Саяси жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 18:24, реферат

Описание работы

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

I. КІРІСПЕ
а) тақырыптың зерттеу пәні
б) ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
в) Қоғамдық мақсат-мүддесі
II. Негізгі бөлім
а) ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
б) САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ
в) ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛі
г) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

самарханова айгул.docx

— 41.95 Кб (Скачать)

                   ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  
                                 УНИВЕРСИТЕТІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 

      Тақырыбы:Саяси жүйе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                       Орындаған:Самарханова Айгул

                                               Тексерген:Төлен Женісбек 
 

                                           
 
 
 

                                                  Жоспар 

  1. КІРІСПЕ

    а)  тақырыптың зерттеу  пәні

    б) ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

    в) Қоғамдық мақсат-мүддесі   

  1. Негізгі бөлім

    а) ҚОҒАМНЫҢ  САЯСИ  ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ

      б) САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ

       в) ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛі

      г) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ  
     

  1. ҚОРЫТЫНДЫ
 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

Саяси жүйе - елдің  саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың  біртұтас кешенде қарастырылуы. Қоғамның саяси жүйесі    - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің  ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы  ең орталық буыны  - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Саяси жүйенің  элементтерінің даму процесінен қоғамда  әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.

    1)  Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.

    2)  Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.

    3)  Демократиялық саяси жүйелер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т.б.

    4)  Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл  жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси  биліктің мазмұнын толықтырып, олардың  орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында елімізде азаматтық  қоғамды қалыптастырып, демократиялық  зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл  бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.

Қазіргі таңда  біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз  өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының  алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика  құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған  елдер қатарына қосылу міндетін қойып  отырмыз.

Бүгінгі күн  тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің  таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау  жөніндегі ұлығаусар міндеттерді  еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.   

тақырыптың  зерттеу пәні

        Қоғамдық жүйелік зерттеудің  мейлінше толық үлгісі американдық  әлеуметтанушы Талкотт Парсонстың  еңбектерінде қарастырылған. Ол  әлеуметтанушы  жүйелік функционалдық  мектептің негізін қалаушы болып  саналады. Оның анықтамасы бойынша,адамдар   кауымдастығындағы индивидтердің   әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады,сондыктан  да, «жүйе» және «функция» ұғымдары  коғамды зерттеудегі негізгі  әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын,коршаған  ортаны өзгерте алатын белсенді  қызметімен антропологиялық әрекет  биологиялық және физикалық әрекеттерден  ерекшеленеді.

      Т.Парсонс  қоғамды салыстырмалы  тұрғыдағы аспектілерге (құрылым  және функция) не құрылым ретінде  қарастырады.

     Функция  құрылымды әлеуметтік процеске,белгілі  бір тұтастыққа байланыстырады.Жүйенің  негізгі функциялары: бейімделу,максатка  жету,біріктіру,үлгіні колдау. Бұл  функциялар саяси жүйенің экономикалык  саяси,құқықтық, моральдық идеологиялық  тармактарында жүзеге асады. 

   Парсонстың  әлеуметтік жүей теориясын арналған  енбектері: «Структура социального  действия» (әлеуметтік әрекет  құрылымы), «Әлеуметтік жүйе», «Әрекеттің  жалпы теориясын құру», «Әрекет  теориясы және адамзаттың ғұмыр  кешуі», «Қазіргі қоғамдар жүйесі».

      Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын  енгізген және оны жеткілікті  түрде талдаған Канада саясаттанушысы  Давид Истон болды. Оның қарастырылып  отырған проблемаға арналған  енбектері: «Политическач система,введение  в область политической науки  (саяси жүйе,саяси ғылым кіріспе)  

    Истон  саяси  жүйе теориясына іштей тән бірнеше  сипаттарды бөліп карастырады:

  1. қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесі ретінде көрінеді.
  2. саяси жүйе бос кеністікте емес,керісінше физикалык, биологиялык,әлеуметтік,психологиялык қоршауда болады.
  3. саяси жүйе ашык,себебі ол-әлеуметтік жүйенің бір бөлігі және аукымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.
  4. саяси жүйенің өміршендігі қоршаған ортаның теріс әсерлеріне жауап кату қабілетшілігімен және өзгерген жағдайларға бейімделе алуымен аныкталады.
  5. саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтік өмірдің тұрактылығы мен тұрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сактау алу болып саналады.
 
 
 
 

Даму  заңдылыктары

  Адам қоғамының  тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері  қалыптасқан, аз болса да өмір  сүрген.

Қазіргі заманда  мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл  объективтік  прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің  төрт бағыты болады.

-  институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:

- реттеуші- құқық, саяси  нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;

-  функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;

-  идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйенің  негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси  іс- әрекет, саяси сана және саяси  мәдениет.

Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің  дамуының негізгі шешуші себептері  сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар  өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы  үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның  нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.

Қоғамның саяси  жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды  дамуына жауапты және сол жауапты  жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық  мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.

Сонымен жүйенің  даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам  өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси  жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

 Қоғамдық мақсат-мүддесі

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы  дамуға, нығабға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл  одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық түрде  ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз  тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл  бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы  даму үшін оның  ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.

«Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деп Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай  алмайды, қолындағы барлы, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».

Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі  белгілері:

-       саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;

-       қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың қалыптасуы;

-       адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;

-       қоғамдық мүдде- мақсат, тілек арқылы қарым- қатынастарды- басқару;

-       қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.

Қоғам - саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау  үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде  бірігуі.

Адамның объективтік  тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше  түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық  қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен  бірге дамып келе жатқан азаматтық  қоғаи. Қоғамның басқа түрлері тез  құрылып, тез тарап жатады. Олардың  өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі  көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке  созылмайды.

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық  құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамда  үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің  барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Информация о работе Саяси жүйе