Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
• тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
• бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
• негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР…………………………………..5
1.1 Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері……………………………………………………………………5
1.2 Жалпы педагогикалық әдістер......................................................................10
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны.............................................................................................16
ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР....22
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және
тәжірибелік қағидалары.....................................................................................22
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық
Құжаттамалар......................................................................................................26
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер.......................30
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курсовая.арнайы педагогика.doc

— 191.50 Кб (Скачать)


                                               МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3

І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР…………………………………..5

1.1 Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық

 ерекшеліктері……………………………………………………………………5

1.2 Жалпы педагогикалық әдістер......................................................................10

1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны.............................................................................................16

 

ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР....22

2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және

 тәжірибелік қағидалары.....................................................................................22

2.2  Арнайы  білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық

 Құжаттамалар......................................................................................................26

2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер.......................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34

 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ..........................................................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі  қаралып жүрген негізгі мәселелердің бірі ой-қабілеті артта қалған балалардың ой-өрісін дамыту,оларға айрықша көмек  көрсете білу.Сол себепті де көптеген ғалымдар өз ойларын қосқан. Л.С.Выготский айтқандай, оқу баланың біреуге ұқсауы емес өзінің ой өрісін дамыту, жеке тапсырмаларды орындай алу қабілетін дамыту.Осылайша Выготский айтқандай, баланың даму бағасын 2 көрсеткішпен белгілеуге болады: қиын тапсырманы орындағанда көмек ала білу және әрі қарай өздігінен есептерді шығара білу . Осы 2 талап диагностикалық тапсырмаларға белгілі әдістемелік жағдайларды кіргізуді жобалайды. Негізгі тапсырма тым жеңілде емес болмауы керек. Диагностикалық тапсырманы орындағанда баланың іс-әрекетінің нәтижесіне, мұғалім көмек көрсетсе, бақылау керек. Екінші талап- бұл баланың өзі орындай алатын қосымша ұқсас тапсырма беру.

Педагогикалық диагностика жасағанда кездесетін қиындық- бақылау жұмысына талдау жасау.

Диагностикалық  жазба жұмыстары оқу- жылының  басында жылда өткізіледі. Бұл  жұмыстардың негізгі міндеті  мыналарды табу:

  • тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
  • бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
  • негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының  даму деңгейін анықтау.

  Л.И.Божович  50-жылдары көрсеткендей, мектепке  оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің  белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық  қызығуына, оқушының әлеуметтік  бағытына байланысты. Божовичтің  айтуынша ерекше жаңа білім  – «оқушының ішкі бағытын» баланың танымдық талабы  мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынтығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді.  Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму – мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы.

Бұл жұмыстың өзектілігі болып мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді. Зерттеудің негізгі обьектісі ой-қабілеті өспей қалған балаларды топта немесе сыныпта қалыпты дамып келе жатқан балалардың ішінде өзіне ерекше көңіл бөлу керектігі.Зерттеудің негізгі пәні: «Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар»

Арнайы білім  берудегі қазіргі арнайы құралдар анықтау  жұмыстың мақсаты болып табылғандықтан, төмендегілер курстық жұмыстың міндеті  болып табылады:

- Оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудағы жаңа әдістер арқылы түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен жалпы педагогикалық әдістерін анықтау;

- Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орнын сипаттау;

- Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар және арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидаларын дәлелдеу;

-  Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттамалар мен балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдерді анықтау.

Негізгі әдістері болып ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, көңіл-күйдің дамуы.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР

1. Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

 

Қазіргі кезде үлгерімі нашар оқушыларды іріктеп, сыныптарға не топтарға бөліп, онда бұларға әрі қарай оқуына көмектесетін кейінірек әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау ерекше әлеуметтік немесе педагогикалық мәні бар мәселе болып отыр. Психологиялық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде үлгермейтін оқушылардың кейбір категорияларын зерттеуге байланысты еңбектер пайда болды (Г.Ф.Кумарина, Н.А.Менчинская, С.Г.Шевченко т.б.).

Дифференциалды  оқыту жүйесі қазір қалыптасу үрдісінде арнайы мектептер және сыныптардың соңынан психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған басқа да нысандары және құрылымдары пайда бола бастады. Бұлар оқуы қиынға түскен балаларға арналған, орнын толтыру реабилитация, педагогикалық қолдау. Бұл сыныптарда оқушыларды қолдауға арналған көптеген бағдарламалар оқу процесінің түрлі құралдарымен толықтырулары: (психологиялық, логопедтік, түзеу логопедтік) жасалған.

Қазіргі қоғамның келер ұрпақты  білім беру дайындауға қойған талабы стандартты білім, білік, дағдылардың көлемін меңгерудің дифференциалды жолын тауып  оның мақсаты мен мазмұнын және меңгеру мерзімін дұрыс қарамай шешу мүмкін еместігіне көз жеткізді. Бұл мәселені шешудегі біздіңше дұрыс бағыт интеграциялау және дифференциалдық оқыту мейлінше байланыстырып қалыптасқан әдеттегі білім жүйесінде түзете дамыта оқыту арқылы жалпы білім беретін мектептер жанынан арнайы сыныптар ашу. Бұл концепцияны түзету педагогикасы институтының қызметкерлері (Н.Н.Малофеев, С.С.Шевченко және т.б.) жасап оны қазіргі таңда көптеген жалпы білім беретін мектептер қабылдап отыр. Бұл концепцияға сүйенсек коррекциялық (түзете дамыту) педагогикалық процестерді жасау дамудағы жағымсыз тәрбие түрін, жою немесе оның алдын-алу үшін комплексті түрде емдеу, жеке емдеу, емдеу профилактикалық жұмыстар арқылы балалардың дене бітімін қатайту, жалпы түзеу, оқу-тәрбие процесін және жеке, топтық жұмыстарды оқушының ерекшелігіне сәйкес, кемшілігіне сәйкес арнайы мамандар жүргізеді (логопед, психокоррекция). Түзете дамыта оқыту сыныптарында жұмыс жүйесі мектепке дейінгі жетіспеушілікті қалпына келтіруге бағытталған және осындағы оқу процесінде жіберілген ағаттықтардың орнын толтыруға бағытталған. Эмоциялық жеке бас сферасындағы жағымсыз ерекшеліктерді жеңу оқу жұмысын дұрыстап жақсарту, еңбек қабілетін көтеру, таным-білімін белсендендіру.

Түзете дамытуда оқытуды төрт негізгі бағытта ұйымдастырып жүзеге асыруға болады: анықтау (диагностика), кеңес беру (консультативтік), түзете дамыту (коррекционды-дамыту) және тәрбиелеу.

Емдеу профилактикалық және әлеуметтік еңбек түзете дамытудың бастапқы сатысындағы сыныптарда оқыту 3-тен 8 жылға созылады. Ол балалардың мүмкіндіктеріне және оқудағы табысына сәйкес.

Түзете дамыта оқыту сыныптарында оқуы қиындық туғызатын түрлі биологиялық және әлеуметтік себептерге байланысты (ми функциясының бұзылуының салдарынан жеңіл түрде көрінген орталық нерв жүйесінің жетілмегендігі, психофизикалық инфантилизм яғни эмоциялық ерік сферасындағы жетіспеушілік, соматикалдық әлсіздік, церебрастикалық жағдай, сондай-ақ баланың алдағы даму кезеңіндегі келеңсіз әлеуметтік жағдайға байланысты педагогикалық бетімен кеткендік) айқындалған балалар оқытылады.

Бұл балалардың қиындығы өзіне  аз көңіл бөлінгендіктен эмоционалды-еріктік  регуляция функциясының дамымағандығынан өзін-өзі бақылай алмағандықтан оқу мотивациясының төмендігімен жалпы білім алудағы бейжайлық, сондай-ақ жеке психикалық процестердің дамымауынан – қабылдау, еске сақтау, ойлау, сөйлеу тілінің жеңіл түрдегі кемістіктері, моторикасының бұзылуы, қимылдық коррекциясының дұрыс болмауы еңбек қабілетінің төмендігі қимылының тежелуі және қоршаған орта туралы   танымының шектеулі болуына байланысты болып отыр. Оқу бағдарламасы бойынша дұрыс дамымаған жағдайда мектептің психо-дәрігерлік, педагогикалық консилиумының шешуімен және ата-аналардың келісімімен арнайы сыныптарға ауыстырылады.

Мектептегі математика пәнінен үлгермеушілерге талдау жасаудың маңызы артады. Математика пәнінен  үлгермеудің басты себебі:мектепке дейінгі дайындықта пәнді жөндеп жүргізбегендіктен.

Танымдық іс-әрекеттің  ерекшеліктері ойлау қабілетінің  дұрыс қалыптаспауынан көрінеді, талдау, салыстыру, қорыту, сөздік байлығының аз болуы, ұсақ моторикасының дамымауы. Сондықтан да, жаңа материалды түсіндіргенде  де, оны бекіткенде де,- жеке оқыту  керек.

Педагогикалық диагностиканың ерекшелігі- балаларды  математиканың әр сатысына үйрету: 6-жаста мектепке келген де, 1-2 сыныпта  оқыған кезде. Оқи білу – бұл білімді, білікті, дағдыны дұрыс меңгеру, білімді әрі қарай жалғастыру.

Теория жағынан, оқу- адамның ерекше жылдамдықпен дәлдікті есте сақтау, қабылдау, түрлендіру.(З.И.Калмыкова).

 Педагогикалық  диагностиканың мақсаты- оқушының  оқи білуі және оны оқыта  білу- бұл оқу сапасын жақсартады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты-  оқудың сапасын тексеру, қателерін табу, ол қателерді түзету.

Оқушылардың біліміндегі  кемшеліктерді тауып, оның біліктілігін арттыру.

Л.С.Выготский  айтқандай, оқу баланың біреуге  ұқсауы емес өзінің ой өрісін дамыту, жеке тапсырмаларды орындай алу қабілетін дамыту.Осылайша Выготский айтқандай, баланың даму бағасын 2 көрсеткішпен белгілеуге болады: қиын тапсырманы орындағанда көмек ала білу және әрі қарай өздігінен есептерді шығара білу . Осы 2 талап диогностикалық тапсырмаларға белгілі әдістемелік жағдайларды кіргізуді жобалайды. Негізгі тапсырма тым жеңілде емес болмауы керек. Диогностикалық тапсырманы орындағанда баланың іс-әрекетінің нәтижесіне, мұғалім көмек көрсетсе, бақылау керек. Екінші талап- бұл баланың өзі орындай алатын қосымша ұқсас тапсырма беру.

Педагогикалық диагностика жасағанда кездесетін қиындық- бақылау жұмысына талдау жасау.

Диагностикалық  жазба жұмыстары оқу- жылының  басында жылда өткізіледі. Бұл  жұмыстардың негізгі міндеті  мыналарды табу:

  • тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
  • бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау;
  • негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының  даму деңгейін анықтау.

Л.И.Божович 50-жылдары  көрсеткендей, мектепке оқытуға дайындық ойлау іс-әрекетінің белгілі бір деңгейіне байланысты,танымдық қызығуына, оқушының әлеуметтік бағытына байланысты. Божовичтің айтуынша ерекше жаңа білім – «оқушының ішкі бағытын» баланың танымдық талабы  мен жаңа деңгейдегі қарым-қатынас талабының жиынлығы деген. Н.И.Гуткинаның еңбектерінде негізгі орын мектепке оқытуға ықыластану дейді.  Автор психикалық процестердің және тәртіптің еркіндігіне көп көңіл бөледі, ал нашар даму – мектепте оқытуға қиындық туғызатын негізгі себеп дейді. Л.А.Венгер(1978ж), Д.Б.Эльконин (1971,1981ж) және А.Л.Венгер (1985ж)еңбектерінде баланы мектепке оқытуға дайындықтың негізгі шараларының кейбіреулерін атайды: оқу іс-әрекетінің қалыптасу себептерінің болуы (тәртіпке бейімделу, тыңдай білу, нұсқауды орындау, үлгі бойынша жұмыс істеу), психологиялық реттеудің жаңа деңгейіне жету, ойлау қабілетін дамыту, көрнекіліктің, ықыластың, және көңіл-күйдің дамуы.  Осылайша, мектепте оқытуға дайындық компонентті құрылым, кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді.

Психологиялық дайындық құрылымынға жататын компоненттер:

  1. Интеллектуалды дайындық, мұның негізгі шарты: көрнекілік және ойлау қабілетін дамыту, байланысты сөйлеу, қолдың ұсақ моторикасын бағыттау, психикалық процесстердің еркіндігі. Мұндай  компоненттердің болуы баланың ой өрісін дамытады, белгілі білім қорын бекітеді. Бала ойлауды қорыта білу керек, негізгі логикалық операцияларды (талдау, қорыту белгілерін айыру заңдылықтарды аша білулері) есте сақтай білу керек. Мұндай жаста, баланың ойлау қабілеті бейнелі болып қалады, шындық іс-әрекетке бағытталып, белгілі бір затқа тіреледі. Баланың танымдық іс-әрекеті де жақсы даму керек.
  2. Жеке бастың дайындығы, мұнда оқушы жаңа әлеуметтік бағытты қабылдайды- құқығы және міндеттері бар оқушының жағдайы – оқуға деген ықыласы болған да, сыныптастарымен, үлкендермен араласа білу қабілеті дамиды. Егер мектеп баланы тек қана сыртқы жағымен қызықтырмай, жаңа білім берсе, танымдық іс-әрекетін дамытса, онда баланы мектепке оқуға дайын деуге болады. Болашақ оқушы өзін-өзі тәртіпті ұстай білуі, танымдық іс-әрекетін дамытуы,ынтасын қалыптастыра білуі қажет. Жеке бастың дайындығы – баланың көңіл-күй деңгейінің дамуында қамтиды. Жаңа оқуға барғанға дейін, баланың жақсы көңіл-күйі қалыптасуы керек(импульстік әсерлер болмауы керек,)сонда оқу іс-әрекеті жақсы дамиды.
  3. Физикалық дайындық, баланың барлық мөлшерге сай, фихикалық дамуын қамтиді. Ерекше көңіл – күй бөлетін жағдайлардың бірі – 7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың оқуға психикалық дайындығы, және мектепке дейін олармен арнайы түзете- дамыту жұмыстарының жүргізілу. Осы мақсатпен «7 жасар психикалық дамуы тежелген балалардың мектепте оқуға дайындығының диогностикалық картасы » жазылады.

Информация о работе Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары