Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53

Работа содержит 1 файл

курс тарбие.doc

— 423.00 Кб (Скачать)

Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың  баршасын (жанұя, мектеп, мектептен  тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы. (306)

Аталған принципті іске асырудың төменде  келтірілген ережелері тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін  жағдайларды ескеруге көмектеседі:

1) Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек  адамдар, қоғамдық мекемелер мен  оқушылар ұжымы жəне т.б. ықпалында  қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар  арасында біршама маңызды рөл  сынып ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына  тиісті болатынын еске ұстай отырып, басқа да тəрбиелік əсер көздері болатынын ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тəрбиешіден болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.

2) Тұлға қалыптастырудағы бас  жетекші – отбасы. Өз баласының даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тəрбиеші –педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» -деп атам қазақ бекерге айтпаған. Осыдан, талап – отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу.

3) Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты  кейде табиғи тəрбиелеуші – жанұя ресми тəрбиеші- педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тəрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға ынталы болғаны жөн.

4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық  ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз əріптестерін сынға алатын  жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала тəрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.

5) Ұштастық пен бірізділік принциптері  талаптарына орайлас дəрістерге  жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын бір жүйеде алып барған орынды. Тəрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог.

6) Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру  тəсілі – тəрбиеге қатысты  адамдардың, қызмет түрлері мен  əлеуметтік мекемелердің басын  қосып күш біріктіру. Осыдан  да тəрбиеші қоғамдық мекемелер,  əлеуметтік қауымдастықтар жəне  отбасымен байланыс түзуде шаршап –шалдығу білдірмегені жөн.

Сонымен, тəрбие принциптері –  тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі  талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі - өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.

Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары.

Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың  дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

- нақты адамға оның денсаулығы  мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;

- адамның жеке басы ерекшеліктерінің  орнығу процесін қамтамасыз етуге  бағытталған педагогикалық қызметтер; 

- ауытқуға бейім қылық-əрекет  қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;

- келеңсіз мінез əрекеттеріне  бейім жас өспірімге нақты  жекеленген жəрдем беру;

- баланы басшылықты жетекке  алу; 

- тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық  қолдау проблемасын өзінің өмірлік  принципіне айналдыруы;

- балалардың өзін-өзі тану шартына  айналып, оқу мен тəрбие шеңберін  үйлестіруге бағытталған мұғалім  мен оқушы ықпалдастығын күшейте  түсу.

Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық  қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.

Педагогикалық қолдаудың көрініс  формалары – жылы лебіз; құлақ  сала білу, қажет болса – кеңес  беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.

Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген  қамқорлық пен сенім қатынасында  көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаға арналған педагогикалық  қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің  түрі:

- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім жəне тəжірибе жетіспеуі; - объектив (əлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар).

- материалдық кедергілер (отбасының  қаржылық жағдайы жəне т.б.).

Тəрбие əдістерін  таңдау.

Тəрбие əдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі.

Тəрбиешінің кəсіби қызметтерін орындау  барысындағы тəрбие əдістерін таңдауы  əрі оларды пайдалануы көптеген қалыптасқан  шарттар мен мүмкіндіктерге тəуелді. Мұндай шарттар түрі: ниеттелген тəрбие мақсаттары мен міндеттері; тəрбиеленушілердің жас жəне даралық ерекшеліктері; тəрбие мезеті; шəкірттердің қызығулары мен қажеттері; оларды қоршаған əлеуметтік жағдайлар; тəрбиеленуші қатысқан топтың қалыптасу деңгейі; күтілген нəтижелер; тəрбиешінің өз басы мүмкіндіктері.

Тəрбие əдісін таңдау негізінде  тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы гуманистік қатынас болуы шарт. Қолданылатын əдістердің тиімділігі келесі жағдайларға  байланысты: таңдалған əдістің шынайы əрі нақты шарттарға сəйкестенуі; əдісті қолдану мезетіндегі тəрбиеленушілердің психологиялық қалпын кəсіби көрегендікпен сезе білу; əрқилы тəрбие əдістерін өзара үйлестіре пайдалану; таңдалған əдісті тəрбие шараларымен толықтыра түсу; əрбір əдісті қисынды нəтижеге жеткенше орынды пайдалану.

Тəрбие əдісін таңдай отырып, тəрбиеші əрбір тəрбиеленушіге өз жасампаздық іскерлігін жүзеге асыруға, даралық шығармашылығын танытуға, табыс көздерін іздестіре білуге, нəтижелерді болжастыруға, көзделген мақсатты іске асыруға толық мүмкіндік беретіндерін пайдалануға ұмтылуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары.

         Қазіргі заманғы тәрбиеші –  ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,  нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

          Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары:

● оның  басқа адамдардың тіршілік әрекетіне әлеуметтік мәдени және кәсіби құндылықтарды жеткізуші  болу  қабілеті;

● тәрбиеші ретінде белгілі  бір әлеуметтік мәдени және білім  беру жағдайында өзінің орнын, функционалдық мүмкіндіктерін сезіну;

● басқа адамды қабылдау және түсінуге ұмтылу;

● тәрбиенің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы  талаптарына сәйкес әдіснамалық, әдістемелік  және технологиялық дайындығы;

● одан әрі кәсіби-жеке өсуінің  ішкі алғы шартының болуы;

         Қосымша білім  беру  педагогы баланың өз мүмкіндігін сезінуіне көмек беріп, олардың орнықты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандыратын механизмді іске қосады. Тәрбиеші ретінде қосымша білім беру педагогының қызметін бағалаудың негізгі параметрлері мыналар:

-сабақты ұйымдастыру (үйірме, факультатив, секция) педагогика-лық стереотиптерден жиналған әсерден емес,  топ  ерекшелігінен бастау алуы;

-бала мен педагогтың өзара қарым-қатынас сипаты өзара сыйлас-тық, достастық, сенімділік негізде құрылуы;

-баланың бостандығын, жеке абырой сезімінің қорғалуын   әсер ететін психологиялық климаттың ықпал етуі;

-білім алушының өзін-өзі табысты көрсету,  өзін-өзі орнықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білу мүмкіндігі.

 Педагогикалық қолдау  О.С.Газманның пікірінше мектеп  ережесін қабылдауына, білім алуда  табысты ілгері жылжуына, әлеуметтік-экономикалық  жағдайға, оның физикалық және  психикалық денсаулығына байланысты  баланың дербес проблемаларын  шешуде   превентті және оперативті көмек беру; тиімді іскерлік және коммуникациялық жеке қарым- қатынас; өмірлік, кәсіптік, әдепті таңдауға (өзін-өзі анықтауға) көмек беру. 

Көзқарас  – ол білім  беретін мекемелер ұстазының  немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

         Қағида  – кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетаным-ның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді  тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі. 

          Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

           Өзін-өзі тәрбиелеу  – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және  оның  қасиеті мен қабілетінің дамуын  саналы басқаратын үдеріс.   

           Өзін-өзі басқару  – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі. Оқушылар мен студенттердің қазіргі заманғы өзін-өзі басқаруы демократияның нақты формасы және  әлеуметтік-құқықтық өзін-өзі қорғауы болып табылады. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысу, олардың қабілеттері мен шеберлігін қолдану сферасын кеңейтіп, басқару дағдысын меңгеруге мүмкіндік беріп,  лидерлік қасиетін дамытып, өзінің қабілеті мен талантын көрсетіп, бастамашылдық танытып, іс-әрекетте  өз қалауын табуға мүмкіндік береді.

            Әлеуметтік серіктестік жүйесі.  Білім беру қызметіндегі интенсив-ті дамыған  нарық білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті нығайтуға ынталандырады. Мұндай қарым-қатынастың басты мақсаты  – кәсіби білім мен тәрбие берудің жоғары деңгейіне жету, бір жағынан, түлектің әлеуметтік қорғалуын, ал екінші жағынан,  кәсіпорынды жоғары кәсіби шеберлікті маманмен қамтамасыз етеді. Еңбек жолын бастаған жастар экономикалық қарым-қатынас жүйесінде лайықты орын алуға кепілдік беретін кәсіби мамандық, білім, дағды алуы тиіс. Бұл ретте еліміздің экономикалық өсуіне, кадрлық потенциалын дамытуға іс жүзінде мүдделі адамдарды біріктіретін тиімді әлеуметтік серіктестік көмек береді. Соңғы кездері білім беруді ұйымдастыруда оның мазмұнын жаңарту мен оқу үдерісінде технологиялық жаңалықтарды енгізуде кәсіпорындар-жұмыс берушілермен бірлесу үрдісі айқын байқалады.

            Әлеуметтену  – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адам  өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады. Әлеуметтену адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылының стихиялық жағдайында да, сондай-ақ, мақсатты бағытталған және әлеуметтік тәрбиеге қатысты бақыланатын үдерістер жағдайында жүреді. Осы айтылғандардың адам өмірінің    әртүрлі сатыларында (немесе кезеңдерінде), әлеуметтенудің  кезеңдері мен стадияларында  шамалы да   мәнді   айырмашылықтарға ие.    

Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде