Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53

Работа содержит 1 файл

курс тарбие.doc

— 423.00 Кб (Скачать)

4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық  ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз əріптестерін сынға алатын  жағдайлар да болып қалады. Бұл  балалар көзқарастары мен нанымдарына  əсер етпей қоймайды. Сондықтан  бала тəрбиесі мекемелерінің  мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.

5) Ұштастық пен бірізділік принциптері  талаптарына орайлас дəрістерге  жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын  бір жүйеде алып барған орынды. Тəрбие жұмысында бұрыннан орныққан  ұнамды қасиет сапаларды ескерген  жөн. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог.

6) Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру  тəсілі – тəрбиеге қатысты  адамдардың, қызмет түрлері мен  əлеуметтік мекемелердің басын қосып күш біріктіру. Осыдан да тəрбиеші қоғамдық мекемелер, əлеуметтік қауымдастықтар жəне отбасымен байланыс түзуде шаршап –шалдығу білдірмегені жөн.

Сонымен, тəрбие принциптері –  тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі - өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.

Тəрбиенің жетілген əдістемелерін  жасау бағытында да пайдалы өзгерістер көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды  оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.

Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат  өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

         Курстық жұмысты қорытындылайтын  болсақ біз қазақ халық біртұтас  педагогикалық процесстерді толық  ашып, меңгеру кезінде барлық  тәрбие жүйелерімен таныстық.

Қазақ халық педагогикасында  жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке үздіксіз тәрбиелеуді дамытудың тұжырымдамасына қазақтың халықтық тәрбие дәстүріндегі еңбек тәрбиесінің бай мұрасы және өркениетті елдердің озық тәжірибесі алынды, жұртшылық пікірі ескерілді.

Үздіксіз еңбек тәрбиесі тұжырымдамасындағы педагогикалық жаңаша ойлау мыналар: жеке адамның тұлғалық дамуына еңбек тәрбиесінің қажеттілігін көрсету; педагогикалық-психологиялық іргелі ғылыми тәжірибелік зерттеулердің ұсыныстарын еңбек тәрбиесі тәжірибесінде тиімді пайдалану.

Еңбек тәрбиесі жүйесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижелігін жандандыруды қазіргі заманның талап бағытына, жеке тұлғаның даму заңдылығына үйлестіру; еңбек тәрбиесі жұмысын дәстүрлі еңбек түрлерінің ұлттық, аймақтық, әлеуметтік ерекшеліктеріне лайықтандыру; ортаның мүмкіндіктерін ескеру.

Тұжырымдама – үздіксіз еңбек тәрбиесін беру жүйесінің  жалпы бағытын анықтайтын құрал. Ендігі кезектегі міндет – барлық тәрбие сатылары мен салаларына байланысты ата-аналардың, ұстаз-тәрбиешілердің және т.б. саналы қоғам мүшелерінің шығармашылық күштерін пайдалана отырып еңбек тәрбиесінің нақтылы ұлттық бағдарламасын жасау.

          Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген козқарасын және соған сай мінез-кұлкын қалыптастыру.

         Ұрпақ тәрбиесінің тілден басталатындығы, ұлттық сана-сезім мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін тіл екендігі халық тәжірибесінде, ғылымда дәлелденіп келеді.

         Бүгінгі танда коғамның басты мақсаттарының бірі және бірегейі жас ұрпақты рухани мүгедек болып қалмауы үшін қазақ тілін біліп, олардың қажеттілігіне айналдыру, сөз қадірі мен киесін бойына дарытып, еркін қолдануына мүмкіндік туғызу. Мүндай қасиеттер өздігінен қалыптаспайтыны мәлім. Ол үшін жастарды тәрбиелеу керек, өнегелік шараларды ұйымдастыру қажет.

         Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді. Қазактың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік кұралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден койған бір топ казақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жүртшылық қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқаңда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылды, С.Үзақбаева, К.Қожахметова, М.Сымайлова, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектері. Осы сияқты  халықтық педагогиканың қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бетбүрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады.

        Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғүмыр кешкен ғүламалар ерекше атап көрсеткен. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын мінез-құлқының мәнді жактарынан мағлұмат беретін, сол арқылы тәрбиелейтін ілім-білімдер жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен арнайы этнопсихология ғылымы шұғылданады. Ал этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекеті (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, сана-сезімін қөрсететін негізгі өлшемдердің бірі.

         Ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол — ұлт тірлігінің тұрмыстық қөрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным, түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады.

Оқыту мен тәрбие мазмүны  терең ғылыми негізде бола отырып, қөп қырлы дәстүрлер мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет. Өйтқені кез-қелген халықтың мұрат тұтар тұлғалары болады. Олардың бойында ұлтқа тән өзіндіқ санасы, қемеңгер ой-піқірі, елдің тарихи даму барысында қалыптасқан жақсылық пен жамандыққа қатысты козқарасы, т.б. сомдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж.Б., Болдырев Н.И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А.Х.,  Подласый И.П., Сейталиев К),(256);

2.Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ., Әбiлова З.Ә., Сарыбеков Н.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Қожахметова К.Ж., Жұматаева Е.Ө., Дүйсембiнова Р.Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С.К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т.Ә),(55-58);

3.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш.К., Оразбекова К.А),(11-20);

4.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В.М,  Сабитова Г.В, Ходоровская З.А),(256);

5.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М.Д., Байназаров Р., Галузинский В.М., Падалко Т.В),(318);

6.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ., Омаров Е.О., Садықова М.К),(55-62);

7.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi  тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д., Лебединский В.В., Абаева Н.Б., Мұқанова Б.Ы., Қасенов Е.Р),(302);

8Балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л.В., Волохов А.В., Литвак Р.А., Искандирова Т.Н,(23-28);

9.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К., Қаплиева А.Қ., Садықова М.К., Сайдахметов Б.С., Байсарина С.С),(88-90);

10.Жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б.З., Фришман И.И),(120);

11.Албытова Н. Тәрбие негізі- өнеге//Қазақ тілі мен әдебиет.-2006.-№2,(84-86);

12.Асанов Ж. Этнопедагогикалық білім беру мазмұны// Ұлағат.- 2003.-№5,(14-16);

13.Иманбекова Б. Қазіргі педагогикалық технологиялыр// Оқыту – тәрбиелеу технологиясы.-2007.-№1,(26-28);

14.Нұғманова Х.Е. Халықтық педагогиканы болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында пайдалану.-Қызылорда.- 1999,(52-60);

15.Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. –Алматы,1991,(288);

16.А.О.Пинт. Ата-аналар сиздер үшін. –Алматы, 1990,(22-30);

17.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. –Алматы, 1994,(288);

18.Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. –Алматы,1995,(74-78);

19.Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаев  т.б. Инабат. –Алматы, 1995,(44-48);

20.А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы,  1968,(112); 
21.В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,  1976,(12-22); 
22.Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика,  1970,(225); 
23.Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М., 1968,(44-48), 
24. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер  және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп,  1988,(102), 
25. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение,  1988,(25-30), 
26. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. -  М.: Просвещение, 1988,(22-33), 
27. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение,  1985,(23-33), 
28. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы,  1977,(85-92), 
29. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы,  1979,(97-102), 
30. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий,  1988,(50-66), 
31. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы,  1988,(78-99), 
32. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970.  Вып.2.(18-23), 
33. ХарламовИ.П. Педагогика. -  М.,1990,(115-118), 
34. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы,  1991,(55-62), 
35. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана,  1998,(256), 
36. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.(17-25).

 

 

        

 




Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде