Бөлім Оқушы темпераментімен санасу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:24, курсовая работа

Описание работы

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ.

Содержание

Кіріспе
I. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің
физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен
қарым– қатынасында анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Темперамент туралы жалпы ұғым 27 бет.doc

— 325.50 Кб (Скачать)

 Темпераменттерді  тәрбиелеуде оқушының ерік –жігерін, мінез бітістерін, мінез –эмоцияларын  тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені  дұрыс. Адамның өзін -өзі ұстай  алу қабілетінің дамуы темперамент  тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім –тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгертулерге түсетіндігін ылғи да есте ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым –қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата –аналарымен байланыс жасап, әсіресе қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.    

2.3 Темперамент және  мінезді тану, адамдардың  қажетін анықтау        

 Темперамент  және мінез туралы не білуіміз  керек. Темперамент және мінез  адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір –бірімен қарым –қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін –бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.       

 Темперамент  типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа адамдармен қарым –қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл–қозғалыстағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым –қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез –құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым –қатынас жасауда басқалармен іскер қарым –қатынас жасауға болады.   

Темперамент –бұл адамның динамикалық ерекшеліктерімен қимыл–қозғалысын анықтаса, ал мінез-адамның саналы түрде жасаған әрекеттері, өмірдегі қажетті және ойлаған іс-әрекетін анықтайды. Темперамент және мінез адам жасы үлкейген сайын тұрақтайды. Адамдардың мінездерінің бір –біріне сәйкес келмеуі ара –қатынасын күрделендіріп,  қиын проблемалық жағдай туғызады. Сондықтан адамдармен қарым –қатынастың дұрыс болуы үшін өзіңнің мінезіңмен қатар айналаңдағы адамдардың мінезін тани білу маңызды. Айналаңдағылардың қимыл-әрекеті біздің мінезімізбен тікелей байланысты және олардың әрекеті біздің мінезімізге әсер етеді. Мұны білмей олардың әрекетін дұрыс бағалай алмаймыз және себепсіз наразылық білдіріп әділетсіздік көрсетуіміз мүмкін. Осыдан әр адам басқа адамдардың мінезінен гөрі өз мінезін жете білуі керек.    

Темперамент пен мінездің қандай өзара байланысы  бар?   

Олардың арасында өзара байланыс бар, бірақ  ол бір жақты және жай байланыс емес. Мінез бен темперамент бір-бірімен  тікелей байланысты деу қате, бірақ  олардың арасында мүлде байланыс жоқ та емес. Мінездің қалыптасуы және соның ішінде адамның ерік-жігерін қалыптастыру оңай тиеді. Бірақ кейде қарама-қарсы жағдайлар да болады. Яғни жүйке жүйесі әлсіз адамда ерік-жігері жақсы қалыптасса, жүйке жүйесі күшті дамыған адамдарда ерік-жігер әлсіз болады. Адамның мінезін темпераментпен байланыстыра отырып, мектеп қабырғасына дейін қалыптастырады.       

 Адам  неғұрлым үлкейіп, өмір тәжірибесі  молайған сайын оның мінезі  мен темпераменті арасындағы  байланысы соғұрлым төмендей  түседі. 14-15 жас аралығында темпераменттің барлық негіздері қалыптасып тұрақталғанда, темпераменте қарамастан мінез өзгере береді.   

Темперамент және мінездің даму кезеңін анықтауға  бола ма?      

 Адамның  өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бұл сұраққа жауап беретін  болсақ, онда жауабымыз қате болады, себебі адамдар көп жағдайда нені анықтау керек екенін білмейді. Темперамент және мінез негіздері адамдар арқылы білінбейді, ол өздерінің ерекшеліктері туралы мәліметті басқа жолмен алады, яғни өзінің іс-әрекетіне айналадағы ортаның әсерімен салыстыру арқылы. Адам өзінің өмір тәжірибесін толық жинақтай алмай, сол сияқты өз мінезін де толық біле алмайды. Ғылымға сүйене отырып, берілген сұраққа жауап беретін болсақ, онда жауап дұрыс болады. Психологиялық тест қолдана отырып, өз мінезің мен темпераментіңді танып білуге болады. Көптеген темперамент пен мінез түрлері өте көп, ал егер оның бәрін анықтай аламын деп мақсат қойсақ, оған ұзақ уақыт кетеді. Бақытымызға орай оның бізге қажеті жоқ. Темперамент және мінездің ең басты негіздеріне тоқталуға болады.    

 Қандай  темперамент және мінез түрлерін  білуіміз керек және неге?    

 Ең  алдымен, темпераментің жалпы  түрін анықтай білуіміз керек.  Яғни адам қандай темперамент  типіне жатады, Сангвиник пе, әлде  холерик, флегматик немесе меланхолик  пе? Адамның мінезі туралы біздің өз пікіріміз болуы керек, соның ішінде, адамдардың қарым –қатынасы. Дәл мінез бітісі, адамдардың біртіндеп қалыптасқан қарым –қатынасына байланысты. Адамдардың қарым –қатынасына әсер ететін ерекше мінез бітістері бар. Бұлар –қауіптену, ұстамсыздық, адамдармен қарым –қатынас жасаудағы қажеттіліктер және адамның эмоциялық қалпы. Осы мінез бітістерін тани отырып, айналада болатын іс-әрекеттерді алдын-ала қарастыруға болады. Сонымен қатар мінез бітістерін бағалай отырып, адамның жалпы жеке структурасы мен оның типтік өмірдегі жағдайларын тани білу маңызды болып саналады.     

  Темперамент түрлері  мен мінез бітістерін  оқытудың әдістері.   

Темперамент түрлері мен мінез бітістерін оқытудың көптеген әдістерін 4 топқа  бөлуге болады.    

1-топ  – адамдардың жүйке жүйесі мен темперамент арсындағы байланысты білу әдісі. Олардың көмегімен адамзат жүйке жүйесінің және темпераментің тума ерекшеліктерін анықтайды.    

2-топ  – сұрыптаушылардан тұрады. Адамдардың  темперамент түрлері мен оның  практикалық  іс-әрекетінің және өмірдегі жағдайлар.   

3-топ  -әдісіне - әр түрлі адамдардың  мінез бітістері нақты зерттеуге көмектесетін сұрақтар, олардың құндылығы мен даму кезеңінің мінездемесіне жатад.    

4-топ  -әдісіне- адамдардың жеке құрылымы  туралы теориялық тестілер жатады. Олар адамның жеке даму сапасын сол сұрақтарға сәйкес анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бөлімде жеке адамның маңызды мінез бітістері,оларды бағалау әдістері берілген.       

  Адамның психикалық  қалпына диагноз  қою әдісі.       

 Адамның  психикалық және дене құрылысына түскен күшті және көңіл-күйі мен белсенділігі, типтік сезімін бағалауға қойылатын-диагностикалық әдіс. Сізге отыз пар қарама-қарсы мағынадағы адамның әр түрлі мінез –құлқын суреттейтін мәлімет берілген. Бағанадағы берілген екі мәліметтің қайсысы сіздің психикалық жағдайыңызға сәйкес келеді, соны белгілейсіз. Сол жақ бағанадағы қалып-кері эмоционалдық қалыпқа сәйкес келеді, ал оң жақтағы-қалыпты эмоционалдық қалыпқа сәйкес келеді. Екеуіне сәйкес келмейтін қалып о болып жиналады. Бағанадағы алынған мәлімет, мәлімет белгіленген санмен сәйкес келеді.  

1 Хал –жағдайым  шамалы Хал –жағдайым  жақсы
2 Өзімді әлсіз  сезінемін Өзімді күшті  сезінемін
3 Сылбыр  Белсенді 
4 Қозғалысым  аз Қозғалғыш
5 Көңілсіз  Көңілді
6 Көңіл–күйі  шамалы Көңіл–күйі  жақсы
7 Шашыраған Жұмыскер 
8 Әлсіз Қуатты
9 Жай Шапшаң 
10 Қолынан іс келмейді Іскер
11 Бақытсыз  Бақытты
12 Түнерген  Өмірге риза
13 Шашыраңқы Жинақы 
14 Ауру  Сау
15 Ынтасыз Ынталы 
16 Көңіл бөлмеу Көңіл бөлу
17 Сылбыр  Көңіл–күйі  көтеріңкі
18 Қайғылы Қуанышты 
19 Шаршаған  Демалған 
20 Әлі жоқ Әлді
21 Маужыраған  Қуатты 
22 Сондай демалғым келіп тұр Сондай жұмыс  істегім келіп тұр
23 Қобалжулы Салмақты 
24 Пессимист Оптимист 
25 Шыдамсыз  Шыдамды
26 Босаң Тың
27 Ойлау қиын Ойлау жеңіл
28 Ұқыпсыз Ұқыпты 
29 Үмітін үзген  Үмітін үзбеген
30 Наразы  Риза 
 

  
  
  
    

Қорытындылау    

30 пар  мәлімет 3 топқа он–оннан бөлінеді. Осы бағандарға қатысты адамның  3 психикалық белсенділігі, көңіл  күйі анықталады. Бағандар арасындағы мәліметтердің реттік санын білу осылар болып табылады.   

1,2,7,8,13,14,19,20,25,26 –хал–жағдай.   

3,4,9,10,15,16,21,22,27,28 –белсенді.   

5,6,11,12,17,18,23,24,29,30 –көңіл–күйі.   

Барлық  психикалық жағдайдың қалыпты ұпай әрбір бағанда – 30 ұпайдан. Ал кері жағдайдағы да – 30 ұпай. Бәрін қорытындылай келгенде қалыпты жағдайда 90 ұпайға сай келеді, ал кері жағдайдағы да – 90 ұпайға.     

 Осы  алынған түйінге байланысты мынадай  қорытынды шығаруға болады. Барлық  ұпай 70- тен 90-ға  дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз  әрқашанда өте жақсы. Ал барлық ұпайыңыз 40-тан 69-ға дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз көп жағдайда жақсы.  Егер ұпайыңыз 10-нан 39-ға дейін болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз кейде жақсы болады. Егер ұпайыңыз 0 мен 9 аралығында болса, сіздің типтік хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз анықталмайды. Егер жинаған ұпайыңыз кері бағытта және  39-дан 10 аралығына сәйкес келсе, мынадай қорытындылар келтіруге болады. Яғни сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз көбіне шамалы болады. Егер жинаған ұпайыңыз кері бағытта және  69-40 аралығына сәйкес келсе, онда  көпшілік жағдайда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз төмен болады. Ең соңғы жиналған ұпайыңыз 90-70 аралығында болса, онда сіздің хал–жағдайыңыз,белсенділігіңіз және көңіл –күйіңіз әр уақытта өте нашар болады. Ұпайларда бұл соңғы екі жағдайлардың айналадағы ортамен эмоционалдық қарым –қатынастарының нашар екенін көрсетеді.   
  
  
  
  
  
  
 

2.4 Адамның темперамент  түрлерін жұмысында  және адаммен     

  қарым–қатынасында  анықтау   

 Бұл  әдістің көмегі арқылы адамның  қуатын, эмоциясын, жылдамдығын анықтауға  болады. Бұл темперамент түрлі адамның іскерлік әрекетінде және айналадағы ортамен қарым –қатынасында әр түрлі өзгешелікте көрінеді. Сонымен төмендегі сұрақтарға «иә» , «жоқ» деп жауап беруге тиіссіз. Сұрақтарға жауап бермеуге болмайды.

1.Сен  қозғалғыш адамсың ба?

2.Сен  өзің қызықты әңгімеге қосылып  кете аласың ба?

3.Үлкен  компанияда оңаша болғанды ұнатасың  ба?

4.Сен  әр уақытта да жұмыс істеп  бір нәрсемен айналысқанды ұнатасың  ба?

5.Сен  асықпай сөйлейсің бе?

6.Сен  тез ренжисің бе?

7.Достарыңмен  ренжісіп қалғанда, ұйқың қаша ма?

8.Бос  уақытыңда бір нәрсемен айналысқанды  ұнатасың ба?

9.Әңгімелескенде  ойланбай айтып қалатын сөздерің  бола ма?

10.Қасыңдағы  әңгімелесіп отырған адамның  тез сөйлейтіні ұнай ма?

11. Ұзақ  уақыт адамдармен сөйлеспегенде  өзіңізді бақытсыз сезінесіз бе?

12.Кездесуге  немесе мектепке кешігіп көрдің  бе?

13.Мұғалім  мен ата –анаңның жасайтын  жұмысы саған оңайлыққа түсе  ме?

14. Ықыласпен  бар ынтаңмен жасайтын жұмыс  саған  оңайлыққа түсе ме?

15.Тез  сөйлеу саған қиынға түсе ме?

16. Егер  де үй тапсырмасын немесе қандай да бір жұмысты істемесең мазасызданасың ба?

17. Әңгімелесіп  отырғанда бір ойдан екіншіге  тез бірінен –біріне ауысасың  ба?

18. Шапшаңдық  пен дәлдікті талап ететін  ойлар ұнай ма?

19.Қандай  да бір тапсырманың варианттарын  табу саған оңай ма?

20.Әңгімелесіп  отырғанда кісің сенің айтқаныңды  дұрыс түсінбесе сені мазасыздық  билей ме?

21.Күрделі  және жауапкершілікті талап ететін  жұмыстарды бар ынтаңмен жасайсың  ба?

22.Өзің  мәнісін жете дұрыс білмейтін  нәрселер туралы әңгіме айтасың  ба?

23.Әңгімелесіп отырған қарсыласыңнан тез сөйлегеніне түсіне аласың ба?

24.Бір  уақытта бірнеше жұмыс жасау  саған оңайға түсе ме?

25. Бір  нәрсені ойланбай қалғаның үшін  достарыңмен келіспеушілік бола  ма?

26. Өзіңе  үйреншікті ешқандай күшті қажет  етпейтін жұмыстың жай ғана түрі ұнай ма?

Информация о работе Бөлім Оқушы темпераментімен санасу