Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.........................................4
1.1 Кіші жастағы балалардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру жолдары....................................................................................................................4
1.2 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі...........................................................................................10
1.3 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері..................................................................................................................18
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ...........................................25
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу....................................................................................25
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу..................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..................................................................39

Работа содержит 1 файл

ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.doc

— 254.00 Кб (Скачать)

«Ұшты-ұшты». Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру  үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша  ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

- Ұшты, ұшты  – тарғақ ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты  – жарғақ ұшты! (ұшпайды).

- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).

- Ұшты, ұшты  – тырма ұшты! (ұшпайды).

«Соқыртеке». Ойыншылар  дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен  көзі байланған адамды – «соқыртекені»  шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары  болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл – күінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт – дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік – эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл – күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісіеің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Ұлттық ойындар  атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып  жалғасып отыпған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін  бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар  өнердің бастауы, шынында да көне мәдениетпен әдеби туындылар  сол халықтың жиналған уақытта, ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлттық ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп келіп  отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі  және болашақ ұрпақтыңұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық  ой құбылысының көрінісі, дүниені  танып – білу талпынысына нышаныретінде  өмірге келген халықтың әлеуметтік –  экономикалық айналасы екенін білеміз.

М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, «Ойын» көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады.Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай – қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет – ғұрыптары салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері – баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

1 жастан 7-ге  дейін баланы халқымыз «нәресте»  немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып,  оны іс жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре білген. «Бала ойынмен өседі»  деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек еткен.

 «Балалармен ойнайды,

   Ойнап жүріп ол бала,

   Кеудеде ақыл ойлайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. «Ойын баласы ғой, бүгін ойнамай үйде отыр, селсоқ ауырып қалды ау!» деген пікір айтқан баланың денсаулығын бағдарлайтын халқымыз. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

В.А.Сухомлинскийдің  сөзімен: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.

Оқушының білімінің  саналы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, білімдерін, дағдыларын,іскерлікпен дамытуға байланысты.

 Оқушының  бой жүйесін босататын, жан  қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестетуін, есін, зейінін) өрбітетін  ойын, Абай сөзімен айтсақ дүниенің  көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс.Басқаша айтқанда,ойын  нақтылық пен дерексіздік,индукция мен дидукция, талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді болады.

         Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойнала береді. Олай болса, оның дидактиқалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім даярлай алады.

Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты  тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың  қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің  қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойыныда қаздар тек кемпірдің: «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын» деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек.Ойын ықыластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез үйрене білуді, ұжымдық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір-біріне көмектесуді («бірі-бәрі үшін» және «бәрі – бірі үшін» - қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап  етеді.   Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.

Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани дамытуда  дидактикалық ойындарды кеңінен қолдануға болады. Себебі, дидактикалық    ойындарды    ойнау    барысында     оқушылар    өздерін еркін сезінеді, өз    ойларын    қысылып - қымтырылмай    жеткізеді. Мұның   өзі   оқушылардың   жеке   тұлғалық   қасиеттерінің  дамуына, рухани жан-дүниесінің толысып    жетілуіне зор ықпал етеді.   Демек,сабақта   ойындарды   тиімді   қолдана   отырып,   оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру кажет.Себебі ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірлерін дәлелдеуге үйренеді.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы оларды өз халқын сыйлауға, туған тілін  құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың  бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адамның Адам болып  қалыптасуында ата-аналармен қатар  тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық  ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын    сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға  қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, “халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..

“Қазақтар балаңды  өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.

Адам бойындағы  бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе  алып отырған шақта қазақ мектептерінің  саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.

Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс мектептеріне арналған оқулықтар  мен оқу құралдарынан, әдістемелерден аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай, біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде, ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес. Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста, әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер аз емес.

Жоғарыдағы  ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде  дәріс беретін көптеген мектептерде  “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде  жүргізілмейді.

Осының салдарынан ұлттық дәстүр  мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы, жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс беруде.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден  қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге  тәрбиелеп қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын  оқып-үйрену  үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарында  дейін кең түрде насихаттау қажет.

Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

Қазіргі таңда  салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін  ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.

Осы мәселелерді қарастыра  келе магистрлік диссертацияның тақырыбын  “Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу” деп таңдадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

1. А.Құнанбаев шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1954. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж

2.А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. - Москва, 1991.

3.А.Көбесов. Әл-Фараби. -Алматы, 1971.

4.А.Байтұрсынов. Ақ жол. - Алматы, 1991.

Возрастная  и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992. 
5. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960. 
6. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.  
7. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984. 8.В.А.Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. - Алматы, 1984.

9.В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 
10.Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.

11.Ғылыми практикалық конференция материалдары. - Алматы, 1992.

Информация о работе Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу