1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:21, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар....................................................9
1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар...............................................................................9
1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері......................
ІІ–тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы даму жане басты мәселелердің шешілуі..........48
2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі....................................................................
Қорытынды....................................................................................69
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.......................73

Работа содержит 1 файл

1991-2001 жылд казакстаннын алеуметтик -экон дамуы.docx

— 70.85 Кб (Скачать)

Әлеуметтік проблемадағы тағы бір  шешімін табатын мәселе – ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде, Арал, Семей полигоны сияқты эконогиялық  апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратын жоқ, ол жерлердің ьарлығында негізінен өзіміздің қандастарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті дәрежеде шешпей, Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын.

 

Қортыныды

 

Еліміз президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жүз жылға татырлық – он жыл» - деп  атап көрсеткеніндей [3,216-б.] қиын, қайшылықтары мен қуанышты сәттері бірге жүрген Тәуелсіз Қазақстанмыздың егемендікке  қол жеткізген күнінен бастап дамуының алғашқы белесі -  он жыл  ішіндегі әлеуметтік – экономикалық дамуына төмендегідей тұжырым жасауға  болады.

1991 жылы 16 желтоқсанда біз тәуелсіздікке  қол жеткіздік. Сонымен бір  уақытта 80 жылдың соңынан ыдырай  бастаған орталықтық жүйенің  салдарынан экономиканың құлдырауына  тап болғандықтан елдің экономикалық  негіздерін түбірінен өзгертуге  тура келді Алғашқы кезде дұрыс  шешімін таппаған экономика терең  дағдрысқа ұшырады. Инфляция шарықтады.  Банк жүйесінің кембағалдығы  саланы тұқыртып, төлемдік функцияларын  атқаруы айларға созылып кетті.  Қазақстанда 1990-1994 жылдары өнеркәсіп  өнімі өндірісінің көлемі тең  жартысына кеміп кетті. Ауыл  шаруашылығында құлдрау үштің  біріне дейін жетіп, ал көлік  тасымалы тіпті үштен екіге  кеміді. Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық өрбіді, жаппай экономикалық  қоныс аудару басталды. Сол кездегі  «қызыл директорлардың» сауатсыздығынан  өндірістік сектор қарызға белшесінен  батты. 

Барлық салаларда қаражаттың тапшылығы  орнады. Зейнетақы, жәрдемақы мен  жалақы төлемсіздігі созылмалы сипат  алды. Заттай төлем мен айырбас  жаппай белең алды.

Елімізде соғыс пен күйзеліс заманындағыдай кәдімгідей ашаршылық  пен жүдеп – жадаушылық қатері төнді. Экономикада батыл да жүйелі, жігерлі де жедел өзгерістер жүргізуді  өмірдің өзі талап етті.

Бірнеше кезеңнен тұратын экономикалық реформа жүргізіліп, экономика мүлде  жаңа арнаға бағытталған нарықтық, әлемдік қалыптарға сәйкес заңдарға ие болды.

 Банктер түбегейлі өзгерді.  Принципті жаңа бюджет және  салық жүйелері түзілді, баға  мен саудаға ырық берілді.  1993 жылы дербес макроэкономикалық  саясат жүргізуге мүмкіндік берген  өзіміздің ұлттық валютамызды  енгізді. 

Қысқа мерзімнің ішінде 1992 жыл мен 2000 жылдың аралығында экономикадағы  реформалар мен оны барынша жекешелендірудің төрт бағдарламасы әзірленіп, Президенттің Жарлықтарымен бекітілді.

Белгіленген бағдарламаларды дәйекті  жүзеге асыру экономикамызды терең  құрылымдық реформаларға бастады. Осы  жылдар ішінде жеке меншік, кәсіпкерлік , шағын бизнес белсенді түрде енгізіліп, оларға қолдау көрсетілді.

Мыңдаған орта және ірі кәсіпорындар сатылды немесе жекеменшіктің басқарылуына берілді, менеджмент алмасты. Еліміздің  экономикалық даму жолына түсіп, біртіндеп  азмттардың әл – ауқаты жақсара  бастады.

Біздің өзіміз де, сыртқы дүние  де Қазақстанның қайда, қандай мақсатқа ұмтылып отырғанын және қай бағытқа  беттегісі келетітін түсінуге тиіс едік. Баршаға, әсіресе, саналы ғұмырын  енді бастаған, бағдары болмаған жастарға өзіндік бір дәл де айқын «дабыл белгісі» қажет болды.

1997 жылдан бастап  осы сұрақтардың  бәріне жауап қайтарған ұзақ  мерзімді 2030 жылға дейінгі Даму  стратегиясына сәйкес іс –  қимыл жасауға көштік.

Бұл тұжырымдамалық стратегиялық және тактикалық сипаты бар, Қазақстан Республикасының  басымдықтары, оларға жетудің жолдары  мен әдістері айқын бейнеленген  құжат болды.

1998 жылдан бастап  зейнетақы  жүйесіндегі, мемлекеттік қызметтегі, сот төрелігіндегі, білім беру  мен денсаулық сақтау салаларында  ұзақ мерзімді реформалар басталды. Ауылда да айтулы өзгерістер  жүзеге асырылды.

 Еліміз таңдап алған стратегия  барлық бағыттарда жұмыс істей  бастады. Алайда тағдыр республикамызды  тағы да сынға салды. Ел 1997-98 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысының  соққысына ұшырады. 

Еліміз зауыттардың тоқтап қалу, жаппай жұмыссыздықтың етек алу, аса  күшті бюджеттік дағдарыс, зейнетақы  мен жалақының төленбей қалу қаупіне  қайтадан кезікті.

Алайда экономиканың құлдырауына  жол берілген жоқ, ол өзінің бекемдігін дәлелдеп шықты.

1998-2001жылдарда экономикада тұрақтылық  білінді, зауыттарға жан кіріп,  жұмыс істей бастады, ауылдар  да етек – жеңін жиып, қалалар  мен аудан орталықтары көрекейе  бастады, ел өркендеу сатысына  қадам басты. 

Әлемдік тәжірибе (Жапония, ҚХР) көрсетіп отырғандай, жинқтау нормасы он пайыздан төмен болмайтын деңгейге жеткен кезде экономиканың тұрақты өсуі басталады. Қазақстан 2002 жылы жалпы  ұлттық табыстың жиырма бес пайызға  тарта жинақтау деңгейіне шықты. 2001 жылы банктер берген несие көлемі 460 миллиард теңгені (үш миллиард доллардан  астам) құрады. Ұлттық банктің қайта  қаржыландыру мөлшерлемесі 1994 жылғы  тамыздағы үш жүз қырық пайыздан 2001 жылы тоғыз пайызға дейін төмендеді.

Соңғы бес жылда ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ-нің) нақты өсімі Қазақстанда 26 пайыз деңгейіне жеткенін атап көрсеткім еледі. Мысалға бұл  көрсеткіш Венргияда – 26,2, Польшада – 24,4 пайыз болды. Нақ осы кезең  ішінде инфляция біздің елімізде – 52,1 пайыз болса, Польшада – 49, Венгрияд – 70 пайызды құрады.

Біздің экономикамызда шетел инвестицияларының  атқарған рөлі орасан зор. 1993 жыл мен 2001 жыл аралығында Қазақстан 14,7 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялар  тартса, мұның өзі ТМД елдеріндегі  барлық шетел инвестицияларының  үштен біріне жуығын, ал Орталық  Азия мемлекеттері инвестицияларының 80 пайызын құрайды.

Шағын бизнестің дамуы, яғни 1 миллион 600 мың адамды қамтитын шағын және орта кәсіпорындардың 2001 жылы 400 мың  субъектілерінің жұмыс істеп  жатуы – біздің реформаларымыздың  дұрыстығының тағы да бір мығым дәлелі.

Шағын кәсіпорындардың еліміздің  жалпы ішкі өніміндегі үлесі іс жүзінде  құлдырдан тура он сегіз пайызға  дейін өскен екен.

Республика халқы мақтан тұтатын: бостандық,ашықтық, ырықты саясат пен  экономика сынды дүниелерге жүздеген және ондаған жылдардың өн бойында  демократия дегенді білмеген, еркін  ой-пайым атаулы аяусыз басып жаншылып келген елде қол жеткізді. Сондай-ақ, көптеген елдерде адамның қарапайым  құқтарының өзі бұзылып, миллардтаған адам аш-жалаңаш, мешеу күй кешіп  жатқан, ал демократия өскіні,тіпті, тартпаған  кезде қол жеткізді.

Жоғарыдағы деректер республикамыздың әлеументтік-экономикалық дамуы он жыл ішінде қаншама тар жол  тайғақ кешуден өтіп біртіндеп тұрақтана  бастағандығының, демек, өсу сатысына аяқ басқандығын айғақтайды. Ендігі жерде, халқымыз өзі таңдап алған  жолынан таймай, қол жеткізген  табыстары мен құдай берген ұлан-ғайыр  байлығынан айырылып қалмай,  осы  қарқынмен әрі қарай жылжи  беруі керек екендігін жақсы  ұғынды.

 

Сілтемелер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он  жыл. Алматы, 2003

2. Назарбаев Н.Ә.В потоке истории.  Алматы, 2002

3. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік  белестері. Алматы, 2003

4. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ  жолы. Алматы, 1991

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның  егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы  мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992

6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.  Алматы, 1996

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Алматы, 1997

8.Қазақстандағы халықтың тұрмыс  деңгейі. Статистикалық жинақ. 2002ж.  Алматы, 2003.

9. Қазақстан – цифрларда. Статистикалық  жинақ. 2003ж. Алматы, 2004.

10.Қазақстан өңірлеріндегі халықтың  экономикалық белсенділігі. Статистикалық  жинақ. 1991-2003жж.Алматы, 2004

11. Қазақстан Республикасындағы  еңбек ақы. Статистикалық жинақ. 1993-2005жж.Алматы, 2006

12. Казакстан. Эволюция государствa  и обществa. Алматы, 2003

13.Тасмаганбетов И.Н. Социально  – политичеcкое обновление Казакстана: тенденции и приоритеты. Алматы, 1997

14. Шокменов Ю.К. Человеческое  развитиe Казакстана: методология и анализ. Алматы, 2003

15. Касенова А. Проблемы пенсионной  системы. ИЭИ // Аль-Пари. – 1998. - №4.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он  жыл. Алматы, 2003

2. Назарбаев Н.Ә.В потоке истории.Алматы, 2002

3. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік  белестері. Алматы, 2003

4. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ  жолы.Алматы, 1991

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның  егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы  мен дамуының стратегиясы. Алматы,1992

6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.  Алматы, 1996

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. Алматы, 1997

8.Қазақстандағы халықтың тұрмыс  деңгейі. Статистикалық жинақ.2002ж.Алматы, 2003.

9. Қазақстан – цифрларда. Статистикалық  жинақ. 2003ж. Алматы, 2004

10.Қазақстан өңірлеріндегі халықтың  экономикалық белсенділігі. Статистикалық  жинақ. 1991-2003жж.Алматы,2004

11. Қазақстан Республикасындағы  еңбек ақы. Статистикалық жинақ. 1993-2005жж.Алматы,2006

12. Казакстан. Эволюция государство   и общество. Алматы,2003

13.Тасмаганбетов И.Н. Социально  – политичекое обновление Казакстана: тенденции и приоритеты. Алматы, 1997

14. Шокменов Ю.К. Человеческое  развития Казакстана: методология  и анализ. Алматы, 2003

15. Касенова А. Проблемы пенсионной  системы. ИЭИ // Аль-Пари. – 1998. - №4.


Информация о работе 1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі