Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 19:11, курс лекций

Описание работы

Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.
Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:
- дүниеге оң позитивтік көзқарас;
- өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;

Содержание

1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет

Работа содержит 1 файл

философия пани.docx

— 267.06 Кб (Скачать)

65

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

  бардың, болашақтың сабақтастық байланысын  тани білу қажет.

  Мәдениет  негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым  күрделі болған сайын, мәдениетте  жаңа сипат алып отырады. Алғашқы  еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге  дейін еңбек материалдық өндіріс  мәдениетін жетілдірудің негізі  болып келеді. Мәдениат адамсыз  жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке  байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті  анықтай алғанда ғана мәдениеттің  адамзат тарихында, адам өмірінде  алатын орын түсінуге болады.

   Мәдениет тарихи процестермен  үштасып жасады, сол тарихи процестердің  тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір  ерекшелігі оның өз бойындағы  сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи  дәуірді білу, оның өндірістік  қатынастары қандай болғаны анықтау,  өмір салты, рухани дүниесі  қандай ерекшеліктерімен анықталатынын  ажырата білу керек.

   Өткен уақыт мәдениеті – халықтық  мұра ол адамның өзі оның  өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын  қазіргі сана дәрежесі негізінде,  қоғамның осы заманғы қалпына  сәйкес бағалау диалектикалық  ойлауды қажет етеді.

   Мәдениет қандай тұр алса да  адамдық мазмұнда болады. Мәдениеттегі  адам қызметі өзінің субъективті  мазмұны мен анықталады. Мәдениеттің  ерекшелігі сол – ол тек  объективті шындық тұрі ғана  емес, шығу тегі жағынан алғандағ  оның объективті мазмұнынан. Мәдениеттің  материалдылығының өзі оның шығу  көзі адамға байланыстылығында.  Адамның өмір сүру әдісімен  объективтік қызмет негізінде  ғана мәдениет материалдық сипат  алады. 

  Кең  мағынада алғанда, мәдериет адамдардың  өндірістік қызметінің барлық  салаларын қамтиды, өйткені, еңбексіз  адам тарихи процеске қатыса  алмайды. Тар мағынада алғанда,  мәдениет кәсібтік мамандығы  бар адамдардың немесе кәсібтік  одақтардың қызметі арқылы баянды  болады бұл екі тұжырым да  орынды.

   Адам қызметінің қажетті шартты  ретінде табиғатпен қоғам адамның  мәдени болмысының көрінісі болып  табылады, өйткені тек табиғи  және қоғамдық ортада ғана  адам өзінің күрделі қасиетінің  білдіре алады.

   Табиғат пен мәдениет барлық  уақытта бірдей пара – пар  болмайды. Олардың терең мәңгі  айырмашылықтары да бар. Табиғат  мәдениеттен бұрын, адам керкіне,  санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің  жемісі, олардың қажеттерін өтеуге  негізделген.

   Мәдениет субъектісі бола отырып  адам әр дайым өз белсенділігін  көрсетіп отырады. Ол белсенділік  ақылға сыйымды болса, мәдениет  табиғаттың көркейіп, гүлденуіне  демеуші болады.

 

66

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

     Табиғат пен мәдениеттің –  адамның табиғатқа қатысы, табиғат  пен байланысы, табиғи ортаны  игеру әдісі. Адамның табиғанқа  қатысы оның қоғамдық тіршілік  әдісіне негізделеді. Осыдан келіп  адамның мәдени деңгейін анықтау  керек. Табиғаттағы бары молая  түсіп, азды аялай білу адам  мәдениенінің даму денгейін көрсетеді. 

   Мәдениеттің мазмұндылығы рухани  арақатынастан айқын көрінеді, өйткені  адам санасының мәдени – тарихи  түрінің негізі философиялық  дүниетаным болып табылады. Мәдениетпен  өркениеттілік тарихта ұдайы  қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш  неғұрлым жоғары болған сайын,  адам еркіндігі де соғұрлым  арта түседі. Өркениеттіліктің өндірістік  дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті  дамыту дегеніміз жаңа материалдық  және рухани қазыналар жасау  болып табылады, ал мұның өзі  күрделі қоғамдық қатынастарды  қамтиды. 

     Сонымен бірге өркениеттілік  пен мәдениеттің өзара байланысының  сипаты қоғам құрылысына қарай  өзгеріп отыратының да айту  қажет. Антагонистік қоғамдарда  олар жолында қиын терең қайшылықтар  болады.

      Мәдениет мәселесінің маңызды  буындарының ішінде жеке адам  мен мәдениет арақатынасы ерекше  рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің  субъектісіде, объектісіде болып  табылады.

     Бұл екі ұғым бір – біріне  өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет-адам  баласының ақылымен, қолымен жабайы  табиғаттан бөліп алып өндеген  заты,  құбылыс. Оның екі тұрі  бар: бірі – материалдық жасанды  дүние, екіншісі – рухани дүние  . Біріншісіне – үй, өндіріс, киім  – кешек, т.б. екіншісіне –  қисса, ертек, өлең жыр, діни  ғылыми ұғымдар, т.б. жатады. Өркениеттілік  деген термин үш түрлі мағынада  қолданылады. Кең көлемді алғанда  – алғашқы қауымдық құрылыстан  таптық қоғамға көшу, одан тарлау  мағынасында - әрбір елдің өз  алдына даму ерекшеліктері, айталық,  Үнді өркениет, Вавилон өркениеті,  т.б.

   Жоғары дамыған күрделі техника  да, ғылыми табыстар да әр түрлі  мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке  оларды тек қоғамдық прогреске  қызмет еккізу жатады. Мәселен  АҚШ – озық дамыған капиталистік  ел.

    Мәдениет пен қоғам өзара тікелей  байланысты. Қоғамның даму сатысы  өзіне келетін мәдениет деңгейімен  сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына  тәуелді. Кейде мәдениетті қоғамның  белгілі бір тармағын ғана  қамтитын құбылыс ретінде –  сипаттау да кездеседі. Бұл  пікірдің дұрыс жақтары бар.

      Дүниежүзілік мәдениеттің даму  – мәдениетінің бәр сатыда  екінші сатыға көтерілуі, ол  қоғамдық экономикалық формациялар  ауысуымен

 

67

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны  қоғамдағы өзгерістерге тәуелдә  болады.

                                        Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

 
  1. Мәдениет  болашақты танудың жолы.
  2. Мәдениет және өркениет ұғымы.
  3. Мәдениет және руханият.

  /1/ 183-192 бет /2/ 196-205 бет./3/ 17-50 бет.

 

29-шы  дәріс.

 

Тақырып. Құндылықтар және олардың қоғаммен

мен адам өміріндеге рөлі.

 

    Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау.

    Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.

 
  1. Құндылықтар жүйесі туралы түсінік.
  2. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні болу шарт.
  3. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы тиіс.
 

    Құндылықтардың табиғаты және  олардың қоғамдық өмірдегі рөлі  туралы мәселе көптеген осыған  дейінгі қарастырылған адам мен  қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы  қарым – қатынастар және басқа  проблемалармен тікелей байланысты.

   «Құндылық» философиялық және  социологиялық  әдебиетте белгілі  бір болмыс құбылыстарының адами,  әлеуметтік және мәдени мағынасын  көрсету үшін кең түрде қолданылатын  термин. Тиісті құбылыстарды бағалау  әрекетін (процедурасын) іске асырудың  тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке  адамның қызметінің нысаналарын  көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар  және жобалар) ретінде байқалады.  Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік»  құндылықтар, қалай болғанда да,  адамның дүниемен құндылық тұрғысынан  қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. 

68

   Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

     Адам әрекетінің құбылысындағы  құндылықтар аспектілері жеке  тұлғаны сияқтанып көрінеді.

     Адам әрекетінің құбылысындағы  құндылықтар аспектілері жеке  тұлғаның танымдық және жігер  сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде  білім нысаналарының, түрліше  қоғамдық топтардың және жеке  тұлғалардың мүдделері мен танып  – ұнату шекаралары байқалып  тұрады.

    Диалектикалық материализм өмірдің  құндылығын, адам мұраттары мен  нормаларының тарихилығын және  қоғамдық – практикалық мәнен,  оларды тануға болатындығын атап  көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті  мұраларын, құндылықтарын игерген  жеке тұлғалардың мүдделері мен  нормаларының тарихилығын және  қоғамдық – практикалық мәнін,  оларды тануға болатындығын атап  көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті  мұраларын, құндылықтарын игерген  жеке адам да, бірлестіктер де  көздеген мақсаттарына табысты  жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген  іс бағыты үнемі оңға баспақ.

     Индивидтің (жеке адамның, кісінің)  өмір тәжірибесімен баянды етілген  құндылықтардың бағыттары жеке  тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды  бөліктеріне (элементтеріне) айналып,  оның әсерленушілігінің бүкіл  жиынтығы болары хақ. Әрбір  адам үшін олар мәнді мен  мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды  ажырата білуге көмектеседі.

     Құндылық нысаналарының негізгі  мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері,  терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының  құлықтық принциптері негізінде  құралады. Сондықтан, кез – келген  қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық  бағыттары субъектінің мақсаттылықпен  әсер ету, тәрбиелеу объектісі  болады.

    Құндылық құрылымдары қоғамның  тарихи даму процесінде қалыптасып  және қзгерістерге отырады. Бұл  жай адам өмірінің тұрліше  өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа  өзгерістердің қарқынына сай  келмейді. Мысалы, антика заманының  эстетикалық құндылықтары өз  мәнін оны туғызған өркениеттің  (цивилизацияның) құлауынан кейін  де жоғалттқан жоқ; бастауын  антикалық және эллиндік мәдениеттерден  алған европалық ағартушылықтың  гуманистік және демократиялық  мұраттарының ықпалының қаншалықты  ұзақ уақытқа созылғаны да  белгілі. Диалектикалықматериалистік  философия оларды қарастыра отырып,әрдайым  түрліше субьектілер үшін жалпы  мәнге ие болғандарын ғана  талқыға салады.

 

69

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Информация о работе Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені