Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:11, курс лекций

Описание работы

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

Содержание

1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)

      17-18 ғ.ғ. өзінің ағартушыларын да  туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655),Вольтер (1694-1778),Жан Жак Руссо (1712-1778),И.В.Гете (1749-1832)т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы

      21

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы  күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың  басты мәселелерінің бірі-адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси  еркіндік, гуманизм мәселелері болатын.

      18 ғасырдағы ағылшын материализмі  сияқты механикалық метафизикалық  материализмге жатады. Француз материалистері  көпшілікке тікелей әсер ету  үшін философиялық ой-пікірлерін  салондарда айтып, ой тартыстарын  тудырып, энциклопедиялық еңбектер  жазып, ауызша да, жазбаша түрде  де кең таратты. Негізінде олар  дінді, оның уағыздаушыларын қатты  сынға алды, сатиралық сөздермен  мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты  түсіндіруде олар идеалистік  шеңберден шыға алмады. Француз  философиясының өкілдеріне мыналарды  жатқызуға болады: Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751),Дени Дидро(1713-1748),Клод Адриан Гельвеций(1715-1771),Поль Анри Дитрих Гольбах(1723-1789).

Тақырыпты пысықтау сұрақтары.

 
  1. 17-18 ғасырлардағы  ғылыми революция.
  2. Метафизикалық материализм.
  3. Ағартушылық философиясы.

   /1/ 53-62 бет /2/ 56-65 бет./5/ 49-58 бет.

 

8-9 шы дәріс.

 

Тақырып. Классикалық неміс философиясы

 

    Негізгі мақсаты: Неміс классикалық философиясының классикалық биік дәрежесін таразылап, Кант, Гегель, Фейербах сынды классик философтардың философиялық негізгі ой-пікірлерін жетік меңгеру.

    Негізгі түсініктер: гносеология, антиномия, априори, кеңістік пен уақыт, диалектикалық категориялар, космология, философиялық жүйе, феноменология.

 

1.Неміс классикалық  философиясының тарихи тамыры.

2.Метафизика  және натурфилосфия.

3.Неміс философтарының  өкілдері Кант,Фихте, Шеллинг,Гегель  көзқарастары.

 

     XVIII – ғасыр аяғымен XIX – ғасыр басында неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезеңді Ф. Энгельс

22

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

класикалық  неміс философиясы деп атады. Германия Англия мен  Францияға қарағанда  мешеу ел болды. Осындай жағдайдағы  Германияға француз буржуазиялық революциясы  найзағайдың жалтындай әсер етті.  Бірақ  немістер Европаның басқа  халықтарының іс – жүзінде жүзеге асырып жатқанын, тек ой жүзінде  ғана іске асыруды армандады . Бұл  дәуірдегі неміс философиясы  осы тұрғыдан алғанда неміс тарихының  ой жүзіндегі жалғасы болып есептелінеді. Сөйтіп, осы кезеңде өмір сүрген неміс халқының ұрпақтарының үлесіне  тиген іс философиялық төңкерәс жасау  еді. Сондықтанда ол кейін класикалық деген атқа ие болғанды. Сондай ерекше философиялық төңкерістің басында  неміс халқының ұлы И. Кант (1724-1804ж). Кант деген ғұлама ғұлама тұрған. Кант жан – жақты ғұлама болған, ол уневерситетте философиядан, логикадан  және жаратылыстану ғылымдардың  көптеген салаларынан лекциялар  оқыған. Кант өзінің философиялық жүйесін  “Таза ақылдысын ал” (1781), “практикалық ақылдысын ал ”(1788ж) және “пікірлесу қабілетін сынау” (1790ж) деген еңбектерінде алға тартты. Сонымен байланысты ол өзінің философиялық жүйесін үш бөлімнен тұрады деп есептеген. Олар адам психикасының үш қабілетіне сәйкес келмек:

  1. танымдылық.
  2. талғампаздық. (қанағат сезім)
  3. еріктілік (көңіл қалауы

   Кант өз философиясында материализммен  идеализмді табыстырып, бұл екі  қарама – қарсы философиялық  бағыттарды бір – бірімен келістіргісі  келеді. Сөйтіп, ол өз ілімінде  сенімге, дінге орын қалдыруды  көздейді.   

       Класикалық неміс философиясының  Канттан кейінгі көрнекті өкілі  болып объективтік идеализмнің  негізін салушы Георг Вильгем  Фридрих Гегель (1770 – 18831 ж) есептелінеді. Гегель Штудгард қаласында туылып  Тюбинген университетінде жоғары  білім алады. Жалпы алғанда  Гегель философиясы неміс идеализімінің  шарықтауының соңғы сатысы деуге  болады. Әрине, Гегельдің өзі айтқанындай  бұнымен жалпы таным процесі  аяқталады десек, ол ақылсыз  күлкі болар еді. Қалай дегенде  де Гегель бүкіл адамзат мойындаған 18 – 19ғ класикалық неміс философиясының  ұлы өкілі болды, және алға  қарай болып қана бермек. Гегель  класикалық неміс философиясының  дәстүрді бағыттарын  ілгері дамыта  отырып ұғымдар диалектісіне  көбірек көңіл бөледі, оған дейін  диалектика бір жүйеге түспеген  еді, өзіне дейінгі неміс философиясының  және өз заманының жаратылыстану  ғылымдарын жетістіктерін таразыға  сала отырып Гегель өзінің  диалектикалық тәсілін жан –  жақты негіздейді. Философияның  негізгі міселесін Гегель объективтік  идиолизм тұрғысынан шешеді. Оны  сендіруінше дүниенің түп негізі  объективтік рух. Гегельдің 

23

 

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы  философия. Ол философияны рухтың өзін - өзі тану процесс ретінде қарастырған. Бірақ Гегель асқан керегенділікпен  философиялық ілімдердің үздіксіз даму үстінде болатындығын ешқандай фйлософиялық жүйенің іс – түссіз жоғалып кетпегендігін  философиялық ақиқаттың тарихи даму барысында қалып басатынын пайымдай алды. Алайда философия тарихын Гегель объективтік идеолизмнің мүддесіне  орай және оның негізгі қағыдаларының  тұрғысынан сарапқа салды. Ол субъективті  идеализмнің метафизикалық материализмді  Юм және Канттың агностипцзйдің қатал  санаға қалай дегенде Гегельдің  ұлы философ екендігі ақиқат. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика;  б)табиғат философиясы;  в)рух философиясы (феноменология). Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның  бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель “Логика ғылымы”деген еңбегінде жан – жақты баяндаған.

    Класикалық неміс философиясының  ұлы өкілдерінің бірі – Людвик  Фейербах (1804 – 1872ж). Фейербах 1823ж  Гегельдер университетіне түсіп  оқуын Берлин университетінде  түсіп оқуын Берлин университетінде  жалғастырды осы кезде ол Гегельдің  лекцияларын таңдаған 1830ж Лаққап  атпен “Өлім және мәңгілік”  туралы ойларын жариялаған, мұнда  ол Гегельдік философияның тұрғысынан  мәңгілікті жоққа шығару Фейербахтың  ойынша адамның мәні оның денелік  жандық біртұтастығында тек теорияда  ғана рухпен денінің бөлек  қарастыруға болады. Ал шын мәнінде  олар ажырамас бірлікте болады  әрі рух ойлау денеге тәуелді  қасиеттер сөйтіп Фейербах философияның  негізгі мәселесін материалисік  тұрғыдан шешеді. Табиғат пен  адам міне жаңа философияны  зерттейтін пәні дейді Фейербах.

    Людвиг Фейербах – класикалық  неміс философиясының соңғы өкілі.  Германиядағы жүз жылға созылған  идеалистік, діни көзқарастың түндігін  батыл сыпырып тастап, өзінін  ашықтан – ашық материалистпін  деп жариялады. Оның басты еңбектері:  “Христиандықтың мәні”, “Болашақ  философиясының негізгі қағидалары”,  т.б. Ол дүниенің материядан  тұратынын мойындап, табиғаттың  санадан тыс, оған бағынышсыз  екенін дәлелдеді. Ол рух пен  дене арасының алшақтығын жойды.  Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен  тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат  мәнгі және шексіз. Сана – срның  тек көшірмесі, ал психолог  – идеалист сол көшірмені түпнұсқа  ретінде түсіндіреді, - деп түсіндірді  Фейербах. Бірақ ол антропологиялық  материализмдіқуаттады. Өйткені,  ол барлық 

24

 

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ  болды.    “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек  антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық  материализімінің нағыз метафизикалық  материализм екенін байқамады. Таным  сезімнен басталады, - деп уағыздады  Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі –  оның іштен туған санаға сай келуі  деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай  отырып, оның диалектикасының мәнін  түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата  қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде  Л Фейер бах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әцелдер махабатты  деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың  идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің  идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда  идеализм шеңберінен шыға алмады.

 

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

 
  1. Неміс философиясындағы диалектика.
  2. Метофизика және натурфилософия.
  3. Кант философиясы.

   /1/ 63-72 бет /2/ 66-75 бет./5/ 59-68 бет.

 

10-шы  дәріс.

 

Тақырып. Маркстік философия

 

    Негізгі мақсаты: Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.

    Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм эволюциясы, формация, философиялық жатсыну, материалдық бірлік.

 

1.Маркстік философияның  пайда болуының ғылыми себептері.

2.Маркстік философияның  заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.

3.Жалпы дүниетанымдық  ерекшеліктері маңызы.

 

   XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – “қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен

25

 

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

оған  объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс  пен Энгельс капитализмнің монополияға  дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол  кездің проблемаларына жауап іздеген  болса, В. И. Ленин копитализмнің  империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен  капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы  да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс  елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы  дамыған ел болмаса да, онда революция  жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі  буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыныайқын  байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.

Информация о работе Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені