Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31

Работа содержит 1 файл

kursavoсссс.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАХСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

БАТЫС ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: ______________________________________________________________________

________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

 

Студент            __________________________________            _______________

                                                                                                                             /қолы/

 

Ғылыми жетекші  ________________________________                _______________                                           

                                                                                                                                /қолы/

                                                                                                                                           

                                                    

Қорғауға жіберілді   «____»  _______________ 2012ж.

 

Кафедра меңгерушісі  п.ғ.к., доцент    Дабылтаева Р.Е.                   _____________

                                                                                                                                    /қолы/

 «___» __________2012ж.  Жұмыс  қорғалды        __________________________

                                                                                                         /бағасы/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

 

АЛМАТЫ 2012

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………….......................3                                                                                                          

 

1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6

1.1 Ерте жастан  ағылшын тілін оқытудың маңызы  және оның 

ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6                                                                                                        1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету……………………………………......…8                                                         

1.3 Тіл дамыту жұмыстарын  тиімді жүргізудің әдістері…..............................10

 

2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14

2.1 Грамматикалық  материалды бекіту. Грамматикалық  жаттығулардың түрлері…………………………………………….............…………………………....……14

2.2 Грамматикалық  материалды түсіндіру. Алғашқы  сатыда грамматикалық структуралар  мен етістік шақтарын түсіндіру.  Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19

2.3 Фонетикалық  дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі………………………………………………...........……………………......………27

 

Қорытынды………………………………………………………………………………....29

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым–қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі – оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан – жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым – қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Мектептерде 5–6–7 сыныптарының жаңа буын оқулықтарын пайдаланудамыз. Оқушыларға оқулықтар ұнайды, себебі олар қабылдауға жеңіл, қызықты материалдармен қамтамасыз етілген, тапсырмалары әр деңгейге лайықтап, қиындатылып берілген. Жаңа буын оқулықтары жаңа технологияны басты назарға алып отырып құрылған. Бұл оқулықтардағы материалдар әлімдік деңгейдегі проблемалардан хабардар болуға, оларды шешудің жолдарын табуға, өз еліміздің тарихымен, салт – дәстүрлерімен байланыстырылып құрылған. Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс – бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез–келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады. Берілген мәтіннен кейінгі жаттығулар оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне қарай құрылған. Жаңа тақырыпты өткенде жаңа сөздерге көп көңіл бөлемін. Сөзден сөз тіркестерді, сөйлемдер құрылады, сондықтан оқушының жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттырады және оқушыны тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.

  Жан–жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік шығармашылықты (есту, сөйлеу, оқу, жазу) орындауға тиімді. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.

Ойынды ағылшын тілі сабағының, бірақ жоғары сыныптарда берілетін тіл материалының мазмұны мен тапсырмаларының түрі тіл материалын жай қабылдауға емес, білімін дамытуға, ойландыруға, жағдайларды салыстыруға, ойша бөлшектеп талдау жасауға, біріктіріп ұластыра жасауға, қорытындылауға қызмет етуіне көңіл аудару керек. Ойындарды сабақ үстінде ғана емес, үзілісте, сабақтан тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.

     Оқулықтың ерекшелігі тілді үйретудің әр дағдысына белгілі бір стратегиялар ұсынады. Мысалы, тыңдасым: тыңдауға дайындық, ең маңызды сөздерге көңіл бөлу, арнайы мағлұмат алу, пікірлерді ажырату, өз сұрақтарын дайындау, керектілерін жазып алу, стилін ажырату, өз пікірін білдіру сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың кассеталардан жаңалықтарды, диалог, монолог, әңгіме, өлең тыңдауға мүмкіншіліктері бар. WARM – UP (ой ашар) тапсырмалары және келісу – келіспеу, рөлдік ойындар, пікір білдіру, суреттеу т.б. түрлері арқылы оқушылар алған білімдерін іске асырады. Оқушылар сабақта үйренген іскерліктері мен дағдыларын пайдаланып, өз ойларын жүйелі түрде айтып жеткізе алады.

     Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. GRAMMAR SUMMARY – қолданып, ережені еске түсіріп отырады. Оқулықтағы жаттығуларда берілген деңгейлік тапсырмалар оларды оқушының білім деңгейіне қарай орындауына мүмкіндік береді. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Тақырып соңында оқушылардың қай тапсырмаларды қандай деңгейде меңгергендерін біліп, талдау жасау мүмкіндіктері бар. Берілген тест тапсырмаларын олар берілген кілт арқылы тексеріп, мұғалімнің көмегімен қателеріне дер кезінде талдау жасай алады. Оқулықта ұсынылған іс – шаралармен шектелмей, мұғалім өзі де шығармашылықпен жұмыс істеп, нәтижелі сабақтарды жоспарлауына болады. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді. Оқушылардың білім және білік дағдыларының жетілуіне В.Ф. Шаталовтың тірек конспектілері мен тірек сигналдарын пайдаланау оқытудың белсенді әдісі. Мен бір ғана технология жүйесімен жұмыс жасап жүрмін деп айта алмаймын, өйткені шетел тілін оқытуда барлық әдіс – тәсілдерді қолдануға болады деп ойлаймын. Деңгейлік тапсырмалар оқушыларға беруге болады, топпен, жеке оқушымен жұмыс істеуге болады, Венн диаграммасын қолданамын. Осы тәсілдердің барлығы оқулықта жақсы берілген, сондықтан біз, ұстаздар, шығармашылықпен ойланып, оқушыларға түсінікті болатындай, ойға қонымды етіп өз жоспарымызды құруымыз керек. Тірек конспектісін қолдану сөйлеу дағдысына көп көмегін тигізеді. Тақырыптың негізгі мағынасы осы тірек конспектісінде көрнекі беріледі. Тірек плакатын пайдалана отырып әңгімені толық түсіндіруге, артынан қиын сөздерге мән бергізуге болады. Мысалы: “Ауа - райы” тақырыбына көрнекілік. Тірек сигналдарын пайдаланып, әртүрлі фраза қолдануға болады, сондықтан Шаталовтың көп рет қайталау принципі жүзеге асады. Тірек схемалары лексикалық және грамматикалық материалды түсіндіру, бекіту мақсатында және монолог, диалог, тындасымды түсінуде де қолданылады. Шетел тілін оқуда көрнекі құралдарды қолдану көп көмегімен тигізеді. Мысалы: 6,7 сыныптағы көрнекілік “Түсіндіре басқарып – оздыра оқыту” технологиясы бойынша Венн диаграммасы ағылшын тілінде тақырыпты қорытындылағанда қолданылады. “Оздыра оқыту” әдісі оқушы қабілетін, деңгейін саралап оқыту. Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Білімді тексеруде, дәстүрлі емес сұрақтар, өзгертпесөз, сақиналар құпиясын ашу, тест сұрақтары, басқатырғы, жұмбақтар шешу т.б. қолданылады.   

     Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мәселен, сабақтың алдында “берілген тақырып туралы оқушы не біледі?” деген мақсатпен “Сұрақ – жауап”, “Талқылау”, “Ой алмасу” сияқты тапсырмалар беріледі. Оқушының жауабы негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Басты көңіл бөлінетін нәрсе–сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін, жазуды үйренеді. Оқу процесінде ойын ойнау да аса маңызды. Ойын кезінде бұрыңғы өтілген сөздер мен сөз тіркестері және грамматикалық материалдар қайталанады. Мысалы: “Көңілді қарындаш” ойыны. 5,6,7 сынып оқулығы тілді дәстүрлі түрде оқыту және актуальды оқыту әдісінде жазылған. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, яғни өз бетімен ізденіп білім алудың жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді.

     Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт – бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін - өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Осы негізде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шығармашылығы қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері.

 

    1.  Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның

ерекшеліктері.

 

     XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

     Ұрпағы білімді халықтың  болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру  бүгінгі күннің талабы.

     Қазақстан Республикасының  тәуелсіз елге айналып, әлемдік  өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілі меңгертуді жолға қою мақсатында эксперимент ашылды. Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 4 наурыздағы “2 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту туралы” №1746, Астана қаласы Білім Департаментінің 25.08.2004 жылғы №246 бұйрығы бойынша Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп – гимназия базасында 2 “Г” жәй сыныбында эксперимент ретінде ағылшын тілі жүргізілді. Бұл эксперименттің негізгі мақсаты жаңа технологиялар, инновациялық үрдіс, тілдік қарым – қатынасты игеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын, ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. 2 “Г” сыныбында алғашқы кіріспе бөлімін “Way into English” оқулығымен бастап, одан әрі “Way Ahead”, “Macmillan” оқу әдістемелік кешенінің оқулығымен жалғастырдық. Оқу бағдарламасы бойынша, күнтізбелік жоспары бекітілген. Бұл баспадан шыққан оқулық оқушыларға өте ұнайды, түрлі – түсті суреттері мен, тақпақ пен қысқа өлеңдер шумағы музыкасымен берілген. Жаттығулар жинағы дәптері, қосымша постерлер, тест жинақтары да бар. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауы бар оқулығы бар. Бұл оқулықта таңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға бірдей көңіл бөлінген. Бұл оқулықпен оқытуда аздаған қиындықтарда бар, сөздердің аудармасы берілмеген, бірақ соған қарамастан бұл материалдар грамматикалық дағдылармен бірге оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөледі. Экспериментті өтудің бірінші жылында барлық экспериментке қатысушы мұғалімдерді арнайы курстардан өткізді, өйткені бұрынғы оқулықпен қазіргі оқулықтың арасында көп айырмашылықтар бар. Осы курста жаңа оқулықпен қалай жұмыс істеу керек, қандай технологияларды қолдану арқылы ауыз-екі сөйлеуді, ағылшын тілінде сауатты жаза білуге үйрету, қай жаттығуды қалай орындау керек екенін үйрендік. Бұл курстардың бізге берген көмегі өте көп. Эксперименттің бірінші жылының соңында осы экспериментке қатысушы мектептер арасында өлеңдер мен қойылымдар конкурсы өткізілді. Біздің мектептің 2 “Г” сынып оқушылары “The Little Red Hen” деген тақырыпта қойылым көрсетті. Олар сахнада өздерін еркін ұстауымен, киімдерімен және жоғары деңгейде сөйлеуімен қойылымды өте жақсы қойып шықты. Осы жылы не үйренгенін, не оқығанын көруге Америкадан келген, осы оқулықтың авторы, өзінің таңданысын жасыра алмады, оқушылардың қойылымдары мен өлеңдер сайысына өте жоғары баға берді.

     Жылдың соңында жазған тест қорытындысы бойынша 2 “Г” сыныбында 12 оқушы “өте жақсы”, 15 оқушы “жақсы” деген баға алды. Оқушылар ауыз – екі сөйлеуге үйренді, сөздерді жақсы меңгерген, жалпы тілді меңгере алмаған оқушы жоқ.

     Эксперименттің екінші жылын әрі қарай жалғастырудамыз. Бұл жылы барлық экспериментке қатысушы мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу ретінде ашық сабақтар берілді. Біз бірімізден көп нәрсені үйренудеміз. Әр айдың бір аптасына әр мектепке бару арқылы тәжірибе алмасамыз, қателерімізді ортаға саламыз, қиындықтарды қалай жеңу керек сонны талдаймыз. Мұндай ашық сабақтар бізге көп көмегін тигізуде, және бір – бірімізбен тығыз байланыста болуымызға көмектесуде. Экспериментті әрі қарай жалғастырғымыз келеді.

     Биылғы жылдың соңында тағы да іріктеліп алынған мектептердің арасында қойылымдар конкурсы болды. Бұл конкурста 3 “Г” сынып оқушылары “Flower Ball” деген тақырыпта қойылым көрсетті. Бұл қойылымда өте жақсы киімдерімен көзге түсіп, өздерінің сөйлеу шеберлігін де жақсы қолдану арқылы өте жоғары деңгейде қойып шықты. Осы қойылымды 6 шілдеде болатын Астана күніндегі мерекелік концерте қайталап қоюға таңдап алды.

     Осы оқулықтың қолдану кезінде біз бірнеше жаңа әдіс тәсілдерді игеріп жатырмыз. Ағылшын тілін жетік меңгеруіне сабақта сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін пайдаланудың көмегі көп. Бұл технология бойынша оқушы өз ойын ортаға салып, сөйлеу тілін дамытуға және сөздің қорын молайтуға жетелейді. Оқушылар сабақта берілген сөздердің көмегімен өздері мәтін құрайды.

     Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан  үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

     Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.

     Бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Информация о работе Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері