Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:11, курс лекций

Описание работы

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

Содержание

1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)

    Философиялық антропологияның материалистік  концепциясын ұсынған Фейербахтың  айтуынша, жеке – дара, жалғыз  өзі ғана өмір сүре алатын  адамның болуы мүмкін емес. “Менің”  болуымның міндетті шартты- “сенің”болуың,  басқалардың болуы. Адамның жануарлар  дүниесінен бөлініп шығуының  негізгі өмір сүру ортасын  өз еңбегімен өзгерту, қайта  жасау әдісін, ол үшін еңбек  құралын оның ең жабайы түрінен  бастап, бірте – бірте жетілдіру  жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана  адамдар қатысу, байланыс жасаудың  қабілеттігін үйренеді. Бара –бара  адам еңбегі бүкіл материалдық  еңбегі марериалдық және рухани  мәдениет дүниесінің жасаушы  болып шықты.

  Осыларды  еске ала отырып адам дегеніміз  – еңбек әрекетімен шұғылдана  алатын әлеуметтік қатынастар  жасайтын, өзара байланыс жасауға  толық қабілетті тіршілік иесі  деп анықтама беруге болады.

   Соңғы аталған екі бөлімнің  бір – біріне ауысу мұмкіндігінің  адамда негізі бар. Оның мәні  мынада: түйсік, елестету, зейін қою,  ес сияқты психологиялыққұбылыстар  – адамныың сезім мүшелері  арқылы мида қалыптасатың сыртқы  дүние бейнелері.

  Адамның  жеке басының қалпын сипаттағанда  оның өзң өмір сүретін қоғамдық  ортаның әсерімен қалыптасқан  ерекшеліктерімен қасиеттері есепке  алынады. Бұларға адамның көзілдірік  киетіні, аяғында протез

 

53

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

болуы, ашушандығы, ақырын сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды.

   Таза биологиялық көзқарастың  қарсылықтары, негізінен гуманитарлық  ғылымдардың өкілдері адам табиғатының  әлеуметтік құрамдас бөліктерінің  ерекше маңызын баса көрсетуге  тырысады.

   Адамның биологиялық және әлеуметтік  өлшемдерінің өзара диалектикалық  байланыстығын, бір – біріне  тәуелділігін сөз еткенде еске  алатын тағы бір жай бар.  Хайуанаттар дүниесінен жаңа  ғана бөлініп шыға бастаған  алғашқы адамның табиғи биологиялық  – физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру  тәсілдері жағынан тағы бір  аңдардан айырмасы көп болмаған.

  Кісі  дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің  өзімен бірге іштен тумаған,  белгілі тарихи – мәдени ортада  өтетін өмір барысында қалыптасатын  әлеуметтік – психологиялық және  моральдық қасиеттер қосындылардың  иесі, ақиқатты, болмысты тануға  және өзгертуге бағытталған жасанпаз  әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәрбиесін  бойына сіңіріп, байыған жетілген  адам.

   Дүниеге көз қарастың әлеуметтік  – психологиялық сипаттың ең  прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз  да, егер олар өздеріне күш  беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігермен  қосылмаса жансыз пайдасыз бейне  болып қала береді.

  Психологтар  адамдарды жігерлілер, жігерсіздер  деп екі топқа бөлінеді. Жігерлі  адам әр қашанда өзінің түрақты  қалпын сақтайды, өз алдына емін  еркін қызмет жасайды, ұстаған  жолынан, қабылдаған шешімімен  қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз  адамның әдетте тұрақтылығы батылдығы  жетіспейді. Кімнің болса да жігерін  теріс, қоғамның, халықтың мүддесіне  қарсы келетін іске емес, адам  игілігіне арналған қызметке  жұмсағаны маңызды.   

      Табиғат пен қоғамның арасындағы  қарым – қатынастың мән –  мағынасы, сипаты қандай, адамдар  өзін қоршаған табиғи ортамен  қалай байланыс жасайды, олардың  бұл ортадағы орны қандай, қоғамның  өмір сүруінің және дамуының  басты шарты қайсы деген сияқты  сұрақтардың философиялық ой  – толғамдар жүйесінде ерекше  дүниетанымдық маңызы бар.

   Адамзат тарихында даму заңдылығын  ашып көрсету барысында мынадай  әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға  жүгінуге болады: адамдар саясатпен,  ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас  бұрын ең әуелі тармақтануы  керек, үстіне киім, басына пана  қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол  арқылы қажетті материалдық игіліктерді  өндіруі қажет. “Аш бала тоқ  баламен ойнамайды, тоқ бала  аш болам деп

54

 

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

ойламайды”  – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз –  күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен  қалай айналыспақ.

  Ал  енді өмірге қажетті материалдық  игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды  қайдан алады ден заңды сұрақ  туады. Әрине, олар дайын күйінде  түспейді. Адамдар оны табиғаттан  өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз  ешқешан өмір сүре алмайды.  Адам да, қоғам да – табиғаттың  төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам  ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды  дейтін болсақ, сол ауа мен  судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен  ғажайып сыйы.

      Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық  дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның  пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз.

     Бұл жерде мынандай бір заңды  сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа,  оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің  сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.

    Ендеше, бұл ретте адам болса  табиғатты нысаналы түрде өзгертеді,  оны өоғам игілігіне қызмет  істеуге бағындырады. Екіншіден,  жануарлар табиғатпен қарым –  қатынас барысында өздерінің  дене мүшелерін, яғни тісін,  мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады.  Ал адам еңбек құралын қолданады.  Ең бастысы – ол оны өзі  жасайды. Үшіншіден, жануарлардың  әрекені таза биологиялық   қажеттерден туындайды, хайуандық  сипат алады, ал адам еңбегі  әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа  сай жүзеге асырылады.

   Адамның ақыл – есі, ой –  санасы, өзін өзге дүниеден бөліп  қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін  танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын  әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени  мұраға ие болып, оларды жетілдіріп  отыратын қасиеттек адамға ғана  тән. Башқаша айтқанда, табиғат  барлық уақытта да адамзаттың  өмір сүретін ортасы, тіршіліктің  қайнар көзі  болған және солай  болып қала бермек.

   Табиғат пен қоғам арасындағы  қарым – қатынасты нақты әрі  терең түсіну үшін географиялық  орта деп аталатын түсінік  қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.

   Географиялық орта өндіріс арқылы  халықтардың тарихи дамуының

 

55

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар арқылы өтеді.

   Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті  кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану  қоғамның өзіне байланысты, оның  сүранымдарына, өндіріс құрал  – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.

  Бұл  айтылғандардың туындайтын тағы  бір маңызды мәселе – географиялық  отраны ұқыпты да мақсатқа  сай пайдалануда қоғамдық құрылыс  сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік  қайшылығы бар таптық қоғамда  географиялық ортаның байлығы  қалай болса солай, стихиялы  түрде пайданылады дедік.  Табиғат  қорғау ғаламдық мәселеге айналған  соңғы кезде ғана “жау кеткен  соң‚ қылышынды тасқа шап”  деп, сан соғып, өкініп жатқан  жай барлық елдерге де төн  болып отыр.

   Географиялық ортаның қоғам дамуындағы  рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс  арқылы даму қарқынына ғана  әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда  бағыт (географиялық детерминизм)  деп аталатын ағымның кең таралғанын  айта кеткен жөн.

     Бұл жерде мынандай бір заңды  сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа,  оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің  сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адамболса табиғатты  нысаналы түрде өзгертеді, оны  қоғам игілігіне қызмет істеуге  бағындырады. Екіншіден, жануарлар  табиғатпен қарым – қатынас  барысында өздерінің дене мүшелерін,  яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б.  пайдаланады. Ал адам еңбек  құралын қолданады. Ең бастысы  – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден,  жануарлардың әрекені таза биологиялық   қажеттерден туындайды, хайуандық  сипат алады, ал адам еңбегі  әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа  сай жүзеге асырылады.

   Адамның ақыл – есі, ой –  санасы, өзін өзге дүниеден бөліп  қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін  танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын  әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени  мұраға ие болып, оларды жетілдіріп  отыратын қасиеттек адамға ғана  тән. Башқаша айтқанда, табиғат  барлық уақытта да адамзаттың  өмір сүретін ортасы, тіршіліктің  қайнар көзі  болған және солай  болып қала бермек.

   Табиғат пен қоғам арасындағы  қарым – қатынасты нақты әрі  терең түсіну үшін географиялық  орта деп аталатын түсінік  қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж

 

56

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

Коммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген  болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.

   Географиялық орта өндіріс арқылы  халықтардың тарихи дамуының  қарқынына әсер етеді. Қолайлы  географиялық ортада өндірістің  дамына жақсы жағдай болады  да, қолайсыз ортада даму процесі  көптеген қиыншылдықтар арқылы  өтеді. 

   Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруалықтың дамуына қажетті  кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану  қоғамның өзіне байланысты, оның  сүранымдарына, өндіріс құрал  – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.

  Бұл  айтылғандардың туындайтын тағы  бір маңызды мәселе – географиялық  отраны ұқыпты да мақсатқа  сай пайдалануда қоғамдық құрылыс  сипатты рөл атқарады. Мысалы, антагонистік  қайшылығы бар таптық қоғамда  географиялық ортаның байлығы  қалай болса солай, стихиялы  түрде пайданылады дедік.  Табиғат  қорғау ғаламдық мәселеге айналған  соңғы кезде ғана “жау кеткен  соң‚ қылышынды тасқа шап”  деп, сан соғып, өкініп жатқан  жай барлық елдерге де төн  болып отыр.

   Географиялық ортаның қоғам дамуындағы  рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс  арқылы даму қарқынына ғана  әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда  бағыт (географиялық детерминизм)  деп аталатын ағымның кең таралғанын  айта кеткен жөн.

Информация о работе Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені