1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:21, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3
І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар....................................................9
1.1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері және оны қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар...............................................................................9
1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері......................
ІІ–тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы даму жане басты мәселелердің шешілуі..........48
2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі....................................................................
Қорытынды....................................................................................69
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.......................73

Работа содержит 1 файл

1991-2001 жылд казакстаннын алеуметтик -экон дамуы.docx

— 70.85 Кб (Скачать)

Қазақстан республикасының Білім және

Ғылым министрлігі

 

әЛ-фАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    

“Саясаттану ” кафедрасы

 

 

ЖОБА

Тақырыбы: 1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының

әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі

 

 

 

 

Орындаған: Медетбек Айбек

            Абсалямов Нұрдос

                       Жұмаханов Исламбек

             Ғылыми жетекшісі:    Басыгариева Ж.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы - 2012

 

Мазмұны:

 

Кіріспе.........................................................................................................3

І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен  қайшылықтар....................................................9

1.1. Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың дамуының    негізгі кезеңдері және  оны   қалыптастырудағы   қиыншылықтар  мен   қайшылықтар...............................................................................9

1.2. Экономикалық реформалар және  олардың нәтежиелері......................

ІІ–тарау. Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саласындағы даму жане басты  мәселелердің шешілуі..........48

2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын  көтерудегі проблемалар және  олардың шешілуі....................................................................

Қорытынды....................................................................................69

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.......................73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  тақырыбының өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылдарда әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы -  ел тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік  бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген шаруашылығы  бар ебедейсіз экономикалық жүйе біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен  даңғыл жол басындағы тәй-тәй  басқан сәби секілді күй кешті. Біршама  уақыттан соң жағдай мүлдем өзгерді. Еліміз президенті Н.Ә. Назарбайев бұл  жайында былай деген болатын : «Бұл тарихтың жаһандық сындары және жаңа экономика модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен  демократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі  туындады . ... Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш- жігеріміз  бен жетістіктермізге қарап нық  сеніммен былай деуге болады: «Біз стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды  таңдадық. Құқықтық және әлеуметтік саяси  реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне  қарамай, жақсы нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялық  процесстер серпінді дами отырып, республикамыз  орынды түрде өңір лидер саналды  және барынша бәсекеге қабілетті  экономикасы бар алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің қатарынан лайықты  орын алуға ұмтылуда». 

Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы  орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті  тарихын қайта  ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге  және маңызға ие. Ол тек қана ертеде өткен қатал да қарама – қайшылыққа толы өмірді еске түсіру және оны қайта  қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге егемендік идеясы орын алған бүгінгі таңда қазіргі  заман процестерін жете түсінуге мүмкіндік береді; Отанымыздың тарихын  зерттеу алдымен өзіміздің қауым  жастарының жалпы ізгі ұрпақтарының жаңа саяси тарихи ахуалды саяси  мәдениетін, дербес ел мүддесіне сай  көзқарастар жүйесін қалыптастыру үшін өте қажет екендігін өмір шындығы дәлелдеп отыр. Сондай –  ақ елімізбен терезесі тең іргелес  және шалғай орналасқан дүние жүзі мемелкеттері отанымыздық кешегі мен  бүгінгі өмірін білуге ерекше ден  қойып отырған шақта, республикамыздың кейбір ғылым, қоғамдық ой жүйесінің жеке қайраткерлері мен жазушылары қазақ тарихының кешегі оқиғаларын әдейі бұрмалауы аяғынан енді тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикасының әрі қарай қарқынды дамуына әсерін тигізіп отырғандығы  қазіргі заманғы тарихи дамуымызды бұрмалаудан, не көмескі білуден екендігі сөзсіз.

Бір жүйеге келтірілмей, шашырай зерттелінген мәселелердің бірі – тәуелсіз Қазақстанның дамуының алғашқы белесі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік  - экономикалық дамуы  болып табылады. Қазіргі таңдағы  даму сатысында экономикалық өсуді  қамтамасыз ету және осының негізінде  халқының әл – ауқаттық деңгейін көтеруді негізгі мақсаты етіп қойып, бұл  үшін елдің экономикалық мүмкіншіліктерін өрістетуге және әлемдік шаруашылық пен жалпы аймақтық нарықтарға енуін  түзетуге қажетті макроэкономикалық  жағдайлар мен алғышарттарды  өзекті мәселе етіп қалыптастырған Қазақстан  Республикасының КСРО ыдырап егемендік  алғаннан кейінгі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді орындауды жүктейді:

  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдау жолын зерттеу және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның негізіне анықтама беру;
  • КСРО ыдыраған тұста және мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі (1991-1993жж) Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық ақуалға анализ жасау;
  • 1993-1997жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға беру; Инфляцияны тоқтату саясатына сипатама жасау;
  • 1998-2002 жж. экономикалық реформаға анализ жасау; Банк жүйесіндегі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді анықтау;
  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар мен күрделі мәселелерді шешудегі іс – шараларға сараптама жасау, азаматтарының жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін қоғам орнатудағы үкімет саясатын зерттеу;
  • Қазақстандықтардың әл – ауқатын көтеру, тұрғын үй, азық – түлікпен қамтамасыз ету,медециналық көмек көрсету сияқты әлеуметтік проблемаларды шешу жолына анализ жасау;
  • Зейнетақы реформасының  еаекшеліктері мен жүргізілу барысн зеріттеу.

Тақырыптың  тарихнамасы: Жоғарыда баяндағанымыздай Қазақстанның 1991-2001жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы шашырай, жүйесіз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. Десек те, тақырыпқа қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:

Бірінші топта, көрсетілген он жыл ішінде үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл»  деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн.

Сондай – ақ әр түрлі кезеңдрде  үкіметті басқарған Ә.М.Қажыгелдиннің, Қ.Тоқаевтың, Н.Балғынбаевтың, Қ.Тоқаевтың, И.Тасмағанбетовтың еңбектері мен  баспасөз беттерінде жарияланған баяндамаларында  құнды материалдар беріледі.

Екінші  топқа, тақырыпта қарастырылуы тиіс мәселелерді жеке – жеке бөліп зерттеген арнайы мамандар – эконмистердің, әлеуметттанушылардың және тарихшылардың еңбектерін жатқызуға болады. Олардың қатарында Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев, Т.Бондорь, Ч.Мусиннің, Б.Р.Амангельдиевтің, С.Байтіленовтың, Ә.Әбдікәрімұлының, Ұ.Рысбайұлының, Г.К.Габдулинаның, Ю.К. Шокмановтың, А.Касеновтың, А.Алібаевтың,А.Морозовтың, В.А.Ермековтың, М.Х.Абусейтованың, Д.А.Муркиннің және  т.б авторлардың зерттеулері тақырыптың мәнін ашуда сындарлы мағлұматтар береді.

Сонымен бірге осы топқа А. Ашімбаевтың  жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  стратегиялық зеріттеу институты қызметкерлерінің зеріттеу жұмыстарын да жатқызуға болады.

    Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, деректік материалдар көзі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, методологиялық негізі айқындалған.

«Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген  экономикалық         реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері» -деп аталатын бірінші  тарауында Қазақстан Республикасындағы  макроэкономикалық реформалар процессі эволюциясының ел экономикасына ықпалы, көрсетілген уақыт аралығындағы республика өнеркәсібінің дамуы мен ауыл шаруашылығындағы ахуал зеріттеледі. Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Егемеді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанннан кейінгі он жылдығында әлеументтік дамуында туындаған мәселелер мен олардың шешілуі, әлументтік салада жүргізілген саясат пен олардың нәтежиелері баяндалады.

Қорытындысында, он жыл көлемінде  республика үкіметінің жүзеге асырған  әлеументтік-экономикалық іс-шараларының  нәтежиелеріне тұжырым жасалады

 

І – тарау. Қазақстан  Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар

1.1. Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың дамуының    негізгі кезеңдері  және  оны   қалыптастыудағы қиыншылықтар мен  қайшылықтар.

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға  көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.

Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.

    Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.

Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен  айналысатын жаңа мемлекеттік басқару  органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға   тән инфрақұрылымның   кейбір   түрлері биржалар,   коммерциялық   банктер,   сауда  үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.

Алайда, нарықтық экономикаға  көшуде бірсыпыра қателіктерге жол  берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың  жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды  белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа  да энергия көздерінің бағасы әлемдік  бағаға дейін жоғарылату керек деген  ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде  әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы  таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы  бағаның шарықтап өсу кесірінен  төмен түсіп кетті.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке  мемлекетгік мүлікті басқаруды  жетілдіру мәселелері шықты   мемлекеттік меншікті басқару  және онымен айналысу мәселелері  бойынша мемлекеттік органдар  арасындағы өкілеттіктерді бөлуге  жаңа көзқарас қолданыла бастады.  Республикалық мемлекеттік және  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды  оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада— "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".

Бірақ жекешелеңдіру барысында  да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік  меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты.

Сондықтан, бұл  жағдай үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең  талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарыңда Президент  экономикалық реформаны жүргізуді  жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы  шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық  тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны тоқтату қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны -ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге мүмкіндік берді.

Информация о работе 1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі