Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
• тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
• бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
• негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР…………………………………..5
1.1 Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері……………………………………………………………………5
1.2 Жалпы педагогикалық әдістер......................................................................10
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны.............................................................................................16
ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР....22
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және
тәжірибелік қағидалары.....................................................................................22
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық
Құжаттамалар......................................................................................................26
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер.......................30
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курсовая.арнайы педагогика.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

 Физикалық  дайындық, баланың барлық мөлшерге  сай, фихикалық дамуын қамтиді.  Ерекше көңіл – күй бөлетін  жағдайлардың бірі – 7 жасар  психикалық дамуы тежелген балалардың оқуға психикалық дайындығы, және мектепке дейін олармен арнайы түзете- дамыту жұмыстарының жүргізілу.  Осы мақсатпен «7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың мектепте оқуға дайындығының диогностикалық картасы » жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттамалар

 

Нормативтік-құқықтық құжаттамада  арнайы білім беру жүйесіне жататын  балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар. Бұл ұғымдардың барлығы арнайы  салада қолданылады. 

Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе  бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулардың салдарынан ,сондай-ақ , ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психофизикалық дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психолого-педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін  қолданылады. 

Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер  мен жәрдемақы алуға мүмкіндік  беретін , яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар .Дәстүрлі терминологияда бұл балалардаы мүгедек балалар деп атайды.

Білім алу қажеттілігі  ерекше балалар- бұл  білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес , жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.

Кезекшілікке  қатысу ең жауапты тапсырма екенін оқушыларға қажетті түрде сенімді  қалыптастыру керек. Оның орындалуын қадағалау, терең түсіндіру  тәрбиешінің  жұмысы. Балаларға қомақты тапсырма беру керек.

Физикалық немесе психикалық кемісітігі бар балаларды  тапсырмадан аулақтатуға тәрбиешінің  құқығы жоқ. Асханада кезекшілік етуге  қабілеті мол, дайындығы бар балаларды  қояды (4 сыныптан бастап).

Асханадағы  кезекшіліктің міндеті  дастарханды әзірлеу, асхананы жинау, ыдыс жуу, т.б.

Асханада кезекші  болатындарға алжапқыш, бас орамал берілуі керек. Тәрбиеші оқушылардың  ауыр нәрсе көтермеуін, ыстық пешке  тақалмауын қадағалау керек. Мектептегі кезекшілік үзілісте немесе тамақтан соң болуы  керек. Кезекшілік міндетті түрде кезекпен ұйымдастырылуы керек. Мұғалім кезекте тұрған кезекшіні әлсін-әлі тексеріп тұруға уақыты болмаса, тексеруді өз бетімен жауапкершілігі мол, тиянақты балаға тапсыруға болады. Күннің аяғында, кезекшіліктің соңында тәрбиеші оқушылардың жұмыстарына қорытынды жасайды.

Педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қатынастар стилі

Оқушылардың өз бетінше жұмыстың басқы түрі –  үй тапсырмалары.  Өз бетінше дайындықтың  мақсаты:

  1. Сабақта алған білім мен талантты әрі қарай бекітіп, тұжырымдау.
  2. Өз бетінше еңбек етуді қалыптастыру

Түзете тәрбиелеу  есебі:

  1. Балаларды тапсырманы шын ықыласпен орындауға тәрбиелеу.
  2. Балалардың өз бетінше еңбек етуде тұрақты ынтасын қалыптастыру.
  3. Балаларды төзімділікке, мақсатты орындауға және оқуға деген ынтасын арттыруға тәрбиелеу.
  4. Балалардың жауапкершілігін арттыру, коллективпен жұмыс жасауды қалыптастыру.
  5. Орындалатын жұмысқа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
  6. Өз жолдастарына өзара көмекке, өз бетінше дайындыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
  7. Балалардың  уақытын дұрыс пайдалануда, үй тапсырмасын орындауда тәртіпке қалыптастыру.

Ең басты  шарт тәрбиелеуші өз бетінше дайындық барысында үй тапсырмасына, сабақтың өзара байланысы, мұғалім мен  тәрбиешінің айтқанын сапалы түрде  тыңдап орындауында (озара байланыс журналы).

Ең басты шарт болып есептелетін үй тапсырмасының көлемі өз бетінше дайындыққа бөлінетін уақыт тапсырмасының күрделілігі мен көлеміне қарай бөлінеді. Үй тапсырмасының қиындық түрі класс тапсырмасының қиындығы мен ұзақтығынан аспауы керек:

1 сынып –  1 жартыжылдық 30-40 минут;

2-3 сынып –  1 сағатқа дейін;

4-5 сынып –  1,5 сағатқа дейін;

6-8 сынып –  2 сағатқа дейін, 45 минуттан соң  үзіліс.

Өз бетінше дайындықтың күн тәртібіндегі орны. Өз бетінше дайындықтың уақыты тура әрі дәл қойылуы керек. Сабақ сол бір уақытта басталуы керек.

Өз бетінше  дайындықты серуендеуден кейін өткізу керек. Тәрбиешінің міндеті –  балалардың өз бетінше дайындығына  барлық жағдайды жасау. Өз бетінше дайындықты сабаққа айналдыруға болмайды.

Педагогикалық форманы бағалау.

Мектептің саясиақпараты оқушылардың білім ағартуының нәтижелі бір түрі  болып  келеді .

Саяси ақпараттың өткізу мақсаты–оқушылардың Республикадағы саяси өмірдің оқиғаларына, шетелде, туған қаласында қызығушылығын артады; жалпы-саяси белсенділігін дамытады. Көмекші мектептегі  саясиақпарат келесі түзету мақсаттарын қарастырады :

1.Әр жеке  тақырып оқушының тіл сөздігіне  2–3 түсінік  кірістіреді ;

2.Таңдап алынған  мазмұны оқиғаның толық  ашылуын  қажет етеді.

Талаптар: Қысқаша  (дерек қысқаша , қызықты  болу керек) ; Шапшандық (дерек мазмұны өзіне керек саяси оқиғаларды мезгілімен жеткізу керек); Өзектілік; Деректің мазмұндамасы; Эмоциялық; Көрнекілік; Жеткізу;

Білім беруде  түзете-дамыту жүйесінде педагогикалық  бағалаудың спецификасы, оның негізгі  функциалары.

Саяси ақпараттың түрлері : 1.Шолу. 2.Тақырыпты. 3.Шапшанды

Шолу хабарлары  керекті оқиғаларды ішкі және халықаралық  өмірге арналған ;

Саяси ақпараттың тақырыптары бір оқиғаларға ,есте қалатын уақытқа , мерейтойға , жаңа жетістіктерге арналған ;

Саяси ақпараттың шапшандығының өткізілуі бір керекті оқиғаларға , мәжіліске , саяси қоғамдық  мағынасы бар.

Саяси ақпарат өткізілуі жұмасына  1 рет өткізіледі .

Жоғары сыныптың оқушылары стендті безендіруге ,жеке оқиғаның мазмұнына қызығады .

Саяси ақпараттың өткізілу уақыты :

1 – 2 сынып – 5 – 10 минут

3 – 4 сынып  – 10 – 15 минут

5 – 7 сынып  – 15 – 20 минут

8 – 9 сынып  – 20 – 30 минут

Саяси ақпарат әртүрлі  уақытта өткізіледі : сабақ үстінде,сабақтан тыс , өз - өзін дайындау  кезінде.Саяси ақпаратты серуеннен кейін , ұйқыдан кейін , еркін түрде өткізуге ұсынылады.

Қысқа түрде  және өткен оқиғаны әңгімелеу,оқушылардың  қойған сұрақтарына  жауап беру әдістемелері қарастырылады.

 Өткізу  түрлері  : сұхбаттасу ; әңгімелеу ; теледидар  көру ; радио тыңдау ; көрмелер ; диспуттар  ; кештер ;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер

Л.И.Божович 50-жылдары көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім – «оқушының ішкі бағытын» баланың танымдық талабы  мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынтығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді. Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму – мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. А.Венгер (1978ж), Д.Б.Эльконин (1971, 1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж) еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы. Осылайша, мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.

Ерте мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың даму кризистары:

Интеллектуалды  дайындық, мұның негізгі шарты: көрнекілік және ойлау қабілетін дамыту, байланысты сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын бағыттау, психикалық процесстердің еркіндігі.

Мұндай  компоненттердің  болуы баланың ой өрісін дамытады, белгілі білім қорын бекітеді. Бала ойлауды қорыта білу керек, негізгі  логикалық операцияларды (талдау, қорыту белгілерін айыру заңдылықтарды аша білулері) есте сақтай білу керек.

Мұндай жаста, баланың ойлау қабілеті бейнелі  болып қалады, шындық іс-әрекетке бағытталып, белгілі бір затқа тіреледі. Баланың  танымдық іс-әрекеті де жақсы даму керек.

Жеке бастың дайындығы, мұнда оқушы жаңа әлеуметтік бағытты қабылдайды - құқығы және міндеттері бар оқушының жағдайы – оқуға деген ықылас болған да, сыныптастарымен, үлкендермен араласа білу қабілеті дамиды.

Егер мектеп баланы тек қана сыртқы жағымен қызықтырмай, жаңа білім берсе, танымдық іс-әрекетін дамытса, онда баланы мектепке оқуға дайын деуге болады. Болашақ оқушы өзін-өзі тәртіпті ұстай білуі, танымдық іс-әрекетін дамытуы,ынтасын қалыптастыра білуі қажет.

Жеке бастың дайындығы – баланың көңіл-күй  деңгейінің дамуында қамтиды. Жаңа оқуға барғанға дейін, баланың жақсы көңіл-күйі қалыптасуы керек (импульстік әсерлер болмауы керек,)сонда оқу іс-әрекеті жақсы дамиды.

Физикалық дайындық, баланың барлық мөлшерге сай, физикалық дамуын қамтиды.

Ерекше көңіл  – күй бөлетін жағдайлардың бірі – 7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың оқуға психикалық дайындығы, және мектепке дейін олармен арнайы түзете- дамыту жұмыстарының жүргізілу.  Осы мақсатпен «7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың мектепте оқуға дайындығының диогностикалық картасы » жазылып, ол 4 бөлікті қамтиды.

«7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың мектепте оқуға дайындығының дигностикалық  картасы».

1 бөлік: кеңістікті  қабылдау және емін – еркін  зейініне диагноз қою.

Емін- еркін  зейіннің, кеңістікте қабылдаудың  сенсомоторлық  бағыттың қалыптасуына диагностика – «Үй»

Балалар да дәл  үлгіде (қосымша сурет 1) көрсетілгендей үй салу керек.

1-ші, жеткілікті  деңгейге жататын балалар –  суретті қатесіз салғандар. Іске  кіріскенде ол балалар бар  зейінін жинақтайды. Суретке қайта- қайта қарап тексеріп отырады.

2-ші, жеткілікті  деңгейге жататын балалар –  2-3 қате жібергендер. Сурет салған  кезде олар өз қателерін біліп,  өздері түзетеді.

3-ші деңгейге  жататындар – сурет салғанда  зейінін басқаға аударып отырады,  сондықтан оларда қате де көп. Қателерін дәл көрсеткенде ғана түзетеді.

4-ші ең төменгі  деңгейге жататындар – суретке  қарамай өз бетімен жұмыс істейтіндер.  Оларда көп қате болады 4(қатеден  де көп). Қайта тексермейді, өз  қатесін өзі таба алмайды. 

 Мұндай балалар көбінесе үлгіге қарап сурет сала алмайды, оны көшіре алмайды.

Үлгіден көшіріп  салғанда қате болып есептеледі: 1 элементтің болмауы (қоршаудың оң және сол жағы ерекше бағаланады);1 элементті басқамен ауыстырып қою; сызықтардың үзіліп қалуы; қағаздан сызықтың шығып кетуі.

Ереже бойынша  қимылдау, зейін, өзін-өзі бақылау, кеңістікте бақылау, ұсақ моторикаға диагностика- «графикалық диктант».

Әдісті Д.Б.Эльконин жазған оның тәртібі аздап өзгертілген.

Балалар тор  көз дәптердің парағына графикалық ою салып, оны жолдың аяғына дейін жалғастыруы керек. Графикалық оюдың мысалы 1 қосымшада берілген. Тапсырманы орындағанда үлгіні дәл көшіру және оюды дұрыс салы бағаланады.

1-ші жеткілікті  деңгейге жататын балалар –  тапсырманы тұтастай, қатесіз орындағандар. Бұл балалардың зейіні бағытталған, өздері тексеріп отырады.

2-ші жеткілікті  деңгейге жататындар – осылайша  тапсырманы дұрыс орындап, бірақ  суретте кейбір сәйкессіздіктер  болып оны өздері түзетеді.

3-ші  жататындар  – бірінші сатыда қате жібермей, 2-ші сатыда өзін -өзі бақылай алмауы, бұл балаларда қиындық туғызады; ол балалардың тежелуі жоғары, зейіні шаршап қалады. -

4-шіге – басынан  бастап оюды көшіріп сала алмайды  дағдысы қалыптаспаған зейіні  нашар кеңістікте бағдар жасай  алмайтын балалар.

Қабылдау және тану, көргенді уақытша есте сақтау процестерін зерттеу- «Бейнені тану». Тапсырманы алған соң , суреттегі бейнені дұрыс қарап бірінші жетілікті деңгейдегі балалар барлық зейінін суретке бағыттап оның әр бір элементтерін мұқият көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы білім  беретін мекемеде ой қабілеті өспей  қалған баланы қабылдай отырып оның тағдырына  оның ата-анасын оқытып тәрбиелеу ұстаз-мүмкіншіліктеріне жауапты болу керек. Қазіргі уақытта ой - қабілеті өспей қалған балалар көпшілік балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге жиі түсіп отырады.  Диагнозының мінездемесіне қарамай, ата-ана баланың қалыпты дамуының тәрбиесін қалайды. Қалай болса да ата-аналардың таңдауын құрметтеу керек. Осындай баламен кездесуіне және әрекеттесуіне тәрбиеші мен ұстаз жақсы маман болуы керек.

Информация о работе Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары