Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:11, курс лекций

Описание работы

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

Содержание

1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)
 

ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға дүниеге  келді. Сондай – ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. котегориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың  екі түрлі – эмпирикалық және логикалық – математикалық жолы бар деді. Мәселен, “менде төрт қалам  бар” делік немесе “мына жылқы  ауру не сау”, оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен көру қажет. Бүл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбент көруге болмаса, онда логикалық- математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру керен. Біріншісі  сезім арқылы тексеріліп анықтауға  жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фаьсификация деп атайды. Неопозитивтер  ғылымдардың объективті зандылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары  абсолют емес дейді олар. “Ғылым заңдары, - Белфаст университетінің  профессоры Дэвид Гуничтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы оқырмыстылардың  пайымдауы немесе, дәлірек айтсақ, дүниенің олар үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі”. Сөйтіп, неопозитивистер ғылымдарды ғалымдардың  субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

    Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері:

Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол  салу.

   Неотомистер ғылымды жоққа шығармайдй, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп  отырған кейбір жағымсыз ықпалын  сынайды. “Өйткені, адамдар жаратушы  Құдайды ұмытқан. Барлық қатер  содан” дейді олар. Неотомизм  философиясы екі жүп категорияларға  негізделген: потенция (мүмкіндік)  және акт (нақты іс), эссенция (мән)  және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі  үшеу – Құдай, адам, адамгершілік.  Бірақ Құдай жамандық жасағанды  жазалайды дейді. Ал, енді солай  – ақ болсын делік, сонда  барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті,  ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені,  ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға  неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды  шешу басшыларға байланысты. Олар  бағынушылардың жағдайын ойлауы  керек деген де пікір айтады  неотомистер.

Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды

жаратушыны  мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм  де сол бағытқа

36

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ  адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып  келді. Енді адамды  арнайы зерттейтінкез  туды. Адамға ,оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.Философияда ол ағым экзистенциализм  деп аталады.Бірақ бұл да субъективті  идеалтзмге жатады. Н.Бердяев айтқандай,“бәлкім  антоподиция теодицияға баратын  бірден – бір жол,бірден – бір  өшпеген және шексіз, бітпес жол  шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.

      Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

 
  1. XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің ерекшеліктері.
  2. Неогегельянство, неопозитивизм, неотомизм.
  3. Иррацианализм бағыттары.
  4. Экзистенциализм. Позитивизм.

    /1/ 103-112 бет /2/ 106-115 бет./5/ 99-108 бет.

 

16-17 ші дәріс

 

Тақырып. Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік.

 

    Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың философиялық мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін айқындау, материяның өмір сүру негізін түсіндіру.

    Негізгі түсініктер: биболмыс, дуализм, монизм, философиялық плюрализм, онотология,  мән, қозғалыс, материя атрибуты.

 
  1. Болмыс  тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.
  2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.
  3. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
 

37

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 
  1. Материя және оның негізгі формалары.
 

  Әлемнің  сыр – сипатын, дүниенің түп  мағынасын, ішкі мәнін, айнала  қоршаған ортадағы заттардың,  құбылыстар мен процестердің  өзара байланысын, олардың дамуы  мен өзгеруін, адамзат қоғамының  сан түрлі құпияларын танып  білу қажеттігін - “болмыс” деп  аталатын кең мағыналы, терең  ауқымды философиялық ұғымның  тарихи тұрғыдан қалыптасуының  басты себебі әрі алғышарты  болып табылады. Тарихи дамудың  әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар  мен ойшылдарды бұл ұғымды  философиялық ой – толғаныстардың  түп қызығы, бастапқы негізі деп  қараған. 

   Болмыс философиядағы негізгі  түсінік болмыс туралы ілім, антология  философия күні бүгінге дейін  әртүрлі көз қарастар дискуциялар  болып түрады себебі болмыс  проблемасы күнделікті уақытта  адам адамзатқа күрделі сұрақтар  қояды.

   Адамдар белгілі бір табиғи  және әлеуметтік ортада өмірге  келеді, тіршілік - әрекетке араласады.  Олар қоршаған ортаның, тұтас  дүниенің бар екендігіне еш  шүбә келтірмейді, бір қарағануа  бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты  көрінеді. Сонымен бірге адамдар  табиғат пен қоғамда үнемі  өзгерістер болып, оның толысып  жататына қарамастан, дүние біршама  тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын  да анық аңғарады.

    Болмыс ұғымы – философияның  ең ежелгі әрі маңызды категорияларының  бірі. Ол жалпылай  алғанда “бар  болу”‚ “өмір сүру”проблемасын  қамтиды. “Болмыс түсінігінің  арғы түбінде “болу”, “бар болу”  деген мағынаның қаның аңғару  қиын емес. Бүл түсінік адамның  айнала қоршаған ортаны біртұтас  әлем есебінде танып білуге  ұмтылуынан туындаған.

   Осы заманғы философиялық әдебиеттен  болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын  аңғаруға болады. Тар мағынада  болмыс – адамның санасынан  тәуелсіз, тысқары өмір сұретін  объективті, материалдық дүниені  білдіреді.                    Философия тарихинда болмыс ұғымын  тұңғыш пайдаланып, оны мәселе  ретінде қарастырған көне грек  ойшылы Парменид (б.э. дейінгі  V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.

   Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен  дараланатын, бірақ өзара байланысты  болатын сансыз көп түрлі заттардың,  құбылыстар мен процестердің, құрылымдар  мен жүйелердің, тіршілік иелерінің,

 

38

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

  адамдардың  жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. 

  Болмыстың  түрлері туралы проблема философия  үшін де өте маңызды. Себебі  философияның негізгі мәселесін  – түбегейлі шешу үшін болмыстың  негізгі түрлерін саралап білу  керек.

  Осы  тұрғыдан алғанда болмыстың бір  – бірінен айырма тұрған мынадай  негізгі түрлерін ажыратуға болоды:

  1. Табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
  2. Адам болмысы, ол заттар  дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
  3. Рухани (идеалық) болмыс;
  4. әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Әлеуеттік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі  арнаулы тарауларда тереңірек қараастырыланындықтан, біз болмыстын алғашқы үш түріне тоқталайық.

   Болмыстың жоғарыда қарастырылған  негізгі өмір сүру, көрініс табу  түрлерінің әрқайсысының өзіне  тән заңдылықтары бар – олар  физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан ғылымдардың  зерттеу объектісі болып табылады. Сондай – ақ, олар белсенді  түрде өзара қарым – қатынасқа  түсіп, тұтас байланыс құрайды,  бір – біріне өтіп отырады.  Ең бастысы, дүние болмысы тұтас,  тұрақты, үйлесімді, сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі, құбылмалы.  Оның ашылмаған құпиясы, атқарылмаған  сыры әлі де көп. Адам оны  игеру жолында, игілікке пайдалану  ниетінде іздене бермек.

   Материя ұғымы – дүниені адамның  санасынан тыс, әрі тәуелсіз  объективті шындық деп қарайтын  материалистік дүниетанымның түп  қазығы, мән – мағынасы болып  табылатын негізгі ұғым.  Бұл  ұғым материалистік ағыммен бірге  пайда болып, бірге жасасып,  тарихи түрде қалыптасқан.

  Дүниенің  бірлігін, оның негізінде бір  ғана субстанция бар деп үғындыратын  ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні  жөнінде материалистік және діни  – идеалистік көзқарастар тарихи  тұрғыдан алғанда бір мезгілде  дерлік пайда болған.

  Ежелгі  материалистік ілімдерде дүние,  бүкіл әлем үнемі қозғалыста  тұрған материя, онда материядан  басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан  барлық құбылыстардың жалпыға  ортақ субстанциясы материя деп  есептеледі.

Бірақ  бұл ілімдер материяны оның тұрақты  түрлерімен, яғни затпен

 

39

      Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

   пара – пар деп санады.

   Қысқасы, материя туралы қалыптасқан  мұндай біржақты, шектеулі көзқарас  ғылымның танымның, қоғамдық практиканың,  жалпы мәдениеттің, сондай –  ақ, философиялық ой – жүйенің   даму деңгеймен байланысты еді. 

   Бұл анықтамада материяның негізгі  екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан  тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден,  ол адамның санасында бейнеленеді.  Бірінші белгі материяның санаға  қарағанда бірінші, бастапқы екендігін  білдірсе, екінші – материалдық  дүниені танып – білуге болатындығын  көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл  анықтамасы философияның негізгі  мәселесін тұтасымен материалистік  ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада  материаның нақты түрлері мен  қалыптары, белгілі бір қасиеттері  көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық  ойлау әдісінің метафизикадан  айырмашылығын көрсетеді. Материаның  басты қасиеті – санадан тыс  объективті нақтылық ретінде  өмір сүруі. 

Информация о работе Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені