Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:24, курсовая работа
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Кіріспе
I. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің
физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен
қарым– қатынасында анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Сангвиник
Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте –бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қарым – қатынаста тұрақсыз болып келетін қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші
сыныпта оқитын сангвиник
Флегматик
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Олар кез – келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп – тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл –қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады. Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады. Елеуреп ашуланбайды көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.
Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холерик
Бұл темперамент өкілі тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, жігерімен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен, тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай-ак адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Меланхолик
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.
Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1
Кіші оқушылар
темпераменті және
оқушылар темпераментінің
физиологиясы.
Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.
Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.
1 Күшті қозуы тежелуінен басым
2 Күшті қозуы мен тежелуі тең
3 Күшті
қозуы мен тежелуі тең,
Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:
1 Күшті, ұстамсыз
2 Күшті,ұстамды
Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.
Флегматик
темпераменті басым оқушының
ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық
тілейтін, сенімді, тұрақты, бір
қалыпты. Флегматик
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып –қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл –күйі жиі өзгеретін, қарым –қатынаста аумалы –төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ оқушы. Мұндай оқушы қимыл –істі сүйеді. Әдетте оның қимыл –қозғалысы батыл –шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой -әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой - әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай оқушының көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл –қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп -пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі оқушы өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырмасын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы оқушылардың көзінше оған ұрсатын болса мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушының, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жүріп –тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы –құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» тағы басқа деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
2.1 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.
Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.
Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.
Флегматиктерде
де сондай қасиеттерді
Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент –адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
Әр
адамның темпераменті
Оқушылардың
мінез –құлқын жан –жақты
етіп тәрбиелеуде олардың