Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Содержание

І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53

Работа содержит 1 файл

курс тарбие.doc

— 423.00 Кб (Скачать)

       Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. 
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. 
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты. Педагогикалық тұрғыдан тəрбиеленушілердің ұнамды қызығулары мен бейімділіктеріне (танымдақ,эстетикалық,табиғат жəне жануарларға қайырымдылық жəне т. б) арқа сүйеген тиімділеу, олар жəрдемімен көптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тəрбие міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-өнегені пайдалану принципі тəрбие процесінің табиғатына берілген жетекші өзекті таба білуге байланысты. Əр нақты жағдайға орай осы өзекті табу-бала тəрбиесі. Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.

      Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.

       Бүл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болды. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жатамды жағдайлар туғызды.

      Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзкараста-рын оқьш үйренуге көп көңіл бөлді. Төрбиенің халықгығы, табиғатпен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретіңде пайдалаңцы. Ғалымдар, ақындар, өнер иелері, философтар педагогикалық идеяларын талдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялары олардың адам тәрбиесі жайлы трактаттарында кеңінен қолданылғанын керсетеді. Абу Насыр Әл-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер үсынылса, Әбу Райхан Бируни өз шығармаларында түрлі халықтардың дәстүрлері жайлы арнайы сөз қозғайды: Махмұд Қашгаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат түрік) атты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесінен мысалдар мол, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білім» (Құдатғу біліг) шығармашылығы толығымен халықтық поэтикалық шығармашылығымен үндеседі.

       Асан қайғы, Казтуған, Шалкиіз, Жиенбетті халыққа сүйіспенщілік, оның тағдыры мен мәдениетіне жанашырлық қарым-қатынас байланыстырады. Қызмет бағыттары бойынша олар бір-біріне өте ұқсас. Асан Кайғы өзін қазақ қоғамдық емірінің қалың ортасына енгізген көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Оның бүкіл өрекеті өз халқына оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықгалады. Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан: "Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазір де тәрбиелік маңызы үлкен.

        Педагогикалық мәдениет жөйін таддағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен елшенеді.(84-86)

      Шығармашылық қуатты халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан жөне онда көрініс берген педагогикалық тәжірибеден жинақтаған осындай кернекті тұлғалардың бірі - Ш.Уәлиханов. Ол езінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халықтық эпостық поэма "Қозы Көрпеш жөне Баян Сұлу", қырғыз эпосы "Манас", халықтық өдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері, көне аңыз-әпсаналар және т.б. - бәрі Ш.Уәлиханов мүрасыңца керініс тапты.(52-60)

  Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметіңце Ы.Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Кернекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық' тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау жөне қажырлықпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары - патриоттар өрекеттерінде ортақгық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармалары. 
       Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты,  негізгі  ережесі. 
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар: 
      1. Тәрбиенің  идеялылығы  мен  мақсаттылығы. 
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. 
      2.Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін  дамыту. 
      3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің  бірлігі. 
        Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген  болатын. 
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу  керек. 
      4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. 
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің  сабақтастығы. 
      5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке  алу. 
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде  құрылады. 
       Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін  арттырады. 
      Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі  артады. 
       6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. 
      Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған. 
Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі  жүреді.(286) 
       7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. 
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет  етеді. 
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы  да ұмытылуда. 
       Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс. 
       Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. 
      Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне  дайындау.(25-30) 
      8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері -  тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. 
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру-өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. 
       Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді.

    Өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістері: 
-Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. 
-Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы,  жолдастарымен  тәжірибе  алмасуы. 
-Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап,себебін  білгісі келуі,  оны  жоюға  тырысуы. 
-Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту  мақсатында  күнделік  жүргізу. 
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: 
-Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау, 
-Турашылдық, 
-Ойлы-әрекет, 
-Шешімділік, 
-Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу, 
-Не  істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол, 
-Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма, 
-Бітіргенісіңе  еш  уақытта  мақтанба, 
-Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр, 
-Бұл  журналды  ешкімге  көрсетуші  болма. 
      Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді. 
      Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады. 
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан.  
       Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ болады, -дейді. 
       Өзін-өзі тәрбиелеу  әдістері: 
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы  тиіс. 
      Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады. 
      Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні  бар. 
Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас  тартады. 
Өзін-өзі  тәрбиелеудің  құрамды  бөлімдері: 
-өз  кемшілігіне  сын  көзбен  қарау,мақсат қою. 
-өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау. 
-әдістерін анықтау. 
-аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі. 
-өзін-өзі бақылау. 
       Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу. 
       Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру. 
       Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен  толтыру. 
       Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады. 
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз-қарастарын өзгерту әдісі. 
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы

ұлттық тәрбие беру.

       Қазірғі кездегі тәрбиенің басты қашдасы оқушыларды адамтершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік хұқын  мойндау.   
        Осыган орай болашақ мұғалімнің өзіне ғана емес, оның тәрбиеші ретіндегі дайындығына да талап күшейіп отыр.

Республикада бұрынғы адамгершілік сапаларына қарым-қатынас өзгеріп отырған кезенде мұғалімдердің оқушылармен жұмысын кәсіптік жағынан дайындығын күшейту күрделене түседі. Болашақ мұғалімді кәсіптік жағынан дайындауда өзінің әртүрлі ісінде халықтық тәжірибелерді пайдалану қажеттігі осыдан туындайды.-

        Студенттерді мектептегі сыныптан тыс тәрбие ісіне дайындауды жоғары оқу орындарындағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі қамтамасыз етуі керек.

        Педагогика курсы бойынша "Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу" тақырыбының мазмұнын ашу процесінде оқытушы педагогикалық ықпал ретінде мұғалімнің кәсіптік әдептілігінің мәнін ашады, өйткені ол бала санасына әсер ете отырып, оның адамгершілік сапаларыні қалыптастырады.

       Бұл жөнінде ұлы педагог А.С.Макарснко тәрбиешінің жеке басына мынадай талаптар қойды:

-тәрбиеші   болатын   адам   өзінің   жүріс-тұрысын,    мінезін, 
-жөнге салып, ұйымдастыра білу қажет,

-арнаулы білім дағдыны меңгеруі,

-жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде ашулана  да, 
-алатын болуы,

-баламен сөйлесе білуі,

-көзқарасымен, ыммен де оз ойын түсіндіру,

-тәрбиешінің     әрбір     қимылы,     жүріс-тұрысының      өзі, 
-балаларға өнеге, төлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс.

     Адамгершілік төрбие берудің мазмұнын, әдістерін, жолдарын ашуда оқытушы халықтық педагогикадағы балаларға талап қою жүйесіне айрықша назар аударады. Осы тақырып бойынша қазақ халқының мақал-мәтелдерін, жыр-өлеңдерін пайдалануға болады: "Қамшыга бүлдіргі керек, балаға өнеге керек", "Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін", "Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт - серігінен белгілі".

     Халық ақындарының жырлары арқылы жас үрпақты адамгершілік қарым-қатынаеты, жақсы мінезбен жамап мінезді салыстырып, әдептілікке, кішіпейілдікке шақырған.

     Халық педагогикасында жастардың жақсы, жаман болмағы өскен  ортасына, жора-жолдасына, отбасына байланысты деп санаған. Бұл пікір    халық    педагогикасының   қайнар    бұлағының   бірі    мақал-мәтелдерден   тиісті   орын   алған:   "Жақсыдан   шарапат,   жаманнан кесапат",  "Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мүратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа".

Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде