Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 07:51, курсовая работа

Описание работы

Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.

Содержание

КІРІСПЕ
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.........................................4
1.1 Кіші жастағы балалардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру жолдары....................................................................................................................4
1.2 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі...........................................................................................10
1.3 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері..................................................................................................................18
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ...........................................25
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу....................................................................................25
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу..................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..................................................................39

Работа содержит 1 файл

ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.doc

— 254.00 Кб (Скачать)

С.И.Бешимов  дәстүрлерді жергілікті отбасы (ауылдық, колхоздық, райондық, аудандық), ұлттық және жалпы адами деп қарастырса, К.Д .Дроздов оларды: революциялық, еңбек, отбасы-тұрмыстық және қоғамның рухани өмірі саласындағы (ғылым, адамгершілік, көркемдік, діни) дәстүрлерге бөледі. А.И.Мусурмановтың пікірінше, дәстүрді үш топқа (прогрессивті, ұлттық және кертартпа) бөліп қарастырған жөн.

Дәстүрлер —  тарихи категория. Әрбір халықтың басқа халықтардың дәстүрлеріне ұқсамайтын өзіндік дәстүрлері бар. Олар халық өмірін көркейтеді және ұлт мәдениетін жетіддіреді. Дәстүрлерді халық аялап сақтайды және өндеп, толықтырып отырады. Оларды сақтауға қоғамның экономикалық жағдайы және мәдени деңгейі ықпал етеді. Әрбір жаңа ұрпақ өткендегі ұрпақ тәжірибесін ішінара дәстүрлер арқылы пайдаланады. Тәрбие деген, шындығына келсек, өткендегі ұрпақ тәжірибесін кіші ұрпаққа беру, жеткізу процесі болып саналады. Сондықтан дәстүрлер ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарады.

Дәстүрлердің  жалпыламалық проблемалары философия  мен тарих ғылымында жеткілікті зерттелген.

Н.С.Сәрсенбаев дәстүрді үш топқа бөліп қарастырган. Біріншіден, дәстүрге толық бекіген, ата-бабадан мұра болып қалған жалпылама  әдет-ғұрып пен тұрмыс формасын жатқызады. Осы мағынада дәстүр ұғымын ол әдет-ғұрып ұғымына жақындатқан. Өйткені, дәстүр көптеген әдет-ғұрып, жол-жоралғылардан тұрады. Екіншіден, дәстүрлерге жалпылама түрдегі көпіпілікке мәлім әдет-ғұрыптардың, ритуалдардың белгілі бір бөлігі жатқызылады. Үшіншіден, дәстүр ұғымы құлашын кең сермеген идеялық, шығармашылық бағыттағы қоғамдық сананың әртүрлі формасында - ғылымда, әдебиетте, өнерде, саясатта және т.б. салада із қалдырған зерделі адамдардың есімдермен тікелей байланыстырылып түсіндіріледі.

Мораль мен  қоғамның рухани өмірі саласындағы  дәстүрлер әрекеті бірқатар ғалымдардың  зерттеулерінде мазмұндалады. В.И.Новиков  дәстүрлерді саяси, философиялық,діни,адамгершілікдәстүрлері, сонымен қатар әдебиет пен  өнер дәстүрлерідепқарастырады . 

Ф.Султанованың пікірінше, дәстүрдің негізін қажеттілік (сұраныс) құрайды. Ол дәстүрдің қарапайым  тұрмыстық және күрделі дәстүрлері мен адамгершілікті мінез-құлықтағы  әдеттің жалпы белгісі болып  саналады. Дәстүрлердегі қажеттілік әрекетті жүзеге асыру формасында және тәсілдерінде көрінеді. Адамгершілік дәстүрі моральдық дамуды жоғары деңгейге көтеріп қана қоймай, адамның адамгершілік бостандығын бекітеді. Адамгершілік дәстүрі — тарихи даму барысында қалыптасқан және дәстүрге айналған мінез-құлық нормалары, ережелері.

Кейбір зерттеушілер адамгершілік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін және бүгінгі күнде  өзгеріссіз, біршама мерзімге өңделген түрде қызмет жасайтын мораль элементі (норма, мінез-құлық, қарым-қатынас, т.б.) тұрғысында қарастырады. А. С. Макаренко адамгершілік немесе моральдық-этикалық дәстүрлерге мораль аясында қызмет ететін және моральдық қатынасты бейнелейтін дәстүрлерді жатқызады.

А,Г.Власкиннің көзқарасы бойынша: "адамгершілік дәстүрлері деген - өткендегі қоғамнан, топтардан алынған, бір ғасырдан екіншіге ауысып отырған мораль элементтері (норма, мінез-құлық, қатынас) және ол бүгінде өзгеріссіз, жетілдірілген түрде ұзақ мерзімде жүзеге асады".

А.М.Леоновтың  көзқарасы бойынша: "моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз - адамгершілік қарым-қатынас мазмұнына айналған, мораль саласында әрекет етуші, ұрпақтан ұрпаққа берілетш, жалпы қабылданған, тұрақты моральдық ережелер".

Біз зерттеу  барысында сонымен бірге моральдық-этикалық дәстүрлерге жан-жақты анықтама беру үшін оны әр қырынан қарастырдық.

"Адамгершілік " пен "моральдық-этикалық " дәстүрлер ұғымдарына берілген  анықтамалармен келісе отырып, олардан  кездестірген мораль элементінің  жалпы негізі, сонымен бірге өзіндік  белгілері (барлық дәстүрге тән  өміршендік, қоғамға бекігендік, тұрақтылық, қайталанушылық, т.б.) түсінігіне өзіміздің көзқарасымызды білдіреміз.

Бұл ретте біріншіден, "адамгершілік дәстүрлері", "моральдық-этикалық дәстүрлер", "әдеп дәстүрлер" ұғымдарымен  шектелеміз. Оларда "адамгершілік - адамдардың практика жүзіндегі өзара  қарым-қатынасы және олардың адамгершілік объектісіне қатынасы" немесе "адамгершілік қоғамдық көзқарастан қолдау табатын, қоғамдық бағалаумен бақыланатын қоғамның жалпылай қабылдаған нормасы" делінген.

"Мораль —  адам мінез-құлқын реттеуші нормалардың  жиынтығы"; "этика - ғылым, оның зерттеу объектісі -мораль, оның табиғатының мәні, құрылымы, функциялары, шығу тегі мен дамуы".

Мораль адамгершілік нормалары мен ережелеріне себеп  болатын жалпыға ортақ принциптер негізінде қалыптасады. Міне, осы  кезеңнен бастап адамзат тарихында этика моральдың теориясына айналады, өйткені этикалық ақиқат бейнесін ұтымды құрал арқылы этикалық тұрғыда теориялау және бірізділікте орындау адамгершілік тәжірибені дәріптеумен және жалпыға ортақ принциптерін іздестірумен байланысты.

Әдеп дәстүрлер - әрбір жеке түлғаның адамгершілігін қалыптастыруды қарастырған практикалық көзқарас қана емес, адамгершілік тәрбиесінің бастауы ретінде дәстүрлердің қалыптасуы мен даму процесін теориялық түрғыда ой елегінен өткізу.

Екіншіден, біз  әдеп дәстүрлерді, "адамгершілік қатынасы тәжірибесіне ендірілген моральдық сана" деген түсінікті тірек ете отырып, адамгершілік қатынастың мазмұны болган моральдық ұйғарым ретінде қарастырамыз.

Моральдық сана - адамныц санасында адамгершілік принциптерінің бейнеленуі, яени адамдар арасындаеы өзара қарым-қатынасты және қоғамға қатынасты реттейтін мінез-құлық нормасы. Моральдық сана қоғамның дамуына және жеке бастың жинақтаған мінез-құлық тәжірибесіне байланысты қалыптасып, адамгершілік ұғымдары мен ой қорытындыларының формасы түрінде көрінеді. Моральдық сананың қалыптасуы жеке бас тарапынан моральдық категорияларды меңгеру ғана емес, ол жеке бас бойында көрініс беретін моральдық принциптерге деген көзқарасты қалыптастыру және осы принциптерді өзінің мінез-құлқына енгізуге ұмтылыс болып табылады. Осы жағдайда моральдық ұғымдар моральдық сенімге айналады да, моральдық мінез-құлық мотиві пайда болады.

Моральдық сана мен моральдық сенім адамгершілікке тәрбиелеу процесінде қалыптасады. Моральдық сананың қалыптасуына баланың отбасындағы тәрбиесі, өзіндік  санасы, дүниетанымы, ұжымның көзқарасы  әсер етеді. Белгілі қылықтарды моральдық  бағалау арқылы, қоғамдық пікір нәтижесінде моральдық әдетті, моральдық сезімді, демек, моральдық сананы дамытудың негізгі мәйегін дайындайды.

Адамгершілік  ұғымдары (категориялар) — жеке бастың басқа адамдарға және қоғамға  қатынасындағы моральдық қарым-қатынастың мәнді жақтарын бейнелейтін ұғым. Моральдық категориялардан моральдық сана көрінеді. Маңызды моралъдық категорияларға: ізгілік, борыш, шыншылдық, абырой, ұждан, жауапкершілік жатады. Моральдық ұғым мазмұны мінез-құлықты бағалаумен және оның мотивімен байланысты. Адамгершілік қатынас моделі моральдық нормалардан көрініс табады, олар ең алдымен қоғамның мінез-құлыққа міндеттеген шешімін қабылдайды, қоғамның сұранысына қарай адамгершілік қатынасты жоспарлайды. Норма адамгершілік қатынастың мазмұнын анықтай отырып, оларды жүзеге асырудың амал-жолдарын қарастырады.

" Әдеп норма  - адамдардың ұқсас мінез-қылықтарын  ортақ ережелер бойынша немесе  тыйым салу арқылы реттеп отыратын  адамгершілік қағидаларының формасы". "Моральдық норма (лат.норма  - ереже, үлгі) - адамгершілік талаптарының қарапайым формасының бірі, ол екі түрлі жағдайда кездеседі — бірі моральдық қатынас элементі ретінде, екіншісі моральдық сана формасы ретінде".

Осы этикалық немесе моральдық  нормалар қоғамдық көзқарас нәтижесінде  туындап, адам мінез-құлқында бекиді де, ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр, әдет-ғұрып, әдет арқылы беріледі. Мұндағы дәстүр адам өмірін ұйымдастырып қана қоймайды, оны белгілі бір тәртіпке бағындырады, қоғам қабылдаған және қолдау беретін жазылмаған заң түріндегі адамгершілік талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Әдеп норма - тәжірибеде қалыптасқан, бекіген ережелерді білдіретін ұғым. Олар қоғамдық көзқарасты айқындайтын  әрекеттердегі белгілі элементтерді сұрыптаудан пайда болады.

Әдеп норма — ол жеке бастың мінез-құлқын бағыттап қана қоймай, оны бағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін қоғамға қажетті мінез-құлық үлгісі.

Осы нормаларды қарапайым  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін және адамдарға құрмет сезімін туындату үшін сақтау қажет деуге болады. Нормаларға: "кісі өлтірме", "ұрлама", "өтірік айтпа", "берген сөзінде тұр", "жалқау болма", "жазықсызға жала жаппа", "тәртіпті бол", "әдепті бол", "басқаларға сыйлы бол" және т.б. адамгершілік талаптар жатады. Адамгершілік нормалары адам үшін маңызды қоғамдық және жеке бастың салаларды, мәселен, еңбек ұжымы, отбасы, қоғамдық ортадағы мінез-құлықты, ер адам мен әйел адам, ата-ана мен балалар арасындағы қатынасты және т.б реттеп отырады. Олар жеке басты түрлі жағымсыз жағдайлардан, қоғамдық тәртіпті бұзушылықтан сақтайды, қоғамды келеңсіз құбылыстардан қорғайды.

Белгіленген нормалар сана аясына жатады. " әдеп дәстүрлер" мен "адамгершілік дәстүрлер" түсініктері  өзара байланысты және оларға түрлі  әдебиеттерде әрқилыанықтама берілгенімен, бұлардың мағынасы бір екенін байқаймыз. Осыған байланысты, қазіргі жағдайда дәстүрлерді жай сипаттаумен шектелмей, олардың әрекеттегі сақталу процесін теориялық тұрғыда ой елегінен өткізіп, мораль аясында дәстүрді жаңартудағы механизмді айқындау қажет.

Әдеп дәстүрлерді практикалық  норма түрінде қарастыра отырып, біз педагогикалық мақсаттарды жүзеге асыру, жеке тұлғаның дамуын белсендендіру үшін әртүрлі типті нормаларды пайдалану қажеттігіне назар аударамыз. Бүл нормалардың көмегімен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеті бағытталып отырылады.

Г.А.Балл нормалардың мынадай типтерін қарастырады: а) нормалар — стандарттар (нақты әлеуметтік бағытты ұстанатын, субъектіге қойылатын талаптарды белгілейді); ә) нормалар — идеалдар (перспективалық мақсаттарды көрсету); б) дербес прогрессивті нормалар (жаңа талаптарды айқындайды) .

Моральдық белгілерді немесе практикалық нормаларды бәрінен  бұрын дербес прогрестегі нормаларға және нормаларға — стандарттарға  жатқызуға болады.

Әдеп дәстүрлерді сипаттауды мазмұндық тұрғыда және дәстүрлердің әлеуметтік-психологиялық механизмдерінің  жұмыс істеу тәсілдерін айқындау тұрғысында қарастыру керек.

 

1.3 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері.

Еліміздің сан  ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге  орта ғасырлық түркілік

мәдениетті  жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын  білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың  қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Жүсіп Баласағұни  түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.

 В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.

 Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді».

 Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.

  «Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.

Идеясы жағынан  дастан имандылық, ізгілік рухында  жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың  «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың  ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.

Жүсіп Баласағұнидің  еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде  жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.

 Еңбекте  отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың  алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен  қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын  орнына ерекше мән береді.

 Сонымен  қатар ғұлама ағартушы Құдадғу  білік  Х.Сүйінішалиев айтқандай,  «орта ғасыр ескерткіштерінің  ең көлемдісі және көркемдігі  жағынан зерттеушілерді таңқалдырған  әдеби көркем туынды. Орта Азия  мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».

Дастанда «Тіл туралы»  айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның  даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт  табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!».

Информация о работе Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу