Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.
Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31
Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан да олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін қолдана берілетін мамандар қажет. Адам алдымен жан – жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет, парасаттылық адамға өзінен - өзі келмейді. Ол ұлан – ғайыр еңбек етіп, ғылым – біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады.
1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
Оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты – мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т.б., толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау және т.б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты – мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты – оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір – талас ұйымдастыру, “дөңгелек үстел” ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т.б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту қажет. Егерде тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасақ, оқушылардың шетел тілінде сөйлеу алуға да үйрете алмаймыз.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек.
Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау керек. Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдері пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
1.Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:
1.Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2.Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3.Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4.Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5.Шағын көріністер даярлату;
6.Мәтінмен жұмыс жүргізу.
Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, сияқты сөз тіркестерін қолдану.
2.Оқылған әңгіменің мазмұнын оқушыларды түгел қатыстыра отырып баяндату.
Жұмыстың бұл түрін қолдану барысында әңгіменің мазмұн желісінің үзілмей толық қамтыла әңгімеленуіне көңіл бөлу керек. Ол үшін әрбір оқушы өзіне дейінгі айтылған сөйлемді түсуіне қабылдай отырып, айтылар ой байланысын үзбей, жалғастырып алып кету талабы қойылады. Осылайша әңгімелету барысында тіл үйренушілер қолдануға қажетті сөздерді дұрыс және тез іріктеп ала білуге дағдыланады.
3.Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату.
Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
4.Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
5.Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
6.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Осы тәсілмен кез келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Мәтінмен жұмыс істеудің бұл тәсілі арқылы шәкірт өз ойын хабарлы сөйлем түрінде баяндау білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал – тәсілдерін игеруге, яғни кез келген хабарлы сөйлемді, грамматикалық, жақтық, шақтық, категорияларды дұрыс пайдалана отырып, сұраулы сөйлемге еркін түрде айналдыруға жаттығады.
1.Мәтінмен, іріктеліп алынған сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік сыңарларын анықтату. Лексикалық жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде өте көп.
1.Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2.Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3.Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4.Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалардың амал–тәсілдерін түрлендіріп, қолдану – шәкірттердің ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, ой - өрісін жетілдіруге, алған теориялық білімдерін іс – жүзінде пайдалана білуге жаттықтыруда үлкен маңызға ие. Жастарымыздың шет тілінде еркін сөйлеп, жаhандық экономикаға жақындай түсулері – заман талабы.
Ғылым мен техниканың жылдан–жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу оқушылардың білімін көтеруге үлкен әсер етіп отыр. Технологияның түрлері көп:
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- блокпен оқыту технологиясы;
- модульдеп оқыту технологиясы;
- В.Ф. Шаталовтың технологиясы.
Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең тиімді технологияның бірі – жерлесіміз Нұрша Оразақынованың “Сатылай комплексті талдау” технологиясы екені анық. Себебі, бұл технологияның жұмысы жаңа сабақты түсіндіруде де немесе қайталап қорытындылауда да қолдануға қолайлы. Өйткені оқушыға мәтінді үйретуде бұл технология білімді сатылап, жүйелеп бірізділікпен меңгертеді.
Мысалы: 8–сыныпта “Great Britain” тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді төмендегі сатылай кешенді талдау арқылы әңгімелей алады.
Great Bretain
5. Parts England. Scotland. Wales. Northern. Ireland.
6. Islands 5500 islands
7. Climate Mild climate
8. Rivers
9. Weather
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан – салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір – бірімен байланысып кірігеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа / жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.