Философия және миф

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:09, реферат

Описание работы

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Философия

а) Дүниеге философиялық көзқарас
б) Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты
Мифология

Кесте
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның тарихи түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

айка фил РГР1.docx

— 137.62 Кб (Скачать)

   Архетиптік  уақыт мифологиямен тікелей қатысты. Бұл архаистік (көненің) қалдықтар (З.Фрейд) адам психикасының ескі бөлігін және «коллективтік образдар», мифологиялық тақырыптар арқылы оның негізін құрайды. Неліктен бұдан екі мың жыл  бұрын өмір сахнасынан кеткен мифтер үнемі жаңғырып отырады және бұл  құбылыс бүгінде де неге біздің санамызда  белсенділігін сақтап қалған деген  сұраққа жауап іздесек, ол былай  болмақ. Мифтер адамның ойлау аппаратында  үнемі базистік білім ретінде  қатысып отырады. Кейіннен бұл архаистік  қалдықтар психикалық талдаудың  басқа мектептерінде мифологиялық бейнелер мен тақырыптардың саналы көрінісі болып табылатын архетиптер немесе прообраздар негізінле алынады (К.Юнг). Мыңдаған жылдарға созылған жартылай көшпелі мал өсіру кәсібі, оның батыр, ат, көш, киіз үй, алыс елдер, замана, көш – қоныс кеңісітігі, жылы оңтүстің аймағы, «сарғая күткен қалыңдық», тағы да басқа көптеген тақырыптары  тек қана тікелей өндірістік қатынастардың  ықпалымен ғана емес, қоғамдық мәдениеттің  болуымен, яғни белгілі бір тіршілік салтының әсерінен пайда болды.

   Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғұрлым бойына толығырақ жинаған, салт – дәстүрлік  және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер  диалогында орын алған мәдени түпнұсқа жатады.

   Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің  пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан  еуроазиялық мәдени кеңістікті қамтыған түркі тілдес халықтар мен тайпалардың  негізінен көшпелі мәдениеті  жатады.

                                               Философия пәні

     
 
 

     
 
 

     

     
 
 

   Философиялық  білімнің құрылымы 
 

     
 

     
 

     
 
 
 

     

     

     
 
 

   Дүниетанымның тарихи түрлері 

     
 

   

     
 

     

     

     

   

     

     

     
 
 

   Философияның  дін және мифологиялық байланысы 
 
 

   

   

     

   

     

     

     
 
 
 
 

   

     
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Философияның  өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы) 

 

   

   

     
 
 
 

     
 

   

     
 

     

     

     
 

     
 

     

   

     
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

   Философияның  ықпалы, теория мен практикаға тигізер  әсері оның адамзат білімінің  бүкіл жиынтығына қаншалықты сүйенетініне айтарлықтай сүйенетініне айтарлықтай  тәуелді екендігін тарихи тәжірибе көрсетті. Ғылым мен философия  әрдайым бір – бірінен үйреніп  келеді және үйрене бермек. Қазіргі  заманғы ғылымның негізін құрайтын көптеген идеяларды тұңғыш рет философия  ұсынған болатын. Ол үшін Левкипп  пен Демокриттің заттардың атомдық  құрылысы жайында айтқан данышпан ойларын  келтірсе де болады. Р.Декарттың тұңғыш айтқан рефлекс туралы ұғымы және  сондай – ақ ол  тұжырымдаған қозғалыстың  сақталу (массаның жылдамдыққа көбейтіндісінің  тұрақтылығы) принципін еске сала кетуге болады. Атомдардан тұратын күрделі  бөлшектер – молекулалардың болатыны туралы ойды тұңғыш рет француз философы П.Гассенди және сондай – ақ М.В, Ломоносов  айтты және т.т. Ғылымның прогресі өз тарапынан философияны айтарлықтай  байытты, яғни жаратылыстануда әрбір  ұлы жаңалық ашылған сайын  материализм өз формасын өзгертті.

   ХХ  ғасыр философиясының ең кең тараған  ағымдарының бірі – неопозитивизмнің  өкілдері тіпті жуырда ғана ғылым  ешұандай да философияны қажет етпейді  дескен еді. Солардың бірі Г.Рейхенбах, мәселен, философия шеше алмай келген мәселелерге жаратылыстынудың өзі  жауап бере алады деп мәлімдеді. Ал жаратылыстану айналыспайтын  таза философиялық мәселелерге келсек, олар, Рейхенбахтың пікірінше, - ғылыми мағынасы жоқ жалған проблемалар. Айта кеткен жөн, философия мен жаратылыстанудың арақатынасы туралы мәселеге бұлайша  қарауды қазіргі кезде көптеген неопозитивистердің өздері де айыптап  жүр, өйткені ол философиялық проблемаларды  өзі ұсынып, өзі шешуге әрекет жасаушы  жаратылыстану үшін мүлдем тиімсіз  болып шықты.

   Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымдары  интеграциялану тенденциясын бастап кешіріп  отыр, сондықтан ол жалпылаудың жаңа теорияларын, мәселен, элементарлық бөлшектердің жалпы теориясы, өсімдіктер мен жануарлар  дүниесі дамуының жалпы теориясы, системалардың жалпы теориясы, басқарудың жалпы теориясы сияқты теорияларды  т.б. іздестіру үстінде. Мұңдай жоғары деңгейлі жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкін. Диалектикалыұ – материалистік  философия, оның диалектикалық әдісі  алуан салалы дүниені жан –  жақты танып білуге көмектесе  алады.

   Ғылыми  танымның түрлі салаларында таным  процесінің логикалық жолдарын, оның әдіс – тәсілдері мен формаларын қарастыру, эмпириктік және теориялық  танымдардың арақатынасын, ақиқатқа жетудің әдіс – тәсілдері туралы бастапқы ұғымдарды талдаудың т.б. қажеттілігі барған сайын арта түсуде, ал бұл философияның методологиялық қызметімен тығыз байланысты. 
 
 
 
 
 

   Қолданылған әдебиеттер 

    1. Г.А.Кактаева  Философия негіздері Астана 2006    6-20 бб
    2. Ә.Х. Тұрғынбаев Философия  Алматы 2005 12-16 бб

Информация о работе Философия және миф