Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 18:22, курсовая работа
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда.
Кіріспе……………………………………………………………………….......................3
1. Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері......................................................................................................6
1.1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері…………………………………………………………………..................…6 1.2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету…………………………………......…8
1.3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері…..............................10
2. Грамматиканы және фонетиканы оқыту........................................................14
2.1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері……………14
2.2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс……………………………………………....................................19
2.3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі…………………………………………27
Қорытынды………………………………………………………………………………....29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі………….…………………………………………….31
Грамматикалық материалды түсіндіруде мынаны ескеру керек:
а) түсіндіруге тиісті
грамматикалық құбылыстың
ә) бұл құбылыстың сөз әрекетінің қандай түрінде қолданылатындығы;
б) оқушылардың жас ерекшелігі;
Осы жағдайларды ескере отырып, оқушыларға грамматикалық құбылыстарды түсіндірудің қазіргі кездегі әдістемеде мынандай үш жолы қолданылады:
Грамматикалық материалды түсіндірудің лексикалық жолы. Бағдарлама бойынша төменгі және ортаңғы сатыда оқытылатын грамматикалық құбылыстар репродуктивтік және рецептивтік сөз түрлерінде қолданылады, сондықтан оқушылар оларды бір жағынан танып түсіне алуға тиіс, екінші жағынан өз сөзінде қолдана білуге тиіс. Бұл құбылыстардың бірқатары, әсіресе төменгі сыныптарда лексикалық жолмен түсіндіріледі. Олай ету себебі:
1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты–төменгі сынып оқушылары нақты ойлайды, оларға жалпылауыш ережелерден гөрі жеке нақтылы заттар түсініктірек;
2.Төменгі сынып оқушыларының лексикалық сөз қоры тым аз, ал грамматикалық ереже көптеген сөздерді қамтымаса, жалпылауыш ереже білуге ерте. Осыған байланысты төменгі сыныптарда көптеген грамматикалық құбылыстар лексикалық жолмен түсіндірілуге тиіс.
1.Грамматикалық құбылысты лексикалық жолмен түсіндіру дегеніміз мынау: мұғалім ереже орнына үлгі сөйлем береді, сосын сол форманың жасалуы, оның қолданылуы туралы еш нәрсе айтпастан, үлгі сөйлемнің мағынасын түсіндіреді. Оқушылар сөйлемнің мағынасын тұтас бір бірлік ретінде, яғни жаңа бір сөз мағынасы сияқты түсінеді. Бұл үлгі сөйлем ережесі орнына жүреді. Үлгі сөйлемнің мағынасын ашуда мұғалім жаңа сөз мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын тәсілдерді пайдаланады: көрнекілік, контекс, ана тіліне аудару және т.б. сондықтан бұл жолды лексикалық жол деп атайды (басқаша атаулары: грамматикалық құрылымдар, модель сөз үлгісі арқылы түсіндіру).
Ереже орнына жүретін сөйлем беріліп, оның мағынасы түсіндірілгеннен кейін сол грамматикалық құбылысты алғашқы бекіту сатысы басталады. Ол үшін оқушылар берілген үлгі сөйлемді хормен және жеке – жеке қайталайды. Бұл құбылысты одан әрі бекіту үшін ауызша орын алмастыру жаттығулары жасалады. Синтаксистік құрылым өзгермейді, бірақ сөйлемнің бір сөзі басқа сөзбен алмастырылады. Ол сөз ол сөзді алмастыруды жеңілдету үшін мұғалім оқушыларға өздері ағылшынша атауын білетін заттардың суретін көрсетіп отырады да, оқушылар сол сөзді сөйлемдегі басқа сөз орнына қолданады. Сөйтіп оқушылар үлгі сөйлемге қарай жаңа сөйлемдер құрайды. Бұл жаңа сөйлемдер – үлгі сөйлемнің варианттары. Осы жолмен мұғалім оқушылардың жаңа грамматикалық құбылысты қорытып, оларға ереже ұсынылады, әдетте бұл жоғарғы сыныптарда болады. Грамматикалық құбылысты іс жүзінде меңгерген оқушыларға грамматикалық ереже шығару онша қиынға түспейді. Оқушылар өздері үйренген модельдерін ұмытып қалмау үшін оларды әлсін - әлсін қайталатып отыру керек. Грамматикалық материалы лексикалық жолмен түсіндірудің практикалық маңызы өте зор. Бұл әдісті қолданғанда, шетел тілі сабағында ана тілінің қолданылуы қысқарып, шетел тілі ахуалды пайдаланылады. Бірақ есте сақтайтын бір жәйт әуелде лексикалық жолмен түсіндірілген грамматикалық материал кейін ерекше болып қорытылуы керек. Сонда оқушылар берік білім алады.
Енді осы айтылғанды нақты мысал арқылы көрсетелік: күрделі есім баяндауышты лексикалық жолмен түсіндіреміз (4 - сынып). Ол үшін мұғалім әуелі мынандай сөйлем айтады: A father is a teacher. Сосын осы үлгі сөйлемнің мағынасын ана тіліне аудару арқылы оқушыларға түсіндіреді. Күрделі есім баяндауыш туралы ешнәрсе де айтпайды. Мұғалімге ілесіп, оқушылар жаңағы үлгі сөйлемді бірнеше рет хормен қайталап айтқан соң, мұғалім осы үлгі сөйлемге сұрақ қояды:
Is a father a teacher?
Who is a techer?
What is a father?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар әлгі үлгі сөйлемді тағы бірнеше реет қайталайды. Осыдан кейін үлгі сөйлемнің қолданылуы мақсатымен мұғалім оқушыларға алмастыру жаттығуларын жасатады. Әуелі сөйлемнің бастауышын алмастырудан бастаған жөн. Ол үшін мұғалім a father сөзінің орнына қолданылатын сөздерді ағылшын тілінде немесе қазақ тілінде айтып отырады (аға, нағашы, Асан т.б.). Оқушылар осы сөздерді қолданып a brother сөзін алмастырады. A brother is a teacher. An uncle is a teacher. Asan is a teacher .
Сосын күрделі есім баяндауышты есім болып тұрған зат есімді алмастыру үшін мұғалім оқушыларға таныс мамандық аттарын айтады, оқушылар оларды a teacher сөзінің орнына қойып, үлгі сөйлемнің жаңа варианттарын жасап үйренеді.
The father is a worker; the father is a farmer (engineer, doctor, etc). Осы тәсілмен сын есімнен болған күрделі есім баяндауышты түсіндіріп, бекітіп, қолданылуын автоматтандыруға болады. Сосын 6 – 7 сыныптардың бірінде бұл грамматикалық құбылыс жүйеге келтіріліп, оқушыларға ереже түрінде қорытылып беріледі.
1.Шетел тілінің грамматикалық құбылысына сай келетін құбылыс ана тілінде бар болса, оны түсіндіру үшін индуктивтік тәсілді пайдаланған тиімді. Грамматикалық материалды индуктивтік жолмен түсіндіру дегеніміз – мұғалімнің жетекшілігімен көптеген нақты мысалдарды бақылау нәтижесінде грамматикалық ережелерді оқушылардың қорытуы. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, бақылауы, ережені қорытуы олардың белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытады, талдау жасауға дағдыландырып, салыстыруға үйретеді. Демек, индуктивтік жолдың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалдарды бақылап отырып, ережені оқушылар өздері қорытып айтқаннан кейін мұғалім сол ережені толық, дәл етіп тағы бір рет айтып береді де, жаттығулар жасатуға кіріседі. Индуктивтік тәсілдің үлкен тәрбиелік мәні болғанмен, оның бір кемшілгі бар–ол көп уақыт алады. Соның салдарынан сабақта жаттығулар жасауға аз уақыт қалады. Ал грамматикалық құбылыстың қолданылуын автоматтандыру үшін көп жаттығулар жасау керек, бұл кемшілікті жоюға дедуктивтік тәсіл көмектеседі.
2.Дедуктивтік жол дегеніміз – ережені мұғалім мүмкіндігінше қысқа, дәл түсіндіреді де, грамматикалық құбылысты бекітуге жаттығулар жасайды.
3.Грамматиканы түсіндіргенде тек оқушыларға таныс лексиканы қолдануға болады. Мұны бір ғана қиындық принципі деп атайды.
4.Грамматикалық материалды мәтін оқудан бұрын өту керек. Бұл принциптің аты – материалды алдын ала ауызша өту принципі.
5.Грамматикалық материал мектепте ана тілінде түсіндіріледі. Шетел тілінің грамматикалық терминдері ана тілінде оған сәйкес құбылыс болмағанда ғана қолданылады.
берілуге тиіс.
Мектепте шет тіліне оқыту мұғалімдер мен ата–аналар үшін үлкен қуаныш болып келгені белгілі. Тілдің өзінің үнінің өзгешелігі бастауыш сыныптардағыдай дидактикалық материалдар көрнекіліктерінің көптігі де оқушы көңілінен тура шығады. Сонымен қатар, қызықты, әсерлі әдістерді қолдану, оқу әдістемелік комплексінің ұсыныстарына шығармашылықпен қарау да оқушының шет тіліне қызығушылығын арттырады.
Дегенмен де кейінгі кезде ауыл мектептерінде осы сабаққа оқушы қызығушылығының төмендеп бара жатқаны байқалады. Ойлап қарасақ оның себептері де бар сияқты.
а. бала бақшаларының қысқаруы жабылып қалуы нағыз (мынау не? анау не?) сұрақтарына әсерлі, көп бояулы жауаптың аздығы;
ә. қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі мен шет тілінен (ағылшын) айырмашылығы.
Ендеше, мұғалім алдында осы кедергілерді мейлінше азайтып білім деңгейін көтеру мақсаты қойылып отыр. Олай болса оқушы қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіру, алған білімді тұрақты есте сақтау шараларын жолға қою керек болады.
Алғашқы сатыда оқушылар “What is this” сұрағына жауап береді. Аудармасы сөзге – сөз – “Не бұл”, жауабы: “This is a pen” – бұл қалам. Міне, осы кезде What is this? Сұрағындағы “бұл” немесе “мынау” сілтеу есімдігі сұраулы сөйлем соңында тұрғанмен де жауап бергенде “This is a pen” болып сөйлемнің алдына шығады, өйткені, ол – бастауыш. Ал бастауыш мен баяндауышты байланыстырып тұрған “глагог - связка”. Ол аударылмайды, заттың жекеше түрде екенін көрсетеді және басқа сөз табына қойылмайтын заттың біреу екенін білдіретін артикль – “a”. Міне, осы жерде де оқушы қиналары сөзсіз. Сондықтан да, осы алғашқы кездегі структураларды геометриялық пішіндер арқылы беруді тиімді санадым. Мысалы: “What is this?” сұрағына жауап беретін геометриялық пішіндер біздіңше мыналар:
дөңгелекше – артикль, зат есімнің алдында ғана қойылады жекеше
түрде.
Бұл жерде қазақ тілінде қолданылмайтын is, a – нің түсініп қалмауы ескеріледі. Сонда сұраққа жауап былай кескінделеді:
Ал, that есімдігін төбесіне стрелка қою арқылы заттың бізден алыста екенін дәлелдемекші болдық. Сөйлемнің болымсыз түрін:
өрнектедік. Оқушы суретте көрсетілген немесе алып келген заттарын осы кескін арқылы тез орындай алады. Альтернативті сұрақ кезінде структура былай жасалынады:
Әрі келе заттың түрі–түсін айтуға келгенде жанағы геометриялық пішіндер көмекке келеді, бұл жолы біз олардың қатарына санды қостық. Ал 8 санының бұл жерде алатын орны негізгі 8 white, yellow, red, blue, green, typ/grey, black, brown/арқылы заттың түсін білдіргеніміз еді. Сонда келесі структура былай суреттеледі: 8
Осыны кескіндеу арқылы болымсыз, сұраулы сөйлем түрлерін былай жасадық:
8 ? “Is this a grey cat? Yes, it is.”
8 ? “Is this a white cat” No, it is not.”.
is a grey cat”.
Ал What kind of box is this? – сұрағына (сыны қандай, үлкен, кіші…) мына өрнекпен таңбаланғанды дұрыс көрдік:
Бұндағы жаңа сөздердің сын белгісі деп таптық.
Сөйлемнің түрлерін жоғарыдағы орналастыру арқылы шығарамыз. Ал қайда деген сұраққа “Where is the book?” мына кескінмен жауап таптық:
8 “the” артиклі / белгілі заттың алдына қойылады
prepositions мекен үстеулер заттың қайда екенін білдіреді. Негізінде осы Preposition – дарды “балықшы”, “Саяхат” сияқты түрлі ойындар арқылы түсіндірумен бірге, осы таблица көмегімен еске сақтауға болады. Осы кескіндерді жеке – жеке таблица түрінде де (мұғалім түсіндірерде) немесе әр пішінді жекелей әр оқушы жауап берерде, қатты қағаздан кесіп алып, партада құрап қоюына да болады. Әр кескін белгілі бір түсте болғаны да дұрыс. Бұл тексеру үшін оңай. Тіпті ақ қағаздарын да кесіп алып магнит тақтасына жапсырып, орнын ауыстыра отырып сөйлемді өзгертуге де болады. Міне, алғашқыда ойландыратын структуралық кескіндер, кейіннен қызық ойынға тез айналып кетеді. Ой ойлануға, еске сақтауға, елестетуге көп ықпалын тигізеді, оқушы қызығушылығын арттырады, шығармашылық еңбектенуге бейімдейді, өзара тексеруге де тиімді. Уақыт өткізіп барып, қайталауға да оңай, тез еске түседі. Қорытынды сабақ кезінде оқушылар топқа бөлініп сұраққа жауап берерде, біреуі жауап берсе, екіншісі пішіндерді кескіндейді немесе орналастырады. Соған қарап келесісі сөйлем құрайды. Бұл оқушылардың бірі қалмай жауап беруіне, қалып қалған оқушының тез түзелуіне де көмегін тигізеді. Бұл кезде оқушы алдына қай топ келесі топқа дұрыс сұрақ қоя алады, кім дұрыс және көп сөйлем айта алады, сол арқылы картиналарды суреттеп бере алады деген сұрақ қойылады. Алғашқыда есімдіктің, зат есімінің, көмекші етістіктерінің көпше түрін пішіндерді көбейту арқылы белгіледік, мысалы:
These are books - s/es/.
Жүре келе олардың белгілі заңдылықпен келетінін ойластырды. Ол үшін to be етістігінің қыр – сырын ұғындық.
3 түрі бар, заттың көп немесе жалқылығына байланысты екі топқа бөлінеді:
to be – am/is/are (осы шақ).
Бұлар, сөйлемде тек өздеріне тиесілі есімдер мен зат есімдіктермен ғана қолданылады. Am – I: is – he, she: are – we you, they. Бұл тақырыптың ерекшеліктерін еске сақтауға көптеген жаттығулар, ойындар септігін тигізеді. Соңында, Дымбылместің бізге жазған хатын дұрыстап көшіріп, сия тамған жеріне “to be” көмекші етістігін қоямыз: I…a boy. I like to red English. I…reading English now. My friend…a boy too. He also likes English. He … not reading English now. He … drawing a picture. We …. Good pupils. Бұл арқылы Present Continuos – қа қарай көштік. Етістіктің шақтарын өтерде біздерге геометриялық фигуралар емес, формулалар көмекке келді. Мысалы: мен сурет салып отырмын деген сөйлемді айту үшін, керекті есімдік пен көмекші етістікті іздейміз де /I am/, сурет салу draw болса, дәл осы шақ екенін білдіру үшін негізгі етістікке (V) ing жалғауын жалғаймыз. Енді осыны жинақтай келе бір формулаға келтіреміз:
P1/3/3=1/-I/3/-he, she, it:to be 1/1/1 – жоғарыда 3 – we, you, they көрсетіледі.