Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:26, курсовая работа
Тақырыптың өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
І.Кіріспе.................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім......................................................................................................10
2.1.Тәрбие процессі туралы жалпы ұғым............................................................10
2.2.Тәрбие - біртұтас педагогикалық процесс..................................................14
2.3.Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру....................23
2.4.Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары......................37
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру............................................42
ΙΙΙ.Қорытынды.....................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттері тізімі.........................................................................53
Әлеуметтік құзыреттілік (әлеуметтік құзыреттілік моделі шеңберінде) – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.
Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.
Өзіндік сана-сезім – әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана.
Тьютер – клиентпен өзара іс-әрекет жағдайында онымен бірлеседі, қамқорлыққа алушысымен жеке қарым-қатынаста болады, онымен нақты жағдайда қарым-қатынас жасай алады, оның табысына мен сәтсіздігіне күйзеледі. Ол жағдайды ашық, сенімді және ұтымды жағдай құруға, білім беру кеңістігінде оқушының табысты ілгері басуына әсер ететін диагностика-лық тәсілдері игеруге, диагностикалық нәтижеге және бақылауға талдау жасауға, бақылауға, проблемаларды дәл табуға және сол проблемаларды жою жөніндегі жобалық қадамдарды жасауға қажетті психологиялық ықпал ететін білім мен дағдыларды меңгереді.
Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.
Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар және білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3) уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы).
Олардың құрамына:
-тұжырымдаманы жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін
- іс-әрекет субъектісі оны ұйымдастырушы және оған қатысушылар;
- субъектілерді жалпылыққа кіріктіретін қарым-қатынас;
- субъектілер меңгерген орта;
- барлық компонентер жүйесін кіріктіруді тұтас қамтамасыз ететін басқару.
Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша білім беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады. Қосымша білім беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Қосымша білім беруді ұйымдарына орталықтар, кешендер, балалар мен жас өспірімдердің студиялары; жас техниктердің, саяхатшылардың, натуралистердің станция-лары мен базалары; балалардың музыка, көркемөнер және спорт өнер мектептері; қызығушылықтары бойынша клубтар; спорттық, сауық-тыру, саяхатшылар лагері; балалар парктері, стадиондары, галереялері және т.б. жатады.
Интеллект – негізінде әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуді және оған саналы баға беруді қамтамасыз ететін саналы да саналы емес те үдерістер негізіндегі қабілеттің біршама берік құрылымы.
Тұжырымдама (латынша concertio) – ол белгілі бір затты немесе құбылысты баяндау жүйесі, оның құрылымында басшылыққа алған идеяны айқындау және оны түсінуге ықпал ететін дәлелдеме.
Тұжырымдамалық көзқарас – зерттеу негізінде жатқан бастапқы негізгі тірек идея мен теориялық ережелердің жиынтығы.
Модельдеу – мәнді моделдік көрсетуде барабар және тұтас айқындауға мүмкіндік беретін танымдық әдіс және практикалық қызмет, тәрбие үдерісінің заңдылығы, қызмет үрдісінің және даму үдерісі, қазіргі және болашақ жағдай туралы жаңа ақпараттар алу мен оларды тәрбие үдерісінде қолданудың аса маңызды сапасы мен компоненттері. Тәрбие үдерісін моделдеудің техникалық моделдеуден анағұрылым мәнді үлгідегі ерекшелігі бар.
Тәрбие сапасының мониторингі тәрбие үдерісі, оларды ұйымдастру және басқа проблемалар жөнінде субъектілердің пікірлерін қамтамасыз ететін арнайы құрылған қызмет. Мониторниг қызметі ата-аналар, оқушылар, студенттер мен педагогикалық жұртшылықтың белсенді қатысуымен мәліметтер қорын құрып, білім беру ұйымдарының жеке құрылымының тапсырысымен зерттеу жасауы тиіс. Өзін-өзі басқару органдары оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудан бастап, балалардың, жасөспірімдердің және жастардың демалысын үйымдастыруға дейінгі әртүрлі қоғамдық өмір мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды зерттеуде мониторинг қызметімен бірлесіп іс-әрекет жасайды.
Парадигма – ғылымда белгілі бір тарихи кезеңде үстемдік ететін проблемаларды қою және оларды шешу, зерттеу әдістері, бастапқы тұжырымдамалық жоба. Болашақ жаңарудың бағыты мен сипатын анықтайтын жетекші тұжырымдамалық идея.
Педагог – тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның бұл маңызды әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады. Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент, жастардың сенімді және шын досы, нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық, бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.
Педагог-тәрбиеші – үдеріс ауқымында маңызсыз, жалаң «тәрбиелік» ақпараттармен шектеліп қалмай, білім мен тәжірибенің қайнар көзіндей, бірегей жігерленген түпкілікті субъект болуы керек. Тәрбиеші болу тәрбиенің мәнін және тәрбиешілік ұстанымды санамен сезінуден, басқаша айтқанда, өзі адамның тәрбиелік миссиясын орындауда жауапкершілікті санамен қабылдап және ішкі мотивациясы осындай жауапкершілікке сәйкес келуі тиіс. Балаларды сүю – тәрбиеші болуға дайындықтың негізгі компоненті. Келесі компонент – гуманистік-дербес бағдардың көрінісі байқалатын тәрбиеленушілердің тіршілік әрекетімен қарым-қатынастық қажеттілігі мен қабілеттің болуы. Тәрбиеші өзінің қызметінде құндылықты игертіп, мақсат пен идеалды жүзеге асыруы тәрбиенің мәнін әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде түсіне білуіне байланысты өрбиді.(25-30)
2.5.Тәрбиені педагогикалық түрде жүзеге асыру.
Тәрбие үдерісін жүзеге
асыру құралдары ретіндер
Тәрбие әдісі қойылған
тәрбие мақсаттарына қол
Әрбір әдісті мұғалім
өз практикасында жетілдіре
пайдалану мақсатында
Тәрбие құралдары-тұлғаны қалыптастыру көздері. Мұндай тәрбие құралдарына жататындар:
1)іс-әрекет түрлері (еңбек,
2)заттар, нәрселер (ЭЕМ, тренажер),
3)рухани және материалдық
4)нақты шаралар (жиын, кеш т.с.с.).
Тәрбие құралдары тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер іс-әрекеттерінің барлық компонентттерімен байланысты. өзара байланысты іс-әрекетте қолданылатын объектілер әр түрлі қызмет атқарады (тәрбие құралдары, өзін-өзі тәрбиелеу құралдары, бейнелеу заттары, талдау, конструкциялау, дайындау құралдары т.б.)
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға
тəуелді:-қалыптасқан
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік
- объектив жəне субъектив
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет.
- тəрбие мен өзіндік тəрбие
қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - өз
тұлғасын жетілдіруге
- тəрбиеге қосарлана жүретін
даму мен оқу процестерінің
тиімділігіне. Белгілі болғандай,
егер екі процесс өзара
- педагогтың тəрбиелік
- тəрбиеленушінің «жан аймағына»
- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
Информация о работе Тәрбие-біртұтас педагогикалық процестің негізгі ұғымы ретінде