Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:09, реферат
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосатын білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену өте қажет.
Философиянын басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Философия
а) Дүниеге философиялық көзқарас
б) Мәдени кеңістіктің мифологиялық уақыты
Мифология
Кесте
Философиялық білімнің құрылымы
Философияның өзекті мәселесі (материалистердің көзқарасы)
Философияның дін және мифологиялық байланысы
Дүниетанымның тарихи түрлері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ертегілердегі әр қилы құдірет образдарының жасалуы да іс жүзіндегі болмыстан алыстап кете қоймайды. Мысалы, диюлер өте зор денелі құдіретті мақұлық, бірақ оның адамдарға ұқсаған аяғы, көзі, қолы, басы бар. Ол перизат сұлу қыздың образында болады; Жалмауыз кемпір сияқты болып көрінеді, тек мұрны, аузы, көзі өзгертіліп, сүйкімсіздендірілген. Сондықтан халықтың қиял – ғажайып ертегілерінде жоғарыда айтылған екі түрлі тәсіл арқылы нақтылықтан фантастика құрастырған және сол нақтылықты бейнелеу үшін қызметсыйлаған» істеттірген.
Кейін
Құдай адамдарға кітап (Құран, Библия)
«сыйлаған» соң, мифологиялық дүниетанымды
дін мен философия ығыстырды
Дүниеге
философиялық көзқарас
Философиялық көзқарас адамдардың санасында бір – бірімен тығыз байланысты да қарама – қарсы екі ұғым – «материалдық» және «идеалдық», «объект» және «субъект» деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама – қарсы қарастырмай, оларды әрдайым белгілі бір қарым – қатынаста қарастырды, атап айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасын қарастырды. Бұл философияның негізгі мәселесі деп аталады. Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқарасы қандай болсын, ол бұл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі. «Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгі мәселесі – ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе» - деп атап көрсетті Ф.Энгельс.
Философияның
негізгі мәселесінің мәні шындықтың
екі негізгі типінің –
Сананың материяға қатынасы қандай деген сұраққа жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, - деп жазды Ф.Энгельс. – Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп сайып келгенде, дүниенің жаратылуын қайткенде де мойындағандары... идеалистік лагерьді құрды. Ал енді табиғат негізгі бастам деп есептегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды.
Философияның
негізгі мәселесі материалдық пен
руханилықтың қайсысы алғашқы деумен
ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар
мтаериалдық деп нені, руханилық
деп нені түсіну керек деген сұрақты
да қамтиды. Осыған байланысты материализмнің
ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі
философиялық мәселені қоюына, шешуіне
қарай түрліше жеке тармақтар
пайда болады, Мәселен, Гегель алғашқы
бастама деп адамнан тыс
Көптеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф.Бэкон үшін, мәселен, таби,аттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса, ХХ ғ. Француз философы А.Камю үшін ол негізгі мәселе – өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? – деген мәселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мәселенің мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы материалист Л.Фейербах болды. Философиянын негізгі мәселесін дұрыс тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген Ф.Энгельс болды. Ол бұл мәселені қоғамдық – тарихи практиканың шешуші рөлін негізге ала отырып қарастырды.
Адамның дүние туралы ой – пікірлерінің бәрі, сайып келгенде, оның негізгі философиялық мәселені қалай шешетініне байланысты болады – дүниенің мәңгілігі және құбылстардың заңдылығы бар ма, дүниені танып білудегі мақсат не және ол үшін керек, ақиқат деген не? – деген сияқты толып жатқан сұрақтардың бәрінің жауабы сол негізгі сұрақтың жауабына тәуелді.
Философияның
негізгі мәселесінің қалай
Осы күнгі идеалист философтардың кейбіреулері философияның негңзгң мәселесі деген мүлдем жоқ. Ол ойдан шығарылған жалған мәселе деп дәлелдеуге тырысады. Олардың кейбіреулері «руханилық» пен «материалдық» деп шек қоюдың өзі де тек шартты, тіпті, керек десе, құры бос сөз дейді. Мысалы, ағылшын философы Б.Рассельдің түсінігінше, «материя» және «рух» деген сөздермен аталатын нәрселердің бар екені шүбәлі, өйткені олар «сезімдік фактілерден» шығатын логикалық құрылымдар ғана. Алайда буржуазиялық философтардың негізгі философиялық мәселені жоққа шығармақ болған әрекеттері мүлдем қисынсыз екенін адамның ойлау, дүниетану тәжірибесі дәлелдеген үстіне дәлелдеп отыр: ойлаудың ойлау объектісінен (мәселен, физикалық денеден), түйсіктің түйсінілетін нәрседен, яғни көру, есту арқылы қабылданатын нәрседен сапалық айырмашылығын қалай жоққа шығаруға болады?
Енді
бір философтар философияның негізгі
мәселесі – адам өмірінің проблемалары
(шешілмеген мәселелері) деп дәлелдемек
болды. Әрине адамның қоғамдық өмір
мәселелері бүкіл философияда, әсіресе
маркстік философияда маңызды орын
алатыны күмәнсіз. Бірак адам мәселесі
материалистік тұрғыдан да, идеалистік
тұрғыдан да түсіндірілуі мүмкін, сондықтан
ол философияның негізгімәселесі бола
алмайды. Философиянын негізгі мәселесі
– философияның түрлі теориялық
мәселелерін шешекенде
Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар, Бірінші жағы –дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялық) мәселе, екіншісі – дүниенің танымдылығы туралы (гносеологиялық) мәселе.
Алдымен негізігі философиялық мәселенің бірінші жағын қарастырайық: дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, әлде идея ма, табиғат па, әлде ой – сана ма? – деген сұрақтың екі – ақ жауабы бар. Алғашқылық материя, табиғат, ал идея, ал ой – сана кейінгі, екіншілік деушілер материализм бағытын құрады, ал идея, ой – сана алғашқы, материалдық дүние, табиғат одан кейінгі, екіншілік дейтіндер идеализм бағытын құрады. Бұл екі бағыт монистік, яғни дүниенің бір ғана бастамасын мойындаушы бағыттар (материалистік монизм және идеалистік монизм) деп аталады. Логикалық дәйектілік тұрғысынан алғанда, философияның негізгі мәселесінің бірінші жағының басқаша (үшінші) шешімінің болуы мүмкін емес. Бірақ философия тарихында бұл мәселенің үшінші шешімін табуға әрекет жасаушы бағыт та болады. Дуализм деп талатын бұл бағыттың өкілдері материя алғашқы, идея да алғашқы, өйткені олар бір – бірінен тәуелсіз өмір сүретін екі бастама деп дәлелдемекші болды. Бұл бағыттың негізін салған басты өкілдері Р.Декарт (XVII ғ. француз философы, математигі) және И.Кант (XVIII ғ. неміс философы) материализм мен идеализмді ымыраластыруға әрекет жасады.
Дуализм материализм мен идеализмнен бөлек үшінші бір философиялық бағыт бола алмайды, өйткені философияның негізгі мәселесінің әлі екінші жағының шешімі бар. Ол адам дүниенің объективтік заңдарын, мәнін танып біле ала ма, әлде дүниені танып білуге болмай ма? – деген мәселе. Дүниенің танымдылығы туралы бұл гносеологиялық мәселені (сұрақты) шешуде дуализм, сайып келгенде, идеализмге бой ұрады, өйткені ол материя мен сананы бір – бірінен бөліп тастау арқылы таным теориясы мәселесінде агностицизмге, яғни дүниені танып білуге немесе толық танып білуге болмайды деген көзқарасты жақтайтын субъективтік – идеалистік тұжырымға келеді. Міне сондықтан да Ф.Энгельс философияда екі – ақ бағыт – материализм мен идеализм ғана бар, ал қалған «измдердің» бәрі, сайып келгенде, осы екеуінің жеке тармақтары ғана деп атап көрсеткен болатын.
Енді
бір философтар идеализмнің жекелеген
қағидаларын материализмнің қағидаларымен
және керісінше ұштастыруға
Материализм
де, идеализм де дамудың ұзақ тарихи
жолынан өтті. Осы даму барысында
олардың көптеген тарихи түрлері
және олардың арасында үздіксіз ой
– пікір күресі болды. Материализм
идеализммен күресте әрдайым
өз тұсындағы ғылыми білімдерге, практикалық
іс – әрекеттің жетістіктеріне сүйенді,
ал идеализм әрдайым дінмен, шіркеумен
одақтаса отырып, материализмге қарсы
күресті. Қысқасы, материализм ғылыммен
бірлікте, ал идеализм дінмен бірлікте
өмір сүрді.
Мәдени
кеңістіктің мифологиялық
уақыты
Рухани мәдениетте реалды уақыт адамдық экзистенциалды ішкі дүние қажеттіліктерімен, ақыл парасат және сезім – тылсым бейнелерімен, оның психологиялық және әдетілік түсініктерімен қосарлана келеді. Қысқаша айтқанда, ментальды уақытты оның субъектісі мәдени тұлғаны нақтылы қарастыру арқылы ғана түсінуге болады.
Мұны
назарға салып отырғанымыз –
соңғы кезде «модаға» айналған қазақ
халқының дүниетанымын тарихи процестен
тыс қарастыратын басылымдардың
көбеюі. Түзу сызықтық емес, циклдық
уақыт есебі көне заманнан қазіргі
кезге дейін сол күйінде
Қазақтың
дәстүрлі түсінігіндегі уақыт өлшемдері
тарихи мәдени эволюцияны бастан кешірген.
Ал жыл айыру, мүшел, маусым, күнтізбе,
ай, жыл атаулары, т.б. туралы жарияланған
мәліметтер – осы ұғымдардың тек
қана тілдік ныснға айналған көрінісі.
Олар ұлттық мәдениеттің даму сатылармен,
дүниетанымдық типтерімен, мәдени қарым
– қатынастағы уақыт туралы әр
түрлі ілімдер немесе көркем бейнелер,
таңбалардың әсерлерімен
Философиялық зерттеулер уақыт туралы ұғымдар мен бейнелерді тарихи жіктеуге мүмкіндік береді. Белгілі зерттеуші А.Қасымжанов қазақтың өзін және дүниені тануының кейбір уақыттық кезеңдерінің сипаттамасын әмбебап тәртіптің үлгілерімен салыстыра отырып, төмендегідей типологияны ұсынады:
Қазақ
мәдениетіне қатысты басқа
Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) мынадай типтерін атап өтуге болдаы:
Әрине,
бұл жерде келтірілген
Ежелгі
дәуір мәдениетінің дүниетанымы
– миф. Ежелгі миф аңыздар алғашқы
адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей,
олардың символдық (рәміздік) мазмұны
арқылы адамзат қоршаған ортаны және
уақытты әрі игерді, әрі түсінді.
« Миф, - деп жазады А.Қасымжанов,
- алғашқы қауым адамына тән
ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы.
Мұнда поэзия мен ғылымның, дін
мен моральдің , рационалды әсердің
элементтері бар.
Мифология
Мифологиялық
дүниетанымның кіндігі –
Мифтік уақыт туралы сөз қозғанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, көріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. «Ұжымдық тәжірибе мен әдет – ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Ал бұл табиғаты, әсіресе, аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, мәдениеттің жазбасыз сипатымен орайласуы әбден кәдік», - дейді Ю.Лотман. Бұл үзіндіден, мифологиялық танымның уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігін көреміз. Жазулы ақпарат жоө кезінде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) сыйлаған соң, мифологиялық дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бәрақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспананы көмескі сана (подсознание) мен архетиптік жадыдан табады.