Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:09, реферат
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Философия
а) Дүниеге философиялық көзқарас
б) Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты
Мифология
Кесте
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның тарихи түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Дүниеге
философиялық көзқарас
б) Мәдени
кеңістіктің мифологиялық уақыты
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның
тарихи түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік
Белгілі
бір адамдардың дербес қызметі ретінде
философия ежелгі шығыс елдерінде
– Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек
антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында
қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі
туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі
айрықша болмысында,дүниеге
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс – әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.
Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерін ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың өзгере беретін жағдай.
Айтылмаш
жағдай адамның әлемдегі алатын орнын,
оның өмірінің түпкі мәнін, оның кім
болатындығын, юолуы керектігін алдын
ала шешілген, онсыз – ақ, онан
бұрын –ақ аныұталған мәселе ретінде
қарамайды. Керісінше оның барлығын
адамның өзі шешуін, өзі анықтауын
керек етеді. Яғни, адам әлемі үнемі
белгілі бір дәрежеде шешіліп, не
шешілмей жататын, бірақ толассыз оның
алдында шешілуін, анықталуын күтіп
тұрған жұмбақтай болып тұрады. Г.А.Кактаева
Философия негіздері Астана 2006
6-7 бб
Философия
Философия – ғылым мен өнер салаларына ұқсас, сонымен қатар адамзаттың мәдениетінде ерекше орын алатын пән. Ол өзінің әртүрлі қырларымен қоғам мен адам өміріне жан-жақты әсерін тигізеді, бүгінгі рухани дағдарыстағы адамзатқа оның жаңа өмір бағытын іздеудегі талпыныстарында философияның орнын асыра бағалау қиын.
Философия Дүниеге деген
Әрине, қайсыбір адамның да
Дүниеге деген көзқарасы бар.
Ол тұрпайы, фантастикалық,
Алайда, бүгінгі таңда, қазақ ,
қазақ мемлекеті жаңа ғана
қалыптасып, өзінің күшіне кіріп
жатқан уақытта, бүкіл
Бүгінгі таңда еліміздегі көп
қиындықтар, тіпті қателіктер, біздің
өмірді жаңарту жолындағы
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта,бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілктің мән – мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – адамның өзі, адмның тіршілік болмысы.
Дүниеге
көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние»
және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни,
адамнан бөлектенген дүние және
табиғат, сондай –ақ сыртқы дүниемен
салыстырылмаған адамның іс –
әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы
өзінше дүниетанымды құрай алмайды.
Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің
тағдыры мен өмірлік
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән – жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның
тұтастығын қарастыратын негіз –
білім. Білім адамның көкірегіне
қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір
тәжірибесінің елегінен өтіп барып,
сенімге айналады. Сенім дегеніміз
– дүниеге көзқарастың түп
қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына,
тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған
мұрат мақсатына деген
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік жіне нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф – аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
Мифологиялық
дүниетанымның кіндігі –
Түрік
халықтарының мифологиясында ғарыштың
құрылымы былай бейнеленеді: жеті қабат
Жер бар, онда Көктөбе тұр, Көктөбеде
Көктерек өсіп тұр, ол Көккүмбезді тіреп
тұр. Бұл бейне киіз үйдің құрылымына
да ұқсас. Қазақтың әлем туралы түсінігінде
әсерлі бейненің бірі- алып бәйтерек. Дүниежүзілік
ағаш таңбасы өрлемдік қозғалысты,
Жер мен Аспанның тығыз байланысын
білдіреді. Осы биік бәйтеректен
эпос батырлары аспан денелеріне
өрмелеп жете алатын болған. Әлемдік
ағаштың атқаратын тағы бір қызметі
оның жоғары және орта дүниемен байланыстыруында.
Тірілер әлемі өткен кезбен,
Сонымен,
қазақтың рухани мәдениетінде аспанды
Тәңірі –құдай ретінде қадірлеу осы
мәдениеттің маңызды бір
Қазақтардың ата – тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістер Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі, мысала, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.
Ертедегі
қиял – ғажайып (сиқырлы) ерекшелік
ондағы фантастика арқылы өріледі. Анығырақ
айтқанда, фантастика – қиял – ғажайып
ертегілердің жаны. Халық ертегілерінде
фантастиканы жасау үшін неше түрлі
қилы тәсілдер қолданылған. 1) Сенім
– нанымды оқиғаға айналдыру.
Алғашқы қоғам адамдарының