  2. Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре – бара пайда болады. Ол белгілі жағдайға байланысты. Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі - сөнетін тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш (мысалы, қоңырау) бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, ол сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Бірнеше уақыттан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан көрінеді. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Әлсін - әлсін шартсыз тітіркендіргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал мен реакция арасында уақытша жүйкелік байланыс мүлдем жойылып кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады. Мұндай тежеулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.

     Ішкі тежелудің бір түрі ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл – ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орнатудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес, бірнеше ұқсас сигналдардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зерттеулермен дәлелденген. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Бұл жайтты психологияда генерализация деп атайды. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежеулердің жәрдемімен организм бір – біріне өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез  ажырата алады.

     Ішкі тежелу сондай – ақ  кешігу, ұйқы тежелуі болып тармақталады. Шартты рефлекстің кешігуі – тежелудің бір тармағы. Мұндай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шартты рефлекстің кешігуі.

     Ұйқылық тежелу. Тежелудің бұл түрін кейде жайылмалы тежелу деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты физиологиялық процестер екендігін аның аңғарып, олардың үнемі өтіп жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер ми жұмысының негізгі заңдарына бағынады.

     Тежелудің түрлерін сөз еткенде  сыртқы тежелулердің орталық  нерв жүйесінің кез келген  бөліктерінде пайда болатыны, ал  ішкі тежелулер тек ми қабығына  тән құбылыс екендігі естен  шықпау керек.              

         

    1. Жоғары нерв қызметінің заңдары.

     Адамның да, жануарлардың да ми сыңарлары қыртысында бір – біріне қарсы екі процесс бар: қозу және тежелу.

     Заттар мен құбылыстар сезім мүшелеріне әсер етіп тітіркенуді туғызады, бұл миға әсер етіп, қозу пайда болады.

     И.П. Павлов ми қабағында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкі заңдылықтарын ашты. Жоғары жүйке қызметінің күрделі мәселелерін анықтаудағы аса қажетті шарттың бірі – иррадация, концентрация және индукция. Сырттан келген әсерлердің арқасында жүйке талшықтарында туған көзу өзінің тиісті орталығына жеткеннен кейін маңайындағы көршілес басқа орталықтарға тарап отырады. Бұл – қозу мен тежелуде болтын құбылыс. Қозудың да, тежелдің де белгілі орталықтарда тұрақтап қалмай, көршілес орталықтарға таралуын (жайылуын) иррадиация деп атайды.

     Иррадация құбылысы шартты рефлекстердің  мида жайылып, оның әлі берік  жасалмаған кезінде көрінеді. Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде “ы”, “і” әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кезде қозу процесінің бір орында тұрмай, жан жаққа жайылуында болып отыр. Мәселен, бала ауыр жұмыс істейтін болса, қолының ғана емес, бүкіл денесінің, тіпті бетінің де бұлшық еттері қатынасатынын байқаймыз. Бұл – ирра диация заңының нәтижсі.

     Біршама уақыттан соң, дағдылану арқасында әрекетке қажетсіз бұлшық еттердің қозғалысы тиылып, керекті бұлшық еттерді қимылдауға мәжбүр етеді. Міне, осындай процестер – концентрация заңының құбылыстары.

     Ми қабығында қозу мен тежелудің  бір жерге жинақталып, шоғырлануы  концентрация заңына бағынады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір нерв күшін қажет етеді. Мысалы, жаңағы айтылған “ы”, “і” әріптерінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастырмай танитын болады. Концентрация заңы деп қозу болмаса, тежелудің көршілес орталықтарда солғындап, мүлдем сөніп, өздерінің іздеген орталықтарына орналасуын айтады. Басқаша айтқанда, ол – қозу мен тежелудің ми қабығында бір жерге жинақталып, шоғырлануы.

     Ми жарты шарларының қабығында  жаңадан пайда болатын қозу  не тежелу алдымен жайылады  да, содан кейін қайталану нәтижесінде  өз орталықтарына шоғырланып, жиыла  бастайды.       

     Тежелу шаршаған жағдайда да  болады. Егер тежелу адамның үлкен ми сыңарларын, мидың төменгі жағын қамтыса адамды ұйқы басады. Мұндай тежелу организмді шаршаудан қорғайды. Ұйықтаудың тағы бір түрі бұл – гипноз. Бұнда тежелу ерекше сипатта болады. И.П. Павлов айтқандай ми қыртысының бәрін қамтымайды. Мұнда адамға сіз ұйықтадыңыз, ұйқыңыз келді деп сендіру арқылы ұйықтатады.   

     Сөзбен ұйытып, сендіру арқылы, сондай – ақ гипноз жасалған адамның бетін аялай қолмен жайлап қозғалыс жасау арқылы жасанды түрде жасалынады. Мұнда  ми сыңарлары қыртысында мидың белгілі бір бөлігі қозу күйіне қалады, соның арқасында ұйықтатылған кісі гипнозшының сөзін естиді. Ми сыңарлары қыртысының көпшілігі тежелу күйінде болғандықтан, гипноз жасалған адам өз бетімен әрекет жасай алмайды, өзін ұйықтатқан адамға бағынады, оның бүйрығын орындайды.

     Ең соңғы зерттеулер бойынша,  адамның ояну кезінде миды  жүйке жасушаларының кейбір бөліктері  ғана қозу күйінде болып, қалғандары  тежелу жағдайында болады. Ұйқы кезінде жасушалардың рөлі өзінше ауысады: бұрын қозғандары енді тынығады, бірақ қозу күйіндегі бөліктер де болады, соның арқасында ұйықтап жатқан миы ағзаға керекті қызметтерді атқарады.

     Қозу мен тежелу процестерінің  жайылу және шоғырлану заңы  организм өмірінде аса маңызды  биологиялық роль атқарады. Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларын мөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды. Мәселен, ұйқы – бұл мидың бардық алабына тежелудің жайылуы. И.П. Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген.    

Информация о работе Бірінші және екінші сигнал жүйелері