Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.
Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай ретінде берумен қатар әртүрлі нұсқалар ретінде де беруге болады. Мысалы: “When Tom (Mary) walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard”. Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Әртүрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай: “If the student in front of you is a boy take his book, if the student in front of you is a girl give her your book”. Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көп әсер етеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардың ынтасын арттырады.
Алғашқыда тыңдаушы аудиоматериалдарды тыңдағанда түсінбегенімен қатар ештеңе “естімегендей” күйде болады. Сондықтан шетел тілін үйренудің ең негізгі этапы – дыбыстарды ажырата білу.
Дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығулар:
Бастапқыда сөйлемдердің грамматикалық құрылымын түсінгендігін тексеру үшін мынадай жаттығулар орындауға болады:
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажырата білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте–бірте күрделендіруге болады. (Тапсырмалар ағылшын тілінде беріледі).
Тыңдап түсіну қабілетін арттыру үшін 2–3 жауап нұсқаулары бар тапсырмаларды орындау өте пайдалы жұмыс түрі болып табылады. Мындай фоножаттығуларды мысалға алсақ:
Мұндай фоножаттығуларды оқушылардың түсінгенін ауызша және жазбаша түрде тексеру арқылы білуге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетті бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3–4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1–1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде беруді жөн көрдік:
Listen to the story. Be ready to answer the questions that fallow the story:
My friend Bill is a geologist. He doesn’t stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother – in – law the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife, in his opinion, spends too much time on cooking. So he doesn’t let her stay in the kitchen for more than half an hour. Good plain food is just what a man needs.
Neither his wife nor his mother – in – law contradicts him, for he never stays long at home.
When he leaves, his children are sorry to part with him, but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Questions:
Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
1.Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
2.Ауызша мәтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек үнтаспа ғана емес, сонымен бірге видеофильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдарламаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Жаңа өмір
талабына сай бала тәрбиелеу
кез келген адамды алаңдатады.
Елбасшымыздың бекіткен
Әрине шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда – ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.
Жалпы жоба жұмысы – белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.
Жобалау әдісі 21 ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары әсіресе қазақ мектептерінде сирек, оның өзінде 5 – 11 сыныптар аралығында ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуды дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әртүрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы – ұлттық билер, музыкалық – ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылының басында оқытушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым – қатынас жасау алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білу керек.
Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты – оқушылардың қарым – қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады.
Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
- оқушыға қолайлы оқу орта қалыптастыру;
- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой – тілектерін ояту;
- оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
- оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану;
- ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
- шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
- оқушы – субъекьт, оқытушы – кеңесшісі болу;
- сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.
Оқыту әдісін
– жеке тұлғаға, топқа
Бастауыш мектепте жобалауды қолданудың негізгі принциптері мыналар:
- нақты мақсатты іс – жүзінде жүзеге асырыға бағытталған бірлескен жұмыс атқару, жаңаны білу;
- әр балаға нақты тапсырма беру;
- жеке тапсырманы орындау;
- оқушының жауапкершілігі.
Оқытуда іс – жүзінде шағын жобалар (3 сағатқа арналған) немесе үлкен жоба – 1 – 2 аптаға, тоқсандарға, жылға арналады. Жоба нәтижесі ең соңында коллаж, альбом, суреттер, әртүрлі мәтіндер өлең ережесі, көрме, қойылым түрінде болуы керек. Анығырақ айтқанда оқушы алдына нақты мақсат қойылады, тілді қарым – қатынас ретінде қолдана отырып жаңаны бірлесіп істеуге, білуге үйрету көзделеді. Соңғы қорытынды міндетті түрде сынып алдында топ, басқа сыныптар алдында қорғалу керек. Ең алдымен сынып оқушыларын 3 кіші топқа бөліп аламыз.
1 – кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.
2 кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап, талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып диалог жасауға беріледі, лексикалық грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.
Сол үлгілерінің түрлерін ғана үйренбей, өздерін – өздері бағалауға, тыңдап түсінуге, өз жобасының ұқсас сәйкестігіне, ерекшеліктерін естіп, бірін – бірі бақылай отырып, ақпарат хабармен алмаса отырып, өңдеп бірлесе коллаж, альбом шығарады.
3 – кезең. Сөйлеу кезінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысының аяқталуы, аутентті мәтінге қарап құрған ертегі, жұмбағымен таныстырады.
4 – кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы. Осылайша жобалау жұмысымен әр оқушы шетел тілінде сөйлейді.
Жалпы жұмыстың құндылығы сол – баланың бойында әлеуметтік біліктілігі дамиды, жауапкершілік қасиеті артады. Егер оқушылар жүйелі бағытпен жұмыс істесе білім тиімділігі жоғары болмақ. Оқып, аударудың сапасы жақсарады, ауызша, жазбаша сөйлеу қабілеті нақтыланады, түсінігі кеңейеді, сөйлеу дағдысы дамиды. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен бастауыш мектепте жобамен жұмыс технологиясын қолдану жеке тұлғаны дамыту бағытында оқушының өз бетімен хабарды жинауға, сараптау, тиімді де тиісті қорытынды жасау, өз ойын дәлелдеуге, сөздік қорын толтыруға, тілдік мәдениетке үйренуге, эстетикалық талғамын дамытуға үлкен үлес қосады. Жобаны жүргізу барысында оқушылардың арасында білінбей жүрген қабілеттері байқалып, ашылып, дамиды. Жеке тұлғаның қоғам алдында жауапкершілік міндеті артады, жұрт алдына шығып сөйлеуге үйренеді. Психологтардың шетел тілін ерте үйрету баланың есін нығайтады деген пікірлеріне келісеміз. Бала жинақы және ширақ болып өседі. Баланың бойында мұндай қасиеттерді ерте кезінен бастап қылыптастырсақ, орта мектептің 5–6 сыныбына барғанда оқу бағдарламасындағы кеңейтілген пәндерді меңгеруде қиындықтарға кездеспейді, өйткені бала бойында бастауыш сыныптарда қалыптасқан білім алуға қажетті дағдылар көмектеседі.
3.3 Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Сабақ –
мектептегі оқу–тәрбие
Шетел тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізуде мынадай негізгі ерекшеліктерді ескеру керек:
- әрбір сабақтың мақсаты шетел тілін оқытудағы негізгі мақсатқа сай бағытталуы керек. Ондай мақсат – шетел тілін іс жүзінде меңгеру, оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.
- жоғарыдағы мақсатты білім беру, дамыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен бірге іске асыру керек.
Шетел тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
1.Сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын болуы керек: оқушылардың сабаққа даярлығын, кітап, дәптер, сөздік, күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру;