Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
• тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
• бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
• негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР…………………………………..5
1.1 Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері……………………………………………………………………5
1.2 Жалпы педагогикалық әдістер......................................................................10
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны.............................................................................................16
ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР....22
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және
тәжірибелік қағидалары.....................................................................................22
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық
Құжаттамалар......................................................................................................26
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер.......................30
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курсовая.арнайы педагогика.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

Осы себептердің  бәріне, тағы бір себепті қосуға болады, ол: жаман оймен педагогтардың  біреуі ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай себепті тез арада таба алмайды, және оңай емес.

6. Ұматшақтықты  түзету.

Ұмытшақтық - әртүрлі  себептерге байланысты:

1) Үнемі неше  түрлі ойлар алмасып отырады,  көңіл – күйі өзгеріп тұрады, ми бос болмайды.

2) Үдемелі көңіл  аудару. Ньютон, Данте, Спиноза тәрізді ұлы адамдардың ұмытшақтығы туралы әңгімелер белгілі. Бұлардың ойлары бір – ақ нәрсе бағытталған, басқасын ұмытып қалады. Балалар қатты қызығып ойнағанда, математика, әдебиет, музыка, спортпен айналысқанда басқасына көңіл бөлмейді.

3) Қатты қорқыныштан соң – ұмытшақ болады.

4) Невро –  психопаттық, жыныстық дамымау  себеп болады.

5) Физикалық ауруларға  байланысты.

Әр бір жағдайға байланысты жоспар құрып, оны түзетуге тырысу керек. Бірінші жағдайда, баланың тәртібін біріктіру керек, екінші жағдайда, басқа да қызықты істерді үйрету керек. Қорқыныштан арылту – түзету бөлімінде айтқандай көмек керек. Басқа жағдайларда – нерв жүйесін, организмді сауықтыру қажет.

7. Ұялшақтықты түзету.

Ұялшақтық –  баланың мінезіндегі кемшілік, аяқ  астынан пайда болмайды, ол үнемі, кіммен кездессе де болады.

Ұялшақтық –  бұл психикалық ауыр жағдай, ойлауға  әсерін тигізеді, ойлау қабілетін  тежейді, көңіл – күйге әсер етіп, аяқ – қолдың, бастың артық, қимыл жасауына әкеледі, ыңғайсыз күйге түсіреді. Ұялшақтық әркімде де болады, мысалы, сүйетін, сыйлайтын адамыңмен сөйлескенде; өзіңнен ақылды, талантты, атақты адаммен сөйлескенде; билікте отырған адаммен; ойың шатасады, тілің күрмеліп, не айтып, не қойғаныңды білмей, сезімің тұйықталып, қимылың ыңғайсыз болады. Осының бәрі - ұялшықтық.

Француздың  зерттеушісі Анри Дюга ұялшақтықтың 3 түрін айтқан: ақыл – ой, жігер, көңіл – күй.

Балаларда ұялшақтық  үлкен адамдар, немесе бөтен адамдар  отырғанда болады. Бұл кейде, психастенияның бір түрі болады.

Ұялшақтықтың  міндеті, балаларды үлкендермен  қарым – қатынаста тәрбиелеу.

Осы мақсатта балаға көптеген тапсырмалар беріледі: кез  – келген затты танымайтын кісіге апару тапсырылады; кез – келген адамға сөзбен бір нәрсе айту тапсырылады; Осындай тапсырмалар күннен – күнге қиындай түседі; бала таяау арадағы дүкенге барады, поштаға т.с.с. Тапсырмалар жақсы нәтиже бере бастайды. Ұрсып, қорлап баланы жұмсауға болмайды, онда оның ұялшақтығы тіпті өсе түседі; біз ең алдымен ұялшақ баланың өзіне - өзін сендіруіміз керек.

8. Жаман ойлар  мен іс әрекетті түзету.

Осындай кемшіліктермен баланың мінезін түзету үшін, өзіне - өзі сенімді, мықты қатынас қажет. Бұл жерде тұрақсыз, көңілшек балалар  туралы, айтып отырмыз, бұлардың ішінде жоғары интелектілі балалар да болуы мүмкін. Бала, әрқашанда оны түсінетіні, оның басқаша істей алмайтынын, біліп тұрғанын, ол басқаша ойлай алмайтынын, білетінін сезіну керек.

Жыныстық жағынан  дамыған балаларды айтқанда, неміс  педагогы Август Хамбургер өте сақ  болу керек деп айтады, өйткені ойланбай айтылған әр бір сөз, сенімсіздікке әкеледі.

Бұл жас өспірім  балаларды жүйелі түрде жаман  ойдан аулақ ұстау қажет, оларды әр түрлі сабақтарға, жұмыстарға қатыстыру керек; әрқайсысына қызықты сабақтар өткізу керек;

Таза ауада  еркін ойнату, ішкі күйзеліске маторлық күш беру, ауыр көңіл – күйін  жеңілдету, қуаныш сезім пайда болу. Спорт пен дене тәрбиесі, қатты  жөкемен денесін ысқылау, ваннада ыстық – суықты алмастыру.

Дегенмен осы  әдістерде біртіндеп істеу керек, жаман ойды түзету кейде баланың  қорқынышын үдетуі мүмкін, онда оның ауытқуы  арта түседі. Мұндай жағдайда баланы арнайы мекемеге апару керек деген дәрігердің кеңесін байқап, дұрыс ойластыру керек.

9. Профессор  П.Г. Бельскийдің әдісі.

Қиын балаларға  жекеше әсер етудің әдісін Бельский құрастырған:

1. Тәрбиешімен  баланың арасындағы достық байланыс, жұмыста күн тәртібіне жақын  адам үшін бағыну, оған қуаныш  әкелу, өзіне де қуаныш әкелу.

2. Катарзис –  психиканы бұған дейінгі жаман  оқиғадан тазарту; баланың басқа  форманы – пайдалы кеңесті  қабылдауы.

3. Көңіл –  күй энергиясының біртіндеп, катарсизтен  босауы, жаңа әлеуметтік мақсатқа  ауысуы:

а) көңіл –  күйдің, өзіне жақын, мысалы, спортпен айналысуы; физикалық мазохизмнен – психикалық; нарциссизмнен (өзін - өзін көрсету) – драмалық жұмысқа, әртүрлі рольдерді ойнауға т.с.с.

б) көңіл –  күйдің мақсатты белгісінің өзгеруі (мысалы, ақырын ызаның әлеуметтік феноменге  қатысты ызаға ауысуы), жауапты қызметті күресу үшін өзін - өзі басқаруға тапсыру.

в) көңіл –  күйді қарама - қарсы бағыттау: ызақорлық, садизм – адамдарға, жануарларға, педагогтардың  әсері, ауруды күту, жас балаларды  күту;

г) өзіне қарай  бағытталған көңіл – күйді  ашу, әлеуметтік араласу арқылы: коллективпен, жақын досыңмен, кішігірім топпен араласу. Бұл, әсіресе онанизммен айналысқанда, өзін - өзі жақсы көру, нәтижесінде бір кезде өзі жақсы көрген адамдарын (шешесін, әкесін) жек көру.

4. Баланы педагогтың  жеке тәрбиесінен алып, тұтастай энергиясын коллективке бағыттау. Бұл жағдайды, тіпті көп жыл қызмет еткен педагогтар да істей алмайды, (өйткені жақсы көрген адамынан кету өте қиын). Бұл ажыратудың мақсаты белгілі, өйткені сүйікті адаммен жақын болу, оның энергиясын коллективке бағыттауға бөгет жасайды. Бұдан басқа, жолы болмаған соң, тәрбиешінің жанында қалу. Бұл болмаса, ауру болып - өзін - өзі қорғау (ауру болған соң жұмыс істей алмайды, бәрі оның жанында күтіп жүреді, оған көмектеседі).

П.Г. Бельскийдің  айтуынша, жеке істердің бәре де коллективте және балалардың коллективінде өтуі керек, дұрыс ұйымдастырмаса жұмыс дұрыс жүрмейді.

10. Қаңғыбастықты  түзету.

Қаңғыбастық және оны түзету педагог дефектологтарды  қызықтыру қажет, бұл дефект тек  біздің елде ғана емес, шет елде де тараған.

Қаңғыбас балалардың қашу себебі – олардың арасында ауыр психикалық аурумен ауыратындары да бар. Бала үйден қашып кеткенде бір неше күннен кейін қайтып келеді, (немесе алып келеді), және неге қашқанын түсіндіре алмайды.

Мұндай қаңғыбастықтың негізгі себебі – жыныстық бұзылу, наркотикке құмарлық.

Тағы бір  себебі: екі психикалық ауру – циклотимия және шизофрения.

Веналық профессор  Август Рейсс айтқан – бейімделген  қаңғыбастық – ерекше психопаттық  күйде болады.

Қаңғыбастық –  биопаттық себептерге байланысты болады және әлеуметтік жағдайларға байланысты (жоқшылық, жетімдің, ұрыс, езгі, психикалық индукция, семьядағы кикілжің т.б.) қаңғыбастықтың бұл түріне біз көңіл аудармаймыз.

Түзетудің мақсаты  баланың нерв жүйесіне зақым беретін  әсерді, негізгі ауруды емдеу.

Әр жағдай ерекше психопатологиялық бағыны талап етеді, жеке емдеуді қажет етеді. Бұл үшін әр оқиғаны жеке тексеру керек.

Қазіргі кездегі  бақылаудың нәтижесінде, кружоктарға, ұйымдарға қатысқан балалар жаман  қылықтан тез арылып, дұрыс өмірге араласы – дұрыс балалар коллективіне қосылады.

Балаларды топтарға бөліп, ол топтың әрқайсысында балалар  аз болуы керек, педагогтар жеткілікті болып, тәрбиеші, инструктор, бәрі бір  бағытта жұмыс істеуі керек.

Дұрыс қойылған – ой жұмысы және физикалық жұмыстар, және ұйымдасқан шаралар балаға жақсы көмек етеді.

Әртүрлі шығармашылық жұмыстар, экскурсиялар, ойындар –  балаға жақсы әсер қалдырады.

11. Өзін - өзі  түзету.

Бәрімізге белгілі  дұрыс балалардың мінезін тәрбиелеуде  жемісті нәтиже беретін әдіс - өзін - өзі тәрбиелеу. Бұл ұстаным тәжірибеде дәлелденген, бұзық балаларға да қолданады: өзіңді - өзің дұрыс тәрбиелеу, ақауларды түзету. Осыдан барып өзін - өзі түзету термині шыққан; бұл түзету үміттсіз емес, баланы өзін - өзі түзетуге ерте жастан бейімдеу керек.

Бала өзінің кемшіліктерін, олқы жерлерін сезініп түсінуі керек, және барлық тәсілдерін осы кемшіліктерді жоюға бағыттау. Бұл балалар өздерінің жақсы қасиеттерінің көбейіп, жаман жақтарын түзеуге бейімделген.

Мекемелерде, от басында, тәрбие жұмысы дұрыс қойылуы  керек, балалар өз кемшілігімен өзі күресіп, өзі түзетуі қажет.

Баламен сөйлескенде  айту керек, егер ол өзін - өзі түзеткісі  келсе, онда оның өзін - өзі емдеуге  шамасы жететінін, өйткені оның талабы зор. Бұл әдісті баланы қоршаған адамдар  бәрі қолдануы керек.

ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР

2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары

Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары.

Қазіргі заманғы  арнайы психология пәнінің негізгі  ғылыми және тәжірибелік қағидалары:

  1. Объективтілік қағидасы – бұл психикалық көріністерді зерттейді; ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық ережелерге сәйкес талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сүйену.
  2. Кешенділік қағидасы – бұл дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалық тексеру болып табылады.
  3. Жоспарлылық қағидасы – бұл баланы жүйелі түрде зерттеу болып табылады.
  4. Детерминизм қағидасы – бұл кез келген құбылыстың өзіндік себептері бар деген сөз.
  5. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы.Бұл , яғни даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктер себептерін анықтау қажеттілігі.Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім қажет.Сонымен бірге  , психолого-педагогикалық мәліметтер қажет. (Әлеуметтік қағида.)
  6. Генетикалық қағида – бұл динамикалық, яғни баланың психикасын жалпы даму барысында , іс-әрекет барысында зерттеу.
  7. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы.Бұл, яғни бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.
  8. Талдау-жинақтау ( анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық екінші асқынулар.

Арнайы психологияның  негізгі категориялыры :

  1. Коррекция – психолого-педагогикалық және емдеу –сауықтыру шараларының жүйесі. Бұл жүйе баланың психикасының және дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.
  2. Компенсация – орнын толтыру, бұл күрделі, көп деңгейлі процесс.мұнда зақымданған және жоғалған функцияларды қалпына келтіру мен алмастыру енеді.
  3. Әлеуметтік бейімдеу – бұл кемтар балаларды әлеуметтік ортаға қосу.
  4. Реабилитация – кемтар баланың қоғамда өмір сүруге бейімделуі.

Л.С. Выготский  арнайы психологияның негізін қалаушы  болып табылады.Себебі, аранйы психология негізінде Выготскийдің бірқатар заңдары бар. Олар :

1. Оның пікірінше,  сау бала мен кемтар бала  бірдей заңдылытармен дамиды.

2. бірінші кемістік  пен екінші кемістік құрылымдарындағы  зақымданулардың байланысы.

3. «Жақын даму  зонасы немесе аймағы» .

4. Оқыту мен  дамудың сәйкестілігі.

5. Выготскийдің  әлеуметттендіру бағдарламасын  жасау.

6. Интеллект  мен аффектінің сәйкестілігі.

Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар болып табылады.

Л.И.Божович 50-жылдары  көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір  деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім  – «оқушының ішкі бағытын» баланың танымдық талабы  мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынтығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді.  Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму – мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы.  Осылайша, мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.

Психологиялық дайындық құрылымынға жататын компоненттер:

Интеллектуалды  дайындық, мұның негізгі шарты: көрнекілік және ойлау қабілетін дамыту, байланысты сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын бағыттау, психикалық процесстердің еркіндігі. Мұндай  компоненттердің болуы баланың ой өрісін дамытады, белгілі білім қорын бекітеді. Бала ойлауды қорыта білу керек, негізгі логикалық операцияларды (талдау, қорыту белгілерін айыру заңдылықтарды аша білулері) есте сақтай білу керек. Мұндай жаста, баланың ойлау қабілеті бейнелі болып қалады, шындық іс-әрекетке бағытталып, белгілі бір затқа тіреледі. Баланың танымдық іс-әрекеті де жақсы даму керек.

Жеке бастың дайындығы, мұнда оқушы жаңа әлеуметтік бағытты қабылдайды- құқығы және міндеттері бар оқушының жағдайы – оқуға деген ықыласы болған да, сыныптастарымен, үлкендермен араласа білу қабілеті дамиды. Егер мектеп баланы тек қана сыртқы жағымен қызықтырмай, жаңа білім берсе, танымдық іс-әрекетін дамытса, онда баланы мектепке оқуға дайын деуге болады. Болашақ оқушы өзін-өзі тәртіпті ұстай білуі, танымдық іс-әрекетін дамытуы,ынтасын қалыптастыра білуі қажет. Жеке бастың дайындығы – баланың көңіл-күй деңгейінің дамуында қамтиды. Жаңа оқуға барғанға дейін, баланың жақсы көңіл-күйі қалыптасуы керек(импульстік әсерлер болмауы керек,)сонда оқу іс-әрекеті жақсы дамиды.

Информация о работе Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары