Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 07:51, курсовая работа
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
КІРІСПЕ
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.........................................4
1.1 Кіші жастағы балалардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру жолдары....................................................................................................................4
1.2 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі...........................................................................................10
1.3 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері..................................................................................................................18
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ...........................................25
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу....................................................................................25
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу..................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..................................................................39
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!». Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».
Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады.
Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.
Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Ұйғыр ғалымдары Махмұт Қашқариды «Қашқари» есіміне қарап, ұйғыр әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады. Бұл пікірдің негізсіз екендігін автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, белгілі бек отбасынан, яғни, оғыз ортасынан шыққан. Сондықтан да Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ қазына, ортақ классикалық мұра екендігін ескерткен жөн.
Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.
«Диуана
лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының
тамаша ескерткіші болып
Махмұт Қашқари түркі тілдерінің түрлі говорлары (жергілікті тілдік ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мысал ретінде берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ тілінде де айна-қатерсіз қолданылып жүрген төмендегідей сөздерді де ұшыраттық. Мысалы: «арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қазақ тілі түрккі тілдері тілінде ата сөздерін көп сақтаған таза тілдердің бірі деп әбден болады.
Махмұт Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге дейін дүние жүзі ғалымдарының назарын аудартумен келеді. Орыс зертетеушілерінен бұл шығарма жайлы өз ойларын айтқан негізінен В.В.Бартольд, С.Е.Малов және А.Б.Халидов болды.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.
Махмұт Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».
Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген:
«Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…»
Абай Құнанбаев
– қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің
негізін салушы ғана емес, сонымен
қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық
шығармалары мен «ғалия»
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы бодлы. Оқудағы мақсат халыққа адал ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге – деп жастарды білім – ғылымды меңгеруге шақырды.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, меткеп салу, оқу оқып білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкінеместігін терең түснген ол: «Барыңды салсаң да балаға орыстың ғылымын үйрет...өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі...» -деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
Кітапты молда теріс оқыр
Дағдардай боп сәлдесі!... – деп Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болған.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, мәне мұны берем деп, бастан алданғаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің?» деп теріс тәрбие беретін ата-ананы қатты сынға алды.
Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал»-дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқтлады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Абай адам мәнезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деді.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз. Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, - деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың «Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік жодласты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Ақын отбасылық әдет-ғұрыпта ерсі қылықтарды қатты сынады. Ол әйел қауымның намысты қастерлеуін, қылығымен сүйкімді болуын, үй ішінде жұлдыздай жайнап жүруін қалады. Ал кейбір жас әйелдердің үй іші шаруасына қабілетсіз күйректігін, тіпті өзінің бас-аяғына қарауға да мән бермейтін, салдыр-салақ болып жүретінініне кейіс білдірді.
Сайып келгенде
Абай бозбала мен бойжеткенді
жұбайылық өмірге баулуды мына
мәселелерге баса назар
адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбек сүйгіш адамгершілігі мол, таза жүректі адаммен бас қосқан абзал екендігі;
жастық шақ – адам өмірінің ең қызық, жауапты, мағыналы шағы, оның басты ерекшелігі: алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш өткінші дәурен екендігі;
жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаректіне төселу қажетін, бұл –адамшылықтың басталу шағы екенін, оны қалайда дұрыс бастау қажет болатыны;
отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында екендігі.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен терең қабысып жатыр.
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Сыныптан
тыс тәрбие жұмысының
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты.:
- оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;
- олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;
- оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.
Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру – аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс. Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-қатнас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың
әлеуметтік-психологиялық
Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
1. Ұжымшылдық – жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);
Информация о работе Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу