Философия және миф

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:09, реферат

Описание работы

Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Философия

а) Дүниеге философиялық көзқарас
б) Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты
Мифология

Кесте
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның тарихи түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

айка фил РГР1.docx

— 137.62 Кб (Скачать)

   Мифологиялық  уақыттағы сакральды (қасиетті) мағынасы бар мотив – адамның биологиялық  өмірі, оның тууы мен өлімі. Қауымдағы  ең бірінші бөлініс – жыныстық бөлініс.

   Оның  негізінде мифологиялық сана уақыттан тыс тұратын алғашқы абсолютті  бейнелердің бірі – Алғашқы Ата  – Ана туралы түсінікті қалыптастырады. Егер діни түсініктегі Адам ата мен  Хауа ананы құдай жаратса, мифологиялық Арғы Тек – табиғат туындысы, тотем (киелі жануар). Мифологиялық уақыт кеңістіктік – уақыттық континиумда адам мен әлемнің  арасында ешқандай алынбайтын кедергі  жоқ.

   Мифологиялық  кейіпкердің сөзі мен ісі синкреттік және тұтастық сипатта болады. Оның бірлігін жүзеге асыратын күш –  салт – дәстүрлердің мызғымас жүйесі. Тек осы арқылы адам өзіне бір  тұрақтылық табады.

   Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырлас болуды талап етті. Скиф – сақ өркениетіндегі «аң  стилі» , қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта  тірілген құдай туралы аңыздар табиғатпен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.

   Қазақтың  арғы ата – тектерінің уақытты  мифологиялық тұрғыдан түсінуі әлемдік  үлгілерден алыс жатқан жоқ. Мәдениеттанулық  структуализмнің өкілдері (В.Пропп, К.Леви – Стросс) әр түрлі халықтардың  мифтері мен салт – дәстүрлерін  зертей келе олардағы құрылымдық ұқсастықты атап көрсетті. Мысалы, ежелгі гректердегі  циклоп пен түрік халықтарының  Төбекөз туралы мифтері тек мазмұндық  емес, сонымен бірге құрылымдық ұқсастықты танытады.

   Мифологиялық  уақыттың барлық халықтардың немесе этникалық топтардың көне мәдениетін қамтығаны белгілі. Ағылшын мәдениет тарихшысы Э.Б.Тейлор мифтердің мынадай  түрлерін атап өтеді:

  1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
  2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
  3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
  4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
  5. Саяси – әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.

   Енді  мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне  тоқталып өтейік. Көп дәлелдеуді қажет  етпейтін нәрсе – мифологиялық уақыттың реалды уақытпен жақындығы. Алғашқы  білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені  қиял, ойдан құрастырылған тиісінше жасанды бейнелер арқылы түсіндіргенімен, ол ақылы шарықтаған Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды, ішкі, тылсымдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді.

   Мифологиялық  уақыттың дені оқиғалардан, оның мифологиялық тұлғаның іс – әрекеттерінен тұрады. Оқиға да, әрекет те ерекше бір құрастырылған  хронотоптарда өтеді. Олардың алмасуы  мен өзгеруі адамнан тысқары  болатын реалды уақыт пен кеңістікте өтпей, осы мифологиялық хронотоптар  арқылы жүзеге асады. Бұл этностық уақытқа  да тән құбылыс. «Уақыттың баяу немес  жылдам жүруі оқиғаның тығыздығына  тікелей қатысты. Бір ғажабы оқиға  азайып сирей бастаған жерде уақыт  жылдам жүреді. Оқиғаның өзі баяндалмайтын  жерде оның орнын уақыт толтырады. Жалпы уақытты айтып ескертіп отыру оқиға қоюлығы азайған  жерде еске түседі» - деп Ш.Ыбыраев  өз ойын түйіндейді.

   Мифологиялық  уақыттың есептеу нүктесі Ілкі Тектің (Первопредок) жаратылуынан басталады. Бұл шексіз кеңістік пен уақытты  көне санадағы меңгерудің бір тәсіліне жатады. Ж. Қаракөзова мен М.Хасановтың атап көрсеткеніндей, уақыттың бастамасы  ретінде Үйлесімдіктің (Гармонияның) Ретсіздіктен (Хаостан) пайда болуы  алынады.

   Көк – Тәңірі, Жер – су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түрік  халықтарының арғы Ата – тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында  қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, Ш.Айтматовтың және Ю.Рытхэудің  көркем шығармаларында бейнеленген  тотемдер Бұғы ана мен Алып балық (кит) мифологиялық уақыттың әсерлі белгілері  еді. Тотемдік Ілкі Тек адам мен табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды  дүние – танымдық түйнекке жатады.

   Зерттеушілер  Ілкі Тек жалғыз адам өліміне тән  деп есептемейді, Ол бүкіл ғарыштық әлемді, үш дүниені (жоғары, орталық  және төменгі) қамтитын көрініске жатады. Мысалы, көшпелілер әрбір түлікті  белгілі бір ғарыштық стихиямен  байланыстырады:

   ... ешкі – сайтаңнан,

   қой – оттан,

   түйе  – сордан,

   жылқы – желден,

   сиыр  – судан.

   Бұл стихиялар (дүлей күштер) ғарыштық жасампаздықтың таңбалары: сиыр – өлім мен дүниенің, түйе – Жердің, «еш» деген түбірі бар ешкі – хаостың, бостықтың  таңбасы. Кейін қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тотемдік ұғымдар қалғанымен, олардың  нақтылы көріністері өзгерді.

   Әрине, тотемдік түсініктер тек этникалық  уақыттың бастама нүктесімен шектелмеген. Қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында  қалыптасқан және дәстүрлік уақытта  жан – жақты қолданылған уақытты  циклдік есептеу жүйелері арқылы (мүшел, жыл қайыру, мүшел жас, амал мен тоғыс, халық календарі) түсінудің  алғышарттары мифологтялық кезеңде  пайда бола бастаған  және ол тотемдік уақыт бастамасымен  тікелей қатысты  болған. Бұл туралы Ш. Уалиханов былай  деп жазған: «Мүшел есебі бұдан 3 – 4 мың жыл бұрын шыққан... Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелде  төрт – ақ хайуан болған: ұлу, бөдене, барыс және тасбақа. Бұлар дүниенің төрт тарапы мен жылдың төрт мезгілін бейнелеген. Ұлу – шығыс пен  көктемнің, бөдене – оңтүстік пен  жаздың, барыс – батыс пен күздің, тасбақа – солтүстік пен қыстың ишараты болған... Бертін бұл мүшел 6. 8. 10 хайуанға жеткен... Мүшел сөзінің  қайдан және қашан шыққаны белгісіз».

   Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеуші  Ә.Хасенов бұл туралы былай пайымдайды. «Ежелгі түрік сөздеріне талдау жасай келе «мүш йыл» және «мүш ел»  сөздеріне тоқтауға болдаы. Мүш –  он сөзінің бір нұсқасы (алтмұш –  алпыс, алты, он, жет мүш – жеті он). Сонда «мүшйыл» - он йыл болмақ. Мағынасы тұрақсыз, шатаса беретін ұлу мен мешінді кейін қосылды деп есептесек, Орхон түркілерінің алғашқы мүшелінде он жыл болды деген қорытынды шығады».

   Мифологиялық  уақытты басқа типтер ауыстырғаннан  соң да тотемдік түсініктер халық  жадында архетиптік қызметін атқарып, баксқа бір рәміздер мен таңбаларға айналады. Мысалы, Ата тек тотем  Көкбөрі жаугершілік және бостандық  үшін күрес заманында қайсарлыққа  шақырған рәміздік рөл атқарған. Сүйінбай ақынның мынадай жолдары бар:

   Бөрі  басы ұраным,

   Бөрілі  менің байрағым,

   Бөрілі  байрақ көтерсе,

   Қозып кетер байоағым!

   Қазақтың  ұлттық ойындарының бірі көкпардың  төркінінде «көкбөрі» ұғымы жатыр.

   Мифологиялық  уақыттың тағы бір ерекшелігін мәдени дисперсия немесе синкретизм деп  атауға болады. Әр түрлі әлемдер  мен мәдениеттердің тоғысуы, уақыттық кезеңдердің бір бірімен араласып кетуі, қиял ғажайып оқиғалардың  тұрмыс шындығымен бірге жүруі -

мифтік  санаға тән құбылыс. Мысалы, «Қобыланды»  эпосы – қыпшақ тайпаларының  сыртқы жауларымен күресін бейнелейтін  нақтылы тарихи хронотопы анықталған батырлық жыры. Алайда, бұл эпоста кезедесетін  Құртқаның шешесі Көктен кемпір, Баба Түкті Шашты Әзиз бейнелері исламға  дейінгі мифологиялық кейіпкерлер  болып табылады. Осындай мысалдарды қазақың рухани мәдениетінен көптеп кездестіруге болады.

   Әрине бұл айналмалы уақыт пен кеңістік мифологиялық санада өзгерістерге ұшырап отырады. Мифологиялық кейіпкердің  өзі бас кезінде стихиялық  күштерден толық тәуелді болса, адамдық мәдениеттің нығаюы нәтижесінде  оның дербестілігі айқындала бастады. Бұл туралы С.Қасқабасов былай дейді: « ... мифологиялық сананың екінші кезеңіндегі  қазақ мифтерінде адам өзін қоршаған ортадан бөлек, айрықша жан деп  пайымдайды және оның басқа жанға  немесе нәрсеге айналуы адам еркі бойынша емес, сыртқы басқа әсерлер  бойынша өтеді. Әдетте, бұл біреудің қарғысы немесе тәңірінің, құдайдың жазасы түрінде болады. Бірақ қарғау және құдайлық күштердің араласуымен  болған айналыстың өзі сөз арқылы жүзеге асырады, себебі, бұл уақытта (анимизм мен тотемизмнің орныққанынан кейін) магия өте дамыған еді».

   Магия уақыт ұғымымен тікелей қатысты. Ол құбылыстар мен заттар дүниесіне  ешқандай технологиясыз және құралсыз. Өз қалауымен әсер ететін ерекше ритуалдық  әдіс есебінде енді. Яғни, магия түзу сызықтық уақыт пен жазық кеңістік әлеміндегі құбылыстарды ерекше бір  тылсымдық күшпен өзгертуге негізделген. Оны объектіні билейтін субъект  деп те қарастыруға болады.

   Көптеген  зерттеушілер магияны шамандық дінмен байланыстырады (Л.Гумилев, Э.Тейлор, Д. Фрэзер және т,б,).

   Мифологиялық  уақыттың тағы бір ерекшелігі оның болжамдық функциясымен байланысты. Мәдениеттер типологиясы ілімінде мифтік уақыт пен кеңістік тек  баңдар емес, сонымен бірге адамдардың болашақты білуінің құралы болды. Кейбір зерттеушілер мифологиялық сана өткен  щақ пен қазіргі жағдайдың  аумағынан шыға алмайды деген  пікір айтады. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес.

   Мифологиялық  уақытқа сүйенген мәдениеттің болашақ  туралы болжамдары ақыл – ой мен  логикаға негізделуден гөрі, адамның  ішкі интуициялық және тылсымдық  қабілеттеріне иек артқан. Бұл мәселе ғылымда тек соңғы жылдары дұрыс бағытқа қойылып, бұрынғы «мистика» деп айдар тағылған оның парапсихологиялық таным мүмкіншіліктері зерттеу объектісіне айнала бастады.

   Әрине, көптеген болжамға байланысты мифологиялық түсініктерді өз мүддесіне қатысты  әдейі бұрмалаушылық та кездеседі. Мысалы, хиромантия (алақанның сызықтары  бойынша адамның тағдырын анықтау), гаруспикация (отқа қыздырылған малдың жауырын сүйегі арқылы құбылстарды  болжау), астрология (зодиак жұлдыздары арқылы...), құмалақ салу және т.б. осы  сияқты «болжамдар» өтпелі заман  тәрізді қиын – қыстау уақытта  көбейіп те кетеді.

   Алайда, болашақ бейнесін түсінуге ұмтылу ертедегі мифологиялық уақыттың маңызды қасиеті  еді. Болашақ бейнесі мифологиялық сана үшін эсхатология т.рінде болады. Яғни, тарихи уақыт ақырзаманмен бітеді деп есептелді. Оның, тіпті, ғарыштық мифтері де болды. Мысалы, Темірқазық жұлдызын айналып жүрген Жетіқарақшы  жұлдыздары не Үркердің қызын, не Ақбозат  пен Көкбозатты ұрлап алған күні ақырзаман болады екен деген миф  бар.

   Бірақ ақырзаманмен бітетін уақыт бағыты, әдетте, этномәдени жүйенің күйзеліс, дағдарыс кезеңіне тән. Бұл, көбінесе, мәдени тұтастықтың әлсіреуі, көсемдер мен әскери басшылардың этностың болашағын ойлауды қойып, өз бастарының қамын алдыңғы қатарға қойғанда орын алады. Басқарушыларынан түңілген халық күйгілікке бет бұрып, әділетсіздікке әркім тиесілі жазасын алатын ақырзаман болады деген түсінікпен қарсы шығады. Әрине, қазіргі кезден болашаққа секірудің басқа түрлері  де бар.

   Жалпы алғанда, болашақ уақытты халықтық дүниетаным этиканың жақсылық және жамандық ұғымдары тұрғысынан баға беру арқылы болжайды. Кейін діни санада уақыт  мәресі тозақ және жұмақ ұғымдары арқылы түсіндірілген. Бұл мифологиялық болашақ түсінігінен күрделі  және тұлғаның өміріндегі құндылықтар  жүйесімен байланысты.

   Мифологиялық  уақытта болып кеткен оқиға мен  оның қазіргі қалпы мен болашағы арасында кедергі тұрған жоқ. Қайталанбалы уақыт өрісінде әлі болмаған, бірақ  ықтимал нәрселерді беру тәсілі әр түрлі: жору, ішкі дүниесімен сезіну, магия, теріс бағыттарға кедергі қоюға  тырысу, аластау және т.б. Осылардың  ішіндегі ең көп тарағаны – көрген түсті жору. «Түстің өзі, - дейді  Ш.Ыбыраев, - ауыспалы  мағынада, астарлап көру және тура мағынасында, өмірде қалай  болып жатса сол қалпында көру түрінде керек. Бірақ қандай болған күнде де екеуінің  атқаратын  қызметі біреу – болған (не болатын) жақсылықтан (не жамандықтан) хабардар ету. Түстегі жақсылық жаманшылыққа, жаманшылық жақсылыққа еш уақытта айналмайды».

   Мифологиялық  уақыттың нышандары кейінгі даму барысында жоғалып кетпей, рухани мәдениеттің терең қабаттарында өз әсерлігін сақтап қалады. Этномәдениеттің  өзегін құрастыратын құндылықтар жүйесін  мәдениеттануда архетип деп атайды. «Архетип» үғымын ғылымға енгізген – К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани шығармашыл қазынасын  қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі  сананың, тылсымның құрылымдық бөлігін  архетип деп атайды. Оларға адамның  рухани өмірінің априорлы қалыптастыратын  және оның іс – әрекетін, мінез –  құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста  ортақ уақыттық – көріністік өріс пайда болады.

   Архктип үғымының ең басты белгілеріне уақыт  пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық сипаты бар  және ол – уақыт пен кеңістіктегі мәдени әлемді адамның игеруінің негізгі шарттарының бірі. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен ұқсас. Бұл – әсіресе, тәуелсіздікке енді қолы жеткен Қазақстан Республикасында да өтіп жатқан заңды және прогрессивті құбылыс.

   Архетиптік  уақытты жаңғырту дегеніміз әлемдік  мәдениетте кездесетін фундаментализм (түп – тамырды әсірелеу) және партикуляризмнен (мәдени оқшаулық, ерекше жол) бөлек құбылыс. Бәзде жиә  айтылатын «еуразиялық идея»  мәнісі жағынан алғанда паритикуляризмнің  бір түрі және ол, негізінен, Ресей  жерінде қалыптасқан. Мәдениеттер  диалогы кеңістігінде архетиптік уақытты  жаңғырту мәдени әмбебаптылық идеясына қарсы келмейді.

Информация о работе Философия және миф