Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:11, курс лекций

Описание работы

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

Содержание

1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)

   Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз  біздің біліміміздің бізден тысқары  түрған объектіге сәйкес келуі,  оның санамызда дәл көрініс  тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету  субъект пен объект арасындағы  өзара байланыс негізінде жүріп  жататын әлеуметтік – тарихи  процесс.

   Егер объективті ақиқат бар  болса, оны білдіріп отыратын  адамның тұсінігі сол ақиқатты  бірден, толығы мен, тұтасынан  объсолютті тұрде емес, тек шамамен,  біртіндеп, салыстырмалы тұрде  ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы  ақиқат пен объсолютті ақиқаттың  ара қатынасын көреміз. 

      Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат - әлеуметтік  процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

   Таным өте күрделі, қайшылыққа  толы, ұзаққа созылған процесс  болғандықтан, оны іске асыру  барысында тұрлі әдістер мен  тәсілдер қолданыланына өзінен - өзі түсінікті. Кең мағынада  әдіс дегеніміз белгілі бір  мәселені шешу үшіни таңдап  алынған жол, қолданылатын айла  мен әететтер жиынтығы. Ғылыми  таным әдістерін қолданудың басты  мақсаты шынайы, ақиқат білімге  қол жеткізу. 

   Ғылыми танымның әдістері өте  көп, әрі  сан салалы, себебі  танып білудің объектісі болып  табылатын материалдық және рухани  дүниенің өзі көп түрлі, сан  салалы. Дегенмен, ғылыми танымның  барлық әдістердің шартты түрде  үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама  диалектикалық әдіс. Ол болмыстың  барлық жақтарын зерттеуге және  таным процесінің барлық кезеңдерінде  қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер.  Олар ғылымның барлық саласвнда  пайдаланылғанымен, таным процесінің  барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты  құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде  зерттеуге қолданылады. 

   Ғылыми танымның жалпы әдістері  мен түрлерін қарастыру үшін  танымның эмпириалық және теориялық  деңгейлерін ажыратқан дұрыс,  себебі әр деңгейдің өзіндік  ерекшеліктерімен әдістері бар.  Эмпириялық деңгейде таным объектісінің  қасиеттері мен қырлары сезімдік  қабілет түрғысынан қабылданады. 

   Теориялық деңгейде таным объектісінің  маңызды байланыстарымен

 

49

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

заңдылықтары  тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде  тұжырымдалады.

   Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде  кең қолданылатын ең қарапайым  әдіс – бақылау деп аталады.  Оның мәні – зерттеу объектісін  белгілі бір мерзім арлығында  нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі  бақылай отырып, ондағы өзгерістерді  қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент  – ғылыми тәжірибе деп аталады.  Оның ерекшелігі – зерттеліп  жатқан объектіге адамның, зерттеушіні  тікелей әсер етіп, ондағы процестерге  арласуы. 

  Осы  заманға кең пайданылатын әдістердің  бірі – модельдеу. Модельдеу  дегеніміз эксперименттің бір  түрі, бірақ мында объектінің  өзі емес, оның орнын басатын  модель зерттеледі.

    Ғылыми теоррияның қалыптасуы  барысында гипотезаның маңызы  зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан  дәйектелген болжамға негізделген  теория. Әрине, кез келген болжам  гепотеза бола алмайды. 

     Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

 
  1. “Гноселогия”  деген не?
  2. Танымның негізгі түсініктері.
  3. Ақиқат танымының мақсаты.                       

     /1/ 143-152 бет /2/ 156-165 бет./5/ 139-148 бет.

 

23-24 ші дәріс

 

Тақырып. Философия тақырыбындағы адам және табиғат проблемалары.

 

    Негізгі мақсаты: Философияның негізгі әрі жауабы табылмаған мәселелерінің бірі адам мен табиғаттың философиялық мәнін терең талдау, түрлі ғалымдар пікірлерін талдау.

    Негізгі түсініктер: адамшылық, адамгершілік, еркіндік, бостандық, құндылық, экзистенциализм.

 
  1. Табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүру ортасы, тіршіліктің қайнар көзі.
  2. Географиялық орта түсінігі.
 

50

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 
  1. Биосфера, неосфера және экология мәселелері.
  2. Адам проблемасы философия ғылымының ең маңызды мәселесі.
  3. Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.
  4. Адамның әлеуметтік мәні.
 

     Адам проблемасы философия ғылымымен  құрдас десе де болады. Бұдан  философияның өзі сонау көне  замандардағы ойшылардың адам  жөніндегі, оның дүниеде атқаратын  қызметі мен алатын орны жөніндегі  ой – толғауларынан туғаны  дәлел болады. Бір нәрсенің сырын  ашып, білу үшін алдымен адам  бұл туралы ештеңе білмейтінін  түсініп, соны іште де болса  мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл  сананың, рухтың табиғатқа, материяға,  субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің  объективтікке (сыртқы дүниеге)  қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды:  адамның сана – сезімі мен  ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының  және оны өзгерту қабілетінің  өзін қоршаған ортаға қатысы  қандай, табиғат пен қоғамның  адамға, оның ішкі рухани дүниесіне  тигізетін әсері қандай – оның  бәрі философияның ең түбірлі  және түбегейлі мәселелері болып  табылыды.

   Материяны, табиғатты- алғашқы,  сананы олардың туындысы, бейнесі  болғандықтан соңғы, деп қарастыратын  материалистер ұшін де, рух пен  сананы – алғашқы материямен  табиғат бұлардың сыртында өмір  сүре алмайды, сондықтан да  олар соңғы деп қарайтын идеалистер  үшін де адамның проблемасынсыз  философия жоқ.

   Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының  көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай,  өздерінің философия жүйелерінің  негізгі өзегі етіп тікелей 

адам  проблемаларын алған.

   Этикалық ілім ретінде дүниеге  келген Үндістанның буддизм философиясы  өзінің алдына адамды қиналу  азабынан құтқаруды мақсат етіп  қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм  деп аталатын діни – философиялық  ілім адамның азап шегуін бұрыңғы  күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы  – құдайға қүлшылық етіп, табына  білу деп білсе, буддизм, керісінше,  өмірдің өзі тек азап шегуден  тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан  адамды азат ету құдайлардың  қолынан келмейді, азаптан құтылудың  бір ғана жолы бар, ол адамның  өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.

   Платон философиясының өте маңызды  бөлімі – адамның арманынан  шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті  мемлекет қандай болуы керек  – философ осыны кескіндеп,  бейнелеп беруді өзіне мақсат  етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті  ең ақылды,

 

51

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ  басқаруға тиіс.

  Адам  проблемаларына Арестотель де  ерекше көңіл бөлген. Әсіресе  ол философияның “Этика” бөлімінде  түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет  басындағы заң шығарушының міндеті  – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды  тек игілікті істерден ғана  дәрежеге жеткізу.Оның “Алтын  аралық”деп аталатын моральдық  доктринасы адамның жан дүниесінің  сырын ашуға бағытталған.Жоғары  мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы  біріне—бірі қарсы екі түрлі  ұшқары қылықтың аралығы болып  табылады.Бұлақтың екеуі де теріс  қылықтар.

  Дегенмен  Аристотель де өз заманына  сай ойлайды.Құлдарды ол адамға  санаған жоқ,“сөйлей білетін  құлдар”деп атады.Құл иесі құлға  қайырымды болуы да міндетті  емес,өйткені ,ол оның меншігі  болып есептеледі,ал баланың әкеге  қайырымды болуы міндетті,себебі,әкесіз  бала дүниеге келмейді.

  Адамның  ой-сезімін,мінез-құлқын тәрбиелеп,жетілдіру  арқылы оны бақыт жолына салу  мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін  тікелей арналған орта ғасырдағы  Шығыстың ойшыл философы,біздің  әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды.Эл-Фарабидің  айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін  максаты,үлкен игілік.Сол мақсатқа  жетуге мүмкіндік беретін адамда  үш түрлі тамаша табиғи қабілет  болады: а)ерекше жасаған дене  құрылысы;ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты.

  Адамның  ақыл – ой құдіретінен туатын  іскерлік, белсенділік қабілеттеріне  18 – ғасырдағы француз ағартушылары  мен марериалистерінің философиялық  ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада  француздардан 19 – ғасырдағы  неміс философиясына ауысты.

   Канттың адам проблемасына арналған  негізгі принципті - әрбір жеке  адамның өз алдында мақсатты  нысана ретінде қарау қажеттігі.  Бұл оның адам мұддесі жөніндегі  ілімінің басты мәселесі болды.  Адам деген жүрек жылылығын  ол теорияға сүйенген салқын  ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып  отырады.

  Табиғатта  мақсат жоқ. Мақсат адамның  дүниеге келуімен бірге пайда  болады. Демек, ол тек адамға  ғана тән, бір – бірімен  қарым – қатынастағы адамдардан  қүралатын қоғамға тән құбылыс.  Мақсат жәй ғана ермек үшін  немесе сол мақсаттың өзі үшін  ойдан шығара салған жасанды  бір нәрсе емес.

  Адам  проблемаларының диалектикалық  материализм белгіленген шын  гуманистік, ізгілік принципі. Социализм  осы принцип негізіне адамның

 

52

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

  қадір  – қасиетін ең жоғары биікке  көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты  өмір сүруіне тарихта бұрын  сонды болмаған қолайлы жағдай  жасауды өзінің өзекті мақсатына  айналдыру керек еді.   

   Сонымен, ғылыми философияның  түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық  әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл  әрекеттердің негізі, өлшемі және  мақсаты. Жер шарындағы небір  ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті  иесі.

  Бұл  арада адамның қоғамда алатын  орны мен рөлінің сипаттамасын  айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз  өзі кім? Күнделікті өмір көзімен  қарағанда бұндай оңай сұрақ  жоқ тәрізді. 

   Философия тарихында берілген  анықтамалар көп. Арестотельдің  анықтамасы бойынша, адам –  қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан  адамның айырмашылық – ол қоғамнан  тыс өмір сүре алмайды. Орта  ғасырдағы катализмнің діншіл  философы Фома Аквинский адамды  дене мен жанның бірлігі, хайуан  мен періштенің аралығындағы  нәрсе деп санаған. Жан оның  ұғымдарында мәңгілік өлмейтін  жақсылық сәулесі болса, ден  – ынтымақтық аренасы, жанның  ұясы. Сондықтан адамдар өмір  бойы сайтандар тұзағынан босануға  және құдайдың жарық дүниесіне  шығуға ұмтылады.

Информация о работе Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені