Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:24, курсовая работа
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Кіріспе
I. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің
физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен
қарым– қатынасында анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ЖОСПАР
Кіріспе
I. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің
физиологиясы
2.2 Оқу
ісінде темпераменттерді
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның
темперамент түрлерін
қарым– қатынасында анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КIРIСПЕ
Егемендi
елiмiздiң болашағы жас
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi
психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту
– баланың дамуын iлгерілететiн,
дамудың алдында жүретiн оқыту”
Оқушылардың
мінез –құлқын жан –жақты етіп
тәрбиелеуде олардың
Балалардың
сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда,
әсіресе мінез –құлқының кейбір
теріс көріністері әңгіме болған
кезде олардың темперамент
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған.
Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да әр кезеңде балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенi заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Темперамент жөнінде түсінік ” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Егер, мектепте оқушылардың темпераментін анықтау, дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді.
Курстық
жұмысымның құрылымы: кiрiспеден, екi бөлімнен,
қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен
тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен
төменде таныса аласыздар.
1. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент
– 25 ғасырдан бері ғылыми ойды
қызықтырған мәселелердің бірі.
Оған деген қызығушылықтың
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша «сангиус»- қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» -шырын ), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мелайне- холе -қара өт»), ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше «холе- өт») темпераменті деп аталған.
Гиппократ:
«ағзадағы сұйықтардың бірінен
екіншісінің басым болуы
Темпераменттің
физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан
дәлелдеген академик И.П.Павловтың
ілімі темперамент туралы түсінікті
ғылыми жолға салды. Темперамент
адамның биологиялық сипатынан көрінеді.
Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы
– бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент
мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты
көзқарастардың көпшілігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент
– жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи
ірге тасы. Темперамент көбіне адамға
тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,
өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері
бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар
негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент
– адамның психикалық әрекетінің нақты
динамикасын айқындайтын психиканың дара
қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық
ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде
оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына
тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген
шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста
темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент
түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың
әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына
ие, сондықтан басты назар темпераментті
реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс
- әрекетте оның тиімді жақтарын саналы
әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын
табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден
– ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін
айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған
аз санды саналық бейнелер бірігін психология
тарихында алғашқыдан темперамент типтері
деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан
өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып,
нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі
темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға
болады.
1.2 Темперамент туралы теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене
бітімі қисынсыз. Бұл адамдар
әрқилы мүшелік зақымдарға
Жоғарыда
баяндалған конституциялық типология
теориясының негізін қалаған- Э.
Кречмер. Бұл теория Батыс Европада
кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны
арықарай жалғастырған У. Шелден болды.
Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі,
соған байланысты адамдар да әртүрлі.
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
ТЕМПЕРАМЕНТ
|