Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 07:51, курсовая работа
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
КІРІСПЕ
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ.........................................4
1.1 Кіші жастағы балалардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру жолдары....................................................................................................................4
1.2 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі...........................................................................................10
1.3 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері..................................................................................................................18
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ...........................................25
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу....................................................................................25
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу..................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..................................................................39
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының
әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау
ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада
, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау
және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім-
тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті,
қайрымдылықты, мейірбандықты
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
«Өзін-өзі тану»
пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа,
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше.
Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.
Жас ұрпақты саналы,
сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің
Ата-аналармен
жүргізілген әңгіме-кеңесте
Балабақшада ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісі деуге болады.
Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
1.2 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі қазақ халық дәстүрлерінің ролі.
Бүгінгінің бәрі өткендегімен тығыз байланыста, өйткені жаңаны өткен ғасырлардағы белгілі мұраларды меңгеру арқылы ғана жасауға болады. Әрбір жаңа ұрпақ өзінің қызмет-әрекетін қоғамның белгілі жағдайларына, материалдық, рухани шарттарына байланысты бастайды.
Біз осы орайда
зерттеу проблемамызға
Дәстүр ұғымы көп мағыналы және оған
ғылымда әртүрлі анықтамалар берілген.
Біріншісі, бір-бірінен азды-көпті айырмашылығы
бар, бір қатарда орналасқан (әдет-ғұрып,
ритуал, мереке, т. б.) қоғамдық жағдайлардың
ерекшеліктерін, олардың жалпы белгілерінің
сипатын көрсетеді; екіншісі, "дәстүр"
ұғымының әдет-ғұрып, ритуалға қарағанда
тәуелсіз мазмұнда қолданылуы және сол
қатарда тәртіптің пайда болуымен бағаланады
(әскери дәстүр); үшіншісі, "дәстүр",
"әдет-ғұрып", "салт", "ритуал",
"мереке" ұғымдарының барлығын синонимдерге
жатқызады. Аталған ұғымдардың синоним
екендіктерін бірқатар түсініктемелерден
байқау қиын емес. Егер Қазақ совет энциклопедиясында:
"дәстүр дегеніміз - ұрпақтан-ұрпаққа
көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік
нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен
іс-әрекеттерінің рухани негізі" делінсе,
философиялық сөздікте: "дәстүр ( жапсыру,
жалғастыру) - тарих барысында қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар,
салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат
пен игілік, мінез-құлық қалыптары және
т.б., қоғамда,ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік
топтарда ұзақ уақыт бойысақталатын әлеуметтік-мәдени
мұра элементтері"-деп,
Келесі бірлерінде "Дәстүр - әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас" "Салт - ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр" , "Әдет-ғұрып, мереке - дәстүрдің көрнекі сезімдік көрінісі" —деген мағынада анықталады.
Зерттеуші Е.П.Попов болса дәстүрге әртүрлі әрекет формасы -арқылы анықтама беруге талпынады. Оның пайымдауынша, дәстүр - сананың спецификалық жағдайы . И.П.Петров дәстүр -"тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық нормасы, ой мен әрекет бейнесі белгілеген үлкен қоғамдық қүндылық және ол өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет" дегенді айтады .
Д.М.Угринович "әдет-ғұрып - ұрпаққа дәстүрлі формада мәдениетті табыс ету" деп, әдет-ғұрып пен дәстүрдің байланысын білдіреді, бұдан әдет-ғұрып негізіне белгілі символ, "сезім формалары" түрінде жеңілдетілген дәстүрдің орналасқандығын байқауға болады. Ғалым пікірінше, адам өмірі мен тұрмысына енген үйреншікті іс-әрекет дәстүрге айналмақ .
Көбінесе "дәстүр",
"әдет-ғұрып" ұғымымен бірлікте, байланыста
түсіндіріледі, мәселен, кейбір сөздіктерде
дәстүр тұрақтылығымен ерекшеленетін,
өткендерден мұралыққа
Түсіндірме сөздікте: "әдет-ғұрып" - дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана , философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып - адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары" деген анықтама берілген. Анығын айтсақ, "дәстүр" мен "әдет-ғұрып" мән жағынан бірдей. Және кейбір ғалымдар екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе, көптеген зерттеушілер "әдет-ғұрып" пен "дәстүр" арасында ескеруге тұрарлық айырмашылықтың барлығына терминді семан-тикалық және этимолоғиялық жағынан қарастыру арқылы назар аударады.
Кейбір зерттеушілер әдет, әдет-ғұрып, дәстүр арасындағы жікті ашпастан, оларды - "қоғам өмірінде қалыптасқандарды жүзеге асыру тәсілі, формалары" ретінде айқындайды. Ожегов С.И. сөздігінде "әдет-ғұрып - қоғамдық мінез-құлық ережелерінің дәстүрлі белгіленген тәртіп бойынша құрылуы" — делінсе, философиялық сөздікте: "әдет-ғұрып — белгілі ситуациялардағы адам мінез-құлқының қайталанатын әдетті дағдылары" саналады . Бұл анықтамалар әдет-ғұрыпты мінез-кұлық ережесі (әдеті) деп қарап, оны дәстүрмен шатастырмау қажеттігін ескертеді.
Жоғарыда аталған еңбектер мен анықтамаларды тірек ете отырып, біз дәстүр түсінігіне былайша шартты түрде өз анықтамамызды береміз. Дәстүр дегеніміз - өзініц өміршеңдігімен, тұрақтылыгымен біршама сипатталатын және қогамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың әлеуметтік-тарихи тіршілігіндегі тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жинақтайды. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі шоғырланған. Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды, даналықты бейнелейді. Жаңа ұрпақ осы ата-баба тәжірибесінен өздеріне қажетті құндылықтарды таба алады. Әрине, мәдениет құндылықтары бүғінге өту барысында өзгеріске түспей қоймайды, олар тіршіліктің жаңа шарттарына бейімделеді.
Дәстүр ұғымы
әртүрлі бағытта ұлттық-
Мәселен, Д.К.Зелинин
дәстүрді; аймақтық (территориялық), ұлттық,
отбасылық деп жіктесе Е.В.
В.Д.Плахов дәстүрді "өлі" және "тірі" деп бөледі. "Өлі" дәстүрлер тіршілік жағдайларына байланысты белсенділік танытпайды, "тірі" дәстүрлердің өзі әрекетті және әрекетсіз деп бөлінеді; ал әрекетті дәстүрлерғе:
- қоғамдық қатынас
субъектісіне байланысты —
-әрекет сферасы мен сипатына байланысты — еңбектік, өндірістік, әскери; - әлеуметтік процестік қатынасқа байланысты - алғы шептік, реакционистік; қоғамдық қатынас түрлеріне байланысты экономикалық, аяси, эстетикалық, діни дәстүрлер жатады.
С.Х.Темурова болса өзбек халқының тарихи даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің тәжірибесін талдай отырып, оларды сипатына қарай прогрессивті дәстүрлер және кертарша — діни дәстүрлер деп екі топқа бөліп қарастырады. Дәстүрлердің бірінші тобын формасына қарай салтанатты-мерекелік және күнделікті дәстүрлер деп екіге бөледі және мазмұнына қарай бүл топты тағы үш түрге ажыратады .
Информация о работе Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу